Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасындағы биржа нарығын ұйымдастыру және дамыту
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. БИРЖА НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Биржа нарығы – бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі ретінде
1.2. Қаржы жүйесіндегі қор биржасының экономикалық маңызы
1.3. Биржа нарығының қатысушылары және олардың қызмет ету ерекшеліктері.
2. БИРЖА НАРЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасында биржа нарығын ұйымдастыру мен реттеуді жүзеге асырудағы іс-шаралар
2.2. Қазақстандағы биржа нарығының қызмет ету тиімділігіне экономикалық-математикалық талдау.
2.3. Биржа нарығының қызмет етуінің шет ел тәжірибесі
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БИРЖА НАРЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Қазақстандағы биржа нарығының ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары
3.2. Биржа нарығының экономиканың нақты секторын дамытуға тигізетін әсері және оның тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикалық жүйенің басты сипаты қаржылық жаһандану болып отыр. Ол халықаралық экономикалық өмірдегі қаржылық қызметтердің үлесінің арту үдерісін жеделдетуге септігін тигізуде. Ал бағалы қағаздар нарығының биржалық жүйесінің жаһандануы сол қаржылық жаһанданудың бірден-бір ішкі құрамдас бөлігі болып табылады.
Биржа нарығының тиімді қызмет етуі кез – келген ел экономикасы үшін маңызы зор.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз тиімді жұмыс істейтін биржа нарығын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақтауларын құнды қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізу де қажет», - деген болатын. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан биржа нарығын қарастыру өзекті болып отыр.
Бағалы қағаздар нарығының, биржа нарығының, капитал нарығының қызмет ету негіздерін алғаш болып әлемдік экономикалық түсініктердің негізін қалаушылар А.Смит, Д.Риккардо, К.Маркс және Ф.Энгельс өз еңбектерінде қарастырды, ал одан кейін әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдері Л.Брентано, К.Бюхер, М.Вебер, Т.Веблен, К.Викселль, Э.Линдаль, Э.Лундберг, А.Маршалл, К.Менгер, Д.Норт, Б.Улин, Г.Шмоллер, А.Штиллих олардың ізін жалғастырды.
Қазіргі заманғы шетелдік зерттеушілердің ішінен П.Айтман, Дж.Далтон, Г.Дефосса, С.Классенс, М.Осфелд, А.Тейлор, Дж. Тьюлз, сондай-ақ, ресейлік Л.Абалкин, М.Алексеев, Е.Алифанова, В.Боровкова, А.Вострокнутова, В.Галкин, Л.Добрынина, Е.Жуков, О.Иншаков, Г.Каменева, А.Малявина, В.Масленников, Я.Миркин, Б.Рубцов, В. Торкановский, Г.Черников сынды ғалымдарды атап өтуге болады.
Отандық зерттеушілер Г.А. Абдрахманова, Д.Т. Бохаев, А. А. Ильясов, М.Б. Кенжегузин, Г.С. Сейтқасымов қор нарығының қалыптасу және даму мәселелерін, Г.Н. Шалгимбаева – реттеушілік инфрақұрылымын, В.Ю.Додонов – дамушы қор нарықтарындағы акциялар портфелін басқаруды, А.Р. Сайфуллина – нарық инфрақұрылымының қалыптасу мәселелерін қарастырған.
Бүгінгі таңға дейін, қор нарығы және оның инвестициялық үрдіске әсерінің теориялық және әдістемелік дәлелдемелері отандық экономикалық әдебиеттерде жеткіліксіз деңгейде қаралған. Осыған байланысты қор нарығының қызмет етуін, қор нарығы арқылы инвестицияларды тартуды ынталандыру механизмін қарастырумен байланысты зерттеулер бүгінгі күнде өзекті болып отыр.
Жұмыс мақсаты: Қазақстандағы биржа нарығының қызмет етуін шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып, оларды жетілдіру жолдарын тәжірибелік тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
• Биржа нарығының экономикалық мазмұнын ашу және оның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторларды жіктеу;
• Қазақстандағы биржа нарығының құрылымы мен динамикасының өзгеруін талдау, сондай-ақ оның дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
• Биржа нарығының қызмет ету механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;
• Қазіргі жағдайдағы биржа нарығының даму болашағын айқындау.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы биржа нарығы және оның қатысушылары.
Зерттеу пәні: Биржа нарығының қызмет ету үдерісіндегі экономикалық қатынастар.
Зерттеу әдістері: логика-теориялық, теориялық-әдіснамалық, экономикалық статистикалық салыстыру, жүйелі талдау мен болжау, құрылымдық, сипаттамалық және т.б. әдістер
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен қайта бөлуді қамтамасыз етуге қабілетті биржа нарығының жұмысын жандандыру арқылы қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Жалпылама бағыттары мен зерттеу логикасы жұмыстың ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды. Осы диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
1. БИРЖА НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Биржа нарығы – бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі ретінде
Биржа нарығы, басқа да нарықтар секілді, сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде баға анықталатын, сатып алу – сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді, ал бұл жерде тауар ретінде бағалы қағаздар ұсынылады. Биржа нарығы бұл қаржы нарығының маңызды бір бөлігі. Биржа нарығы – бос ақша құралдарын шоғырландырып, оны экономиканың ресурстарға мұқтаж салаларына инвестициялауды жүргізеді.
Биржа нарығын бағалы қағаздардың шығарылымы және айналымымен байланысты экономикалық қатынас жүйелері ретінде түсінуге болады. Биржа нарығының негізгі міндеті бос ақша құралдарын, яғни ақша түріндегі халық жинақтары мен кәсіпорындар қаражаттарын бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыру жолымен инвестицияларға түрлендіру.
Биржа нарығының негізгі міндеті бағалы қағаздар арқылы инвесторлардың ақша құралдарын жинақтап және шоғырландырып, оларды инвестицияларға жүзеге асырудан тұрады. Инвестициялау – қор нарығының бірінші және маңызды қызметі, және бұл нарық – бағалы қағаздардың еркін айналымын процесіндегі құнын реттейтін жай ғана табиғи нарықтық механизм ғана емес, нарықтық экономикадағы инвестициялық механизмнің ерекше формасы.
Жалпы бағалы қағаздар нарығын ондағы бағалы қағаздардың айналыс орнына қарай екіге бөліп қарастырады: біріншісі, биржа нарығы; екіншісі, биржадан тыс бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясы негізінен биржадан тыс нарықтың арналары бойынша жүзеге асырылады. Ал бағалы қағаздардың екінші ретті сатылымы биржадан тыс нарықпен қатар, биржалық нарықта да жүргізілуі мүмкін.
Биржа нарығы – бұл сату-сатып алу бойынша операциялар, белгіленген ережелерге сәйкес, қатаң тексеріле отырып, биржада жүзеге асатын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы.
Биржа нарығы ондағы бағалы қағаздардың тәуекел деңгейінің төмендігімен, бағалы қағаз курсының күнделікті белгіленуімен және ашықтығымен, тұрақты сауда-саттық өткізу орнының болуымен, мемлекет тарапынан қатаң реттеу шараларының жүргізілуімен, ондағы жүргізілетін операциялардың айқындалған жиынтығы болуымен сипатталады. Ондағы операциялар негізінен сапасы неғұрлым жоғары бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арқылы жүргізіледі.
Дамыған елдерде барлық бағалы қағаздардың салыстырмалы түрде біршама бөлігі ғана биржа нарығында айналысқа түседі. Алайда, нарықтың осы бөлігінің жалпы қор нарығындағы болып жатқан үдерістерге әсері өте жоғары. Биржа нарығында сапасы неғұрлым жоғары бағалы қағаздар сатылады. Ұйымдасқан нарықтағы қалыптасқан бағалар мен олардың өзгеру үрдісі көп жағдайда, биржадан тыс нарықтағы бағалы қағаздар курсының қозғалысы мен деңгейін анықтайды. Сонымен қатар, акциялармен сауданы алып қарайтын болсақ, онда бірқатар елдерде биржа нарығындағы мәмілелер көлемі биржадан тыс айналымға қарағанда анағұрлым жоғары.
Бағалы қағаздар нарығының, биржа нарығының, капитал нарығының қызмет ету негіздерін алғаш болып әлемдік экономикалық түсініктердің негізін қалаушылар А.Смит, Д.Риккардо, К.Маркс және Ф.Энгельс өз еңбектерінде қарастырды, ал одан кейін әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдері Л.Брентано, К.Бюхер, М.Вебер, Т.Веблен, К.Викселль, Э.Линдаль, Э.Лундберг, А.Маршалл, К.Менгер, Д.Норт, Б.Улин, Г.Шмоллер, А.Штиллих олардың ізін жалғастырды.
Қазіргі заманғы шетелдік зерттеушілердің ішінен П.Айтман, Дж.Далтон, Г.Дефосса, С.Классенс, М.Осфелд, А.Тейлор, Дж. Тьюлз, сондай-ақ, ресейлік Л.Абалкин, М.Алексеев, Е.Алифанова, В.Боровкова, А.Вострокнутова, В.Галкин, Л.Добрынина, Е.Жуков, О.Иншаков, Г.Каменева, А.Малявина, В.Масленников, Я.Миркин, Б.Рубцов, В. Торкановский, Г.Черников сынды ғалымдарды атап өтуге болады.
Бағалы қағаздар нарығына экономикалық теория тұрғысынан алғаш болып шынайы көңіл аударғандар, өздерінің ғылыми еңбектерімен экономикалық ойлар тарихында үлкен төңкеріс жасаған тұлғалар, Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895). Бұл ғалымдардың негізгі көптомдық еңбегінің «Капитал» деп аталуының өзі олардың өз өмірлерінің басым бөлігін ғылым саласының қай категориясына арнағанынан хабар береді.
«Капиталдың» алғашқы екі томы (1867 және 1885) капиталдың жалпы теориясы мен ауыспалы капиталдың айналысы кезінде пайда болған қосылған құн теориясының арасындағы байланысты баяндауға арналған. Ғалымдардың еңбегінің екінші томында алғаш рет «жалған капитал» ұғымына анықтама беріледі. Жалған капитал, марксистердің түсінігі бойынша, - бұл бағалы қағаз (акция, облигация және т.б.) нысанында көрініс табатын, өзінің иеленушісіне тұрақты түрде дивиденд немесе пайыз түрінде табыс әкелетін және бағалы қағаздар нарығында өз бетінше еркін қозғалыс жасайтын капитал деп түсіндіріледі. Осылайша, акция, облигация және бағалы қағаздардың басқа да түрлері формасындағы биржалық нарықтың құралдары арқылы жасалған қаржылық құралдардың сол кезеңдегі орасан зор көлемінің орын алмасу үдерісі тарихта алғаш рет өзіндік ғылыми анықтамаға ие болып, капитал нарығы құрылымында өз орнын нақты айқындады.
Дегенмен, жалған капитал нақты капиталдың (өндіріс пен жұмыс күшінің қаржысына салынған) бөліну үдерісіне қатыса алмайды және құнды қалыптастыра алмайды деп марксистер өз ескертулерін де жасап кеткен. Марксизмнің кеңестік ізбасарлары (В.Ленин) осы жолды одан әрі жалғастырды. Олар капиталға төленетін пайызды еңбексіз келетін табыс түріне балап, одан бас тартты. Алайда бұл оймен келіспеуге тура келеді. Себебі, тура осы бағалы қағаздар нарығында иемденуші компания үшін нақты өндіруші капиталдың құралына айналатын инвестициялық ағымдар қайта бөлінеді. Мұндай жағдайда, салынған капиталға есептелген пайыздың бір бөлігі толықтай негізді түрде бастапқы инвесторға аударылады. Акционерлік капиталға мүше болу немесе облигациялар сатып алу арқылы бастапқы ақшалай салым салмайынша, нақты капиталда ешқандай айналыс үдерісі жүрмейді, ол өз кезегінде алдағы уақытта ешқандай қосымша өнімнің пайда болмауына әкеліп соғады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығын өзінің нақты ие боп отырған статусына сай, оның көмегін қажет ететін капиталдың нақты өндірістік сипатын ешбір алмастыра алмайтын делдал дәрежесінде қарастырған жөн. Сондай-ақ, тағы бір жағдайды баса назарда ұстаған дұрыс: барлық жалған капитал соңында нақты капиталға айналады деп айтуға болмайды (әсіресе, мемлекеттік облигациялық займдар жағдайында). Сондықтан жалған капитал көлемі әрқашан нақты капитал көлемінен әлдеқайда жоғары болатыны заңды құбылыс.
Маркс дүниеден өткеннен кейін Фридрих Энгельс «Капиталдың» үшінші томына қосымша ретінде «Биржа» деген атаумен өзінің кішігірім жазбасын жарыққа шығарды. Бұл қысқаша мақала биржа рөлінің екпінді өзгерісін бейнелейтін ауқымды ғылыми еңбекке айналуы тиіс болатын.. Алайда жазбаның көлемі бұл жағдайда маңызды емес еді. Себебі, капитал теориясына, сондай-ақ құн теориясына арналған, зерттелу деңгейі жағынан озық туындыларда биржа ұғымына алғаш рет ерекше назар аударылып, ол туралы жеке сөз қозғалуының өзі үлкен жетістік болды. Одан кейінгі жаңа кезеңдегі барлық ғылыми мектептер және де қор нарығы институттары мен бағалы қағаздарды оқытудың ғылыми бағыттары өздерінің биржа мен бағалы қағаздар нарығының ұлттық экономикалық жүйедегі өзіндік орны туралы зерттеу жұмыстарын нақты осы марксизм классиктерінің жұмыстары негізінде жүргізді.
Энгельстің айтуынша, биржаның жалпыэкономикалық мәні мен күші, әсер ету деңгейі, «капиталдың» 1 томын жазған кезеңге қарағанда анағұрлым артқан. Ол кезеңде айналыстағы бағалы қағаздар саны төмен, ал олардың арасындағы қатынастар тек корпоративтік қызметтерді жүзеге асыруға және ірі капиталистер арасындағы бәсекені көрсетуге қызмет еткен болатын. Сонымен қатар, « ...өнеркәсіп өндірісінен бастап ауылшарушылығы өндірісіне дейінгі барлық өндіріс саласын, сондай-ақ, айналыс құралдарынан бастап айырбас қызметтеріне дейінгі барлық қатынастарды...» жеткілікті деңгейде биржаға шоғырландыру қарқынды түрде жүзеге асты.
Биржа нарығындағы айналыс көлемінің артуы мен акционерлік қоғамдар дәрежесінің қарқынды өсуін, нарықта кең таралуын ғалымдар капиталистердің жинақтарының өсу деңгейінің анағұрлым жоғары дәрежеде болуымен байланыстырады. Капиталистердің жинақтарының жедел өсуі салдарынан өз кәсіпорындары шеңберінде бұл қаржыны пайдалану мүмкін болмады, сондықтан өз жинақтарын биржалық бағалы қағаздарды сатып алу арқылы басқа да қол жетімді жобаларға салуға мүдделі болды деп түсіндіріледі. Сондай-ақ, кәсіпорынды басқаруға көп күш салғысы келмейтін, бірақ қаржысы жеткілікті, сол қаржысын кәсіпорындарға қарызға беру арқылы табыс тауып, өздері сол кәсіпорындардың директорлар кеңесінде, акционерлік қоғамдардың бақылау кеңестерінде отырғысы келетін адамдардың саны әрдайым өсіп отырды. Анағұрлым ірі кәсіпорындардың құрылу үрдісі әсіресе Англияда қатты байқалды. Энгельстің пайымдауынша, егер тіпті біртұтас кәсіпорын (бекітілген мүлікке меншік құқығы берілмеген коммерциялық ұйым, яғни кәсіпорынның мүлкі салымдар, үлестер, жарнапұлдар бойынша бөлінбейді, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің арасында да бөліске түспейді) құрылған күннің өзінде, жеткілікті капитал жинап алғаннан кейін акционерлік қоғамға айналады және олардың акциялары құрылтайшыларының арасында бөлініп беріледі, сондай-ақ, бір бөлігі еркін нарықта сатылса, тағы бір бөлігі басқа кәсіпорындардың акцияларына айырбасталады. Сонымен қатар, еуропалық мемлекеттердің өздері отарлап алған елдерді игеру мақсатында арнайы құрылған акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын жүргізгенде, сондай-ақ, тапшы экзотикалық тауарлар саудасын монополизациялау үдерісінде биржалық капитал басты рөл атқарды.
Бүгінгі таңда фирмалардың капитализация көлемін арттыруға және одан кейін акциялардың бірінші ретті айналысын тиімді жүзеге асыруға ұмтылысы шынайы үдеріс болып табылады. Осылайша, мұндай стратегияның экономикалық өмірге ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы биржа нарығының бұрын соңды болмаған даму кезеңінде еніп осы уақытқа дейін тоқтамағанын және қазіргі кезеңде де жоғары қарқынмен дамып жатқандығын көреміз. Ойымызды қорытындылай келе, сонау ХІХ-ХХ ғасырларда басталған, бар болғаны биржа тек делдалық құрал ретінде ірі банктердің мүддесіне қызмет етіп, банк ісінде де өндіріс саласында да, саудада да, монополия үстемдік етіп тұрған кезеңде, бағалы қағаздар нарығының, жалған капиталдың мәнінің өсу үдерісі туралы жасаған Энгельстің пайымдауларының дұрыстығына көз жеткізуге болады.
Биржаның бастапқы қалыптасуы сонымен қатар мемлекеттік борыштың өсуімен байланысты болды. Қазынашылық вексельге және облигацияға салынатын капиталдар кез келген уақытта ақшаға айналатын еді. Бірінші акционерлік қоғамның пайда болуымен (нидерландық пен ағылшындық остиндиялық компания) биржалық айналымның басты объектілері акциялар болды. Кәсіпкерлер, банкирлер, кеме иелерін және көпестерді біріктіретін серіктестіктің пайда болуы, теңіз экспедициясымен және Жаңа Жердегі елдерге сапар шегетін сауда керуендерімен байланысты болды. Әрине бұларды жабдықтау ісіне айтарлықтай күрделі жұмсалым талап етілетін. Ортақ капиталда өзінің меншік үлесін куәландыратын және бірлескен кәсіпорынның жолы болған жағдайда пайданың бөлігін алуға құқық беруін енгізген жалпы көлемі арнаулы акция-құжатпен рәсімделетін. Осы компаниядан алынған пайданың жоғары болуы, бир¬жалық сауданың өсуі мен олардың акциялар бағамдарының шұғыл түрде артуына мүмкіндік берді. Осы кезенде активтен-дірілген қор нарығында (алғашқы үштен бірі XVIII ғасыр мен кейіндегі жылдар) АҚШ-та, Германияда, Ұлыбританияда және Францияда биржалар құрылды. Биржалардың саны тез көбейіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар қалыптасты. Сондықтан капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы бастапқы капиталдың белгілі дәрежеде қорлануының маңызды факторына айналды. Ол кейіннен біртіндеп қаржылық-экономикалық қатынасының маңызды жүйесінің әлементі болып қалыптасты.
«Биржа» терминінің пайда болуы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның «bursa», яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде «borse» сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде «burse» және итальян тіліндегі «borsa» да сол мағынаны береді.
Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голандық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінің істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.
Қазіргі заман талапиарына сай сырт көрінісі өзгергенмен, бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.
Егер заң тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.
Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілген қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
Биржа – бұл ұйымдасқан, жүйелі әрекет ететін нарық, онда құнды қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілердің көтерме саудасы (тауарлық) немесе сұраныс пен ұсыныс негізінде ресми түрде белгіленген бағалар бойынша валютамен (валюталық) сауда жасау жүзеге асырылады......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуын талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуын талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
Іздеп көріңіз: