Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикада инфляцияны реттеуді жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикада инфляцияны реттеуді жетілдіру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ................................................................. 5
1.1 Инфляцияның мәні, себептері және байқалу формалары....................... 5
1.2 Инфляцияның факторлары мен түрлері................................................... 8
1.3 Инфляция теориялары және инфляциялық процестің заңдылықтары..... 13
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫ РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ МЕХАНИЗМДЕРІ........................ 19
2.1 Қазақстандағы инфляциялық процесс және оған талдау.......................... 19
2.2 Ақша айнылысын тұрақтандыру әдістері және инфляцияны реттеудегі олардың маңызы................................................................... 32
2.3 Инфляцияны реттеудегі Ұллтық банктің ақша - несие саясатынының рөлі.................................................................................. 41
ІІІ.ЭКОНОМИКАДА ИНФЛЯЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................. 43
3.1 Антиинфляциялық саясатты реттеуді жетілдіру 43
3.2 Ақшаны ұсынуды инфляциялық таргеттеудің инструменттері............... 50
3.3Инфляцияны таргеттуде Ұлттық банктың ақша - несие саясатының рөлі.........................................................52
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРІ........................................... 70

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша - несие саясатын қатайта қарау көздеуде. Қазақстан Республикасының экономикадағы инфляциялық әлеует 2013 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2013 жылдың қорытындылары бойынша 6,2 % деңгейінде қалыптасты.
2012 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Инфляциялық кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлкуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2014 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін.
Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша - несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізу тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық банк ақша - несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімді құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т.б Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принціптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша - несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2013 жылы Қазақстан валюталық режимді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. 2001 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
Ресми органдар тереңдеп келе жатқан экономикалық мәселелерге ортасында банктерді қайта капиталдандыру және экономикалық қызметке қолдау тұрған Ұлттық мұнай қорынан қаржыландыратын 10 млрд доллар сомаға кризиске қарсы жоспарды дайындай отырып жауап қатты. Кризиске қарсы жоспар басқа бюджеттік шаралармен,орталық банктің өтімділігіне қолдаумен және қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан реттеу шараларымен толықтырылады. Экономикалық даму жылдары жинақталған мемлекеттік шетел активтерімінің үлкен қорымен және мемлекеттік борыштың төмен деңгейінде ресми органдар кризисті еңсеру бойынша шаралар қабылдау үшін жақсы жағдайда тұр. Орталық банктің резервтері шамамен 20 млрд доллар деңгейінде тұрақталды және құнсызданудан кейін айырбас бағамына қысым азайды.
ХВҚ келісімінің баптарының IV бабына сәйкес Қор мүше мемлекеттермен жыл сайын әдетте екі жақты талқылау жүргізеді. ХВҚ қызметкерлер тобы елге келіп, экономикалық және қаржылық ақпарат жинайды және елдің ресми органдарымен экономикадағы өзгерістерді және экономикалық саясатты талқылайды. Қызметкер ХВҚ штаб - пәтеріне оралғаннан кейін Атқарушы кеңесті талқылау үшін негізді құрайтын баяндама дайындайды. Талқылау аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы - директор Кеңестің Төрағасы ретінде атқарушы директорлардың пікірін түйіндейді және осы түйін елдің ресми органдарына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2014 - 2017
жылдағы арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырады. Бұл ретте Үкімет Қазақстанның ТМД мен Орталық Азияда қаржы ағындарына тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін барлық күш - жігерді жұмсайды.
Сонымен, макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруда Ұлттық Банктің
ақша нарығында жүзеге асыратын, өйткені олар экономиканың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша айналысын реттеуде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш дау тудырмайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Инфляция таргетуде Ұлттық Банктың ақша несие саясатының ролін анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының орталық банкі – Ұлттық Банк.
Зерттеу пәні – оның ақша – несие жүйесіндегі орны мен инфляциядағы рөлін анықтайтын оның жүргізетін операциялары.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.1 Инфляцияның мәні, себептері және байқалу формалары
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі жзне тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол мемелекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
«Инфляция»- қабыну көтерілу, ісіну деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қарсыландыру ақша айналымының күрт « көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы- ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Оны әр елдерден соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты бұл эммиссия ішкі айналым қасиеттілігінен де алып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады.
Инфляцияға әсер ететін факторлар, біріншіден, мемлекеттік бюджеттен бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысылы, тез қайтарылып болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден, . «баға қайшысы» деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен иқатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.
Қазіргі заманғы инфляция - бұл ұсыныспен сұраныс арасындағы диебаланыс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялардыңның бұзылуы нәтижесі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті тұрақты валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20есе өсті ) емес, басқада тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979ж 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түлрі себептердің әсері болады
Конькюнитураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында(әсіресеXIX-XX ғасырдың бас кезіне тән «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ аппараттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен инфляция көп сәкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастылары:біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе теңдігінің бұзылуы байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда, ақша ұстаногы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV= PОеске түсірсең, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияның қаржыландыру жүгізілген жағдайда да бағаның инфляцияның өсуі болады. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери ассикнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауар мен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезінднгі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигаполиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамасада, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысынан қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған жылғы энергияға бағаның шарықтауы(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляцияның күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, өйткені олардың бағасы ертең тағыда өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (Қаңтар-көкек жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатып. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де алып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың баллық елдеріндеде инфляция өршуінің сан түрлі себептері ьар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада IIдүниежүзілік cоғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстық күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға менн жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекшк тепе- теңсіздік (диспропорция )жатады, ОЛ әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰО-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгеиі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктері.
1.2 Инфляцияның факторлары мен түрлері
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оң әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.[5]
«Сұраныс инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 2 – суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраныс сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Инфляцияны реттеудің қазіргі механизмдері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеудегі бағыттары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Экономикада инфляцияны реттеуді жетілдіру жолдары дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар экономика жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]