Дипломдық жұмыс: Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Дипломдық жұмыс: Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………..……….......3
1-тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары.....................................................................................................9
1.1 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың міндеттері…………....9
1.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру………………...9
1.3 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту……………….11
1.4 Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары………………….....13
1.5 Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру формасы.......................................16
2-тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.........................24
2.1 Мектептегі физикалық декада……………………………………..….24
2.2 “Физика озаты”- интелектуалдық олимпиада…………………….....31
2.3 “Ең үздік физик”-пәндік сайыс………………………………….........38
2.4 “Брейн-ринг”- пәндік сайыс…………………………………………..46
2.5 “Жас физиктер”кеші .............................................................................48.
Қорытынды……………………………………………………………....52
Пайдаланылған әдебиеттер………………....………………………….53

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары барлық уақытта оқушылар үшін қызық болу керек. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі жөнінде әдебиеттер көп, бірақ олар заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Бұл мәселелерді шешу үшін заман талабына сай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелерін жасап, оларды қажетті материалдарымен қаматамсыз ету керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі, өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға физик-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге қызығушылықты физиканың
практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физикаға немесе оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу керек. Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [11],[12].
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни, оларға таныс емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар мен машиналардың конструкциясын ойлап табу. Физика сабақтарында мұндай текті тапсырмаларға қажетті уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан тыс сабақтар оқушылардың іс-әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі шығармашылық тапсырмалар типінен құралу керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология ережелеріне сүйенеді. Яғни, қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-әрекеттерде жасалады, әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. Физика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін В.Г.Разумовский толық қарастырған. Барлығынан бұрын мына фактіге көңіл аудару керек, яғни шығармашылық ойлау процесі ерекше интуиция мен байланыстылығына интуитивті білімдер тікелей секірмелі түрде алынады. Оның этаптары айқын емес, сондықтан оқушы алынған шешімге қалай келгені туралы бірден айта алмайды. Ол жол белгісіз болып қала береді. Интуитивті тақырыптылықты негіздеу кейінірек келеді. Егер теориялық проблемаларды немесе практикалық мәселелерді белгілі білімді қолданып тізбектелген әрекеттерді орындау жолымен шешу мүмкін болса, онда мұндай жолды қамтамасыз ететін ойлау процесі дискурсивті деп аталады [6].
Білім алудың дискурсивті жолы тізбектелген байланысты талқылаулармен сипатталады. Мұнда, әрбір келесіні жалғастырушы логикалық ой алдынғыдан шығады да, алдынғыға тәуелді болады.
Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық қадамы оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді талап ететін ойлап табу сияқты табылады.
Мәселені дискурсивті шешу мүмкін болмағанда, интуитивті шешілетін жағдайларда кездеседі. Бірақта көбінесе дискурсивті шешілетін мәселелер ғана интуитивті шешіледі. Олай болса интуитивті ойлауда ең маңыздысы процесс сыртынан қысқа және танылмаған сияқты айқындалады.
Оқушылардың шығармашылық процесін ұйымдастырғанда екі шарт іске асырылуы керек. Біріншіден, қолда бар ақпарат пен мәселелерді шешуге арналған ақпараттың арасында тиімді арақатынас сақталу қажет. Қолда бар оқу ақпараты мәселені шешуге арналған ақпараттан бірнеше кіші болу керек. Бірақта айырмашылық аса үлкен болмау керек, әйтпесе оқушының мәселені шешуге қызығушылығы жоғалады. Екіншіден, сабақтарға эмоциональді бояу беру керек.
Шығармашылық іс-әрекетті басқарудың маңызды проблемаларының бірі- жаңалығы болуы проблемасы.
Жаңалығының субьективтігі шығармашылық іс-әрекеттің сипатты белгісі үшін мүмкіндік береді. Оқушыға жаңа және әлі белгісіз нәрсе мұғалім үшін белгілі болу керек. Осындай жағдайларда мұғалім мектеп пәнінің білімі негізінде шешуге мүмкіндік беретін шығармашылық проблемаларды тудыратын ситуациялар жасауға болады.
Физикалық идеялардың дамуын, фундаменталдық физикалық теориялардың жасалуын талдау физикадағы ғылыми шығармашылықтың циклдік сипаты туралы ойға алып келеді. Әрбір цикл бақылаулардан алынған фактілер тобын таңдаудан басталады. Әрі қарай олардың жалпылығына қатысты гипотезалар қозғалынады. Бұл гипотезалар эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз болған басқа фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала көрудің дұрыстығы экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель гипотезалардың теориялық салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда теорияның негізіне қабылданған абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың зерттелетін қасиетін дұрыс бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже берсе, онда бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын абстрактілі модельді айқындауды немесе алмастыруды талап ететін теорияның қолдану шекарасы табылғандығын білдіреді [9].
Зерттеу объектісі: орта мектептерде физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі.
Зерттеу пәні: орта мектепе физикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу арқылы танымдық қызығушылығын арттыру және олардың физика пәнінен білімдерін тереңдету, кәсіби бағдар беру .
Зерттеу мақсаты: физикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: сыныптан тыс жұмыстар заман талабына сай ұйымдастырылса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, оның физикалық білімі тереңдер еді.
Зерттеудің мақсатына, пәніне және ғылыми болжамына сәйкес келесі міндеттерді шешу қажет деп саналады:
- Орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазiргi күйiне талдау жасау;
- Мектептегі физика курсының бағдарламасымен байланысты сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын және көлемін анықтау және оны өткізу әдістерін жасау;
- ұсынылған сыныптан тыс іс-шаралардың әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеу көздері: Орта және Жоғары білім беру тұжырымдамасы, физикадан сыныптан тыс жұмыстар, педагогика, психология саласындағы ғылыми еңбектер мен белгілі әдіскер-ұстаздардың тәжірибелері.

Жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі негізделді, зерттеу пәні мен объекті анықталды, гипотеза қозғалды, мақсаттар мен міндеттер қойылды, зерттеу мәселесін шешу жолдары қарастырылды.
Бірінші тарауда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, оқушылардың танымдық қызығушылығының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпалы және олардың негізгі формалары, үйірме жұмыстарының формалары қарастырылды.
Екінші тарауда сыныптан тыс жұмыстардың бұқаралық формалары “физикалық декаданы”, интелектуалдық олимпиаданы және пәндік сайыстарды ұйымдастыру, “жас физиктер” әдістемелері ұсынылған.
Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыстың нәтижесіне қорытынды жасалды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Adobe Photoshop программасын тиімді оқып –үйрену әдістері
» Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар физика жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]