Дипломдық жұмыс: Банк ісі | Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және «Цесна банк» АҚ қаржылық нәтижесін бағалау
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуның экономикалық мәні мен маңызы
Банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі элементтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет ету принциптері
Банк жүйесінің негізгі элементі - коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және «Цесна банк» АҚ қаржылық нәтижесін бағалау
Қазіргі кезеңде банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері және даму тенденциясы
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қазіргі қаржылық жағдайын және өтімділігін талдау
«Цесна Банк» АҚ-ның балансын құрамы мен құрылымын талдау
«Цесна Банк» АҚ-ның қаржылық нәтижелерін талдау
«Цесна Банк» АҚ –ның қаржылық тұрақтылығын, тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерін талдау
Қазақстанның банк жүйесінің халықаралық рейтингін бағалау
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің даму болашағы және оны қамтамасыз ету шаралары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму болашағы
Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің тұрақтылығын қамтамасыз шаралар мен ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде, көптеген шет елдердегі секілді, екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етуде. Оның бірінші, жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Банк жүйесінің екінші, төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық банктер құрайды.
Сөздің шындығына келгенде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте, банктердің несиелік активтеріне байланысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Сол себепті біздің зерттеуімізде Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің несиелік қоржынына, сапасына және оның банк жүйесінің қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн көрдік.
Банк жүйесінің несиелік активтерінің сапасының нашарлап кетуіне жеке тұлғаларға ұсынатын тұтынушылық несиелерді, яғни экспресс-несиелерге қойылатын талаптар мен шектеулердің жеңілдеуі де айтарлықтай ықпал еткені белгілі. Әдетте бұндай несиелер бойынша кепілдік берудің қажеті жоқ, оның үстіне несиелік бюролар қарыз алушы азаматтардың төлем қабілеттілігіне жете көңіл бөлмегенін ескеру керек. Коммерциялық банктер бір-бірімен бәсекелестік күрес нәтижесінде өз клиенттеріне барынша жеңілдіктер ұсынуға тырысқан болатын. Дегенмен де, қазіргі кезде банктер өз клиенттерінің несиелік тарихы туралы жеткілікті ақпараттар жинап үлгерді. Бұл алдағы уақыттарда клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін жетілдіруге, нәтижесінде өздерінің активтерінің сапасын қолайлы деңгейде ұстап отыруына мүмкіндік беретін тамаша құрал болып табылады.
Қаржылық дағдарыстың салдарын тек Қазақстан ғана емес, басқа да дамушы елдер де көріп отыр. Бір қызығы, дамушы елдердің көпшілігінде банк жүйесі үшін ең басты қиындық, Қазақстандағы секілді, сыртқы қарыздардан тәуелділік болып отыр. Дамушы елдер арасында Қазақстан рейтингтік деңгейі жағынан Еуропа елдерінен біршама төмен деңгейде тұр. Аталған халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалары инвесторлар үшін маңызды бағыт болып табылатынын ескерсек, біздің жағдайымыз дамушы Еуропалық елдермен салыстырғанда мәз емес болып отыр. Біз үшін рейтингтің төмендеуі инвесторлар алдындағы дефолттық тәуекелді өсіріп жібереді.
Сонымен, банк жүйесінің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін алдымен олардың өтімділік деңгейін тұрақты ету және банктерді қаржылық дағдарыстан алып шығу мәселелерін шешу керек.
Өтімділік деңгейін қолайлы деңгейде ұстап отыру үшін мынадай шараларға басты назар аудару қажет: банктің белгілі бір кезеңдегі қаржылық жағдайын талдау және соның негізінде қаржылық нәтижелерді болжамдау (жоспарлау); жарғылық және меншікті капиталды, арнайы қорларды және резервтерді қалыптастыру бойынша ғылыми негізделген экономикалық саясатты жүзеге асыру; сыртқы ұйымдардың қарыз қаражаттарын тарту; сауатты және сапалы несиелік операцияларды жүзеге асыру.
Біріншіден, қаржылық жағдайы нашар банктерге өзінің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында қайта қарастыруды, яғни банктік менеджментке үлкен көңіл бөлуді ұсынуға болады. Нақтырақ айтар болсақ, мысалға, бүкіл банк жүйесінің қаржылық жағдайын талдаумен және тексерумен айналысатын банкаралық қауымдастық құру.
Екіншіден, банктер өздерінің балансының өтімділігін үнемі есептеп, қадағалап отыруы қажет. Бұл үшін өтімділік көрсеткіштерінің стандартты алгоритмдері мен нормативтері қалыптасқан. Баланс өтімділігін талдау барысында бекітілген нормативтерден ауытқулар (төмендеу немесе шектен тыс жоғарылау) анықталуы мүмкін. Бірінші жағдайда коммерциялық банктер аз уақыттың ішінде (шамамен 1 ай көлемінде) өзінің өтімділік көрсеткіштерін нормативті деңгейге жеткізулері қажет. Бұл үшін ең алдымен банкаралық несиелердің, шет елдік қарыздардың үлесін, ипотекалық несиелердің және кепілдіксіз берілетін тұтынушылық несиелерінің үлесін қысқарту қажет. Қажет жағдайда банктің меншікті капиталын ұлғайтуды жүзеге асыруға болады.
Үшіншіден, банк тым болмаса қысқа мерзімді уақытта өзінің қызметіне қажетті өтімді қаражаттарға деген қажеттілікті анықтап отыруы тиіс. Бұл қажеттілікті болжамдау (жоспарлау) екі әдіс арқылы жүзеге асырыла алады. Бірінші әдіс банктік несиеге деген сұранысты және клиенттердің салымдарының деңгейін талдауды қажет етеді. Ал екінші әдіс бойынша банк несиелердің және салымдардың көлемін болжамдап отыруы қажет. Банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін аталған екі әдістің кемшілігі бар: олар өтімділіктің шекті деңгейіне емес, орташа деңгейіне сүйенеді. Бұл жалпы банк жүйесінің өтімділігін бағалау үшін жеткілікті болуы да мүмкін, алайда жекелеген банктер үшін жекткіліксіз болып табылады. Төртіншіден, өтімділікті қажетті деңгейде ұстап отыру коммерциялық банктің пассивтік және активтік операциялары бойынша саясатын жүзеге асыру арқылы орындалуы мүмкін. Банк саясаты, әдетте, ақша нарығының нақты жағдайларын және банктік операциялардың ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасады. Яғни банк активтік және пассивтік операцияларды басқарудың сауатты саясатын дайындап, жүзеге асыруы қажет.
Осы аталған жағдайлар банк жүйесінің қазіргі жай-күйі мен даму болашағын анықтаудың өзектілігіне күмән келтірмейді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Банк жүйесінің дамуының ерекшеліктерін зерттеумен, оның банктердің қызметтерін зерттеумен көптеген ғалымдар шұғылдануда.
Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектері көп әдістемелік көмек берді.
Мәселен мынадай отанды және ресейлік авторлардың еңбектері Брук Н.,Дробозина Л.Т.,Жуков Е.Ф.,Зиябеков Б., Колесников В.И., Лаврушин О.И.,Масленников В.В.,Овчаров А.,Саниев М. С.,Сатубалдин М.С.,Сейткасимов Г.С., Тарабцев А.А., Борискин А. В., Мақыш С.Б., Мыржақыпова Н., Әуелбаев С.Ш. және т.с.с. жұмысты орындау барысында кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, Парламенттің және Үкіметтің басқа да нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болды. Сонымен қатар отандық және шетелдік ғалым-экономисттердің еңбектері қолданылды.
Зерттеу мақсаты.Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын анықтау.
Зерттеудің жалпы мақсаты мынадай нақты міндеттердің туындауына себеп болды:
- банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі элементтерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы және қызмет ету принциптері қарастыру;
- коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерін қарастыру;
- елдің банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері және даму тенденциясы
- елдің банк жүйесінің қазіргі қаржылық жағдайын және өтімділігін талдау, оның халықаралық рейтингін бағалау
- «Цесна Банк» АҚ-ның банк жүйесіндегі алатын орнын бағалау
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму болашағына болжау жасау;
- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын жақсарту жолдарын ұсыну;
- әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің тұрақтылығын қамтамасыз шаралар мен ұсыныстар жасау.
Ғылыми зерттеу нысанына Қазақстан Республикасының банк жүйесінің соңғы жылдардағы даму жағдайы алынды.
Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы және оның заңдылықтары.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеулер Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде жасалған шаралар мен ұсыныстар жалпы банк секторынынң дамуы бойынша бағлдарламалар дайындау іс-тәжірибесінде қолданыла алады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы және көлемі.Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша кестелерден тұрады.
Дипломдық жұмыста сурет, кесте келтірілген.
1 Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуның экономикалық мәні мен маңызы
1.1 Банк жүйесінің ұғымы, экономикалық мәні және негізгі элементтері
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың өте маңызды және ажырамас құрылымдық бөліктерінің бірі болып табылады. Банктердің және тауарлық-ақша қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатар жүріп отырған және бір-бірімен тығыз байланысып кеткен. Банктер экономиканың барлық салаларымен және басқару буындарымен тікелей және күнделікті байланыста болып табылады. Банктер арқылы ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру процесі жүргізіледі. Сонымен бірге банктер қаржылық дәнекерлер (делдалдар) ретінде шаруашылық субъектілерінің капиталдарын, халықтық жинақ қаражаттарын және басқа да уақытша бос ақша қаражаттарын тарта отырып, оларды қарыз алушыларға уақытша береді, ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асырады және басқа да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Осылайша, банктер өндірістің тиімділігіне және дамуына, қоғамдық өнімнің айналысына үлкен ықпалын тигізеді.
Осылайша, банктер, қаржылық дәнекерлер ретінде, өте жоғарғы экономикалық қызметті (функцияны) жүзеге асырады, қоғам үшін салааралық, аймақаралық капитал бөлу механизмін қамтамасыз етеді. Өзінің қызметін жүзеге асыру барысында олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа қаржылық міндеттемелер мен талаптар өндіріп шығарады. Мысалға, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме өндіреді – бұл депозит, ал осы қаражаттарды басқа тұлғаларға қарызға бере отырып жаңа талап өндіреді – бұл несие. Жаңа міндеттемелер мен талаптарды өндіру процесі жалпы қаржылық дәнекершіліктің негізін қалайды. Қаржы ресурстарының қозғалысы, кредитордан қарыз алушыға ауысуы және осымен байланысты банктердің қызметі экономикада қаржылық дәнекершілік деген атаумен белгілі. /6/
Отандық және шетелдік ғалымдардың пікірінше әр түрлі банктің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстығы мен банк жүйесін құрайды. Банк жұйесі мынадай ерекшеліктермен сипаттандырылады:
- Банк жүйесіне кейбір банк операциаларвна қатынасы бар, бірақ «банк» деген мәртебесі жоқ элементтер де кіреді. Мысалы, кейбір банк операциаларын жүргізуге рұксат алған арнаулы қаржы институттері, басқа да банктің инфоқұрылымын құратын, және оның жұмыс істеіне әсер ететін мекемелер;
- Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән касиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзік құрайтын элементермен жіне олардың арасында қалыптасқан қарм-қатынастармен анықталады, әрине, банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элемені банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мәнер береді.
- Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің мазмұндарының деп түсінбеу керек. Банк жүйесінің мазмұны тек әр түрлі элементтердің мазмұны ғана емес олардың өзара байланыстарын қамтитын жаңа кеңірек мазмұнға енуі. Сөйтіп банк жүйеснің мазмұны тек оның жеке элементтерінің мазмұнына ғана емес оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударды;
- Банк жүйесінің бір тұтас жүйе деп ұғыну керек өйткені жеке бөліктерінің өзара байланыстары керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда егер бір банк жұмысын тоқтатса оның клиенттері басқа банктерден бұрынға қызметкерін бұрынға көлемде ала-алады (пайдала аланады).
- Банк жүйесі әр уақытта өсу және жүйесі жетілдіру жолында. Олай деуге себеп ол күн сайын жаңа компоненттермен толықтырылады банк аралық және ұлттық банкпен немесе шетелдік банктер араларында жаңа қатынастар пайда болады;
- Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып есептеледі. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы, немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесіне, болдмаса оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметттерді тәртіп қорғау органдарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін райстайтын құжаттары болса болды.
- Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Олай дейтініміз, егер елге саяси ахуал, экономикалық жағайлар, және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, оралымдылықпен өзгарта алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінщі дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді. Немесе, Үкмет үлттық валютаның бағамын анықтау тәртіптемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағымын қайта қарайды;
- Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды түлға бола түра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Үлттық банк реттеп отырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық (пруденциялық) мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк оперциясын жүргізілуге берілген рұксат қағазынан (лицнзия) айырылуы мүмкін.
- Қазіргі ұрпаққа банк жүйесінің екі түрпаты (үлгісі) белгі. Олар:
- орталықтандырылған тарату жүйесі;
- нарық экономикасына лайықты банк жүйесі.
Жақында өткен халық шаруашылығын басқарудың әкімші - әміршіл жүйесінде, банк жүйесі мемлекеттің банктерге үстемдік жасауының барлығымен сипаттандырылатын. Банктер, экономиканы басқаруын құралы бола тұра, өзінің қызметін тек мемлекеттік мүддені қорғауға бағыттайтын. Барлық ақша – несие ресурстарын банктер арқылы мемлекет тарататын. Банктерге ешқандай дербестік болмайтын. Тіпті олар пайда табуға да мұдделі болмайтын. Өйткені, пайдаларының барлығы дерлік, мемелекеттік бюджетке алынытын, ал оларға ең керектісі белгіленген мөлшерде ғана қалдырылатын.
Нарқтық экономикада керісінше. Мемлекеттің банктерге үстемдігі жоқ. Банктерге әр тұрлі меншік нысандары бар. Кез келген заңды немесе жеке түлғалар банк ашып алуға құқықты. Қолма – қол, немесе қолма – қол емес ақшаларды айналымға шығару атқарымы болінген. Қолма – қол айналымға Үлттық банк шығарады, қолма – қол емес ақшаны – екінші дәрежелі банктер шығырады. Қолма – қол ақшамен немесе қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың арасында ешқандай шек жоқ. Жалғыз мемлекеттік саясаттың орнында әрбір банктің өз саясаты бар. Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне, яғни солардың сайлаған қадағалаушы кеңеске басқармаларға бағынады.
Кейбір экономистердің казіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлерімен келісуге болмайды. Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек олардың кейбір жетілмегендіктігі бар, ал, бүл уақытша жағдай. Бара – бара нарықтық қарым – қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де жетілдендіріледі. Сөйтіп бәріде өз орнына келеді сондықтан банк өтпелі кезеңге лайықты, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.
Банк жүйесінің алдына қойылатын міндеттер мен мақсаттары әдетте жалпы экономиканы басқарудың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келеді. Алайда банктер басқарудың ішкі, төменгі жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тек өзіне тән, ерекше, жекелеген міндеттерді жүзеге асырады. Банктердің экономиканы басқару буыны ретіндегі ролі олардың өз қызметтерін (функцияларын) жүзеге асыру және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптерін, стандарттарын және нормативтерін қадағалау процесінде анықталады. Бұл сұрақтар туралы біз келесі сұрақтарда толығырақ тоқталатын боламыз.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық әдістерін қолданады. Бұл әдістер экономикалық қатынастардан көрініс табады, ал қандай-да бір қоғамның экономикалық қатынастары оның экономикалық мүдделеріне көрініс табады, ал экономикалық мүдделер өндірістің түпкі мақсаты, оны қозғаушы фактор болып табылады.
Банктердің қарамағында өзге басқару органдарының қолында жоқ ақпараттар жинақталады. Ең алдымен бұл қызмет көрсетілетін клиенттердің негізгі қызметіне қатысты ақпараттар болып табылады. Клиенттердің шоттарында жұмысшылардың еңбекақысын төлеу үшін, жабдықтаушыларға және бюджетке төлемдерді жүзеге асыру үшін, банктік несиелерді қайтару үшін қажетті қаражаттардың болмауы аталған клиенттердің қолайсыз, қиын қаржылық жағдайға тап болғаны туралы объективті және оперативті белгі береді. Есеп-шотқа қаражаттардың келіп түсуі клиенттің сатқан тауарларының төленгендігін, яғни оның өндірістік қызметінің үздіксіз жүріп тұрғандығын білдіреді. Банктік мәліметтер кәсіпорындардың қызметі туралы көптеген мәліметтерді анықтауға, бухгалтерлік есептің қорытындысын күтпей ақ, оның қаржылық нәтижелерін білуге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өздерінің клиенттерінің нақты қаржылық жағдайын білуге, олардың қызметінің тиімділігін және табыстылығын бақылауға септігін тигізеді......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
Іздеп көріңіз: