Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде
Мазмұны
КІРІСПЕ.........................................................................................……....................3
1. АҚША ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РОЛІ
1.1. Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы....................................……...............5
1.2. Бағалы қағаздар мәні мен ұғымы.......................................................................8
1.3. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының негізгі буыны......................11
1.4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.............................................31
1.5. Ақша және бағалы қағаздар туралы ҚазақстанРеспубликасынын казіргі заңдары.....................................................................................................................................35
2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНДЕ...................................................................................……................39
2.1. Бағалы қағаз ұғымының заңдық мазмұны............................………...............39
2.2. Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы..........................41
2.3. Бағалы қағаздар түрлері..................................…........................……..............50
2.3.1. Акциялар.................................................................................…….................50
2.3.2. Облигациялар....................…...................................................……...............55
2.4. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.......................……….............59
3. АҚША ҚҰРАЛДАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ......….........................................................................................................70
3.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы………….…...….70
3.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті...............................................………....71
3.3. Ақшаның атқаратын қызметтері......................................................………....73
3.4. Ақша айналымы...................................................................................……......79
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….………………………...81
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................…....82
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес¬керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1].
Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің "экономикалық конституция" жаңа Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінiң мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы өндірістің өнімі.
Азаматтық құқықтың тағы да бір объектілерінің бірі ақша болып табылады. Азаматтық кодекстің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады. Сонымен қатар, елімізде шет ел валютасынымен есеп айрысу мүмкіндігі де бар. Оның реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бүгін Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып, жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар тетіктерді "импорттаған". Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің де жоқтығы да көзге түседі.
1. АҚША ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РОЛІ
1.1. Азаматтық құқық обьектілерінің ұғымы
Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып, жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар тетіктерді "импорттаған". Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің де жоқтығы да көзге түседі.
Шет ел тәжірибесіне жүгінсек, ақша айналымын реттейтін шет ел заңнамасы, ақша құралдары нысандарының өзгеруімен, үлке өзгеріске түскенін көруге болады. Әдебиетке сәйкес банктік тәжірибенің қағаз жеткізілімдерден электронды жеткізілімдерге өтуі заңнаманың өзінің өзгеруіне алып келді.
Бұл жұмыста біз бағалы қағаздар мен ақшаның азаматтық құқықтың объектілері ретінде құқықтық реттелуі мәселесін қарастырамыз. Себебі, жоғарыда айтылып кеткендей, бүгінгі таңда аталмыш объектілерге қатысты құқықтық қатынастарды реттеуде көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада қолданады - мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.с.с. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-ба-бының 3-тармағында керсетілген: олар - өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе (АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, соңдай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның бәрлык кұрамдас бөліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі (АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (косалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл — затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т. б., азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді. Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген занды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе кызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық кұпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызмешілер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша телемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге карызды жиырма ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қоржынды құру туралы мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша және бағалы қағаздар азаматтық құқығының объектілері ретінде
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша азаматтық құқықтың объектісі ретінде
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қоржынды құру туралы мәселесі
Іздеп көріңіз: