Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………....................…………………..2

1-тарау. Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
1.1. Шарт жасасудың кезеңдері............................................................................4
1.2. Шарт жасасу тәртібі........................................................................................6
1.3. Шарт жасасатын жер......................................................................................7

2-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
2.1. Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері..................................................9
2.2. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары...............11

3 тарау. Азаматтық-құқықтық шарт туралы жалпы ережелер
3.1. Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері……………………….………...12
3.2. Шарттың мазмұны мен формасы.................................................................18

4-тарау. Азаматтық-күкыктық шарттардың жекелеген түрлері
4.1. Азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктері...........................28

Қорытынды……………………………………………………………..................64
Пайдаланған әдебиет тізімі…………………………………………...................65

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен баска да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас больш табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.

1-тарау. Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

1.1. Шарт жасасудың кезеңдері

Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіңдігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау–қабылдамау сатушының езіне байланысты.
Шарт жасасу қаңдай да бір тараптың міндетті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.
АК-ның 395-бабы "оференттің байланыстылыгы" ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.
"Оферент байланыстылығы'' ұғымынан "офертаның каитарып алын-байтындығы" ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім еткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды жөне оның ережелерін озгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан керген шығынын етеу міндетінің туындауына өкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік больш табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның езінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395--баптың 3-тармағы).
АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасыңдағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Жария офертаны өзінің қьізметінің сипаты жағьшан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.
Оферта жодданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (АК-ның 396-бабының 1-тармағы).
Акцептанттың өзінің офертамен толық жөне сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз жөне өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін үсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды жөне ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспоңденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабыдданған болып саналады делінген.
АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп түруы тиіс жөне бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оферентген алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцептен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.
Оферент акцешті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады (АК-ның 401-404-баптары).
1.2. Шарт жасасу тәртібі

Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түріңде теріс салдар келеді.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер оңцай мерзім белгіленбеген болса — ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайыңда тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады (397-баптың 2-тармағы).
Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол еңді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады. АК-ның 397-бабының 3-тармағыңда жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.
Оферент, жауап ала алмағаңдықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент оз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезіңде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін оз тарапьшан әрекет жасауы мүмкін (келік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп кежендігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды етеуге міндетті.
Мысалы, И. 1 сөуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кәнісінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергеңдігін хабарламайды. 15 мамырда М. келік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқықтану дипломдық жұмыстар, Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]