Дипломдық жұмыс: АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ..
І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ.....
1.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, реттеу пәні мен әдістері..
1.2. Азаматтық іс жүргізудің жүйесі мен қайнар көздері.
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ФОРМАЛАРЫ...
2.1. Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі, мәні ,негізгі белгілері...
2.2. Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап
шешудегі маңызы....
2.3. Азаматтық іс жүргізу қағидаларын қолдану мәселесі.
ІІІ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ФОРМАЛАРЫ....
3.1. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауда азаматтық
іс жүргізу қатынастарының ерекшеліктері..
3.2.Азаматтық сот ісін жүргізу формаларының азаматтық құқықта
ерекшелігі мен ұқсастықтары..........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның игіліктермен заңды мүделерін қорғау азаматтық-құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында азаматтық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс - әрекеттерді сотта азаматтық іс жүргізу арқылы қарап, талдап, шешіп және қорғау мүмкіндігін көздейді.
Мұндай құқықбұзушылық сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Адам және ар-ожданы, құқықтары мен бостандығы басқа қоғамдағы игіліктерге қарағанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы
Азаматтық іс жүргізу құқық теориясындағы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді сот арқылы анықтау болып табылады.
Мұндай кемшіліктер сот тәжірбие ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам құқығын қорғауға барынша мән беріледі.
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.
Антик ойшыл Протогор “ Адам – барлық заттың өлшемі” деп айтып кеткен еді. Қоғамның ең басты құндылығы және байлығы – адам және оның өмірі саналады. Адам өміріне қолсұғушылықты азаматтық заң ең ауыр қылмыстарға жатқызады, және ол үшін аса қатал жауапкершілікті тағайындап отырады. Ал азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша азаматтар мен ұйымдардың бостандығы мен заңды мүддесін қорғау бірінші орында және ол азаматтық іс жүргізу құқығымен және азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттеледі.
Дипломдық бітіру жұмысы азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі мен пәні және әдістерін қарастырады. Сондай-ақ азаматтық іс жүргізу жүйесі мен қайнар көздерін,яғни азаматтық іс жүргізу заңдарымен қатар процессуалист ғалымдардың еңбектерін де кірістіреді.
Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі, мәні ,негізгі белгілері және Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап шешудегі маңызы екінші тараудың тақырыптары болып табылады. Соңғы тарау Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау формаларын қарастырады.
І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, реттеу пәні мен әдістері
Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі: императивті, диспозитивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.
Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:
1) Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
2) Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.
Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.
Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен көптеген қағидатің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап азаматтық іс бойынша шешім шыққанға дейін.
Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.
Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып:
- азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын және қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті және басым мәселелерін;
- азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дәлелдемелердің түсінігі, дәлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тәртібімен қайта қаралу және шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.
- процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.
- азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;
- азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;
- азаматтық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.
Азаматтық іс жүргізу – азаматтық іс жүргізу нормаларымен тәртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті – заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады.Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сәттен азаматтық іс қозғайды.Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куә, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар әрекеттер жасайды. (сот мәжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дәлелдемелер тапсырады, т.б.).
а) Азаматтық іс жүргізу құқығы – құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.
Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау және шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.
Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дәлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дәлелдемелер тапсыруға міндетті.
б) Азаматтық іс жүргізу пәні сот әділеттігін нақты азаматтық істерден тұратын арнайы іс жүргізу формасымен атқару, ал азаматтық іс жүргізудің құқығының пәні – құқықтық сала ретінде азаматтық іс жүргізу, яғни соттар және басқа іске қатысушылардың әрекеттері мен сот актілерін орындайтын органдардың әрекеті болып табылады.
в) Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қатынастарды диспозитивті рұқсат етілген әдіспен реттейді.
Бұл дегеніміз азаматтық істің пайда болуы сотқа емес, мүдделі адамдарға керек екендігі. Сот өзінің инициативасымен азаматтық іс қозғамайды. Сот құжаттарына шағым келтіруде іс жүргізудегі мүдделі тұлғалардың еркі болады.
Азаматтық іс жүргізудің нормалары көбінесе тыйым салатын емес, рұқсат етілетін нормалардан тұрады. Іске қатысушылар тек өздеріне берілген іс жүргізу құқығына ие болады да тек солар бойынша әрекет етеді, құқыққа ие болады.
1.2. Азаматтық іс жүргізудің жүйесі мен қайнар көздері
Азаматтық іс жүргізу құқығы барлық құқық салалары тәрізді үлкен екі жүйеге бөлінеді. Олар бірінші жалпы бөлім және ерекше бөлім деп аталынады. Олар бірнеше тарауларға бөлінеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі қарастырады:
1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары
2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидатері
3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық
4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
5-тарау. Іске қатысушы тұлғалар
6-тарау. Сотта өкілдік ету
7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
8-тарау. Сот шығындары
9-тарау. Мәжбүрлеу шаралары
10-тарау. Іс жүргізу мерзімдері
11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
13-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
14-тарау. Талап қою
15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
16-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
17-тарау. Сотта іс қарау
18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі
18-1-тарау. Аралық сот шешімін орындау
19-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
20-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
21-тарау. Арызды қараусых қалдыру
22-тарау. Сот ұйғарымы
23-тарау. Хаттамалар
24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару
Ал Ерекше бөлімде мына мәселелер қарастырылады.
25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу
26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айтуы туралы іс бойынша іс жүргізу
28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу
29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Іздеп көріңіз: