Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтағы мәміле институты
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І МӘМIЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi................................................................6
1.2 Мәмiлелердiң нысаны және олардың маңызы ............................................10
1.3 Жарамсыз мәмiлелер........................................................................................17
ІІ ӨНДІРІСТЕ МӘМIЛЕЛЕРДI НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ СОТТА ҚАРАУ
2.1 Нотариалдық қызмет ұғымы мен мәмілелерді нотариалды
куәландыру .......................................................................................................23
2.2 Даулы мәмiлелердi сотта шешу......................................................................46
ІІІ КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
3.1 Кәсіпкерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері.........................................50
3.2
Кәсіпкерлік-тұтынушылық мәміледегі қатысушылардың
өзара жауапкершілік ерекшеліктері...............................................................52
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР.........62
Қазақ елi, жерi талай тарихи жағдайларды бастан кешiрдi. Тек жиырмасыншы ғасырда ғана бiздiң тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдiк айдынға алып шығуға мүмкiндiк туды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң жарияланды.[1] Қияметтi де, қиянатты соңғы жылдарда бұған дейiнгi жүздеген ұрпақтың қолы жетпеген егемендi мемлекет құрылды. Бiздiң елдi ендi ешқандай да тарих желi жер бетiнен жойып жiбермейтiндiгiне кепiлдiк туды.
Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары әлемдегi дағдарыс Қазақстан халқына апат ауқымдылықтың салмақ - салдарын сезiндiрдi. Ұлт пен мемлекеттiң аман қалуының жалғыз жолы – делiнген, Ел Президентiнiң «Елiмiздiң жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауiпсiздiгi» туралы Қазақстан халқына Жолдауында, «экономиканы ашық Ұстау – әлемдегi қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып - құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жатпай қоймайды. Қазақстан әдемдiк тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды». [2]
Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмiрде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның iшiнде адамның бостандығы, өмiрi, денсаулығы, ар – намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерiн мойындауды қажет етедi. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны ерекше аталып көрсетiледi. [3] Осыған орай, елдегi саяси жүйедегi реформалар өмiрдi барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесiн ұжым, бүкiл қоғам мүддесiмен ұштастыруға, сондай – ақ адамды қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмiр сүруi және еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуде, әлеуметтiк әдiлетiлiктi, саяси бостандықты орнатуға, адамның жан – жақты дамуына және рухани бяюына мүмкiндiктер жасауға бағытталады. Адамзаттық факторлар, адамзаттық өлшемдер, барлығы да саяси реформаның қорғаушы күшi бола алады, жаңа тарихи жағдайда саяси көзқарастардың мазмұны мен мәнiн анықтай түседi. Ал жаңа саяси көзқарастар жалпы адамзат құндылықтарына, құқықтарға, кең халықаралық Ұйымдастықтарға сүйенуi тиiс.
Ел экономикасын көтеру алдында ел басының атқарар еңбегi мол. Ел басының Қазақстан халқына жолдауында: «Ел мұраты: Ұлттық бiртұтастық, әлеуметтiк әдiлеттiлiк тән әрi күллi халқының экономикалық әл - ақуаты артқан тәуелсiз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанда сомдау» - деп арнайы көрсетiлген. Бұл құжатта тәуелсiздiктiң тарихына талдау жасалынған және Ұлттық қауiпсiздiкке қатер төнуiн болдармау жөнiндегi егемен Қазақстан қызметтерiнiң басты бағыттары белгiленген. [2]
Мәмiлелер, шарттардың экономикалық қатынастағы, азаматтық айналымдағы орны ерекше. Әр азамат, заңды тұлғалар күнiне бiрнеше рет азаматтық қатынасқа түсiп, құқықтар мен мiндеттердi атқарады. Түрлi мәмiлелер мен келiсiмдерге келудiң нәтижесiнде сан мындаған тауар алмасу операциялары iске асады. Iс – тәжiрибеде мәмiлеге байланысты көптеген жайсыз сұрақтар жиi туындайды.
Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Операциялардың құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алады. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ.
Жоғарыда айтылған жағдайлар мәмiленiң мазмұны, жарамдылық негiздерi, рәсiмдеу, дауларды қараудың тәртiбi, тақырыбын өзектiлiгiн айқындай түседi.
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбарлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрген құқықтардың қалпына келтiруiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез – келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.
Қазiргi нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмiлелер жасау, оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулi қиындықтар тудыратыны баршаға мәлiм. Мәмiленi жасаудың жалпы тәртiбi, жарамдылық негiздерi жеткiлiктi зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмiлелерге байланысты дауларды сотқа дейiн, сотта шешу, сот тәжiрибесiнде жиi кездесетiн жекеленген мәмiлелердi жасау, мiндеттемелердi орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлi өз шешiмiн толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерiң тапшылығын аңғаруға болады. Сондықтан да ғылыми iзденiстер жүргiзуде мәмiлеге, оның жарамдылығына түсiнiк беру, нотариалды куәлендыру, дауларды сотта қарау тәртiбiн анықтауды дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты етiп алдық. Осы аталған мақсатқа жету үшiн мына мiндеттер туындайды:
- мәмiле ұғымына түсiнiк беру түрлерiн анықтау;
- мәмiлелердiң жарамдылық негiздерiн ашу;
- мәмiлеленiң жарамдылығының нәтижелерiн бiлiп, олардан қорғану шараларын табу;
- мәмiлелердi нотариалды куәландыру тәртiбiн баяндау;
- мәмiлеге байланысты туындайтын дауларды сотта қараудың тәртiбiн, сотта кездестiн құқықтық мәселелердi анықтау.
Мәмiле жасаудың тәртiбi, оны нотариалды куәландыру, сотта iстi қарауға байланысты туындайтын қатынастар зерттеу объектiсi ретiнде көрiнiс тапты. Iзденушiнiң ғылым жолындағы алғашқы қадамы, мәмiле жасаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудағы талпыныстар жұмыстың теориялық маңыздылығын құрайды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығына келсек, жұмыстың көмегiмен азаматтық айналымда мәмiлелердi дұрыс, әрi заңды жасау - қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мәмiлеге байланысты дауларды шешу мәмiле жасаудағы, құжаттарды дұрыс рәсiмдеу мүмкiндiгiн жүзеге асыруға болады. Жалпылай алғанда:
Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.
Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек.
Зерттелу барысында психология, логика, философия, азаматтық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасының белгiлi ғалымдарының еңбектерiне сүйендiк. Атап айтсақ, С.З.Зиманов, С.С.Сариев, Г.С.Мауленов, З.О.Ашитов, Г.И.Тлеугалиев, М.К.Александров-Дольник, Я.Ә.Әубакiров және т.б.
Дипломық жұмыс кiрiспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тiзiмдерiнен тұрады.
І МӘМIЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Мәмiленiң ұғымы мен түрлерi
Заңды фактiнiң бiр түрi мәмiле болып табылады. Азаматтық айналымда мәмiле арқылы құқықтық қатынастар үздiксiз туындап, дамып отырады.
Сәйкесiнше, мәмiле дегенiмiз субъектiлердiң белгiлi мақсатты көздеген әрекеттерi, оның негiзгi мақсаты азаматтың құқықтары мен мiндеттерiн анықтау (мысалы, мүлiктi сыйлау кезiнде мүлiкке меншiк құқығы сыйға тартудан сыйды алушыға көшедi), Бұл құқықтар мен мiндеттердiң өзгеруi (мысалы, жалға берiлген мүлiктi қайтарып берудi кейiнге қалдыруды тараптар өзара келiседi), немесе олардың тоқтатылуы (несие берушi борышқорды қарыздан босату).
Мәмiлелерге мынадай белгiлер тән: 1) тұлғаның ерiк (тiлек пен ниет) бiлдiруi; 2) рұқсат етiлген ерiк бiлдiру, яғни құқыққа сәйкес әрекет; 3) қандай да бiр заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық Құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертiлуi және тоқтатылуы); 4) мәмiле әрқашанда Құқықтық салдар тудырада.
Цивилистердi, әруақытта, заңды факт туралы мәмiленi моральды - табиғи, жеке - тұрмыстық сипаттағы әрекеттерден ажырата алу мазалайтын. Бұл мәселе, сонау римдiк құқықта да өз шешiмiн таба алмай, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс қабылдаған кезде де өзектiлiгiн жоймады. [4]
О.С.Иоффе құқықтың және кез - келген құқықтық емес реттеу салаларын зерттеу керек деп ептейдi. Ажырата алу үшiн құқықтық реттеудiң түрлi салалары ескерiлуi қажет.[5, 17 с]
Ю.Г.Басин өзiнiң еңбегiнде, мүлiктiк қатынастарды Құқықтық реттеудi әлемдiк iс - тәжiрибеде заңды нәтижеге жетуге тура бағытталған құқық тудыратын әрекет түрiндегi мәмiлелердi тұрмыстық, отбасы, үй қызметiмен немесе жақын адамдарға басқа да көмек көрсетуден ажыратады. Әдетте Мұндай әрекеттер нысаны, мазмұны, нәтижесi жағынан алғанда мемлекеттiк мәжбүрлеудi қажет етпейдi, «Достық этика» нормалары қолданылады. Азаматтық кодекстi жетiлдiру мақсатында Ю.Г.Басин келесi ұйымдастыруды айтады: «ұқсас жағдайлардың арасындағы шектi анықтау үшiн мәмiлеге қатысты бапқа келесi мазмұндағы тармақты енгiзу қажет: «Егер де тараптар өз келiсiмдерiне заңда маңыз бермейтiн болса, туысқандары, достары немесе басқа жақындары арасындағы тұрмыстық қызмет, не ортақ тұрмыстық жұмыс iстеуге бағытталған әрекеттер мәмiле деп есептелiнбейдi». .[6,125с].
Мұндай жерде ағылшын - американдық Құқықтық жүйеге тән қағиданы айтып кету қажет - ақ. ҚР Азаматтық кодексiнiң 384-бабына түсiнiктеме бергенде М.К.Сулейменов: «Қарсы жақты ұсыныс бiлдiру ұғымы ағылшын - американдық құқықта «сonsideration» деген ұғыммен кеңiнен қолданылады». Онда сonsideration кез-келген шарт үшiн бастыталап. Сonsideration - сыз шарт, заңды күшi бар шарт болып есептелiнбейдi, - деп ұсынылыс келтiредi. .[7, 28 с]
«Ағылшын - американдық құқықта контрактының жарамдылығы үшiн мiндеттi түрде қарсы жақтың ұсынысы берiлуi (сonsideration) қажет, ол мүлiктiн әрекетiн жауап беру, яғни өз құқықтарына не бас тартады не жоғалтады», - дейдi Ю.Г. Басин [6, 13 с] Мүлiктiң иесi өз мүлкiн басқаға тегiн бере алады, бiрақ сonsideration болмайынша мүлiк тегiн беру жөнiндегi келiсiмнiң заңды күшi жоқ. Мұндай контрактiге қойылатын талап Францияда да қолданылады.
Осыған байланысты А.Г. Диденконың да өз ұсыныстары да бар: Сonsideration - ды ақылылық (возмездность) қателесiп бiр ұғым деп түсiнгендiктi есептемегенде (сonsideration ағылшын - американдық құқықта тек материалдық құндылықтарды, қызметi және бiлдiрiп қана қоймай, қандай да әрекеттен, не құқықтан тежеу дегендi бiлдiредi), отандық азаматтық құқықтың шарт механизiмiне Бұл ұғымды еңгiзуге әдiстемелiк жағынан жол берiлмейдi... Кейбiр бiртектес мәмiлелер континентальды құқық бойынша қорғауға жатады, ал ағылшын - американдық құқықта ниет бойынша қарсыласын қанағаттандыру жоқ.
Сonsideration ұғымы романо - германдық Құқықтық жүйеге енгiзу дәстүрлi және жақсы iстейтiн норманы құрып, бiзде қалыптасып келе жатқан құқықтық жүйенi бұзады.[8, 36 с]
Аталған жайға орай Ю.Г. Басин өз еңбегiнде келесi мысалды келтiредi: «Сот практикасында жоғарғы қауiптiлiк кездерiнен келген шығынды өндiру туралы iс қаралған. Азамат өз жолдасына сатып алған қымбат вазанын құның төлеудi талап етедi. Талап арызды қараудан бас тартады». Бұл мысал қарастырылып отырған жағдайды нақты ажыратуға сай емес. [6, 15 с]
Ойланып отырсақ, азамат үшiн оның вазасы қалай көрсетiлген орынға жеткiзiлетiнiне бәрiбiр сияқты: автомобиль мен таксимен бе. Сол сияқты үйдi кiм жөндейтiндiгi қызықтырмайтын сияқты: көршi, не маман медiгер ме; затты кiм апаруы досы - иесi немесе комиссиялық дүкен.
Аталған жағдайда нәтиже басты нәрсе. Сондықтан тапсырма дауға, жұмыс атқарушыға, затты жарамсыз және т.б. жүзеге асыру үшiн ұсынушытарап өз мойнына мiндеттер алады, бұл олардын арасында Құқықтық қатынастын туындауын бiлдiредi.
Мұнан, тасымалдау кезiнде мүлiктiн бұзылуы немесе жолаушыға тасымалдаудың нәтижесiнде денсаулығана зиян келуi немесе сапасыз жұмыс атқаруды, ұрлаудың нәтижесiнде азаматтық заңның негiзiнде жауапкершiлiктiң туындауы тиiс.
Бұл жағдайда Ю.Г. Басиннiң туысқан моральды - табиғи аспектiлерiн ескермеуге болмайды. Мұндай жағдайлар, мысалы борышқорға талап қоюдан өз еркiмен несие берушiнiң бас тартуы түрiнде көрiнуi мүмкiн. Құқықтық норма қолданылуы тиiс. [6, 15 с].
Кодексте бұл сұрақтар өздiгiнше шешiлген. Бiрiншiсi, онда тегiн жасалынатын шарттар (АҚ 384 б. 2 т.) ақылы шарттармен бiрдей қаралған.
Оларға мыналар жатады:
- императивтi тегiн (сыйға тарту) шарт, ақысыз;
- диспозитивтi ақысыз (заем, сақтандыру, тапсырма, сенiп тапсырылған мүлiктi басқару);
Сонымен ақысыз шартты «заңды емес» сипиттағы әрекеттерге жатқызуға болмайды.
Аталған (тасымалдау, медiгерлiк, комиссия) шарттарды ақылы шарттарға жатқызу «шарттың» мәртебесiне әсер ете алмайды, себебi азаматтық айналымның қатысушылары өз құқықтарынан бас тартуына құқығы бар. Ендi, қатынас қатысушылардың туыстық қатынасын анықтау қажет, ол әрекеттi “заңды” немесе “заңсыз” деп бөлу үшiн керек. [9]
Аталған ережелер бойынша сыйлаушы мен сыйға алушылар арасында туыстық қатынасы бар, не жоқтығы фактiсiне көзқарас бiрыңғай. Бұл жағдайлар құқықтық реттеудi қажет етпейдi, олар моральдық - табиғи тұрақтылықпен шектеледi. Келесi мысал, мүлiктi тегiн пайдалану шарты өзара жақын адамдардың арасында жасалады. Азаматтық кодексте тараптарға азаматтық жауаптылықты жүктей отырып, қатал реттейдi. Азаматтық кодекс мүлiктiк қатынастарға байланысты туысы, достары және басқалар арасындағы тұрмыстық қызметiне көмек, ортақ тұмыстық қызмет көрсету, не басқа әрекеттер туралы келiсiм жасауға бағытталған әрекеттерден өзгеше емес. Сонымен, заңды фактi тудыратын мәмiленiң моральдық - табиғи, жеке тұрмыстық сипаттағы әрекеттерден ерекшелiгi, мәмiленiң ақылы, не ақысыз болуы.
Заңды қылықтан мәмiле белгiлi заңды нәтижелердi туғызуға бағытталуыменен ерекшеленедi. Заңды қылық заңды нәтиже тудыруға тiкелей бағытталмайды, алайда заңда көрсетiлген жағдайда азаматтық құқықтар мен мiндеттер тудырады, өзгертедi, не тоқтатады. Мәмiле - заң рұқсат берген жүрiс – тұрыс.
Мәмiле заңсыз әрекеттерден өзiнiң заңдық белгiсiмен ерекшеленедi. Заңсыз әрекеттер басқа тұлғаларға зиян әкеледi. Мұндай әрекеттер келтiрген шығынның орнын толтыру қажеттiлiгiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттiр тудырады. Бiрақ бұл азаматтық құқықтар мен мiндеттер мәмiленiң нәтижесiнде емес, деликтiнiң, яғни шығынның келуi фактiсi негiзiнде пайда болады. Жүрiс – тұрыстың заңдылығы мәмiленiң қажеттi белгiсi бола тұра, мәмiленiң барлық түрiнiң мiндеттi түрде заңда көрсетiлуiн талап етпейдi, керiсiнше мәмiле заңға қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттердi жасауға қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттердi жасауға жол бермесе болғаны. Мысалы, заң спонсор мен көмек көрсетiлетiн тараптардың арасындағы келiсiмдердi реттемегенiменен де, ондайға жол берiледi. ҚР азаматтық кодекстiң 381 – бабында аралас шарт түрi қарастырылған.
Мәмiленi iске асыратын тұлғаларға мәмiле азаматық құқықтар мен мiндеттер тудырады. Осы белгiсi бойынша мәмiленi әкiмшiлiк актiлерден ажыратуға болады. Әкiмшiлiк акт, ол бағынышты тұлғаларға азаматтық құқық пен мiндет тудыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның әрекетi. Мысалы, мемлекеттiк мүлiктi басқаратын уәкiлеттi органның шешiмi мемлекеттiк кәсiпорынның мұражайын үш жылға жалға беру туралы шартын ұзартуға мiндеттейдi, не тыйым салады.
Мәмiлелер мынандай түрлерге бөлiнедi: 1) бiр жақты және екi немесе көп ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі
» Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
Іздеп көріңіз: