Дипломдық жұмыс: Құқық | Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................…
1.Тарау Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
1.1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
және олардың даму тарихы....................................................................................
1.2. Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас
құқықтарды құқықтық реттеу..............................................................................
1.3. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
саласындағы халықаралық қатынастар...............................................................
2-Тарау Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас
құқықтарды қорғау
2.1. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы........................................................
2.2. Авторлық және сабақтас құықтарды қорғау...............................................
2.3. Авторлық және сабақтас құқықты қорғау бойынша
уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзырлары..........................................
Қорытынды……………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиет………………………….…………………...…….…
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз тәуелсіздігін алғалы қаншама заңдарды қалыптастырсада «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау» мәселесі өзекті болғандықтан осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 1-бабында осы Заң санаткерлік меншік саласындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді деп атап көрсетеді..
Авторлық құқық (ағылш. copyright) – адамның творчестволық қызметінің объективтендірілген нәтижелерін материалды емес объект ретінде қорғайтын құқықтық институт; ұлттық заңдар мен халықаралық конвенциялармен реттелетін азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады .
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу алдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi, ал ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Іс қаралғанға дейін судья туындылармен фонограммалардың контрофактілік деп жорамалдаған даналардың жауапкердің дайындауына, көшірмелеуіне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құықылы. Судья туындылар мен фонограммалардың контрофактілік деп жорамалданған даналарын, сонайақ тайындау мен көшірмеулеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қойу туралы ұйғарым шығаруға да құқықлы.
Сот туындының немесе фонограмманың контрафактілік даналарын, сонай-ақ оларды көшірмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркелеу туралы шешім шығарылуы құқылы. Туындының немесе фонограмманың контрофактілік даналары оның талап етуі бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесіне берілуі мүмкін не сотың шешімі бойынша жойылуға тиіс.
Оларды көшірмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар сотың шешімі бойынша жойылуға не мемлекет кірісіне берілуге тиіс.
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес авторлық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық әрекеттермен жүзеге асырылуы мүмкін (өзін-өзі қорғау).
Бұдан басқа, құқығы бұзылған адам, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Сонымен қатар осы бап құқығы бұзылған азаматтың өкімет билігі немесе басқару органына, бұзылған құқықты қоғау үшін, өтініш жасау мүмкіндігін растай отырып, мұндай өтініштің құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайтындығын белгілейді. Біз осы жұмысымызда бүгінгі таңдағы авторлық құқықты қорғау саласындағы туындап отырған түйінді мәселелерді, оларды шешу жолдарын қарастыруды көздеп отырмыз. Туынды авторының құқықтарын қорғау кез-келген өркениетті мемлекетте алдыңғы қатарлы орынды алатындығы көпшілікке мәлім деп ойлаймыз. Дегенімен де авторлық құқықтң әлі күнге дейін толығымен зерттеліп бітпеген мәселелері жетерлік деп айтуға болады. Бұл саладағы мемлекетіміздің заңнамасы да толық қалыптастырылды деп те айтуға болмайды. Себебі мемлекетіміз санаткерлік құқық, соның ішінде авторлық құқық саласындағы қатынастарды реттейтін кейбір халықаралық құжаттарды әлі күнге дейін бекітпеген.
1-Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық
құқық жүйесінде
§ 1. Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы және
оның даму тарихы
Шығармашылық бар жерде, туындыгерлердің иелігіндегі меншікті дүниесі бар жерде оны сақтау мақсатында қандайда бір жұмыстардың жасалғаны ақиқат нәрсе. Мысалы, ежелгі Греция мен Римде автордың, жеке мүліктік құқығы, оған алатын сыйақысы ескеріліп отырған. Біреудін шығармасын ұрлап, иемденген адамды — арсыз деп танып, жұрт алдында дүре соққан. Римде авторлар шығармаларымен атағын ғана шығарып қоймай, табыс та тауып отырғанын зерттеушілер дәлелдейді.
Авторлық және сабақтас құқық қазақтың жыраулық поэзиясы қалыптасқан кезде де өмір сүріп келді десек қателеспейміз.
Халықаралық деңгейде авторлық құқық және сабақтас туралы идея Еуропада кітап басу ісімен байланысты XV ғасырда пайда болды. Бұрьн баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Творчестволық еңбек саудаға айналды. Жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бәсекелестік алғашкы «әдебиет карақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси және әлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иелері XV ғасырдың аяқ шенінде өздеріне ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп, реттеп, басқарып отырды.
Авторлық және сабақтас құқық саласында Еуропадағы алғашқы Заң XVII ғасырда Англияда дүниеге келді. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес әзірленген заң жобасы 1709 жылы талкыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енді. Бұл Заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заң Англияда 1735 жылы қабылданды.
Әдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен ол 1777 жылы XVI Людовиктің алты пәрменімен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруына және сатуына деген құқы заңдастырылды. Ал 1791 және 1793 жылғы декреттерде автор ез шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған.
Германияның әртүрлі аймақтарында автордың құқын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді. Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
» Дипломдық жұмыс: Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Іздеп көріңіз: