Дипломдық жұмыс: Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару

Дипломдық жұмыс: Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару

Мазмұны

КІРІСПЕ ..............
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі......
1.2 Жоба сапасы және оны басқару қағидалары....
1.3 Cапаны басқару қажеттілігі және сапа менеджменті жүйесі....
2 «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ САПАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрылымы және оның қызметін экономикалық талдау......
2.2 Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару....
2.3 Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері .......
3 ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САПАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОБАСЫ ЖӘНЕ ШАРАЛАРЫ
3.1 Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері..
3.2 Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру жобасы..
3.3 Жолаушыларды тасымалы қызметінің сапасын жетілдіру шаралары...
ҚОРЫТЫНДЫ......
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..

Кіріспе
Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында мемлекет эконмикасының ұзақмерзімді даму стратегиялық бағыттарының бірі көлік деп аталған [1].
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жолаушылар теміржол көлігі Қазақстандағы теміржол тасымалдарының 60%-дан астам көлемін жүзеге асыратын аймақтық және аймақаралық қатынастардағы маңызды көлік түрі болып табылады. Қазіргі таңда көлік қызметтері саласындағы тасымалдау процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда өзгерістер туындап, нәтижесінде тасымалдау процесінің ресурс үнемдегіш және ақпараттық технологияларын қолдану, мемлекет ішінде сауда қатынастарын дамыту және көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестікті күшейту жүзеге асырылуда.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды да қажет ететін күрделі процесс. Сондықтан теміржол жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру үшін сапаны басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырып, әртүрлі ғылыми бағыттардағы көзқарастарды қолдана білу керек, яғни сапаны басқаруда оны ұйымның барлық салаларымен ұштастыра отырып, кәсіпорын мақсатына жетудің тиімді жолдарын жетілдіру – алға қойылған талаптардың бірі. Сонымен қатар, қазіргі таңда жолаушылар тасымалы қызметіндегі сапаны жақсарту жолындағы мәселелер теміржол саласының дамуына кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуі, қазіргі заманға сай перспективалы ұлттық теміржол көлік инфрақұрылымын құру, транзиттік әлеуетті дамыту және оны тиімді пайдалану, көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу сияқты мақсаттарға жету үшін алдымен мемлекетішілік теміржол кешеніндегі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын басқарудағы мәселелерді шешу қажеттігі туындайды.
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапа мәселесін талқылай отырып, оны басқару процесін және жетілдіру шараларын қарастыру зерттеу жұмысының өзекті бағыты болып саналады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі. Көлік экономикасының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне И.Б.Белов, В.Г. Галабурды, В.П.Носов және т.б. сияқты экономист ғалымдардың еңбектері арналған.
Қазақстанда экономика және көлік - байланыс кешенінің жалпы мәселелері Т.Б.Мамаева, Н.К.Исингарин, Е.Д. Атамкулов, К.К. Жангаскин, В.Парамзин, М.Өмірзақова, М.У. Жарилкаганов, Т.Б.Баяхметов, М. Бекмагамбетов, Б.К. Ахметованың еқбектерінде қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру. Дипломдық жұмыстың мақсатына cәйкес келесідей міндеттерді жүзеге асыру керек:
- жоба сапасын ұтымды басқару мақсатында жобаларды және жобас сапасын басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілерін зерттеу;
- кәсіпорынның құрылымын анықтап, компанияның қызмет жағдайына экономикалық талдау жүргізу арқылы компаниядағы қызмет көрсету сапасын басқару процесін сипаттау;
- жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы ұсыну, жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін сипаттап, күтілетін нәтижелерді айқындау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ – ның жолаушылар тасымалы жөніндегі «Оңтүстік» аймақтық филиалы болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне сервистік қызметтерді басқару саласындағы шетел және Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері жатады. Сонымен қатар, республикалық және мемлекетаралық деңгейде қабылданған нормативтік актілер мен заңдар, соның ішінде, мемлекеттің әлеуметтік және тұрақты экономикалық дамуы процесінің ажырамас бөлігі болып саналатын теміржол көлігіндегі сервис тиімділігінің арттыру бағыттарын анықтайтын «Қазақстан 2030» даму стратегиясы, 2001 жылдың 11 маусымында қабылданған «Ұлттық көлік саясаты туралы» Үкіметтің қаулысы кіреді.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректерді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқармасының есептік мәліметтерін және нормативтік - құқықтық актілерін, кәсіпорынның интернет желісіндегі ресми сайтындағы мәліметтер қарастыруға болады.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, 3 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мен зерттелу дәрежесі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні мен ақпараттық негізі қарастырылады.
Бірінші тарауда жоба және жоба сапасын басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу нәтижесінде жобаларды басқару жүйесінің мәні мен оның негізгі ерекшеліктері, кезеңдері мен түрлері, жоба сапасын басқару ерекшеліктері және оның функциялары анықталған.
Екінші тарау негізінде ««ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жалпы сипаттамасы және құрылымы, дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын еншілес компания «Оңтүстік» аймақтық филиалының қызмет түрлері мен қаржылық жағдайын талдау және компаниядағы қызмет көрсетуді басқару процесі қарастырылған. Берілген мәліметтер негізінде сапаны жақсарту мәселелері анықталған.
Үшінші тарауда теміржол саласындағы жобаларды басқару моделі қарастырылған және жолаушылар тасымалы қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы ұсынылған, оны қаржыландыру көздері анықталған, сонымен қатар осы жобаның нәтижелерін талдау жүзеге асырылды.
Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жасалынған. Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жоба мәні және жобаларды басқару қажеттілігі
Кез келген ұйым және кәсіпорын белгілі бір мақсатқа бағытталған қызмет түрлерін жүзеге асырады. Бұл қызмет түрлері өнімнің сериялық өндірісі және қайталанып отыратын операциялардан немесе жеке жобалардан құралады.
«Жоба» түсінігі жаңа өнім немесе қызмет түрін шығаруға арналған өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы. Жоба жаңашылдық және қайталанбастық сипатқа ие, сонымен қатар жобаның нақты басталу және аяқталу уақыты болады [2].
АҚШ-тың жобаларды басқару Институтының (PM BoK, PMI) стандарттарында жобаны ерекше өнім өндіру немесе қызмет түрін ұсыну үшін қолданылатын уақытша іс-әрекет деп түсіндірген [3].
И.И. Мазур, В.Д.Шапиро, Н.Г.Ольдерогге келесідей анықтама береді: жоба – бұл мақсатқа бағытталған, алдын ала әзірленген және жоспарлы түрде технологиялық процестердің, физикалық объектілердің құрылуы немесе жаңғыртылуы және осы процесті жүзеге асыру шаралары мен басқару шешімдері [4].
Жоба басқару объектісі ретінде келесідей негізгі ерекше белгілермен сипатталады:
• нақты соңғы мақсаттың болуы;
• шектеулі ұзақтық белгілері;
• шектеулі бюджеттің болуы;
• қажетті ресурстардың шектеулілігі;
• жобаны жүзеге асырушы ұйым және жоба өнімінің нарығы үшін жаңашылдық белгілері;
• құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілу белгісі, яғни жобаны жүзеге асыру барысында уақытша арнайы ұйымдастырушылық құрылымның болуы;
• көптеген өзара байланысты әрекеттердің орындалуын үйлестіру.
Жоба белгілерін негізге ала отырып, жоба түсінігінің жалпы анықтамасын алуға болады.
Жоба – бұл өнім шығару, қызмет көрсету немесе басқа да пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылатын идея және әрекет. Сонымен қатар, жоба уақыт бойынша шектелген нақты мақсатқа бағытталған жеке жүйенің өзгеруі және бұл мақсатқа жету уақытқа, нәтижеге, тәуекелдікке, ұйымдық құрылымға және ресурстар мен қаражаттарды жұмсау шектеріне қойылған талаптарға сай жобаның аяқталуы болып саналады.
Жобалар масштабы, ұзақтығы, құрылымы, қатысушылар құрамы, күрделілік дәрежесі, нәтиже әсері бойынша ерекшеленеді. Көптеген жобалар әртүрлі негізде сыныпталуы мүмкін [5]......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар темиржол жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]