Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ
1.ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Халықты әлеуметтік қорғаудың мәні, мазмұны және оның түрлері
1.2. Стратегиялық жоспарлауға түсінік, оның экономикалық негіздері
1.3 Стратегиялық жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі және оның аймақтық жоспарлауда қолдану мүмкіндіктері
2.ОҚО ЭКОНОМИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1 ОҚО экономикасында халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандыруды салаларының дамуы
2.2 Оңтүстік аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер динамикасы
3 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ОҚО экономикасының стратегиялық даму бағыттары
3.2 Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандыруды жоспарлауды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарға дамуын болжайтын бағдарламалық құжат болып табылады. [1]
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi. Мемлекеттің экономикасының бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін стратегиялық жоспарлаудың аймақтық астарының дамуы қажетті қозғаушы күшке айналуда.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады. [2] Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың тұрақты даму жағдайында стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдары мен формаларының жоғарғы нұсқаларын таңдап алуын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.
Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.
Зерттеуге негіз болған материалдар. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жоспары 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары. Негізгі сапалы объекті болып шаруашылық құрылымдарының қызметі, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасының мәліметтері пайдаланылды.
Болжау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі, олардың экономиканы басқаруда алатын рөлі, маңызы өте жоғары екені дәлелденді. Енді осы құралдарды тиімді пайдаланудың ғылыми және методикалық негіздеріне тереңірек тоқтауымыз керек. Оның ең басты себебі бұл негіздерді білмейінше экономист толыққанды маман бола алмайды. Мәселе, экономика мамандықтары бойынша жоғары білім мектебін бітіріп жастардың біразы аталған негіздерді білмейтінін өмірде жиі кездестіруге болады. Бұған себепкер болған факт 90- жылдардың басында «Экономиканы жоспарлаудың керегі жоқ, оның дамуын нарықтық өзі-ақ реттейді» - деген үшқарылау жасалған тұжырым болса керек.
Кез-келген қоғам, мейлі оны капиталистік дейік мейлі социалистік дейік, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, жоспарсыз өмір сүре алмайды. Экономикалық жоспарлау негізінде қоғамның даму мақсатын сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін- ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 33 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстын мазмұны 70 бет, оның ішінде кесте және суреттер берілген.
1. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың мәні, мазмұны және оның түрлері
Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі - қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардыњ қолданылуы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі - жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде XX ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады. [16]
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін екі тұрғыдан бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалыќ дамуында бүркеленбеген құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект (мемлекет, үкімет) шешуші рөлін атқаратын.
Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап көрсеткен И. Кант: «Жоспар құру жеңіл және даңғой іс, сол арқылы өзің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыњды білместен, бірдеңе ұсынасың...» деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуетті мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параматрлерді зорлап міндеттейтін барлығын жаппай қамтитын (тотальды) жүйеге тән. Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өйткені ол бұлардың органикалыќ бірлігі, мұнда өзгеріс мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нақты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады. [20]
Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным басқару жүйесінен өзіне-өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе нарықтық жағдайларға бейімделуі мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық өзгеруінен тұрады. «Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күш...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Аймақтық экономикалық стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Аймақтық экономикалық стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
Іздеп көріңіз: