Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................

1. Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі
жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы
1.1.Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.....................................
1.2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы......................................
1.2.Отын өнеркәсібіндегі экономикасындағы шетел инвесторларының ролі..

2.Қазақстандағы отын өнеркәсібі және бұл саладағы шетел компанияларының жұмысына экономикалық баға беру
2.1. Қазақстанның отын өнеркәсібіне жалпы сипаттама
2.1.Қазақстан экономикасындағы «Теңізшевройл» компаниясының
орыны.............................................................................................................
2.2.Құмкөл кен орнындағы «Харрикейн» компаниясының жұмыстарын
экономикалық тұрғыдан талдау ..................................................................
2.3.Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнындағы шетелдік
инвестордың жұмысына баға беру.............................................................
2.4.Атырау мұнай өңдеу зауытының жетістіктерін экономикалық
тұрғыдан сипаттау.........................................................................................

3.Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қоршаған ортаға тигізер әсеріне экологиялық баға беру
3.1.Қазақстанға қажеті – қалдықсыз өндіріс....................................................
3.2. «Теңізшевройл»-дың қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына
экологиялық баға беру.................................................................................
3.3.Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық мәселелерді шешудегі
іс-шаралары....................................................................................................

Қорытынды .......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты Республика экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролін айқындау.
Міндеті:
1 Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
2 Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді отын өнеркәсібінің дамуына талдау жасау;
3 Республиканың отын өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау;
4 Республиканың табиғи ресурстарын, соның ішінде отын ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын айқындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында республиканың экономикасының даму ерекшеліктері, отын өнеркәсбінің дамуы қарастырылған.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
1 Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
2 Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
3 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемге ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
4 түбегейлі институциялдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
5 рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр.
Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

1. Қазақстанның нарық экономикасына өту кезеңіндегі жер қойнауы ресурстарын игерудің жағдайы

1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.

Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.
Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екін-ші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.
Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді.
Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:
1 экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
2 нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.
Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің(сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.
Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» (шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмай-
тын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу қажет болды.
Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қар-жыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.
Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық ортада оны жүзеге мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге қайтып келер еді.
Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды.
Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
-барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
-сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның
ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын
өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
-1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық
саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі
ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
-түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-
шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;
-рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;
-нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.
Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-
шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайдасы мен рентабельділігін арттыру тәсілі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: География | Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Экономика дипломдық жұмыстар, Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]