Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс әрекетті бағалау
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................3-5
1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................
1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі......6-20
1.2 Инвестициялардың экономикалық мәні және түрлері.............20-33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ІС – ӘРЕКЕТІН БАҒАЛАУ..............................................................
2.1 Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау.......................34-45
2.2 Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері.............45-60
2.3 Қазақстан Республикасының инвестицияларының даму
перспективалары.........................................................................60-69
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................70-72
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................73-74
ҚОСЫМША....................................................................................75-78
Инвестиция — экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттың дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына шакқандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кірген.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) былай дейді:
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық
экономикасын құрдық».
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: ҚР-ғы инвестициялық іс-әрекетті бағалау жолдарын, өзекті мәселелерін, теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді басты бағытқа алуға болады:
• Біріншіден, инвестиция ұғымына теорилық түсініктеме бере отырып, оның негізгі критерийлерін ашу;
• Қазіргі таңдағы ҚР-ғы экономикалық процестердегі инвестицияның алатын орны ерекше, осы мәселені мүмкіндігінше дәлелдеу;
• Өндірістегі инвестициялық мәселелер мазмұнын ашу;
• Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жолдауында айтқандай, «біз ҚР-сы нарықтық экономикаға толықтай көшіп болдық, енді алдағы мақсат жедел экономикалық, әлеуметтік-саяси жедел жаңару жолына көшу». Осы бағытта Ұлттық экономиканы инвестициялаудың алатын орны өте жоғары болғандықтан, оның өзекті қырларын басым бағыт етіп алу менің алға қойған басты мақсаттарымның бірі болып табылады;
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады. Жұмыстың 1-бөлімінде инвестициялардың теориялық негіздері қарастырылады. Нақтырақ айтсақ, инвестицияның мазмұнына, жіктелуіне, экономикалық мәніне және түрлеріне жалпылама теориялық мағлұмат беру болып табылады.
Ал 2-бөлімінде ҚР-ғы инвестициялық іс-әрекетті бағалау жайлы қарастырылады. Өндірістің инвестициялық мәселелерін талдау, Ұлттық экономиканы инвестициялаудың мәселелері және Қазақстан Республикасының инвестицияларының даму перспективаларын қарастыру мақсаты қойылған.
Қорытынды бөлімде жұмысқа жалпы талдау, анализ жасалады. Алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу, импорт, экспорт, шикізат көздерін тиімді пайдалану мәселелеріне қысқаша экономикалық тоқтам жасалынады.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі
Инвестиция — экономикалық стратегияның маңызды элементі. Қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда. Республика экономикасын дамыту тек мемлекет жағынан ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен, ал өндірістік ақпараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістермен толықтырылмай кәсіпорын, өндіріс қызметтерінің жүзеге асуы екіталай. Сондықтан да қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталған инвестициялар көлемін ұлғайту көзделген. Жалпы инвестициялық саясаттың мақсаты - тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және қайтару механизмдерін жасау болса, ал міндеті - өнеркәсіпті және ғылымды көп керек ететін салаларға инвестициялар тарту.
Бүгінгі танда республикамызда экономикалық тұрақты өсімнің көзі ретінде инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Инвестициялық ресурстарға ақша қаражатын салудың барлық экономикалық қайнар көздері жатады. Олар елдегі өнеркәсіп, кәсіпорындарының қызметінің жүруіне, экономиканың барлық салаларының дамуына тікелей әсер етеді.
Ішкі қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту және қолайлы инвестициялық хал-ахуалды қалыптастыру басты бағыт болуда. Экономикаға шетел инвестициясын тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициялар өндірістік аппаратты жаңа ғылыми-технологиялық негізде қайта құрып, тауар және қызмет өндірісінің дамуын жеделдетеді. Мұндай жетістіктерге инвестицияны экономикаға ұтымды тарта білгенде және тартылған инвестицияны тиімді таратып, үлестіре білгенде ғана қол жеткізуге болады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында шетел инвестицияларын тарту стратегиясы ұзақ мерзімді мақсат ретіне танылып назардан тыс қалмаған./1, 12 б./
Инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы болып табылады. Сонымен қатар өнеркәсіптің жаңа салаларының негізін құрап, олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негізінде құрылған жаңа өнеркәсіптік бағыт жаңа салалардың дамуының шешуші факторы және қозғаушы күші болуы ықтимал. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады. Сонымен бірге әлеуметтік қажетті шығындарды азайтады. Қосымша жұмыс орындарының құрылуы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, сондай-ақ инвестор кейбір әлеуметтік шығындарды өз мойнына алады. Мысалы, медициналық сақтандыру шығындарын айтуға болады. Сонымен қатар жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың азаюы жанама түрде психикалық аурулар, қылмыс сияқты қоғамның әлеуметтік дерттерін азайтуға септігін тигізеді. Инвестицияны тарту артта қалған депрессиялы аудандардың дамуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.
Елімізде минералды-шикізаттар ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет ететін кен өндіру, қайта өндеу кәсіпорындарына базисті ресурстар жинайтын жаңа ережені енгізуде ыңғайлы жағдайлар жасалды. Ресурс жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық саласына енгізу ғылымды қажет ететін өнеркәсіпті және жоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды.
Инвестициялар өндірістік ақпаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріс пен кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.
Нәтижесінде шетел инвестициясын мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда құрылымдық саясат экономикалық, энергетикалық және азық-түлік, көлік саясатын қамтамасыз етуге, сонымен қатар минералды шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды шикізат ресурстарын қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарды.
Қазіргі таңда өндіріс пен қызмет көрсетулер сфераларының дамуында және оларды инвестициялауда әлі де көптеген кемшіліктер байқалады. Әрбір қызмет көрсету сфераларында, әрбір кәсіпорында инвестициялық қиындықтарды жену құралдары мен жаңа жолдарды іздеу және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет. Әлеуметтік-мәдени салаларда бұл мәселелерді шешу бюджет есебінен қаржыландыру үлесінің өсуімен және қайырымдылықпен (меценат) байланысты.
Қызмет көрсету сфераларындағы инвестицияның ролі, ол сол қызметті көрсету кәсіпорындарында айқын көрнеді. Мысалы, байланыс және көлік кәсіпорындарының жоғары инвестициялық белсенділігі үшін үнемі қаралды жаңарту, қызметті жетілдіру, жаңа қызметті игеру, персоналды оқыту сияқты мәселелер шешімін табу инвестициясыз мүмкін емес. Ізінше байланыс және көлік кәсіпорындары бәсекелестік қабілеттілігін көтеру, олардың нарықтық қатынастағы орнын бекіте кеңейту көбінесе инвестицияны жұмылдыруына байланысты болады. Егер қызмет көрсету салаларына инвестицияны тарту, тартылған қаражатты мақсатты пайдалану жүзеге асқан жағдайда, ол еліміздегі халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың бір кезі болатыны сөзсіз. Экономикамызда болып жатқан өзгерістер инвестициялық тетіктің барлық жақтарымен жанасуда. Әсіресе, инвестицияның білім, ғылым, денсаулық, т.б. әлеуметтік салаларға әсері зор. Өндірістік пен әлеуметтік саланы көтеру, елдің жағдайын жақсарту - экономиканы дамытудың негізгі мақсаты./2, 54 б./
Өндіріс пен әлеуметтік салаларды жеткіліксіз қаржыландыру, оның материалдық - техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тек қана білім жүйесі 33%-ға дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің экономикаық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының халықтың әл-аухатына тікелей әсері мол. Сондықтан да елімізде әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алуда. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.
Инвестиция - бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу. Инвестиция қызметінің басты мақсаты - кәсіпорын кірісі мен пайызы. Инвестиция көздері болып жаңа құрылған құн немесе басқаша айтқанда жинақталған таза кіріс бөлігі табылады. Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс (өзін-өзі қаржыландыру) шотында және саудалық капитал рыногында жұмылдырады. Инвестиция көзі амортизациялық аударым болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.
Инвестиция өзінің бағыттары немесе сатып алу мақсаты бойынша қаржы инвестиция мен нақты инвестиция болып екіге бөлінеді.
Қаржы инвестиция - бұл құнды қағаздарға жұмсалынған қаржылар.
Нақты инвестиция - өнеркәсіптің негізгі капиталына және материалдық-өндірістік қорлар өсіміне жұмсау.
Технологиялық құрылым инвестициясы шығын мен негізгі капиталдың актив элементтері арақатынасы мен оның пассивтік элементтері анықталады.
Қаржы инвестициясы келесі категорияларда иелену мерзіміне байланысты жіктеледі:
• қысқа мерзімді несие – 1 жылға дейін иелену;
• ұзақ мерзімді инвестиция - иелену мерзімі 1 жылдан астам ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы инвестицияларының дамуының перспективалары
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы инвестицияларының дамуының перспективалары
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары
Іздеп көріңіз: