Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
1 ХАЛЫҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің талдаудың және бағалаудың негіздері……………………………………………………….6
1.2 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың ерекшеліктері..11
1.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің шетелдік тәжірибесі……........20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒА
2.1 Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуы…………………………………………………..................................27
2.2 Қазақстан Республикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына талдау………………………………...........................................39
2.3 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері және оны мемлекеттік реттеу………………………………………………48
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………....................................55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 ХАЛЫҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін талдаудың және бағалаудың ғылыми негіздері
Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бір бөлігі ретінде оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Зейнетақы жүйесі экономикалық құрылымның ең бір күрделі түрі ретінде қарастырылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттің экономикалық дамуына әсер етеді, соның ішінде капитал мен еңбек нарығының қызмет етуіне, сондай-ақ ел азаматтарының ұрпақ ішінде және ұрпақ аралығында табыстың қайта бөлінуіне өз ықпалын тигізеді.
Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін қолдаудың материалдық негізі зейнетақы болып табылады. Зейнетақы (лат сөзі pensio-төлем) – белгілі бір жасқа келген азаматтарға, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылған отбасына және заң жүзінде көрсетілген өзге жағдайларға байланысты берілетін ұдайы ақшалай төлем. Зейнетақы бюджеттен тыс мемлекеттік және сақтандыру қорларынан, жеке меншік кәсіпорынның зейнет қорынан құралған зейнетақылық және сақтандыру қорлары арқылы беріледі /1, 211б/.
Зейнетақы екі жақты сипатқа ие. Оны қоғамның еңбекке қабілеттілігін жоғалтқандардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүмкіндік ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ зейнетақы қоғамдық өндіріске еңбекке қабілетсіздердің еңбек салымын өлшейтін көрсеткіш болып табылады.
Зейнетақы әлеуметтік сипаттағы ақшалай төлемдерге жатады. Сонымен қатар зейнетақы экономикалық категория ретінде бірнеше айырықша белгілерге ие.
Біріншіден, зейнетақы халықтың ерекше категорияларына төленеді, яғни еңбекке қабілетсіз азаматтарға, соның ішінде жасы бойынша еңбекке қабілетсіздерге, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылғандарға. Екіншіден, зейнетақы алу құқығы әдетте ұзақ еңбектік кезеңнен кейін бірақ беріледі. Үшіншіден, зейнетақы еңбекке қабілеттілігі бар кезінде жасалған еңбек салымының айқын көрінісі болып табылады.
« Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы » заңында « зейнетақы » деген түсінік ескерілген. Бұл Орталықтың және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық төлемдерінің жиынтығы. Аталған заң бойынша келесі зейнетақы төлемдері тағайындалған:
1) Орталықтан – 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша еңбек стажы алты айдан кем емес жеке тұлғаларға ақша төлемдері, еңбек стажымен пропорционалды жүзеге асырылады;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларынан (ЖЗҚ) – Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалатын тәртібі бойынша жүзеге асырылатын алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу /2, 54б/.
Зейнетақы халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің бір формасы болып табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету – бұл халықтың еңбекке қабілетсіздерін және қартайғандарын қоғам есебінде асыраудың формасы немесе түрі.
Экономикалық мағынада әлеуметтік қамтамасыз ету – тұтынуға пайдаланылатын ұлттық табыстың бір бөлігі. Зейнетақымен қамтамасыз ету әлеуметтік қамтамасыз етудің бір бөлігі болғандықтан, ол екі құраушыдан тұрады: зейнетақылық сақтандыру (сақтандыру приципіне негізделген зейнетақымен қамтамасыз ету) және әлеуметтік зейнетақы (әлеуметтік көмек). Сақтандыру приципіне негізделген зейнетақымен қамтамасыз ету мемлекеттік және жеке секторға жатқызылады, сондай-ақ міндетті немесе ерікті болуы мүмкін /3, 217б/.
Зейнетақымен қамсыздандырудың басты мақсаты қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне материалдық көмек көрсету болып табылады.
Барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерді үш топқа бөлуге болады:
1) Қартайғаннан еңбекке қабілетсіз болғандар, яғни бүкіл еңбектік өмірінде белсенді жұмыс атқарған және зейнеткерлік жасқа аман-есен жеткен азаматтар.
2) Уақытша еңбекке қабілетсіз болғандар, яғни еңбектік және қоғамдық міндеттерді атқару процесі кезінде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан азаматтар.
3) Балалық шағынан еңбеке қабілетсіз болғандар, яғни жастайынан мүгедек болып қалғандар және адамның еңбек етуге қабілетті жасында жұмыс істемегендер.
Үшінші топтағы азаматтар мелекеттік бюджет есебінен әлеуметтік қамсыздандырылуы керек, яғни бұл жерде қамқоршылық элементі қатысып тұр. Аталған топқа «ең төменгі күнкөріс деңгейі» деген түсінік сай келеді, бұл түсінік біздің халқымыз үшін дәстүрлі болып табылатын өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің негізінде анықталады /4, 45б/.
Күнелтудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі – кедейлік масштабын өлшейтін санды көрсеткіш болып табылады. Күнелтудің ең төменгі деңгейі – адамның күнделікті өмірдегі негізгі физиологиялық және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын қоғам қабылдаған ең аз деген заттар мен тұрмыс қажеттігінің ақшалай мөлшері /1, 225б/.
Зейнетақымен қамсыздандырудың үш негізгі функцияларын (мақсаттарын) атап көрсетуге болады:
1) қартайғаннан зейнеткерлікке шыққандарға қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету;
2) еңбекке қабілеттілігін әртүрлі себептер бойынша жоғалтқандар үшін зиянды өтеу;
3) жастайынан мүгедектер үшін және қоғамның жұмыс істемейтін мүшелері үшін өмір сүрудің минималды деңгейін қамтамасыз ету.
Экономистер халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырады, яғни аталған категорияны зерттуге экономикалық және әлеуметтік әдістемені қолданады. Экономикалық зерттеулердің объектісі болып өмірлік іс-әрекеттің параметрлері (табыстар, тұтыну) және тұтыну ресурстарын өндіру және бөлуге жауап беретін экономикалық институттардың қызметі табылады. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің социологиялық зерттеулері қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы зейнеткерлердің жағдайын анықтайды /5, 12б/.
Жалпы әдебиеттерде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін екі негізгі топқа бөледі. Оларды қаржыландыру көздері бойынша айырады: бюджеттік (қорланбаған) және сақтандыру (қорланған). Бюджеттік жүйе қаражаттардың шоғырландыруын (мемлекеттің бюджетінен, кәсіподақтардан, өзге де түсімдерден) жүзеге асырады және оны ағымдағы зейнетақыны төлеу үшін бөледі. Зейнетақымен қамсыздандырудың бюджеттік жүйедегі қаржылық нәтижелері толығыменен шоғырландырылған қаражаттарға байланысты болады. Бұл топқа мемлекеттік зейнетақы жүйелері жатады /6, 100б/.
Мемлекеттің бюджеттен тыс қорлары қаржы қаражаттарының жиынтығы ретінде Орталық немесе жергілікті билік органдарының еншісінде болады. Бюджеттен тыс қорлар – бұл еңбек ресурстарының кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында құрылған қорлар және халықтың нақты бір әлеуметтік топтарының пайдасы үшін мемлекеттің ұлттық табысын қайта бөлудің бір формасы болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың материалдық негізін ұттық табыс құрайды. Осыған байланысты қорлар екі түрлі бағытта қалыптасуы мүмкін:
1) бюджеттен, өте маңызды тағайындауларға қаражат бөлінген кезде;
2) өзінің жеке табыс көзінен /6, 103б/.
Қазақстанда бюджеттен тыс зейнетақы қорларының қалыптауы өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық дамуды қажет етті: мемлекеттік қаржы ресурстарының бір бөлігін функционалды мақсаттарға оңашалау; мемлекеттік бюджеттің тапшылығын міндетті түрде төмендету және т.б. /7, 200б/.
Зейнетақы жүйесін мемлекеттің қатысуына байланысты: мемлекеттік және мемлекеттік емес; салымшылардың қатысу сипатына қарай: міндетті және ерікті деп классификациялауға болады. Сондай-ақ зейнетақы жүйесі ұлттық, аймақтық, корпоративті (салалық, жеке кәсіпорындардың) болуы мүмкін /3, 305б/.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік тәуекелділікті сақтандырудың институты ретінде мемлекеттік емес әлеуметтік-сақтандыру қорлары, оның ішінде ең алдымен, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қатысады.
Қор (франц. fond, лат. fondus) – ақша қаражаттарының қоры, ақша капиталы, содай-ақ белгілі бір мақсатқа жұмсау үшін (мысалы, зейнеткерлік қор) бір жерге жинақталған ақшалай және заттай қаражаттар /1, 354б/.
Зейнеткерлерге зейнетақы төлеу және ақша қаражаттарын шоғырландырумен айналысатын ұйым – зейнетақы қоры.
Зейнетақы қорлары (pension funds) – максималды жоғары табыс алу мақсатында инвестицияланатын мемлекеттің және жеке сектордың зейнетақылық жарналары, ал бұл табыс зейнетақы төлейтін қорларды құру үшін қажет. Зейнетақы қоры ретінде ақша қаражаттарын шоғырландырумен және оны қатысушыларына зейнетақы және жәрдемақы төлеу үшін пайдаланумен айналысатын ұйым танылады. Әрбір зейнетақы қоры өзінің ережелеріне сәйкес жұмыс істейді және жеке-дара заңды, қаржылық ұйым болып табылады.
Салым өлшемі белгіленген қорлар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жинақтаушы қорлар: жұмыс беруші әрбір жұмысшының еңбек ақысынан нақты пайыз түрінде бөлініс жүргізеді;
2) кірістен төлеуден құрылған қорлар: жұмысшының құқығы бар кіріс бөлігі оған беріледі, ал қалған бөлігі (ақшалай немесе акция түрінде) зейнетақы қорына беріледі;
3) жинақ қорлары: жұмысшы еңбек ақысының бөлігін өзі зейнетақы қорына бөледі, жұмыс беруші қосымша сома салуы мүмкін.
Жәрдемақысы белгіленген немесе зейнетақы төлемі белгіленген жоспарды құруда кәсіпкер белгіленген өлшемде зейнетақылық жәрдемақы төлеуге міндеттенеді, яғни зейнеткерлік жасы келгенде зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қаражатты жинақтау ұсынылады. Берілген түрдің артықшылығы сол, ол болашақта зейнетақымен қамтамасыз етуде қамсыздандырылған кепілдіктер береді. Кемшілігі – жұмысшыда болашақ салымдарын төлеуде, оның еңбек ақысы төмендеген жағдайда мәселелер туындауы мүмкін.
Зейнетақы қорларының теориялық негізі оның ақша қаражаттарын шоғырландырумен және оны қатысушыларына зейнетақы және жәрдемақы төлеу үшін пайдалануымен айналысатын ұйым болып танылуында. Тиімді басқарылатын зейнетақы қорлары мемлекет байлығын көбейтеді, көптеген зейнетақы қорлары экономиканы басқарудың маңызды тұтқаларына айналады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дамуының теориялық аспектілеріне жақындай отырып, зейнетақымен қамтамасыз етудің бар институттарын қарастыру қажет, институттар ретінде, ережелер мен нормалар жиынтығы және оларды жүзеге асыру механизмдері түсіндіріледі. Олардың көмегімен салымшылар мен зейнетақы қорлары арасындағы өзара әрекет пен байланыс бекіп, анықтала түседі.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің үш негізгі базалық институттарын бөліп көрсетуге болады:
1) әлеуметтік зейнетақы институты;
2) еңбек зейнетақысының институты;
3) зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті түрдегі институттары.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы институттарының құрудың әлеуметтік, экономикалык-ұйымдастырушылық негіздері әртүрлі /8, 184б /.
Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету әлеуметтік зейнетақыны төлеуді жүзеге асырады. Бұл әлеуметтік қорғау институтының тіршілігін көрсетеді. Аталған институттың қаржыландыру көздері салық есебінен қалыптасқан жергілікті және мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу болып табылады.
Еңбек зейнетақысын төлеуді еңбек зейнетақысы институты иелігіндегі мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі қарастырады. Берілген зейнетақыны төлеу жұмысшыларды міндетті мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге негізделеді. Берілген жағдайда қаржыландыру көздері зейнетақы салымдары есебінен құрылған маманданған қорлар болып табылады.
Ерікті түрдегі зейнетақымен қамсыздандыру институты – маманданған мемлекеттік емес зейнетақы институттары, зейнетақы қорлары және басқа да қаржылық ұйымдар, зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне тәуелсіз құрылады. Ол бірқатар елдерде, Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің орнына құрылады, мемлекеттік емес зейнетақы түрлі маманданған институттармен қамтамасыз етіле алады. Оның құрамына мемлекеттік емес зейнетақы қоры, қамсыздандыру полисі, ерікті зейнетақылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын маманданған инвестициялық қор, зейнетақылық банкілік есеп және түрлі мекемелер енеді. Берілген институт кез келген жағдайға бейімделген. Ол әсіресе адамдардың мүддесіне бағдарланған саяси, экономикалық, салық саясатымен тығыз байланысты. Азаматтардың ерікті жеке және ұжымдық зейнетақымен қамсыздандырудың қаржыландыру көздері – жұмысшылардың зейнетақы салымдары, жұмыс берушілер салымдары, зейнетақы төлемдері мен салымдарының баламалық принципінде ұйымдастырылуы.
Зейнетақымен қамсыздандыру қоғамның экономикалық инфрақұрылымының элементі болып табылады, ал жинақтаушы зейнетақы қорларымен ұсынылған қызметтер тұтыну тауары ретінде қарастырылуы мүмкін, осыған сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады.
Зейнетақылық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар, олар экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Екінші жағынан, зейнетақылық қатынастар – бұл әлеуметтік қатынастар, себебі олар адамның тек экономикалық мүмкіндіктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар адамның қажеттілігіне, өмір сүру ұзақтығына, жеке және психологиялық факторларына да тәуелді.
1.2 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау ерекшеліктері
Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалауда, берілген салада мемлекет рөлін кеңейтуді ұсынады, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде (ЖЗЖ) заңдылық, қаржылық, басқару, бақылау әрекеттеріне мемлекет жауапты.
Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы, мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуден тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың нарықтық жүйесіне өтуіне алып келді.
БҰҰ-ның классификациясы бойынша Қазақстан «ескі » тұрғындар стадиясында болып табылады. Елдегі соңғы қолжазба мәліметі бойынша 65 жастан және одан үлкен жастағы азаматтар құрамы 1042,5 мың адамды немесе республикадағы жалпы тұрғындар құрамының 6,9 %-ын құрайды /9, 38-40б/.
Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуден тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың нарықтық жүйесіне өтуге алып келді. Елдегі демографиялық жағдай, яғни қартайған азаматтардың көбеюімен, туудың және миграциялық процестердің төмендеуімен сипатталатын демографиялық жағдай зейнетақы реформасын жүргізуге ықпал етті ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Іздеп көріңіз: