Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

Дипломдық жұмыс: Экономика | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................2

1-бөлім: Жергілікті бюджетті жоспартлауды ұйымдастыру
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.................................6
1.2Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары....................... ..17
1.3.Алымдар мен төлемдерді жоспарлау................................................................25

2-бөлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.
2.1 Бюджет кірісінің жіктемесі...............................................................................38
2.2 Бюджет шығысының жіктемесі........................................................................45
2.3. Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау................52
2.4. Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру.........................62

Қорытынды:...............................................................................................................77
Пайдаланылатын әдебиеттер:..................................................................................8


Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі .
Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады. [2,8-бет]
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.
Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын анықтайтын құжат – Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды. [1,6-бет]
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет саясатының заман талабына бара – бар тікелей тәуелділігімен негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді. Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттің әзірлеу кезінде орта мерзімді саясат негізі болып табылады.
Жерiлiктi бюджеттердi басқарудың жергiлiктi органдарының сан қырлы қызметтерiнiң негiзгi қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестiгiн нығайтады, шаруашылық қызметiн жандандырады, аумақтың экономикалық әлуетiн кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерiн ашып пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Сонымен жергiлiктi бюджеттер жергiлiктi экономикалық жән әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыруда елеулi рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрiнедi. Жергiлiктi бюджет арқылы мемлекеттiк бюджет қаражаттарының басым бөлiгi әлеуметтiк инфрақұрылымға жұмсалады.
С.Құлпыбаев, Қ. Iлиясовтың “Қаржы” әдебиетiнде “Жергілікті қаржылық билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.” деп жазған. [2,339-бет] Сондықтан жергiлiктi бюджет каржы саласының басты базасы болып табылады.
Б. С. Өтебевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған. [24,10-бет]
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ” Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері”.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстарына талдау жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу,” бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары , алымдар мен төлемдерді жоспарлау бойынша Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар және бюджет жүйесінің құрылымы , бюджеттің негізгі принциптері және бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі мен мақсаттары бойынша бюджетті жоспарлаудың негзігі мақсаттары мен бағыттары , бюджет кірістерін болжамдауқағидалары, алымдар мен төлемдерді жоспарлауда салық кодексі бойынша жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен төлемдерді белгілеген.
Екінші бөлімде бюджет кірісінің және шығысының жіктемесі, әлеуметтік салаларға төленетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау, білім беруге арналған бюджет шығыстары жан- жақты талданды.
Бюджет кірісінің және шығысының жіктемесінде жергілікті бюджеттің экономикалық мәні мен Мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері мен шығыстарының талдауы орындалған.
Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау бойынша 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджет шығындарының көлемі мен оның ішкі жалпы өнім құнына шаққандағы деңгейі , зейнетақы төлемдері жөніндегі функциялар, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жәрдемақылар маңызы сипатталған.
Білім беруге арналған бюджет шығыстарында азаматтардың білім алу құқығы мен білім берудің негізгі принциптері Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы ” заңына сәйкес жазылған.Сондай-ақ білім беру жүйесінің негізгі міндеті мен оның басымды мақсаттары , білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары және мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары білім беру жүйесі туралы мәселелері қарастырылған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiне шолу.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енігзу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі.[1,4-бет]
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететіні және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрі алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық – қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган; [1,6-бет]
Кірістерді бөлу нормативі – кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша;
Бюджет қаражатын алушы – бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық – құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік – экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет – тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюжет;
Әлеуметтік – экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры –Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік – экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат; [1,5-бет]
Трансфеттер – бюджетне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет – тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру – бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі; [1,6-бет]
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган – орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган – ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: [1,10-бет]
1) кірістері:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
2) шығындар:
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу; ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
» Дипломдық жұмыс: Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Экономика дипломдық жұмыстар, Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]