Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………….
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………..………………………………………….
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы өндірістің пайдалылық деңгейін анықтау әдістемесі..………………..…………………...
1.2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау……………………………………………………………….
«Қ.ӘБДІҒҰЛОВ» АТЫНДАҒЫ ӨК-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ……………………………………………………………
2.1 «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау...………………...........
2.2 Кәсіпорынның пайдалылығын талдау….………….………
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………...
3.1. Өндірістегі ысыраптың алдын алу-тиімділік кепілі…………………………………...……………….…………...
3.2 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін
арттыру …………………………………………………………….
3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары……
ҚОРЫТЫНДЫ.…………………….…………...………………....
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ….………………...
«2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».
Бұл бағдарлама ауылда шаруашылықты пайдалы жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында, азық-түлік өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені қолдануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған .
Өндірістің пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыста шешілетін мәселелер:
1) пайдылылықты есептеудің теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін қарастыру.
2) ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің пайдалылығына талдау жасау.
3) «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау
4) «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің пайдалылығына талдау жасау.
5) ауылшаруашылық кәсіпорнының пайдалылығын арттыру бағыттарын негіздеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайдалылығы, мәні, анықтау әдістемесі, жалпы ҚР-дағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне, пайдалылық деңгейіне талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің жалпы сипаттамасы келтірілген, мұнда кәсіпорынның мінездемесі, айналысатын қызметі немесе өндірілетін өнімнің түрлері келтіріліп талданған, сондай-ақ пайдалылық көрсеткіштері анықталған.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың пайдалылығын арттыру жолдары келтірілген.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар, оқу құралдары, кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.
1 АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы өндірістің пайдалылық деңгейін анықтау әдістемесі
Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің жалпылама нәтижесі болып пайдалылық саналады.
Пайдалылық деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына пайыздық қатынасымен есептеледі.
Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасының тиімділігінің мәні.
Шаруашылықтың кез-келген жүйесінде өндіріс тиімділігінің спецификалық мазмұны келесілермен анықталады:
1. өндірістің қоғамдық нысанымен;
2. өндірістің мақсатты бағыттылығымен;
3. берілген жүйеге тән өндіріс факторы мен нәтижелерінің өзіндік сипатымен;
Жалпы табыс (ВД) – жалпы өнім (ВП) құнымен тұтынылған материалдық шығындар (Мз) арасындағы айырма:
ВД = ВП - Мз ( 1 )
Таза табыс (ЧД) жалпы өнім құнынан өндіріс шығындарын немесе оның өзіндік құнын (Сп) алып тастағанға тең:
ЧД = ВП – Сп ( 2 )
Таза табыс мөлшерін жалпы табыстан (ВД) еңбекақы төлемінің (От) алып тастағанда табуға болады:
ЧД = ВД – От ( 3 )
Экономикалық әдебиеттерде құрылған табыс (Т) және өткізілген таза табысты (Т) бөліп қарастыратын. Таза табыстың жүзеге асқан бөлігі кәсіпорын пайдасының мөлшеріне жауап береді. Бұдан, егер таза табысты жалпы өнімді бөлу кезінде анықтаса, онда пайда (П) өнімді өткізуден түсетін түсім (Вр) мен оның толық өз құны (Сп) арасындағы айырмамен есептеледі:
П = Вр – Сп ( 4 )
Өндіріс тиімділігі экономикалық және әлеуметтік – экономикалық болып бөлінеді.
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік – шығарылатын өнім есебінен халық мұқтаждықтарының қанағаттандыру деңгейі болып табылады. Ол халықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға, адамдардың бос уақытын арттыруға т. б. бағытталған.
Соңғы нәтижені сипаттау кезінде эффект және экономикалық тиімділік түсініктерін ажыратуға болады .
Эффект – бұл ауыл шаруашылығында жургізілген қандайда бір іс – шаралардың нәтижесі. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудан болатын эффект өнімге қосымша ретінде көрінеді. Алынған эффект тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігі туралы ақпарат бермейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс нәтижелері материалды – ақшалай қорлардың шығындарымен салыстыруда орын алады.
Соңғы экономикалық эффект ауыл шаруашылығы бойынша жалпы барлық ресурстарды тиімді пайдалануға, үнемдеу және сақтау ушін жүйелі түрде күресу, өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыруға байланысты .
Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін бағалау үшін өндіріс процесіне әртүрлі факторлардың әсерінен бейнеленетін нақты көрсеткіштер қажет.
Экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші болып мыналар табылады:
1. Жалпы өнімнің (ВП) жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы саналады:
Эв = ( 5 )
мұндағы ВП – ауыл шаруашылығының жалпы өнім құны, тг;
Пз - өндірістік шығындар, тг;
Фос – негізгі өндірістік қорлар, тг;
К - қорлардың тиімділік коэффициенті.
2. Жалпы табыстың жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы:
Эв = ( 6 )
Жалпы табыс (ЖТ) мөлшері өндірілген өнімді өткізуге, бағасына және
материалды шығындардың шамасына байланысты. Жалпы табыс мөлшері өндіріс құралдарындағы заттық еңбекті пайдалану және жанды еңбек шығындарына қатынасы:
Эч = ( 7 )
Таза табыс қосылған өнім құнының ақшалай мәні және жалпы өнім құнымен өндіріс шығындары арасындағы айырмамен анықталады. Таза табыс өндірісті келешектегі кеңейту мен қоғамдық тұтыну қорларының өсімі болып табылады.
Пайдалылық - барлық кәсіпорындарға тән маңызды экономикалық категория болып табылады. Ол кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін білдіреді.
Пайдалылықта тек жанды еңбек емес, бұрыңғы еңбек шығындарының нәтижесі, өткізілген өнімнің сапасы, өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен оны басқару бейнеленді.
Пайдалылықтың екі түрі бар: халық шаруашылық және шаруашылық есептік. Алғашқысы құрылған таза табыс шамасымен, екіншісі тікелей кәсіпорынның жүзеге асыруымен сипатталады.
Өзіндік қорларды пайдалануды сипаттау үшін таза табыс нормасы пайдаланылады.
Пайда нормасы - таза пайданың негізгі және айналым қорларының орташа жылдық құнына паыздық қатынасымен сипатталады.
1. 2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау
Ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жасағанда нәтиженің деңгейі мен өсуі өндірістің жағдайларына ғана емес, көптеген басқа да факторларға, соның ішінде топырақтың табиғи құнарлығына, климаттық жағдайларға, басқаруды ұйымдастыруға , кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың біліктілік дңгейіне де бағынышты. Нәтиженің көбеюі қолда бар ресурстарды интенсивті пайдаланудан да көрінуі мүмкін. Сондықтан өндіріс тиімділігінің барлық факторларын оларды бағалаған кезде былай жүйелеу орынды: ресурстар, өндіріс шығындары, негізгі факторлар және өндірісті интенсивтендірудің бағыттары бойынша.
Ресурстық тұжырымдама ұдайы өндіріс үдерісінде қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық нысанын пайдаланудың тиімділігін бағалауға және өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғамдық еңбекті үнемдеу қандлай ресурстардың есебінен болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Өндіріс ресурстары – қажетті тауарларды өндіру үдерісінде пайдалануға болатын табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы. Өндірістік ресурстардың 4 түрі бар:
1) табиғи - өндірісте пайдалану үшін тарауы мүмкін табиғи күштер мен заттар.
2) материалдық – Адам жасап шығарған барлық өндіріс құралдары.
3) еңбек – еңбекке жарамды жастағы халық, ресурстық тұрғыдан оны 3 көрсеткіш бойынша бағалайды: әлеуметтік, демографиялық, кәсіби-біліктілік және мәдени біліктілік.
4) қаражат – кәсіпорынның қызметін одан әрі жалғастыру және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстары.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім түрлерінің пайдалылығының көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:
1) экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін олардың өзара қарым-қатынасында анықтау;
2) бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;
3) жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, аудан, облыс, республиканың ауыл шаруашлығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және бағалаған кезде тиімділіктің рентабельділік көрсеткштерін қолдану.
Пайдалылық неміс сөзінен алынған, «тиімді табыс» деген ұғымды білдіреді. Кәсіпорынның пайдаллығын бағалау көрсеткіштері келесі түрде анықталады:
Кәсіпорын Таза (немесе жалпы) табыс мөлшері * 100 %
мүлкінің = Кәсіпорынның мүлкінің (актив) орт. шамасы
пайдалылығы
Меншік құралдарының Таза табыс * 100 %
пайдалылығы = Меншік құралдардың орташа құны
Баланстық табыстың Жалпы табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі
Пайда Таза табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі
Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш табыс маржасы деп аталады. Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза табыстың үлес салмағы .
Шаруашылық есеп пайдалылығы – бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнының немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына, сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалатын шығынның көлеміне байланысты. Алайда мемелекеттік сату бағасы арқылы ауылшаруашылығында жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтық мұқтажы үщін өз қарамағына алады.
Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауылшаруашылық өнімін сақтау мен сату сатыларында жұмсалатын қосымша шығынмен салыстырып өлшесе, онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділік болып табылады.
Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.
Өлшем (критерий) – бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы белгіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапаны, басты қасиетті көрсеткішті білдіреді.
Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы – ол ішкі, түпкілікті белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық түрлі пікір айтылады.
Көрсеткіштердің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипатталады. Ауылшаруашылық өндірісінің пайдалылығын есептеу үшін экономикалық тиімділік барлық көрсеткіштерін есептеу қажет.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияға пайда немесе акцияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады. Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементар табыс пен шығын анықтамалары.
Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас келесідей түрде көрініс табады.
Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – имплициттік шығын
Нақты шығындыр – аралық бұйым мен өндіріс факторларының жабдықтаушының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті шығын.
Имплициттік (айқын емес) шығындарға ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығыны, фирманың иесіне тиісті (немесе заңды тұлға ретінде фирманың меншігіндегілер).
Таза табыстың (Р) мөлшері келесі формуласы бойынша анықталады
мұндағы т – қосылған құн;
С+V – өндіріс шығыны
Таза табыс мөлшері өндірісітік рентабельділігнің табыстылығы мөлшерін көрсетеді.
Ауылшаруашылық өндірісінде пайды нақты-нақты суреттейтін, есеп жүргізуге өте ыңғайлы көрсеткіш таза табыстың мөлшері болып табылады
мұндағы Ко – негізгі қордың орташа жылдық құны,
Коб – айналым қордың орташа жылдық құны.
Бұл көрсеткіш өндіріс қорларының (негізгі және айналым) бірлігінен алынған таза табыс мөлшерін сипаттайды.
Ресурстарды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне: жер қайтарымы, қор сыйымдылығы және т.б. жатады.
Қорытындылаушыға – ресурстар қайтарымы, өзіндік құн, материал сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, рентабельділік деңгейі жатады. Жеке көрсеткіштердің ішінде ең бастысы – еңбек өнімділігі ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасы аграрлық секторының даму мәселелері және шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасы аграрлық секторының даму мәселелері және шешу жолдары
Іздеп көріңіз: