Дипломдық жұмыс: Экономика | Агробизнес экономикасының негіздері
Мазмұны
І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .2
1 - тарау. Агробизнес экономикасының негіздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1. Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы
өндірісінің дамуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2. Аграрлық өндірістің әлеуметтік – экономикалық және табиғи – биологиялық ерекшеліктері мен агроөнеркәсіптік бизнестің
жұмыс істеуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
1.3. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы. . . . . . . . . . . .20
2 – тарау. Агроқұрылымдар бизнес-жоспары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26
2.1. Бинес-жоспартақырыбының мазмқны мен түсінігі. . . . . . . . . . . . . . 26
2.2. Шаруа қожалығының бизнес-жоспарының үдгілері. . . . . . . . . . . . 35
2.3. «Агроқаржы » ұйымдарынан несие алу үшін бизнес-жоспарды экономикалық негіздердің екінші түрі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44
3 – тарау. Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеу. . . . . . . . . . . . . . . . .49
3.1. Агробизнестегі мемлекетттік реттеудің қажеттілігі және
негізгі тәсілдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
3.2. Фермерлік баға мен табыстарды қолданудың
мемлекеттік бағдарламалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
3.3 Агробизнестегі мемлекеттік реттеу тегерішіндегі
салықтық құралдар.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. [3.-52 бет].
Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады.
Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді. [13.-98бет].
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қаруландыруды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (І) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғниөндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.
Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсір кешені дамуының жай – күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.
Сонымен қатар, басқа да ортақ және жекелеген маңыздағы бірқатар себептер бар. Бірақ, осы айтылғандардың бәрін қорыта келіп, төмендегідей тұжырымға тоқтауға болады: жасанды тағам жақын уақытты айтпағанның өзінде, алыс болашақта да азық-түлік проблемасын шешуге айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймыз. Сондықтан да жер шаруашылығы мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми-техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға, жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген ерекшеліктерімен байланыстырып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді. Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 процентке жуығын және Жапония 4 процентке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісітің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндірілді.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорына бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында Венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай. [3.- 61бет ].
1 - тарау. Агробизнес экономикасының негіздері.
1.1. Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы
Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таңқаларлық ір түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнертапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды.
Тіпті ХІХ ғасырға, ХХ ғасырдың басында «мәңгілік азық» туралы тұтас бір романдар сериясы жарыққа шықты.
Тек қана прожектерлер мен жазушы-фантастар емес, кейде салиқалы деген ғылымдардың өздері осындай қияли идеяның торына түсіп қалды. Мысалы, әу бастан химик-органик Марселин Бертелот 1894 француз іскерлерінің съезінде жасаған баяндамасында былай деп атап өтті: «... 2000 жылы ауыл шаруашылығы да, шаруа да болмайды, өйткені химия ауыл шаруашылығын жоюмен тынады. Әрбір адам жан қалтасына таблетка салып, қарны ашқан кезде соны ішу арқылы организмін белокпен, маймен және көмір қышқылымен нәрлендіріп, қарнын тойдыратын уақыт та алыс емес».[3.-55 бет ] Мұндай жорамалды көптеген ғалымдар айтқан. Уақыт өте келе мұндай көріпкелдіктер тек көпшілік емес, біршама салмақты ғылыми басылымдарда да бой көрсетіп қалатын болды. Соған қарамастан, мұндай жеңіл айтыла салған жобалардың іске асатынына қазіргі заманғы бірқалыпты ойлар білетін әрбір адам сенімсіздікпен қарай білді. Айта кететін бір жай, мұның сындарлы себептері өте көп еді.
Біріншіден, жақын жүз жылдықта адам табиғатының әсіресе, оның ас қорыту органдарының қайта құрылатындығына сену өте қиын, екіншіден, Медицина Ғылым академиясының Тамақ Инстутуты ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, қазіргі заманғы жағдайда адам тамақтануының барлық компоненттері толық ашылып беткен жоқ. Тағы бір жағдай, бұл жерде жаңа ғылыми мәліметтерге байланыста пікірлер өзгеріп отырады. Адам организміне қажетті белок, май, көмір қышқылы, минералды тұз, витаминдерден басқа дәстүрлі азық-түліктің құрамында катализаторлық және басқа функцияларды атқаратын, тамақтың негізгі элементтерін игеруге, азық-түлікті қорытуға әсер ететін, бірақ өте аз, тіпті көрінуі қиын дозадағы көптеген басқа компоненттер бар.
Үшіншіден, адам организміне қатысты әсері әлі де толық зерттеліп болмағандықтан, белоктің, майдың және көмір қышқылының, сондай-ақ тағам компаненттерінің жасанды синтезі де ерекше энтузиазм туғызбайды. Өйткені, оларды өндірудің қазіргі заманғы технологиясы ақылға сыйымсыз шығын жұмсауды қажет етеді.
Сонымен қатар, басқа да ортақ және жекелеген маңыздағы бірқатар себептер бар. Бірақ, осы айтылғандардың бәрін қорыта келіп, төмендегідей тұжырымға тоқтауға болады: жасанды тағам жақын уақытты айтпағанның өзінде, алыс болашақта да азық-түлік проблемасын шешуге айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймыз. Сондықтан да жер шаруашылығы мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми-техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға, жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Баса айта кететін жайт, бірқатар дамыған елдерде бұл проблемалардың үлкен табыспен шешілуіне қарамастан, азық-түлік төңірегіндегі жалпы сетуация планетада тұтастай алғанда өте қиын жағдайға қалып отыр. П. Шарканьның мәліметтеріне қарағанда, Жер тұрғындарының саны екі есе өсуі үшін біздің жыл санауымыздан бастап 16 ғасыр керек болды. XVII ғасырдың басында дүние жүзінде бар жоғы 620 миллион адам тұрды және тұрғындардың жылдық өсу қарқыны 0,27% құрады. Енді 100 жылдан кейін планета тұрғындары 900 миллионнан асып, оның өсу қарқыны 0,4%-ке жетті. Тағы 100 жылдан кейін планета тұрғындарының саны 1,6 миллиард адамға жетіп, жылдық өсу 0,63%-ке дейін көбейді. Әлем халқы үш миллиардтық межеден 1961 жылы (екі бірдей соғысқа қарамастан), ал бес миллиардтық межеден 1989 жылы асты. Бұл кезде жылдық өсу қарқыны 1,9% құрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының орташа бағасы бойынша, егер қазіргі жағдайда дүние жүзінде тұрғындардың саны екі проценттік мөлшерде сақталатын болса, онда жер бетіндегі адамдардың саны енді елу жылға жетпейтіндей уақыт ішінде екі есе өседі.
Сол мәліметтерге тағы жүгінсек, қазіргі заманғы жағдайда дүние жүзінде 600 миллион адамнан 800 миллион адамға дейін аштықтың зардабын шегуде, тәулік сайын тағам жетіспеуден пайда болатын аурулар мен аштықтан Жер бетінде он мыңға жуық адам өледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрігерлерінің бағалауына қарағанда, дамушы елдерде бес жастан төмен он миллионға жуық балалар аш жүреді және осындай жастағы 80 миллионға жуық балалар аштықтың созылмалы түріне ұшыраған.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 процентке жуығын және Жапония 4 процентке жуығын өндіреді. [5.- 47 бет].
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісітің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндірілді.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорына бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында Венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.[3.- 57 бет ]
1974 жылы Римде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасы бойынша өткізілген Дүниежүзілік азық-түлік конференциясында ғалымдар біздің ғаламшарда адамдардың биологиялық өмір сүруінің барлық күтпелі кезеңінен асатын уақыт бойы Жер адамзатты қоректендіруге қабілетті екенін дәлелдейтін сенімді фактілер мен есептеулерді жеткілікті келтірді.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектар құрайды. Өз кезінде К.А.Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді. [3.- 58 бет ]
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қаруландыруды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.
Біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасын күн тәртібінен түсіре алмайды. Алайда, бұл жерде әлеуметтік және саяси жаңғаруларды жүзеге асыру қажеттілігі тұр.
Барлық қажеттіліктерді, оның ішінде қоғамның барлық мүшелерін азық-түлікпен матералдық жағынан барынша толық қанағаттандыру туралы ұран көтерген өндірстің социалистік тәсілі іс жүзінде бұл міндеттерді орындауға қабілетсіз болып шықты. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде белгілі бір табысқа жеткеніне қарамастан, шын мәнінде жоспарлы экономика кез келген өндірушіге өндіріс құралдарынан алыста қалып, өзі шығарған өнімнің қожайны бола алмайтындай өндірістік қатынастарды таңдау әрі аса алмайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығына бөлінген үлкен күрделі қаржы, өндірістегі өндіріс құралдарының айқын басымдылығы және жер шаруашылығындағы, мал шаруашылығы, механизациядағы, агрохимиялық жабдықтаудағы орасан ғылыми-техникалық өркениет және басқа жетістіктер уәде етілген тамақ өнеркәсіп үшін шикізаттың молшылығын жасауға мәнді әсер ете алмайды.
Азық- түлік проблемасын шешуді тежеудің негізгі себебі - тіпті де матералдық ресурстардың тапшылғы немесе ауыл еңбеккерлерінің жалқаулығы емес, әлеуметтік - саяси және экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі болып саналатын басқарудың әміршіл - әкімшіл әдісі екенін ақыр-аяғында түсінгенін кейін барып, кейіннен өз кезегінде саяси жүйенің ауысуына әкелген экономикадағы нарықтық қатынастарға күрт қадам жасалады.
[3.-58бет].
1.2. Аграрлық өндірістің әлеуметтік – экономикалық және табиғи – биологиялық ерекшеліктері мен агроөнеркәсіптік бизнестің жұмыс істеуі
Әміршіл - әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.
Шексіз мемлекеттік монополия бұрын – соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншігіндегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрынғы КСРО-ның негізгі қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3%-і мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мәні жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ке дейін көтеріледі. Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 79 млрд.рубль тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял – ғажайып ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларымен де, шаруашылық есептің моделдерімен де өндірушіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса, жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсыз. Міне сондықтан да әміршіл – әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экономикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.
Бұл проблемалар экономиканың аграрлық секторы үшін өте маңызды. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені салаларының жай – күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады. Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.
Азық – түлік жағдайын түптілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай, құрдымға кетеді.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік ажыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнағы түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.
[16.- 72 бет ]. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | Аграрлық секторды интенсифтендіру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
» Курстық жұмыс: Экономика | Аграрлық секторды интенсифтендіру
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Іздеп көріңіз: