Дипломдық жұмыс: Қаржы | Фирманың ағымдағы шығындарын басқару
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………
1 бөлім. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі…………….
1.1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері………………………………………
1.2 Кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару………………
2 бөлім. “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шығындарын басқару.....................................
2.1 Кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен
құрылымы………………………………………………………….
2.2 “Құмкөлқұрылыс” АҚ мәліметін қолдана отырып ағымдағы шығындарын басқаруды бағалау ...................
3 бөлiм. Қаржылық тұрақтылықты жетiлдiру жолдары.....
Қорытынды............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасында нарық қатынасының дамуы жалпы қаржының, сонымен қатар салалық қаржының рөлінің артуына ықпалын тигізді.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес–жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Кәсіпорының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп–қисаптардың күй–жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді.
Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды - өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттары құрайды. Оны жабудың қаржылық көзімен мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз, ал ол болса кәсіпорында басты рөлді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын – сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.
Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындардан жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.
Сонымен қатар ағымдағы шығындарды ұтымды басқару және ағымдағы шығындардың тиімді құрылымын анықтау қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауды анықтады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылды:
• кәсіпорын – басқарудың негізгі жүйелік объектісі;
• нарықтық жағдайдағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері;
• кәсіпорынның ағымдағы қызметін басқару;
• кәсіпорындардың ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау;
• “Құмкөлқұрылыс” Акционерлік Қоғамының ағымдағы шағындарын басқару проблемалары;
• қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және оны жетiлдiру жолдары.
1 бөлім. Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі
1.1 Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктері
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Сызба 1. Өндірістік кәсіпорынның ішкі ортасы
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына өзінің атынан шығады;
• оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:
Бұл тәсілде ең негіздісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншігіне байланысты болады:
Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау сауларын, нарық сиымдылығына, әлеуметті бәсекелес өнімдері сапалылығының және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенеді және күтті де.
• КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырды;
• Нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғамып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;
• Көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
• Көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;
• Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың толықтырылуы аз болды;...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
Іздеп көріңіз: