Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтан жалтару мәселелері
Мазмұны
І. САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
8
1.1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің
жалпы сипаттамасы
8
1.2. Салықтарды төлеуден жалтарудың ұғымы, алғы шарттары
және түрлері
1.3. Салықтық әкімшілік салықтан жалтаруды реттеудің құралы ретінде
II. САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
21
2.1. Қордай ауданы бойынша жалпы салықтық түсімдерді талдау 21
2.2. Салықтық заң бұзушылықтарды және салықтан жалтаруды талдау 25
2.3. Салық төлеуден жалтару мәселесін басқарудың шет елдік
тәжірибесін талдау
III. САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
38
3.1. Салықтан жалтарудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
38
3.2. Кәсіпорындарды салықтық-әкімшілік реттеуді жетілдіру
жолдары
42
ҚОРЫТЫНДЫ 46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік.
Біріншіден, салықтармен және бюджетке міндетті басқа да төлемдермен байланысты барлық сұрақ бір құжатқа біріктіріліп, осы құжатпен реттеледі – бұл салық кодексі.
Екіншіден, салықтық заңнаманың негізгі нормалары нақты анықталған. Бұл қосарланған салық салу мүмкіндігін барынша жоққа шығаруға себеп бола алады.
Алайда, кез-келген жүйе өз кемшіліктеріне ие. Сол секілді, Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне тән кемшіліктер де жоқ емес. Бұл ең алдымен, экономикамыздың түрлі салалары мен буындары арасындағы салықтық ауыртпалықты теңестірумен байланысты мәселе болып отыр. Қазіргі кезде салықтардың ең ауыртпалығы сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарының мойнына түсіп отыр (мұнда материалдық шығындардың және негізгі құралдарды пайдаланудың үлесі төмен). Осындай жағдай әлеуметтік салаларда да көрініс табады – үлкен көлемдегі коммуналдық шығындар, ғимараттар, жер учаскелері, персонал саны, олардың еңбекақысы дегендей. Сонымен қатар жекелеген салалардың өркендеуін де қамтамасыз ету мәселесі кесе-көлденең тұр – ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, әлеуметтік сала.
Салықтық ауыртпалықтың деңгейі – бұл ең басты мәселе. Осы орайда кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді салықтық ауыртпалықтан құтылу мәселелері оларды салықтарды төлеуден жалтаруға мәжбүрлесе, екінші жағынан мемлекетіміздің бюджетінің қаражаттармен толық қамтамасыз етілуін міндет едеп тұтатын салық органдары мұндай салықтық заң бұзушылықтарды болдырмауға және бақылауға, салық төлеушілерге жазалау шараларын қолдануға итермелейді. Экономикамыздың дамуына белгілі бір кедергісін тигізіп отырған осы бір қарама-қайшылықты жою – міне мемлекетіміздің салық саясатында ұстанатын басты бағыты міне осы болуы тиіс деп ойлаймын. Бұл тек біздің қоғамымызда ғана емес, барлық елдерде, тіпті дамыған шет мемлекеттерде де өзекті мәселе болып табылады. Алайда, ол мемлекеттерде мұндай әрекеттердің болмауына заңнамалық тұрғыдан да, кәсіпорындар тарапынан да біраз тәжірибе жинақталған, ал біз осы тәжірибені өз практикамызда қолдана білу керекпіз.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты – салықтық заң бұзушылықтың және салық төлеуден жалтарудың отандық және шет елдік практикадағы мәселелерін қарастыра отырып, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсат жұмыстың мынадай міндеттерін анықтап береді:
- салықтан жалтарудың (жасырынудың) экономикалық-құқықтық негіздерін қарастыру;
- салықтан жалтару жолдары мен себептерін, салықтарды өндіріп алу шараларын талдау; салықтан жалтару мәселелерін шешудің шет елдік тәжірибесін зерттеу;
- салықтан жалтару мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастыру және іздестіру.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесінің жалпы сипаттамасы, ондағы салықтан жалтарудың негізгі мәселелері және салықтық әкімшілік шаралары қарастырылатын болады.
Екінші тарауда салықтан жалтару мәселелерінің қазіргі жағдайын талдау жүзеге асырылады. Талдау жұмыстары Жамбыл облысы, Қордай ауданы бойынша Салық комитетінің 2003-2005 жылғы мәліметтері негізінде жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мұнда біз салықтан жалтару мәселесімен күресудің шет елдік тәжірибесін де қарастыратын боламыз.
Үшінші тарауда салықтық заң бұзушылықтар мен салық төлеуден жалтаруды болдырмаудың қазіргі кездегі мәселелеріне, кәсіпорындарды (салық төлеушілерді) салықтық-әкімшілік реттеу шараларына көңіл бөлетін боламыз.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы Салық комитетінің қаржылық қызметінің нәтижелері қарастырылады.
Зерттеудің пәні. Зерттеудің пәні ретінде салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдердің бюджетке толық әрі уақтылы түсуін қамтамасыз етумен байланысты мемлекет пен салық төлеушілер арасында пайда болатын экономикалық қатынастар қарастырылады.
Жұмыс барысында салық теориясы мен практикасына байланысты отандық, шет елдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актелері мен нормалары, Қордай облысы бойынша Салық комитетінің мәліметтері қолданылады.
І. САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің
жалпы сипаттамасы
Салықтардың пайда болуы тауарлық өндіріспен, қоғамдық жіктерге бөлінумен және мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Мемлекеттің қоғам пайдасына міндетті төлемдер ретінде жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін алу салықтардың мәнін көрсетеді. Міндетті төлемдерді жалпы ішкі өнімді өндіру процесінің қатысушылары жүзеге асырады:
өз еңбегінің арқасында материалдық және материалдық емес құндылықтарды өндіруші және белгілі бір табыс алушы жұмысшылар;
кәсіпкерлік салада қызмет етуші шаруашылық субъектілері, капитал иелері.
Салықтық төлемдер, жарналар және басқа да төлемдердің есебінен мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Салықтардың экономикалық мазмұны, осылайша, мемлекеттік қаржыны қалыптастыру бойынша шаруашылық субъектілері мен азаматтардың, бір жағынан, және мемлекеттің, екінші жағынан, арасындағы өзара қарым-қатынастардан көрініс табады. /1/
Экономиканы мемлекеттік реттеу басқарудың тиісті тұтқаларына иек артады. Осындай тұтқалардың бірі – салықтар болып табылады. Бұл мынадай себеппен түсіндіріледі: мемлекет экономикалық қатынастарға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің ережелерін анықтайтын нормативтік актілер ғана шығару арқылы ғана емес, сонымен қатар шаруашылық субъектілернен олардың қарамағындағы мүліктің бір бөлігін тікелей қайтарымсыз негізде алу арқылы да араласа алады. Рас, кәсіпорындардан алынған табыстың бөлігін мемлекет қайтадан шаруашылыққа қайтарады, алайда басқа салаларға және халықтың әлеуметтік топтарына. Осылайша, салықтар ішкі жалпы өнімді және ұлттық табысты бөлуде маңызды роль атқарады.
Жалпы ішкі өнімді бөлу және қайта бөлу барысында салықтардың фискалдық және ретеуші функциялары жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің табыстарын қалыптастыра отырып, экономикаға мақсатты ықпал етеді.
Қаржы ресурстарымен қамсыздану себебін жетекшілікке ала отырып, мемлекет салықтар арқылы қаражаттардың барынша үлкен көлемін жұмылдыруға тырысып бағады. Бұл бағытта ол кейде тіпті салық төлеушіге қарай ашық әділетсіздікке де баруы мүмкін: оның қолайлы ұдацы өндірісіне қажетті ресурстарының бір бөлігін алу, салық ауыртпалығын табыстар мен мүліктердің шын иелерінен оның өндірген тауарлары мен қызметтерін тұтынушыға аудару, қосарланған салық салуға жол беру және сол сияқты.
Нарықтық экономика жағдайларында мемлекет, әдетте, ұдайы өндіріске айтарлықтай тікелей қатыспайды, ол өзінің орнын бұл процесте тікелей тауар өндірушілере береді. Осылайша, оның қаржылық қызметі жасалған байлықты (өндірілген өнімді) бастапқы бөлу саласынан қайта бөлу саласына ауысады. Демек, осы арқылы мемлекет қаржысының төменгі өндірістік буындағы жағдайларға тәуелді болып қала береді. Мысалға, әкімшілік экономика жағдайларында мемлекеттік меншік құқығын пайдалана отырып кәсіпорындардан өндірілген құнның немесе өнімнің айтарлықтай үлкен көлемін алып, содан кейін жетіспей жатқан өндірістік қажеттіліктерді дотациялар, негізгі құралдар мен айналым қаражаттарына салымдар және басқа да мемлекеттік қаржыландыру формалары арқылы толтыруға болатын еді. Ал нарықтық шаруашылықтың өз заңдары бар, олар кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылық «асыраудан» босатуды қаже етеді, сәйкесінше оның өндірген құнының немесе өнімінің тек ұдайы өндірістік базадан асып түсетін (мемлекеттің қөзқарасы бойынша) бөлігі ғана мемлекет пайдасына алынуы тиіс.
Салық салудың экономиалық табиғатын және ішкі мазмұнын қарастыра отырып, біз салықтарды тұтас объект ретінде қарастырдық. Бұл мағынада «салық» деген жалпы ұғым ғылыми астракция болып табылады. Практика жүзінде экономиканы, бірінші кезекте шаруашылық субъектілерінің қызметін, мемлекеттік реттеу салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Салық жүйесі дегеніміз – бұл мемлекетте жиналатын салықтардың, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Салық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік экономикалық реттеудің нақты құралы болып табылады. /3,4/
Салық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік реттеудің нақты құралы болып табылады. Салықтардың экономикаға ықпалы тікелей емес, жанама түрде болады. Жалпы ішкі өнімді және ұлттық табысты қайта бөлу құралы ретінде олар әрекет етіп тұрған тенденциялардан, экономикалық өсімнің пропорциялары мен қарқындарынан экономикаға біршама кеш ықпал етеді. Салықтардың кері байланыс принципі салықтық реттеудің тиістіі шараларын уақытында қолдану жағдайларында ғана тиімді бола алады. Дегенмен де, салықтар экономиканың дамуының маңызды құралы болып табылады, қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына белсенді әсер етеді, мемлекеттің аймақтық даму деңгейін теңестіру, артта қалған аймақтардың экономикасын көтеруді жылдам ынталандыру және әлеуметтік саланы қолдау үшін қолданыла алады.
Экономиканың дамуына салықтардың құрылымы, сонымен қатар салықтық саясатты жүзеге асыру барысындағы нақты тарихи кезеңдерде мемлекеттің шешуге тырысатын міндеттері үлкен әсер етеді.
Мемлекеттің салықтардың фискалдық функциясын қолдануға бағытталуы макро деңгейдегі салықтық реттеуді күшейтеді, өйткені жалпы сұраныстың құрылымының, ал кейбір жағдайларда оның көлемінің де өзгерісіне алып келеді. Дәл осы бағытта халықтың төлем қабілеті бар сұранысын төмендете немесе арттыра отырып, экономикаға қосымша салық салудың кеңеюі әсер етеді. Эконмикалық процестерді реттей отырып, мемлекет тауар өндірушілердің экономикалық мүдделеріне ықпал ету барысында табыстарға салынатын салықты қолданады.
Сонымен, жоғарыдағыларды ескере келіп айтатын болсақ, салық жүйесі мемлекет бекіткен және орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қаржы қорын құру мақсатындағы жиналатын салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің, сонымен қатар оларды жинау принциптерінің, амалдарының, әдістерінің, формаларының және салық қызметі органдарының жиынтығы болып табылады. /5/
Салық салу жүйесінің қалыптасу заңдылықтары экономикалық қатынастардың принциптері мен қызмет ету ережелерін анықтайды. Салық салудың дұрыс қалыптаспаған принциптері себеп-салдарлы байланыстарды бұрмалайды, салық салу жүйесінде субъективтілік элементтерінің пайда боуына және бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйенің тұрақсыздығына алып келеді. Осыған байланысты салық салу принциптерін қалыптастыруды және енгізуді салық салу жүйесін қалыптастыруды нарықтық өзгерісер жағдайында салық жүйесінің тұрақтылығкын қамтамасыз ете алатын салық салу саясатын қалыптастыру заңдылықтарымен сәйкес жүргізу керек. Салық салу жүйесінің қалыптасуының жалпы экономикалық дамудың сандық және сапалық параметрлерімен байланысының объективті қажеттіліктерін сипаттайтын принциптерге сәйкес құрылған салық жүйесі қолданыстағы салық жүйесінің теріс нәтижелерін төмендетуге немесе жоюға мүмкіндік береді. Салық жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ, ішкі жағдайларға, даму ерекшеліктеріне және әрбір елдің экономикалық мүдделеріне сүйенеді, яғни спецификалық ерекшеліктерді ескереді.
Қазақстан тарихи жағдайларға байланысты бұған дейін капиталистік қатынастарды бастан кешірмеген болатын. Тәуелсіздік алумен және нарықтық экономикаға көшумен республикамыз өзінің дербес қаржылық-несиелік, бюджеттік-салықтық саясатын, тарихи және экономикалық өзгерістердің ықпалымен қалыптасқан саясатын қалыптастырып келеді. Осындай жағдайларда Қазақстан үшін салық салу жүйесінің қалыптасу және қызмет ету тәжірибесін, принциптерін зерттеу және игеру өте көкейтесті мәселе. Бұл ұлттық салық саясатын дайындауда объективті экономикалық заңдылықтарды барынша толық ескеру қажет екендігіне куә болады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, аталған мәселелерді шешуде негіз болатындар – экономикалық өсімнің параметрлері, болжамды салықтық потенциал және оны қолдану деңгейі, дайындалған салық жүйесінің үлгісінің ұдайы өндіріс процесіне әсерінің схемасы үздіксіз дайындалуда және жетілдірілуде. /6/
Салық жүйесінің қандай болу керек екенін түсінсек, мемлекетіміздің салықтық заңнамасының жетістігі де жоғары блмақ. Салық жүйесі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) салық жүйесінің тұрақтылығы;
2) салықтарды жинау механизмінің реттелгендігі (бұл салықтардың уақтылы және толық төленуін бақылауды оңайлатады);
3) өндіріс факторларын емес, соңғы өнімді жеңілдету. Салық реформасының мәселесі өндірістік инвестицияларды ынталандыру мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс салықтық және несиелік саясат барысында өндірістегі инвестицияларды ынталандыратын жеңілдіктер мен басқа да шаралар қалыптасатындығымен түсіндіріледі;
4) жергілікті және жалпы мемлекеттік салықтардың субординациясы. Жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтардың саласын шектеу, әкімшілік иерархияның барлық деңгейлерінің ресурстарының қалыптастырудағы субъективтілік олардың дамуын дербес басқарудың кепілдігі болып табылады);
5) заң алдындағы барлық салық төлеушілердің теңдестігі, салық саясатының бір тектілігі;
6) салық жүйесінің қарапайымдылығы (нақты қарапайымдандыру жолы – салық саясатын жекелеген салық төлеушілердің қажеттіліктерінен экономикалық мәмілелер мен әрекеттердің басым бөлігін қамтитын жалпы ережелерге қарай бейімдеу).
Салық кодексінде Қазақстан Республикасында салық салудың мынадай принциптері бекітілген.
1. Салық салудың міндеттілік принципі. Салық төлеуші салықтық заңнамаға сәйкес өзінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде және бекітілген мерзімде орындауға міндетті.
2. Салық салудың анықтылық принципі. Салықтар мен Қазақстан Республикасының бюджетіне міндетті басқа да төлемдер анықталған болуы тиіс. Салық салудың анықтылығы салықтық заңнамасында салық төлеушінің міндеттемелерінің негіздері мен пайда болу тәртібі, орындалу және тоқтату тәртібі орнатылуы тиіс.
3. Салық салудың әділеттік принципі. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жекелеген сипаттағы салықтық жеңілдіктерге жол берілмеуі тиіс.
4. Салық жүйесінің біртұтастық принципі. Салық жүйесі Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында барлық салық төлеушілері үшін бірдей болып табылады.
5. Салықтық заңнаманың жариялылық принципі. Салық салу бойынша сұрақтарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс.
Салықтардың және салықтық сипаттағы алымдар мен төлемдердің тізімі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітіледі және 9 салық түрлерін қамтиды:
1) Корпоративтік табыс салығы;
2) Жеке табыс салығы;
3) Қосылған құн салығы;
4) Акциздер;
4-1) Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық;
5) Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
6) Әлеуметтік салық;
7) Жер салығы; ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Салықтан жалтаруға байланысты салық санкцияларын қолдану механизмін жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Салықтан жалтаруға байланысты салық санкцияларын қолдану механизмін жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Заңды тұлғалардың табысы мен шығындарының салықтық есебі
Іздеп көріңіз: