Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Мазмұны

КIРIСПЕ
1-ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ
1.1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы
және даму кезеңдерi
2-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
2.1. Салықтық реттеу: әдiстерi, мақсаттары және критерийлерi.
2.3. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы салықтық
реттеу ерекшелiктерi
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДI ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек.
Салық салу проблемаларын шешудегi мұндай кең тәсiлдемелер диапазоны, ең алдымен, салық салу тәжiрибесiн теориялық негiздеу әрекетiмен түсiндiрiледi. Мұндай тәсiлдемелер салық теорияларында көрiнiс тапты: неоклассикалық, оның өзi неолибералдық, кейнсиандық және тұрақты даму бағыттарынан тұрады. Неолибералдық бағыттың әсiресе көрнектi өкiлдерi болып А.Смит, Д.Рикардо, А.Лаффер, М.Фридман және т.б. табылады. Олар экономиканы тұрақты және өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастырды. Салықтар мен салық салу жүйесiне тек бюджеттiң табыс бөлiгiн құрайтын құрал ретiнде ғана қарады. Олар негiзiнен салықтардың экономикалық процестердi реттеудегi жанама ролiн таныды.
Қазақстанда салық салу мәселелерiне үлкен назар аударылады. Көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерiнде салық салудың теориялық, әдiстемелiк және тәжiрибелiк проблемалары көрiнiс тапқан. Осы жұмыстарды оқу Қазақстандағы салық жүйеснiң жағдайы туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Сөйтiп, батыс экономистерi мен ТМД елдерiнiң ғалымдарының салық салу тұрғысындағы теориялық және әдiстемелiк еңбектерiн шығармашылық көзбен талдап, салық салу қағидаларының, формаларының, әдiстерiнiң ұдайы өндiрiстiң әлеуметтiк-экономикалық даму шарттарына сәйкестiгiн айқындау және салық салудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмiнiң бейiмдiлiгiн жүргiзу қажет.
Осыған орай дипломдық жұмыс өте өзектi проблемаға арналған және кiрiспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi негiзделген, зерттеу мақсаттары мен мiндеттерi анықталған.
Бiрiншi тарауда салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi қарастырылған және Қазақстанның салық салу жүйесiнiң қалыптасу және даму кезеңдерi талданған.
Екiншi тарау салықтық реттеу проблемаларын және салықтық жеңiлдiктер сипаттамасын қарастырауға, сондай-ақ олардың өндiрiстi дамытуға тигiзетiн әсерiн анықтауға, нарықтық қатынастар жағдайындағы салықтық реттеу ерекшелiктерiн қарастыруға арналған.
Үшiншi тарау салықтық реттеудi жетлiдiру проблемаларын қарастырады.
Дипломдық жұмысты жазу кезiнде Қазақстанның және ТМД елдерiнiң ғалым экономистерiнiң монографиялары, Қаржы Министрлiгiнiң деректерi, ағымдық баспа материалдары қолданылды.
1-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ РЕФОРМАЛАР ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДIҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI РЕТIНДЕ
1.1. Салық салу жүйесiн құрудың теориялық негiздерi
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерiнiң iшiнде ерекше орынды салық саясаты алады. Тәжiрибе дәлелдегендей, салықтық саясаттағы басымдықтарды өзгерту арқылы экономиканың конъюнктуралық ауытқуларын бәсеңдетуге, ұлттық шаруашылықтық ұзақ мерзiмдi тұрақтануына қол жеткiзуге болады.
Дұрыс ойластырылған, ғылыми негiзделген салық саясатын қолдану арқылы мемлекет елдегi экономикалық жағдайды реттей алады. Бiрақ бұл кезде бюджетке салықтың көп түсуiн қамтамасыз етудi салықтық ауыртпашылық арқылы емес, керiсiнше салық ауыртпашылығын азайту арқылы салық базасын кеңейту жолымен жүргiзген дұрыс.
Салықтар бойынша жүргiзiлген зерттеулер көрсеткендей, үш негiзгi салықтар-корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздердiң жиынтық ауыртпашылығы қазiргi экономикалық жағдайжа 60-70 %-тi құрайды екен. Егер бұларға қоса басқа салықтарды да ескеретiн болсақ, салық ауыртпашылығының жоғары екндiгiн байқауға болады.
Соның нәтижемiнде салық төлеушiлердiң көп бөлiгi одан жалтаруға тырысады, әсiресе салықтар шамасы шектi шамадан тыс болып кетекн кезде. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, салық ауыртпашылығының оптималды шектi мөлшерi салық салынатын табыстың 36%-iнен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасындағы салықтар-өте күрдерi проблемалардың бiрi. Салық заңдылығы өзiнiң маңыздылығы жағынан мемлекеттi нығайтуда Азаматтық Кодекстен кейiн екiншi орында тұр. Өкiнiшке орай, салық саясаты әрқашанда салық төлеушiнiң мүддесiн қорғай бермейдi. Бүгiн әлi де салық салу жүйесi салық төлеушiлердiң мүддесiн және заң жүзiндегi хұқықтарын әлеуметтiк қорғайтын жүйе деп айту ертерек.
Қазiргi қолданылып келе жатқан салық салу жүйесi Қазақстанның стратегиялық даму жоспарларының шеңберiнде салық заңдылығының негiзiн құрайтын қағидалардың тұрақтылығын ары қарай қамтамасыз етудi және жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл елдегi жеке кәсiпкерлiктiң iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi, сайып келгенде бұл мемлекет экономикасының тұрақты дамуына және соның нәтижесiнде халықтың тұрмыс деңгейiнiң көтерiлуiне әкеледi. Осы проблемаларды шешу үшiн кешендi шаралар жүйесi қажет, соның iшiнде маңызды рольдi салық салу жүйесi атқарады.
Баршаға мәлiм, салықтар мен салық саясаты-қуатты ресурстық фактор, яғни мемлекеттiң қолындағы экономикаға араласу құралы сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен керi байланысын көрсететiн механизм болып табылады. Сондықтан да әр нақты жағдайға қарай, соның iшiнде ел экономикасының даму ерекшелiктерi мен даму жағдайына, елдегi мемлекеттiк билiктiң тұрақтылығына қарай бұл фактор оның экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн құрал ретiнде, немесе оның жоғары тәуекелдiк көзi ретiнде болуы мүмкiн.
Салықтар және салық жүйесі-бюджеттің табыс көзін құраушы ғана емес, сонымен қатар нарықтық типтегі экономиканың маңызды құрылымдық элементтері. Кәсіпкерлік қызметті басып тастамайтын, тиімді бюджеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді салық жүйесін құрусыз Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құру мүмкін емес.
Салықтар адамзатқа ертеден белгілі, алғашқыда олар жан басына шаққандағы алымдар түрінде болды. Салықтардың пайда болуы мемлдекеттің құрылуымен байланысты. Олардың міндеттілігі сөзсіз, ол туралы 1789 жылы Б.Франклин былай деп жазған: «Бұл әлемде ештеңеге сенімді болу мүмкін емес, тек салықтар мен өлімнен басқа».
Мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың заңды және жеке тұлғаларға салатын, бюджетке түсетін міндетті төлемдері мен алымдар- салықтар болып табылады. Сонымен, салықтар дегеніміз заңды және жеке тұүлғалардың мемлекеттік қаржылық ресурстарды қалыптастыруға қатысу формасы. Салықтар, ұлттық табысты қайта бөлу факторы ретінде бөліп-тарату сферасының дұрыс жұмыс істеуіне, адамдары белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға қызықтыруға бағытталған.
Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін құруға және оның әрекет етуінен көрінеді, ол салықтық қатынастар элементтерін, яғни нақты салық түрлерін, оларды қолдану әдістері мен тәртібін қамтиды. Салық элементтеріне салық субъектісі, объектісі, ставкасы, жеңілдігі және т.б. жатады. Салық субъектісі дегеніміз- салық төлеуші-тұлға. Яғни ол заң жүзінде салық төлеуге міндетті тұлға. Алайда бағалар механизмі арқылы салықтық ауыртпашылық басқа тұлғаға ауыстырылуы мүмкін, сондықтан тағы бір тұлға-салықты көтеруші болады.
Салық объектісі- салық салынатын табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар,жылжымайтын мүлік).
Салық ставкасы (салық салу нормасы)-салық салу бірлігіне келетін салық шамасы. Салық ставкасы әдетте табысқа қатысты процентпен бекітіледі, және салық квотасы деп аталады.
Салық оклады-субъектінің бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салықтық жеңілдік-салықтан толық немесе ішінара босату.
Салық салынбайтын минимум- салықтан толық босатылған салық объектісінің ең кіші бөлігі.
Кез-келген міндетті төлем салық болып табылмайды. Салықтардың ерекше сипатты белгісі сол, олар белгілі бір қағидаларға сүйенеді. А.Смит өзінің «Халықтардың байлықтарының табиғатын және себептерін зерттеу» атты еңбегінде (1977) салық салудың келесі қағидалары бекітілген:
1. Салық әр салық төлеушінің табысының мөлшеріне қарай салыну керек;
2. Салық мөлшері және оны төлеу мерзімі төлеушіге алдын-ала және дәл анық болу керек.
3. Әр салықты жинау және алу тәсілі мен уақыты салық төлеуші үшін ыңғайлы болу керек.
4. Салық жинау шығындары барынша төмен болу керек.
Сонымен қатар, салықты төлеу схемасы салық төлеушіге түсінікті, ал салық объектісі екі рет салық салудан қорғалу керек.
Жоғарыда келтірілген салық салудың тарихи қағидалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ, яғни бүгінде де олар тиімді салық салу жүйесінің негізін құрайтын қағидалар. Мемлекеттің реттеуші функциялар дамыған сайын салық салу қағидаларын кеңейту қажеттілігі туындады, осыған байланысты Смиттің тұжырымдаған классикалық қағидалары келесі қағидалармен толықтырылды:
• жалпылық-салық төлеу барлық экономикалық субъектілерге таралуы керек;
• тұрақтылық-салық түрлері мен ставкалары уақыт аралығында тұрақты болуы керек;
• төлем қабілеттілігі-салық салу мөлшері бірдей табыс алатын тұлғаларға және бірдей мүлік құнына бірдей таралу керек;
• міндеттілік-салықтарды төлеу заң бойынша барлық салық төлеушілер үшін міндетті болып табылады;
• әлеуметтік әділеттілік-салық ставкаларын бекіткен кезде тұрмыс деңгейі төмен халықтар мен төмен табысты кәсіпорындарға көп ауыртпалық түсірмейтін болуы керек;
• көлденең әділеттілік-табыс деңгейі жағынан біркелкі дәрежеде тұрған төлеушілерге заң жүзінде бірдей салық ставкалары қолданылу керек;
• тік әділеттілік-табыс деңгейі бойынша бірдей емес жағдайда тұрған салық төлеушілерге әртүрлі салық ставкалары қолданылуы керек.
Салық жүйесінің қалыптасуы нарықтық механизмдердің және әкімшілік-нұсқаушылық механизмдерінің өзара әрекеттесуі негізінде жүреді. Сондықтан, бір жағынан салықты енгізу және жинау билік органдарының функциясы, ал екінші жағынан, салық тізімін қалыптастыру және салық ауыртпашылығының деңгейін бекіту нарық жағдайына және экономиканың даму деңгейіне қарай анықталады.
Жоғарыда келтірілген салық салу қағидаларымен бірге оларды тағы да 3 пунктпен толықтыруға болады:
1. Салықтар пайда немесе табысты арттыруға деген ынтаны басып тастамауы керек.
2. Салықтар баланстылығы сақталуы керек, яғни ол дегеніміз олардың бюджтеке түсімі оның шығындарымен тең болуы керек.
3. Салық салу адамдардың нақты табысын шекті деңгейден төмендетуге әкелмеуі керек.
Әрине, салық салу жүйесі барлық жоғарыда келтірілген қағидаларға жауап беруі өте қиын. Көптеген қағидалар бір-бірімен үйлеспейді және қарама-қайшы келеді. Сондықтан осы қағидалардың ішінен өзара үйлесімді оптималды арақатынасын таңдап алу- өте күрделі проблема. Салық заңдылығы сондықтан да тұрақсыздықпен сипатталады. Салық салудың мәні ең алдымен оның функцияларынан көрінеді.
Салықтар негізгі 3 маңызды функция атқарады:
1. Фискалдық функция;
2. Бөліп-таратушылық функция;
3. Реттеушілік.
1.2. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жеке тұлғалардың меншігіне салық салу тәртібін жетiлдiру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік

Іздеп көріңіз:
дипломдык Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Салық механизмі және қазіргі кезеңдегі қызмет етуі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]