Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары
Мазмұны
КІРІСПЕ
Ι. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Салық жүйесінің пайда болуы және экономикалық мәні
1.2. Салықтардың жіктелуі
ΙΙ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚЫЗМЕТ ЕТУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
2.2. Алматы қаласы салық комитеті мәліметтері негізінде
салықтардың түсу динамикасын талдау
ΙΙΙ. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру—еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін табу—объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары» деп таңдап алдым. Менің бұл дипломдық жұмысымда салықтардың экономикалық мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған.
1. САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1.Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Салыктар дегеніміз мемлекеттік бюджетке занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды көзі юмикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылык көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде каржы көздері қажет.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды, экономиканы, дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні шаруашылық субьектілерінен, азаматгардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұхтау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты турде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұг тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар — мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық — занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық - белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз — белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі - бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Ресгіубликасының мемлекетгік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалды тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекетгік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық — салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан карайтын болсақ, бүл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы - мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
• Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша
сомасы болса;
• Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
• Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген
міндеттеме болып табылады.
• Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетіл-
гендерді атауға болады:
• Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді
бөледі;
• Салық - ақшалай нысанда төленеді;
• Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады;
• Салық - баламасыз сипатта болады;
• Салық - салықты телеген кезде меншік нысандары ай-
қындалады;
• Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1. Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген коғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салъқ — ақшалай нысанда төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық — қайтарылмайтын төлем балып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұньң қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
• Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке карай қозғалады;
• Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытгалады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз - ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық — баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытга қозғалысын айқындайды. төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық — баламасыз төлем болып табылады.
5. Салъқты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекетгік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бүл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құнынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
• салықты — мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
• салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
• салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
• салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
• салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
• салық төлеу аркылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.
Салық - бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық — осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
• біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
Іздеп көріңіз: