Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚҚС төлеу тәртібі мен механизмін жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі…………………………………………………………………
1.1 Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………………
1.2 Қосылған құн салығының қызмет ету негізі……………………….
1.3 Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі……………………..
ІІ тарау. ҚҚС төлеу тәртібі мен есептеу әдісі………………………………
2.1 ҚР бюджетіне ҚҚС түсімдерінің жағдайына талдау…………….
2.2 ҚҚС құрылу ерекшелігі мен есептеу тәртібі……………..………..
2.3 ҚҚС шаруашылық субъетілерінің экономикалық әрекетіне әсері ……………………………………………………………………………
ІІІ тарау. Қазіргі жағдайда ҚҚС қызмет ету механизмін жетілдіру жолдары…………………………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.
Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.
Мемлекетке салық жүйесі елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды мәселелерді шешу мақсатында, сонымен қатар өндірістің даму қарқыны мен пропорциясын реттеуді қадағалау үшін де қажет.
Дегенмен елдің экономикасындағы нарықтық өзгерістер және әлемдік нарықтағы қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің қалыптасқан салық жүйесін әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақастанда Салық кодексі өңделіп жасалды, ол салық салу негізін және салықты жинау процесі барысында пайда болатын құқықытық қатынастарды анықтайды.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды тиімді айқындайтын салық түрлерін анықтау болып отыр. Қандай да бір дәрежеде осындай салықтарға жанама салықтарды немесе тұтыну салықтарын жатқызуға болады.
Мемлекеттің даму қарқынына және әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты мемлекеттік кірісте салықтардың үлес салмағы өзгеріп отыруы мүмкін. Атап айтқанда, тікелей салықтар экономикасы қалыптасқан және тұрақты мемлекеттерде үстем болады. Бірақ, іс жүзінде барлық мемлекеттерді фискалды саясатты іске асыруда негізгі рөлді жанама салықтар атқарады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі — жанама салықтар, тікелей салықтарға қарағанда, кәсіпорын салығы болып табылмайтындығында. Олар тұтынушыға салынатын салықтар. Ал кәсіпорындар тек оларды жинаушы болып табылады. Жанама салықтардың барлық ауыртпалығы толығымен соңғы тұтынушыға, яғни тұрғындарға түседі.
Содан да, оларды қолдануда әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бөлігі зиян шекпеуі үшін салық салу механизмі нақты қалыптасуы қажет.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы және бірқатар экономикасы дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесін қарастыра отырып, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Сонымен қатар, қосылған құн салығының төлеу және есептеу ерекшеліктерін айқындау.
Диплом жұмысының төмендегідей міндеттері бар:
- жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;
- мемелекеттік бюджет табысындағы олардың үлес салмағын талдау;
- жанама салықтардың алу механизмін қарастыру;
- дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесіне қысқаша талдау.
Кеңестік кезеңде біздің елімізде жанама салықтар түрлерінен айналымға және сатуға салынатын салық әрекет етті, ал нарықтық қатынас жағдайында олар қосылған құн салығы мен акцизбен ауыстырылды.
Оның себебі, айналымға және сатуға салынатын салықтар өнімді өткізудің соңғы кезеңінде ғана бюджетке алынды, бұл салықтарды өндіріп алу механизмінің әрекетін баяулатты.
ҚҚС-ты өндіріп алу өндіріс және айналымның әрбір кезеңінде жүзеге асырылады. ҚҚС сомасы сату және сатып алу кезінде өндіріліп алынатын салықтар айырмасына тең. Осылайша, бұл салықтар тауарларды сатумен байланысты кез келген өнімге салынады және де қосылған құн салығын төлеуші болып (заңда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа) барлық кәсіпорныдар мен тұлғалар табылады.
Көптеген мәліметтерде ежелгі уақыттан бері акциз салығы қолданылады. Акциздер мемлекет анықтаған тауарларға салынады. Негізінен бұл тауарлар екінші ретті мәні бар заттар.
Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының Салық кодексі және басқа ресми құжаттар болып табылады. Қазіргі күні салық салудың теориясы мен іс-тәжірибесін дамытуда ТМД елдерінде Пушкарева В.М., Черник Д.Г., Юткина Т.Ф. т.б. Ал Қазақстанда осы тақырыпқа қатысты Ержанов М.С., Зейнелгабдин А.Б., Идрисова Э.К., Кулукова Н.К., Карагусова Г.Н., Мельников В.Д., Нурумов А.А, Оспанов М.Т. еңбектері белгілі.
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі
1.1 Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
“Салықтар” — бұл белгіленген мерзімде және анықталған мөлшерде алынатын, заңмен бекітілген міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні бұл азаматтардан және шаруашылық субъектілерден ұлттық табыстың белгілі бір үлесін өндіріп алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылуда.
Салықтар мемлекттің кірісін қалыптастырған қаржылық қатынастардың бір бөлігі әрі табиғатты қорғау, құқық қорғау және мемлекттің тағы басқа да қызметтерін атқару үшін қажет және қоғамның дамуы үшін қажет экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Міне сондықтан да, салықтар мемлекетке өз қызметтерін атқару үшін аса қажет және салықтарды жою мемлекетті жоюмен тең десе де болады.
Салық — бұл қаржы ғылымның негізгі түсініктердің бірі. Салықтың мәнін олардың атқаратын қызметтерінің көмегімен ашуға болады. Ал қызметтері, өз кезегінде, салық қасиетінің әдісі ретінде сипатталады. Бұл қандай қасиеттер, олардың қандай түрлері бар екеніне тоқталып өтейік.
Ең біріншісі аса маңызды салықтың бір қызметі — оның қазыналық (фискалды) қызметі. Осы қызметтің көмегімен салықтың негізгі қоғамдық бағыты — мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету іске асады.
Кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан бюджетіндегі кірісінде салықтардың мәні зор. Сондықтан да салықтардың қазыналық қызметі экономикалық мәнінен шығады, ол мемлекетті қаржымен қамсыздандыру.
Мемлекеттік бюджеттің кірістерін салықтарды тұрақты және орталықтандыру негізінде қалыптастыру мемлекттің өзін ірі экономикалық субъектіге айналдырады.
Салықтың келесі қызметі бұл бақылау қызметі. Бақылау қызметінің көмегімен салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысына қадағалау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер қажеттілігін анықтайды. Салықтың бақылау қызметінің іске асырылуы, оның толықтығы мен тереңдігі белгілі-бір деңгейде салық тәртібіне байланысты.
Салықтардың келесі қызметі — реттеуші қызметі өндірістің дамуына әсер етеді және оның мәні тұтыну мен жинақталу арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету, яғни халықтың ағымдағы табыстарының бір бөлігін алып қою арқылы олардың кейбір тауарларды тұтынуына шек қою және оны өндірісті дамытуға бағыттау. Міне осы салықтың басты қызметтеріне сипаттама берілді, әрі қарай салықтардың біздің мемлекетімізде ену алғышарттарына тоқталып кетеміз.
ХХ ғасырда төлем қабілеттілігінің критерийлері қабылданып және осы кезеңге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Тікелей салық мүлікке салынса, жанама салықтар — іс-әрекетке, тұтынуға салынған. Тікелей салықтар орта салық қабілеттілігіне салынған, яғни оның жанама салықтардан айырмашылығы жанама салықты жеке төлемдер, жеке актілер алынатын төлем десек, тікелей жалпы орта салық қабілеттілігіне есептелініп салынады. Егер мемлекет белгілі бір тұлғаға талап қойып және оның төлем қабілеттілігін есептеп шығару негізінде салық салса, бұл тікелей салық түрі болады, ал егер салық салықтөлеушінің тікелей өзінің іс-әрекеті арқылы белгіленіп төленсе бұл жанама салық түрі болып есептеледі.
Осының нәтижесінде жанама салыққа тек қана ҚҚС, акциз, кедендік төлемдер ғана жатпай, сонымен қатар бонустар да жатады, өйткені бұл төлем түрі жеке субъектілер өздерінің іс-әрекеті арқылы төленеді.
Жанама салықтар тұтынуға салынатын салыққа жатады, ал бонустар бір реттік ірі төлемдер болып табылады. ҚҚС, акциздер және құнды қағаздарға салынатын салытар жалпы тұтынушыларға, бүкіл республика тұтынушыларына салынды.
Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде ұзақ уақыт бойы, содан кейінгі Одақ құлдыраған кезеңде де экономикалық кеңістікте айналымға салынатын салық болған. Бұл 30-шы жылдары енгізілген салық бюджетке тұрақты түрде кіріс келіп түсуін қамтамасыз етіп және ірі салық түрі болып есептелген.
1930 жылдардағы салық реформасы бюджетке қаржының толық әрі үздіксіз түсуі үшін жағдай жасаған, мұнда кәсіпорындардан салық алу екі түрлі әдіспен іске асқан: тауар бағасында көрініс алатын айналым салығының қатаң белгіленген салық мөлшерлемесі жолымен және кәсіпорындардың табысынан аударымдар түрінде. Төлемдердің бұндай жүйесі бюджеттің және шаруашылық есептің мүдделерін толық қамтамасыз еткен. Бұл жүйенің орталық маңызды мәселесі айналым салығының төлемдерін унификациялау еді. Акцизді қолдану мүмкін емес болған, өйткені бұл жағдайда белгісіз сандағы мөлшерлемелерді белгілеп және тауарлардың күрделі есебін жүргізу қажеттілігі туар еді.
Қазақстан өте күрделі қиын жағдайға қалып еді, өйткені құрылымды қайта құру экономикалық тұрғыдан ұзақ мерзімді және қосымша қаржы ресурстарын талап етеді, ал бұл іс-жүзінде ол кезде республикамызда жоқ еді.
Кеңес Одағының бар кезінде біздің республика салық салу мәселелері бойынша өз заңдылық актілері болған жоқ, жалпы салық саясаты Мәскеуде елден тыс қалыптасып отырған. Мұндай жағдай жас тәуелсіз Қазақстанға қолайсыз болады, бұдан өзгеде еліміздің нарық экономикасында өту қажетті салық жүйесін қалыптастыруды талап еткен. Осы жағдайлар салық заңдылығы бойынша заң пакеттерін өңдеу қажеттілігін және 1991 жылдың аяғында оны қабылдауды айқындады, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізі салынған еді. Заң пакеттеріне он төрт заң ендірілді және олар бұрыңғы ССРО-ның салық салу тәртібінен онша айырмасы жоқ еді. Бұл пакеттегі негізін құраушы “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” Заңы болды, бұл заңға сәйкес 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпы міндетті жергілікті және 17 жергілікті салықтар мен төлемдер қарастырылған.
Салықтардың жалпы мемлекеттік, жергілікті жалпы міндеттемелік, жергілікті деп бөлінуі жергілікті бюджетке төлемдердің кепілдік болған, ал бұл жергілікті биліктің қаржыны өздігінен бөлінуіне ыңғай жасаған.
Айта кетерлік бір жай, кейбір маңызды жалпы мемлекеттік салықтар, яғни ҚҚС, табыс салығы, акциздер республикалық бюджетке түсіп отырған, ал кейбірі, яғни азаматтардың табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлік салығы, мемлекеттік баж т.б. жергілікті бюджетке түсіп отырған.
Сатуға салынған салық республикамызға 1991 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді (% мөлшерінде белгіленген) өндірістік-техникалық бағыттары өнімдерді өткізуден, халық тұтыну тауарларын өткізуден 5% мөлшерінде болды. Бұл салықты қолдану айналым салығының көшірмесі сияқты болды, яғни салықты қолдану белгілі-бір қиындықтарға әкеп соқты. Өнімді сатуға салынатын салық объектісі болып тауарды соңғы тұтынушыға өткізуге табылады. Осы соңғы тұтынуға салынатын салық болғандықтан ол тауар, қызмет өндіруге инвестиция салуға мүмкіндік береді, жанар май ресурстарына экономикалық қолданылуына қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен де жалпы экономика шеңберінде оның да өзіндік регрессивті сипаттары бар.
Өнімді сатуға және тұтынуға салынатын салықтың кемшілігі оны қолдау аймағының шектеулігінде, сондықтан да ол барлық тұтынушыларға біркелкі бірдей салынбайды, кейбір салық төлеушілер, әсіресе басқа елдерге экспорттаушы саласында салықты төлемей отырушылар бар.
Осы күндері ұсақ саудагерлер қосымша құн салығын төлеуден бас тартып, қашып отыр. Өйткені, ҚҚС төлеуге есепке кіру үшін, әуелі потенциалды салық төлеушінің айналымы заңмен белгіленген сомадан асып түскенін дәлелдеуі керек. Ал бұл топтағы мүшелер патент бойынша жұмыс істегендіктен құжаттар айналымын жүргізбейді немесе тіпті рұқсатсыз жұмыс істеп отырады.
Бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің жаңа нарықты экономикаға көшуі маңызды мәселелерді шешудің жаңа жолдарын талап етті. Қалыптасқан қаржы жағдайындағы күрделі мәселелерді шешудің біздің республикамыздағы қабылданған бір шешімі — бұл айналым және сату салығын қосымша құн салығымен алмастыру болды, өйткені, ол нарық конъюнктурасының өзгерістеріне қолайлы болды. Қазақстанда ҚҚС енгізу объективті қажеттіліктен туындады. Сонымен қатар, мемлекеттің қазыналық мүддесін қорғайтын жанама салық салу жүйесін қалыптастыруды білдірген. Бұл салықты оңтайлы қолдана білген жағдайда бағаны қалыптастыру процессіне позитивті әсер етуге және тұтыну құрлымына әсер етуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық төлеушілерге табысқа тікелей салықты өсірудің орнына олардың шығыстарына салықты өсіру қолайлы болып отырған.
ҚҚС салық жүйесіне енгізуде мемлекет өз алдына келесі мақсаттарды қойған:
• Бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық салыну базасын кеңейту;
• Салықтан түсетін түсімдерді инфляциялық құнсызданудан сақтау;
• Тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің тұрақты кіріс көзін қалыптастыру;
• Төлем қабілетінен артық сұранысты төмендету арқылы келесі екі мәселені шешу: тауар тапшылығын жою және инфляцияның қарқынды өсуін төмендету.
Алғашқы мақсат ҚҚС іс жүзінде бүкіл тауарлар мен қызметтерді қамтитындықтан және нарықтық экономиканың шарттарына жауап беретіндіктен іске асқан. Екінші мақсатқа жету ҚҚС бағаның ырықтануына сәйкес келеді, баға өскен сайын, толық түсімдері де өсе түседі, салық мөлшерлемесі тұрақты болып қана береді. Үшіншіден, мемлекетке заңды және жеке тұлғалардың табысының есебінен жүргізілгендіктен, тауарлар мен қызметтер есебін жүргізу жеңіл. Ал төртінші себеп, ҚҚС енгізілген кезеңде кеңестік ақша — рубль жалпы эквивалент қызметін тоқтатқан, оның натуралды айырбасы (бартер) жүре бастады. Қазақстан республикасында 28% мөлшерімен ҚҚС енгізу бір жағынан бағаның өсуіне, ал екінші жағынан бағадан сатып алу қабілеттілігінің қалып қоюына әкелді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, соның ішінде ауылшаруашылық өндірістері өзін өзі қаржылардыру процесін және жәй ғана қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қабілеті болмады. Бұл мемлекеттік бюджеттен қаржының көп бөлігін қажет етті, соның салдарынан оның тапшылығы өсті.
Жанама салықтардың, соның ішінде ҚҚС-тің, экономикалық мәнін ашудан бұрын олардың әртүрлі әдебиеттердегі қарастырылған анықтамаларын қарастырайық.
Салықтардың орысша-қазақша терминологиялық сөздігі бойынша “Жанама салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және көрсетпе тамашалардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік кірістердің ең ежелгі көзі болып табылады”. Мысалы ретінде ҚҚС атаймыз.
Өз анықтамасын Карагусова Г.Н. былай дейді: “Жанама салықтар — бұл бір тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы тұлғаға өткізетін салық түрі”.
Ең толық анықтама Қазақстан республикасының “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Заңда берілген, мұнда “Жанама салықтар — бұл тауарларға және көрсетілетін қызметтерге, олардың бағасына үстеме ретінде қосылатын салықтарды жатқызамыз, олар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей байланыссыз болады”. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау
» Курстық жұмыс: Салық кодексі | Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықты есептеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы
Іздеп көріңіз: