Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Мазмұны

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ҰҒЫМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің Қазақстанда қалыптасуы
1.2 Лизингтің классификациясы
1.3 Лизингтің экономикалық мәні және оның тиімділігін бағалау
II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
2.1 Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері
2.2 Қазақстан экономикасында лизингтің алатын орны
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің келешегі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ОҚУЛЫҚТАР

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.
Лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал. Қазақстандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелерді осы лизинг арқылы шешуге болады. Әсіресе ел экономикасының жоғары деңгейде болуының маңыздылығы мен өзектілігі мемлекетіміздің Бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру және таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетімен тікелей байланысты. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде осы объектіні (лизинг) алуымын да сондықтан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты лизинг – нарықтық экономика жағдайындағы инвестицияның лизингті нышанының дамуына бағытталған ғылыми-тәжірибелік сипаттаманы талдау болып табылады..
Дипломдық жұмыстың жалпы мақсатымен сәйкес келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
-Лизинг ұғымының экономикалық мазмұнынын зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг және лизингтік қатынастар» түсініктерінің тұжырымын көрсету;
-әлемдік тәжірибедегі лизинг жүйесі мен лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың тиімді жақтарын қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті операциялардың механизмдері мен құрылымдарын зерттеу негізіндегі лизинг дамуының ерекшеліктерін көрсету;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті нарықтың инфрақұрылымының қалыптасу үрдісін оқып-үйрену;
- - лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының
экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан-жақты зердеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу;
- Қазақстандағы лизингті одан әрі дамыту және лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде ҚР-дағы лизингтің дамуы: жағдайы, беталысы және болашағы қарастырылады.
Зерттеу объектісі ретінде шаруашылық құрылымдары мен нақтылы лизнгтің потенциальды қатысушылары алынды.
Зерттеудің теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың лизингкке байланысты ғылыми еңбектері мен монографиялық жұмыстары, ҚР-ның лизинггік қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілсрі мен нормативтік құжаттары, ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары мен КР ҰБ статистикалық деректері және бүгінгі күнгі лизинггік қатынастардың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және жакын шетелдердегі баспасөз басылымдарындағы мақалалар және т.б. пайдаланылды.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс ____ беттік компьютерлік терім.

I ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ҰҒЫМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1 Лизингтің даму тарихы және лизингтің қазақстандағы қалыптасуы

Лизинг экономикалық құбылыс ретінде және ғылыми зерттеулердің объектісі ретінде көптен бері экономист ғалымдар мен мамандардың назарында жүр. Лизингтің негізін, формасын, түрлерін және функцияларын зерттеу қажеттілігі оның кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы маңыздылығы. Бұл мәселелерді анықтау әсіресе лизингтік операцияларды жүргізу кезеңдерінде лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыс пайдалану үшін қажет.
Ағылшын термині «jeasing», «jessor» және «jesse» (лизинг шартының қатысушылары) көп жағдайда «жал,жалгерлік» (аренда) деп аударылады.Дегенмен әлі күнге дейін «Лизинг» термининің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Сонымен лизинг дегеніміз – бұл құрал-жабдықтарды, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде пайда болатын қаржы-экономикалық және құқықтық қатынастар. Яғни бір заңды немесе жеке тұлға (болашақ лизинг алушы, мүлікті пайдаланушы) екінші бір тұлғаға (лизингтік компания) қажетті құрал-жабдықты алуға және оны ақылы пайдалануға ұсыныс жасайды. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір жұмсамай-ақ қажетті құрал-жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі несиелендіруіне балама болып табылады.
Өмірдегі пайда болатын көп құбылыстар сияқты лизингтің де өзіне тән шығу тарихы бар. Тарих көрсеткендей лизингтік операциялар ежелден белгілі. Бірақ бұл мәселеде әлі күнге дейін қалыптасқан нақты тұжырым жоқ. Бір топ ғалымдардың пікірі бойынша лизинг - шумер халқының экономикалық қатынастарынан бастау алатын қаржыландырудың ең көне түрі болып есептеледі.
Бұдан басқа да шет ел ғалымдарының жұмыстарында ерте ғасыр ғалымы Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) «Риторика» атты еңбегінде «байлықтың өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда» деп атап көрсетеді. Яғни, лизингтің басты мағынасы мынада: пайда табу үшін мүлік немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына ие болсаң да жеткілікті.
Сонымен бірге лизингтік қатынастар бұдан басқа да өркениеттерде (ерте грек, египет, рим) болғаны мәлім болып отыр.
Осы келтірілген мәліметтерге қарамастан кейбір ғалымдар лизинг жаңа жас құбылыс, оның шығу тарихы АҚШ-нан басталады деп көрсетеді. Бұл тұжырымдарын 1877ж. «Белл» атты Американ телефон компаниясының өз құрал-жабдықтарын уақытша пайдалануға бергендігімен негіздейді».
XXғасырдың 60 жылдары қаржы лизингісінің концепциясы әлемнің көптеген индустриалды дамыған елдерінде кеңінен дами басттады және осы жылдардан бастап лизингтік қатынастар халықаралық негізде жүре бастады. Бірақ 70-ші жылдардың басына дейін халықаралық лизингтік қатынастар әлі де болса жақсы даму қарқынында болмады. Оның басты себептері мыналар болды: лизингкке байланысты халықаралық заң, салық, кеден және ақша қатынастарының бір жүйеде болмауы. Тек, 70-ші жылдардың ортасынан бастап «Юнидура» ұйымы осы кедергілерді шеше бастағаннан кейін лизингтік қатынастар халықаралық сипат ала бастады. Оған қабылданған «Халықаралық қаржылық лизинг туралы» Конвенциясы өзінің септігін тигізді. Осы Конвенцияның арқасында лизингтік қатынастар дүние жүзінде бір қалыпқа келіп жүргізіле бастады.
Қазіргі кезде лизингтің даму барысы көптеген елдерде жоғарғы қарқын үстінде. Соңғы отыз жылдықта лизингкке деген қызығушылық және оны пайдалану барысы үлкен деңгейге көтеріліп, дүние жүзінде инвестиция тартудың негізгі құралына айналып,оның көмегімен жабдықтардың 30-35% қаржыландырады.
Лизингтің кең түрде даму нәтижесі және оған деген қызығушылық 90-шы жылдардың басында лизингтің Қазақстанға да келуіне әсер етті. Алғашқы уақытта лизингтік істер банк жүйесінен басталды. Көпшілік банктер өзіне жаңа салада лизинг алушы ретінде қалыптасты. Банктердің лизингтік істермен айналысуына байланысты мемлекеттік құжаттар да дайындала басталды..
Лизинг бойынша күрделі жұмыстар 1997 жылдың аяғында басталды. Бірақ лизинг туралы үкіметтің шешімдері мен қаулыларының қаржы саласының Қазақстандағы жаңа түрі болғандықтан жиі өзгеріп отырғаны лизингтік компанияларға көп қиындық әкелді және бұл саланың қарқынды дамуына тежеу жасап отырды.
Осы да басқа да қиындықтарға қарамастан лизингтік қатынастар Қазақстанда өзінің өміршең екендігін танытты. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг берушілердің келесі түрлері қалыптасқан:
1. лизингтік жұмыспен айналысатын коммерциялық банктер және ірі
банктердің құрамына кіретін лизингтік компаниялар. Бұлар үлкен көлемде тұрақты лизингтік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына жататын лизингтік компаниялар: АҚ «Альянс лизинг» ( АҚ «Альянс Банк»), АҚ «АТФ -Лизинг» ( АҚ «АТФБанк»), АҚ «БТА-Лизинг» ( АК «Банк Туран Алем), АҚ «Валют-Транзит Банк», « Лизинговая компания «Нур-Инвест » ЖШС (Нур Банк), «Таиб Казахский Банк» ЖАҚ, АҚ « Темир-лизинг» (АҚ «Темир Банк»), «Центр-Лизинг» ЖШС ( АҚ «Банк Центр Кредит»), АҚ Цесна Банк, АҚ Халық- Лизинг» ( АҚ «Халық Банк»);
2. салалық және өндірістік ретінде құрылған лизингтік компаниялар. Олар
әр-түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ауыр машина жасау, көлік және т. б. Бұл лизингтік компанияларға жататындар: АҚ «Астана Финанс», АҚ «Казагрофинанс», «Каспийский Лизинг» ЖШС (Бұрынғы Агромаш Лизинг);
3. бюджет арқылы толық немесе жартылай қаржыландыратын мемлекеттің қатысуымен құрылған жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар. Сонымен қатар, бюджеттен көмек алушы аймақтық ұйымдар. Бұлар негізінен шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін ұйымдастырылған лизингтік құрылымдар. Мысалы, АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»:
4. сауда компаниялардың құрған лизингтік компаниялары. Бұлардың қызметі: сауда құрал-жабдықтары, ұйым техникалары, көлік жіне т. б. Мысалы, «Вираж-Лизинг» ЖШС.
Лизингтің Қазақстандағы аз уақыт ішіндегі даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. 1989 - 1992 жж. - лизингтің басталу кезеңі, 120 банк және 20 лизингтік компания;
2. 1993 - 1994 жж. - экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты лизингтік бизнестің қолдау таппау кезеңі;
3. 1995 - 2000 жж. – инновацияның бір түрі ретінде лизингтің көтерілу кезеңі;
4. 2001 - осы уақытқа дейін – лизингкке мемлекеттік қолдау және ынталандыру жүргізу кезеңі, лизинг туралы нормативтік - құқықтық шешімдер мен қаулылар қабылдау.
- Дегенмен Қазақстандағы лизингтік сектордың даму барысы оның әлеуетіне сәйкес болмады. Лизингке деген қаржылық ресурстардың шектеулі болуы, лизингке беру уақытының қысқа мерзімдігі, лизинг тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер,салық және амортизациялық жеңілдіктердің болмауы лизингтің дамуына үлкен кедергі болды.
Бұл кемшіліктер мен қателіктер әрине лизинг идеясына үлкен нұқсан келтірді. Сондықтан 1999-2001жж. Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасы іске алынды. Бұл бағдарлама екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде (1999ж.) лизингке байланысты заңдарды реттеу қолға алынды, бірақ құжаттардың уақыт талабына сәйкес болмауы алға қойған мақсаттарды орындауға жеткізген жоқ. Екінші кезеңде (2000-2001жж.) 5.06.2000ж. 26 баптан тұратын «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы қабылданды. Кейіннен лизингтік қатынастардың тұрақты қалыптасуына үлкен түрткі болған осы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешег жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешег

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]