Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән жайлары

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси  мән жайлары

Мазмұны

Кiрiспе………………………………………………………………………..3
1. Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән-жайлары
1.1 Салықтың экономикалық мәні және қызметтері ……………………..6
1.2 Салықтың топтастырылуы …………………………………………12
1.3 Мемлекеттің салық жүйесі: түсінігі, экономикалық мән-жайлары мен заң негіздері, институттары ………………………………………………15
1.4 Салықтық қызмет түсінігі, мемлекеттік салықтық қызметінің негізгі принциптері, әдістері және құқықтық нысандары ……..……………….16

2. Салықтық реттеу
2.1Салық механизмінің элементтері………………………………………24
2.2 Салық объектісі, базасы, мөлшерлемесі, кезеңі …………………….24

3. Мемлекеттің салықтық құрылысының түсінігі, салық жүйесіндегі фискальдық және реттеуші функциялар
3.1Шет елдер салығы………………………………………………………29
3.2 Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде алынған табыс ………..29
3.3 Салықтардың жалпы сипаттамасы …………………………………...30
3.4 Алымдар мен төлемдер………………………………………………...70
3.5 Мемлекеттік баж………………………………………………………..76

Қорытынды…………………………………………………………………78

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………...84

Дипломдық жұмыс өзекті және қызықты тақырыптардың біріне арналған. Жалпы мазмұны Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі мен салықтық құқығының процестері, мән-жайлары, принциптері мен құрылымдары, салық әкімшілігін жүргізу аясында экономикалық-қаржылық мүдделер балансы және т.б. өзекті тұстары мүлдем жаңа , яғни әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мен құқықтық –демократиялық мемлекет тұрғысынан қарастылып, негізгі мәселері мен проблемалары ашылып көрсетілген, сондай-ақ әрбір институттар бойынша ғылыми тұжырымдамалар берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық Кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170–тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар » деп айта кетті.
Сондай-ақ, «Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс» деп айта кетті..
Жұмыста негізінен салықтық құқықтың жалпы теориялық негіздерін салық саясаты ұстанымдарына қарай салық салу практикасының механизмдерімен ұштастыру жолдары тікелей Қазақстан Републикасының Салық кодексінің принциптері мен нормалары арқылы жүргізілген.
Салық дегеніміз жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың белгілі мөлшерде және белгілі мерзімде бюджетке енгізілетін төлем. Жұмыста салық ұғымына әртүрлі авторлардың пікірлері, көзқарастары берілген, салыстырмалы түрде салықтардың мәніне, принциптеріне, функцияларына талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - салықтардың экономикалық мәні, олардың функциялары мен міндеттері толық көрсетілген.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады.
1 тарауда салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық экономикалық және саяси мән-жайлары, салықтың элементтері, мемлекеттің салық жүйесі: түсінігі, экономикалық мән-жайлары мен заң негіздері, институттары.
2 тарауда салықтық қызмет түсінігі, мемлекеттік салықтық қызметінің негізгі принциптері, әдістері және құқықтық нысандары, салықтық міндеттемелерді орындаушы субъектілер, орындау мерзімі, күні, орны, тәсілдері, берекшектерді өтеу және артық төленген салық сомаларын есепке алу және қайтарып беру тәртібі.
3 тарауда мемлекеттің салықтық құрылысының түсінігі. салық жүйесіндегі фискальдық және реттеуші функциялар, мемлекеттің басты фискальдық органы- Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық салу саласындағы құзыреттері және басқарушы ретіндегі айрықша қызметі туралы айтылған.
Қазіргі заманғы салық жүйесі Қазақстан Республикасының экономикалық процесін қадағалап отыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қазіргі таңда салық жүйесінің ұдайы жетіліп отыруын талап етеді. Салық салу жүйесі республикалық және жергілікті бюджетке міндетті төлемдердің келіп түсуін, сонымен қатар зейнетақы жинақ қорына түсетін міндетті зейнетақы төлемдері туралы нормативтік және құқықтық актілерін қадағалап отыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының парламентінің №209 жарлығы бойынша 2001 жылдың 12 маусымында қабылданған салық кодексінде көріңіс табатын салық салу жүйесін жетілдіру есептерімен тығыз байланысты.
Қ.Р. ″Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке келіп түсуі туралы″ кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық қатынастарын қадағалайтын негізгі заң актісі болып табылады.
Салық пен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке келіп түсуінің тоқталуы, енгізілуі, өзгеруі салық кодексіндегі шарттар мен шешімдер бойынша жүргізіліп отырады.
1 тарау. Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық
экономикалық және саяси мән-жайлары

1.1 Салықтың экономикалық мәні және қызметтері
Салықтар мемлекет пен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады.Салықтар адамзат өркениетінің бастапқы кезеңдерде пайда болған болатын. Көне Үндістанда «Ману заңдарында»: «шалынған құрбандықты өзіне, яғни құрбандыққа шалынған мал-мүліктерді өзіне тек брахмандар ала алады» деп белгіленген. Ал патшаға және басқада басқарушыларға байланысты сол «Ману заңдарында»:«Патша жыл сайын елде тұратын бұқара халықты дербес кәсіппен айналысуға мәжбүр етсін және оларды салық деп аталатын төлемді төлеуге мәжбүрленсін» деп көрсетілген.
Көне Римдегі салықтар цензус деп аталған.Олар әрбір бес жылдың көлемінде азаматтардың мүліктеріне сәйкес белгіленіп алынған. Кейде салықтар мен баждардан және жерді жалға беруден түскен қала шараушылығына кететін шығындарды жаппаған жағдайда, тек қалада тұратын азаматтардан «мунира» деп аталатын салық алынған. Мунирамен бірге мемлекеттік салық «трибутумды» төлеу рим азаматтарының борышы әрі міндеті болған. Римдегі (оның провинцияларындағы) негізгі салықтардың бірі жер салығы «анона» болған.Оның төлемдері ауылшаруашылығы өнімдері түрінде алынған.
Қазақстанда да өз заманына сай салық жүйесі болғандығын дәлелдейтін «Ұлы Жібек жолын» мен өркендеп дамыған қамал –қалалар «Сығанақ», «Отырар», «Тараз», «Мерке» және басқада қамал-қалалар жөніндегі мағлұматтарды жатқызуға болады. Кезінде салық салу мәселелеріне қатысты аса зор үлесін қосқан құқықтық дерек көзі ретінде Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын» айтуға болады.
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық қоры болған ретте өмір сүре алады.Қаржы қорлары мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға, өзінің аппаратын ұстап тұруға қажетті ақшаларды қамтиды. Сондықтанда мемлекет ақшаларды басқа жақтан табу қажет.Сол ақшалардың табудың тәсілдерінің бірі мәжбүрлеп алу жолындағы салықтар жатады.Әйгілі революцияға дейінгі қаржылық құқық саласы бойынша көрнекті ғалым П.П.Гензель салықтар жөнінде тұжырымдама жасаған:«Көне заманнан бері салық салудың техникалық жолдары, әралуан кадастрлар және өндіріп алудың аса бір икемді тәсілдері жақсы мәлім болған және қаржылық құқық жоқ болғандықтан қазіргі кездегідей салық салу тәртібін білмегендігі белгілі. Ол кезде тек бағындырылған халықтан салық алуға бағытталған қаржылық мәжбүрлеуді ғана білген». Сонымен салықтар көне заманнан алынып келе жатқандығы жоғарыда аталып өтілді және қандай да болмасын мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі - қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар түсім салықтар мен басқада міндетті төлемдердің жататыны белгілі болды.
Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойында салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салураына биімделеді.Салықтар тауар- ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. К.Маркс салықты мемлекетті тамақтандыратын ана сүті деп атап өткен /1/
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы,мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеументтік-экономикалық мәні,олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Мемлекеттің бюджет жүйесін қалыптастырушы міндетті төлемдер-салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. жинақтап айтқанда салықтар болып есептелінеді.Салық деп мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтың міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті орган алатын баламсыз,қайтарымсыз,ақшалай міндетті төлем.Салықтар экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құықтық құбылысы болып табылады. Осыған сәйкес салықтардың келесідей белгілерін атап өтуге болады:
Салықтардың материалдық белгісі ретінде салық төлеушінің мемлекетке беруге қажетті ақш тріндегі салықта белгілі ақша сомасы,заттай салық түрінде ортақ белгілерімен айқындалған белгілі бір заттардың көлемі.
Салықтардың заңи белгілері төмендегідей:
1 біржақты-өктем тәртіппен мемлекет белгіленген төлем;
2 тек құқықтық нысанда болатын төлем;
3 заң жүзінде белгіленген төлем;
4 мәжбүрлі төлем;
5 салық міндетті төлем болып табылады;
6 салықты төлеу заңи міндет болуы;
7 өте тұрақты қаржылық міндеттемелр туындататын төлем;
8 құқыққа сай төлем;
9 жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
10 салық төлеуде мемлекеттік бақылаудың болуы.
Экономикалық белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1 мемлекетің салықтық құқығына сай мәжбүлеп алына отырып,бюджет жүйесінің мызғымас материалдық негізін құрайтын төлем;
2 қайтарылмайтын төлем;
3 жекелеген-эквивалентсіз төлем;
4 мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
5 мөлшері алдын-ала айқындалған төлем;
6 қатаң белгілі мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
7 салық-салу объектілерінің болуы;
8 белгіленіп,бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
9 ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
10 мемлекеттің кірісіе қалыптастыратын төлем;
11 меншік нысанының әрқашан мемлекеттік меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
12 қоғамдағы бөлу және қайта бөлу қатынастарын білдіретін экономикалық категория.
Салық түсінігі туралы әдебиеттерде түрлі көз-қарастар айтылған. Л.К.Воронова төмендегідей көз-қарас білдіреді :«Салық дегеніміз жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ,уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың белгілі мөлшерде және белгілі мерзімде бюджетке енгізілетін төлем» /2/. Бұл жерде салықтың қайтарымсыз, міндетті және жекелей-эквивалентсіз белгілері айқындалмаған.
С.Г.Пепеляев өз кезегінде төмендегідей анықтама береді:«салық міндеттілік, жеке қайтарымсыз, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілуі негіздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың меншіктерін алмастырудың заңды нысаны»/3/. Сонымен қатар соңғы кездерде салыққа анықтама беру экономикалық және заңи категорияларға жіктеу көрініс табуда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабында : заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, -деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:
1 пайда (алынған игіліктер) қағидасы;
2 «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидасы.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруі саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастыруың классикалық қағидаларын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Адам Смиттің қағидалары төмендегідей:
1 салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидасы);
2 салықтың мөлшері мен оның төлеу мерзімі алдын-ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидасы);
3 әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидасы);
4 салықты алудың шғындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидасы).
Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорық-зомбылықты жоқ етті,бұл процеске реттемееуді енгізді және А.Смитке «салықтар- оны төлейтіндерге ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән жайлары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Салықтардың пайда болуының және дамуының қоғамдық, экономикалық және саяси мән жайлары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]