Дипломдық жұмыс: Қаржы | Нарық қатынастарының даму кезеңіндегі жер салығының жетілдіру
Мазмұны
КІРІСПЕ
I. ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы
экономикалық мазмұны және ролі
1.2. Жер салығын төлеу және есептеу әдістерінің шетел
тәжірибесі
1.3. ҚР жер қатынастарының даму кезеңдері және оның
заңнамалық негіздері ..
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
2.1. Қ.Р. жер салығының даму ерекшеліктері
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер салығының даму
тенденциялары
2.3. Шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық
режимдерінің дамуы
III. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ
3.1. Жер салығының қазіргі кездегі даму жолдары
3.2. Нарық жағдайында жер салығының жетілдірілуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсірісе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі болып келеді. Сондықтан да жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері-жері жоқтар кедейленеді. Осы қатынастар және жердің шектеулігі, жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырады. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жер салығы болды. Өйткені, жер пайдаланушылар жер иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жер пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жер иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жер салығы арқылы жүзеге асырылады.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтер атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында жер қатынастары саласында нарықты өзгерістер 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған "Жер туралы" Заңда көрініс тапқан болатын. Бұл заңның басы ерекшелігіне осы саладағы қатынастарды жердің әлеуметтік, табиғи заңдылықтарын ескере отырып, реттеуін жатқызуға болады.Жер қатынастарының өзара байланыстылдығын, тұтастығын түсінудегі жер қоры ұғымының маңызы зор.
Жер табиғи объект, өмір сүретін орта ретінде саяси, шаруашылық объектісі ретінде экономикалық функцияларды атқарады. Жердің функцияларының дербестігін олардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жоқтығы деп түсінуге болмайды. Сондықтан, жер - жер қатынастары - жердің функциялық байланыстарын, ерекшеліктерін ескере отырып, реттелуі керек.
Бірақта жерге жеке меншікті енгізу мәселелерінің қайта қаралу қажеттілігі жердің сапалығына, көлеміне, климаты -географиялық шарттарына байланысты болады.
Елімізде жалпылық көзқарас бойынша жер нарығы әлі дамымаған, сондықтан меншіктің жаңа қатынастарын реттейтін заңның (қабылдану) қабылданылуынан потенциалды экономикалық маңызы нарық белсенділігінің көтерілуі тиімділігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикасының негізгі стратегиялық секторы агроөндірістік кешеніне инвестицияларға түседі. Айналымға қосымша учаскелердің түсуінің және жер салығының нақты ставкасының көтерілуінің нәтижесінде барлық деңгейдің бюджеттердің кірістері көбейеді.
Осыған байланысты жер үлестерін талан-таражға салуды тоқтату, жер пайдаланушыларының өндірісті басқаруға қатысуын іс жүзінде қамтамасыз ету атқарушы органдардың жерді пайдалану саласындағы зорлық-зомбылықтарының алдын-алу, жердің экономикалық негізсіз шағын әлеуметтік топтардың иеленуіне шоғырлануымен күресу-қоғамдағы өзекті мәселелерге айналды. Жер жөніндегі жарлықты жүзеге асырудың жағымсыз әлеуметтік, экологиялық, экономикалық салдары, теориялық негізіндегі оқулықтары жаңа заңды қабылдаудың толғағы жеткендігін көрсетті.
Жер реформасының даму логикасын зерделі талдау және оның тиімді пайдалану үшін жер төлемдерін жетілдіру жолдары- жер заңдарының мәнін түсініп, орын алып отырған сол қылықтарына сын көзбен қараумен қатар, заман талабына сай заң қағидаларын іске асырудың тиімді жолдарын іздестіруге бағытталуы керек екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Осы жоғарыда көрсетілген мәселелер аталмыш диплом тақырыбының актуальдылығын нақты көрсетеді.
Қазіргі кезде жер салығы мәселелесінің өзектілігі сол, ол "Жер түралы" Заңның қабылдануымен жерді жеке меншікке беру ұйғарылды, осыған байланысты, жерді жеке меншікке беруге қатысты салық салу проблемаларын қарастыру туындап отыр.
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың мақсатты әрекеттегі жер салығы мәселелерін зерттеу, жер салығының ҚР салық жүйесінде орнын және оны жетілдіру жолдарын анықтау.
I. Жер салығының қазіргі кездегі дамуының
теориялық негіздері.
1.1. Жер салығының нарық экономика жағдайындағы экономикалың мазмұны және ролі
Қазақстан Республикасында қабылданған жер салығы салық жүйесінің бір бөлігі ретінде жалпы салық жүйесіне қойылатын келесі талаптарға сай келуі тиіс: қарапайымдық, салық есептеу туралы ақпаратпен толық қамтамасыз ету, салық төлеуішілері арасында әділетті бөлінуі тиіс. Сонымен қатар салық салық төлеуішінің төлемділігін есепке алу тиіс және ол әр қашанда мемлекеттік бюджеттің нақты табыс көзі болуы тиіс. Барлық осы талаптарға бүгінгі күнде жер салығы тән келеді. Жер ең алғышқы ҚР еңгізілген тікелеей салықтардың бірі болып табылады.
Салық салу механизмі- кез-келген экономикалық жүйенің күрделі бөлігінің бірі болып табылады. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды тәсілі ретінде орын алып, оның әрекет етуінің тиімділігі әлеуметтіқ және экономика саясатының жетістігіне әкеледі. Кез-келген елде мемлекеттік шығындармен салық салу мәселесіне өте үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық экономикалы елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиальдық табыстарды қалыптастыруға басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күшті стильдық құралы болып келеді, әсіресе олар ғылыми- техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асырады да белсенді орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу өте қажетті де, маңызды іс болып табылады.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүкіл өркениетті мемлекеттердегі салықтық реттеу - несие реттеумен бірігіп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына және мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ететін маңызды элементер болып келеді.
Қазіргі кезеңдегі жағдайда салықтардың мәні мен ролі мемлекеттік органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр. Елді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеушіге белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстардың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы мөлшерінің өсуін қамтамасыз етіп отырады. Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістік процестерге де қатты әсер етеді. Бұл жүйе жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып мемлекет капиталының қорлануына асқан ықпал етеді. Сондай-ақ салықтық ретеу шаралары, әртүрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра отырып, капиталдық қорлануына тиімді жағдай жасап,кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді. Бұл мақсатта салықтарды төлеуге түрлі жеңілдіктер пайда болады. Салықтық жеңілдіктердің көмегімен мемлекет өндіргіш күштерін территориалды орналастыруға, инфрақұрылымдық объектілерді құруға және тағы басқа іс-әрекеттерді жүзеге асырады толығымен мүмкін болады. Сондай-ақ салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес салаларды қаржыландыру болып келеді.
Экономикалық реформаның басты мақсаты- шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдету, қолданып жүрген салықтармен төлемдерді реттеу болып табылады.Бұл бағытта ең негізгілерін пайда салығын, қосылған құн салығын, акциздерді мүлік салығын, табыс салығын және бір қатар басқа да салықтардың мәнін артыру. ¥қсас жағдайда салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады, ал ставкалар табыс көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп салық төлеушінің қай кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік береді.Қазақстандағы салық ставкаларының басқа елдердегі осындай салықтардың ставкаларымен теңдес болуы да дұрыс.Бұл өте қажет, өйткені неғұрлым жоғары ставка белгілеу шетелдік инвестициялар тартуға кедергі келтіреді және керісінше, неғұрлым төмен ставкалардың әртүрлі болуынан туындайтын салық капиталды экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне түседі.
Барлық салық түрлерін қоса есептегенде олар тауар өндірушінің табысының 40%-нан аспайды.Оның үстіне экономиканы қайта құру, кәсіпкерлік қолдау көрсету, жол қорлары тәрізді мақсатта қорларды кезең-кезеңімен жою көзделуде. Оларға міндетті түрде қаржы аудару кәсіпорындарға ауыр соғып отырғандығы ешкімге де құпия емес. Сондай-ақ шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу жүйесі де өзгерілгені жөн, бұл өте маңызды, өйткені ол қазір салық алынатын табысты есептеу үшін қажетті негіз болып табылады.Болашақта мұндай негізді неғұрлым толық та дәл анықтау үшін оның құрамына тауар, өнім сату, жұмыс, көрсетілетін қызмет, мүліктерді жалға беру, заем, лицензия беру және басқа табыстың барлық түрлері енетін жалпы табыс негізінде анықтау қажет.Бұл ретте өндіріске байланысты барлық шығындар жалпы табыстан игеріліп тасталынатыны белгілі.
Салық қандай болу керек (жоғары немесе төмен) сауалы экономистердің пікірталасының нысаны. Экономикаға мемлекеттің араласуы салықтық көбеюіне соқтырады, араласуы: әлсіз болса-азайтады.
Негізгі мәселе араласуы мен араласпауы экономикаға қалай әсер етеді.Кейнстен кейінгі оқымыстылар пікірі "Сұраныс экономикасын" қалыптастыруға бағытталған. Олардың ойынша, салықтың жоғары деңгейі қоғамның сатып алу деңгейін, яғни жалпы сұранысты төмендетеді, демек, баға түседі,инфляция сөнеді.Керісінше, салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне әкеледі,баға өседі және инфляция қарқыны жылдамдайды.
"Ұсыныс экономикасын" жақтаушылар кері пікірде: салықтың жоғары болуы кәсіпкер шығынын көтереді, ол тұтынушыға жоғары бағамен ұмтылады, бұл инфляцияға соқтырады, яғни олар салықтың төмендеуін қалайды.
Бұл сұрақтың бір мағыналы жауабын экономикалық ғылым әлі таппады.Бірақ салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс жасауға әрекет жасалынды. Американ профессоры А.Лаффер ұсыныс теориясын дәлелдеген. Табыс салығының көтерілуі бірдей іскерлік белсенділікті төмендетеді немесе кәсіпкерлік қызмет пайдасыз болады.Ал салық мөлшерінің аз болуы жұмысқа, қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелді қабылдауға, ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады.Нәтижесінде салық негізі кеңейеді. Бұл салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс "Лаффер қисығы" деген атау алды.
Сурет 1. «Лаффер қисығы»
Егер салық мөлшері нольге тең болса (0 нүктесі), онда мемлекет ештеңе таппайды.Егер салық мөлшері К і=100%, онда ешкім жұмыс істеуге ұғынбайды, мемлекет те ештеңе таппайды.Қандай мөлшердегі сала (г 0= 50%), табыс салғы ретінде мемлекет алады, бұл саланы Кх максимумына жетеді.(М нүктесі) Салық мөлшерін көтеру әрекеті төмендетуге әкеледі.В. (Ы нүктесі)
Лаффер қисығы қандай салық мөлшерінде салық кірісі жоғарылайды деген сұраққа жауап бермейді.
Салық саясатын нысаналы түрде қатайту инфляция мен мемлекет бюджетінің тапшылығын болдырмау мақсатын көздейді. Дүние жүзі тәжірибесінде, мұндай іс-әрекет дағдарыс жылдары біршама орын алатын еді.Дегенмен, бұл жерде бір қағидасы жағдай шет қалып отыр: шет ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жеке табыс салығының жағдайы және оны жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚҚС төлеу тәртібі мен механизмін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жеке табыс салығының жағдайы және оны жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ЖАНАМА САЛЫҚ ТҮРІ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚҚС төлеу тәртібі мен механизмін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары
Іздеп көріңіз: