Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары

Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары

Мазмұны

КIРIСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------------5

1. БЮДЖЕТ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
1.1. Мемекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы--------------------------------------7
1.2.Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi--------------------------------------------------------12
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуындағы
салықтардың рөлi----------------------------------------------------------------------------25

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖҮРГIЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСIМIН ТАЛДАУ
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау----------------------------------------------------30
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облыс бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау-----------------35
2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi салықтардың ролi-------------------------47

3. МЕМЛЕКЕТТIК БЮДЖЕТТЕГI САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСIМIН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттiк бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң
қалыптасуындағы мәселелер---------------------------------------------------------------51
3.2 Мемлекеттiк бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң
қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру
жолдары----------------------------------------------------------------------------------------54

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------------------------59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-----------------------------------------------------62

КIРIСПЕ
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыландыру қызметi және оның аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты Жолдауында: “Негізгі салықтар бойынша ставкалар¬ды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, кор¬по-ративтік табыс салығы биылғы жыл¬дың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласы¬ның орнына 11 пайыз көлеміндегі бірың¬ғай ставка енгізілді. Инвестиция¬ларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды” деп айта кетті [1].
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi түрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру деңгейiн минималды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Кез - келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi [2].
Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси Үкімет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады [3].
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Дипломдық жұмысым үш бөлiмнен қарастырылған. Бiрiншi бөлiмде мемеклекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы, салықтар бюджеттiң негiзгi көзi, әлемдiк тәжiрибеде салықтардың рөлi, екiншi бөлiмде республикалық және жергiлiктi бюджеттердi талдай отырып, мемллекеттiк бюджеттегi салық түсiмдерiн реттеуге, сонымен қатар, үшіншi бөлiмде салықтарды жетiлдiру жолдарын толығымен қарастырып өтемiн. Жұмыс 9-кестеден, 7-диаграммадан, 1-сызбадан тұрады.

1. БЮДЖЕТ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI

1.1 Мемлекетттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы

Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ²Мемлекеттiк бюджет² деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды [4].
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.[5]
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта ѕнемi айналым болу үшін қажет, және экономиканы түзеу үшін де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшін қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сұранысты қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола тұра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [6]
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
1) мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы.
2) халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшін қолданылады
3) ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.
Осыған орай Мемлекеттiк бюджет атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық мүшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.
Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [7]
Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып тұр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып тұр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшін де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
Қазақстан Республикасының ²бюджет жүйесi туралы² заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарының топталуы.
Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң ұйымдастырылуы.
Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет – республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi.
Бюджет тапшылығы - Үкіметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда , шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикаық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Жеке тұлғалардың меншігіне салық салу тәртібін жетiлдiру
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау

Іздеп көріңіз:
дипломдык Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]