Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР екінші деңгейлі банктердегі сақтандыру ісін жетілдіру

Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  ҚР екінші деңгейлі банктердегі сақтандыру ісін жетілдіру

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………3

1.САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................6
1.1 Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні..............................................................................6
1.2 Сақтандырудың түрлері және олардың жіктелуі...................................11
1.3 Сақтандыру нарығының реформаларын заңмен қамтамасыз ету…….21
1.4 Дүниежүзілік каржы нарығындағы сақтандыру қызметінің даму тенденциясы……………………………………………………………………….31

2. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ САҚТАНДЫРУ ІСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ..................................................................................................................35
2.1 Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-гі сақтандыру ісінің даму тенденциялары.........................................................................................................35
2.2 «БТА-Полис» АҚ каржылық қызметін бағалау......................................48

3. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ САҚТАНДЫРУ ІСІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ............................................................................52
3.1 Қазакстан Республикасындағы ЕДБ-гі сақтандыру қызметінің мәселелері және даму перспективалары………………………………………...52
3.2 Қаржы нарығындағы ЕДБ-дің сақтандыру қызметінің жаңа бағыттары................................................................................................................63
3.3 «БТА-Полис» АҚ ағымдық қызметін одан әрі дамытуды
жоспарлау........................................................................................................68

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................78

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта¬масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар¬ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған» деп айта кетті.[1]
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық» деп айта кетті.[2]
Қазақстандағы сақтандыру ісі бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді. Нарықты экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық түрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарльтғьтмен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уакытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Отандық сақтандыру ісі өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды. Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады. Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында «ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті» деп атап өтті.[4]
Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша корғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік - экономикалык тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады, сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толык қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады. Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған. Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін канағаттандыра отырып даму жолында.
Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды. Ол барлық шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепілдік береді.
Қайта өндіру процесі табиғат, табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым -қатынастарды білдіреді. Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар орнайды. Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел каупі орын алады . Міне, осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына негіз болды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы бағалар құндылықтар кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жаксаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген кажеттілік одан әрі өсе түседі.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегияалық маңызы бар салаларына жатады.
Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтык экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе, екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді. Қазіргі кезде өз жұмыстарын жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі дамыту мен модернизациялаудың әлемдік тэжірибелерге негізделуін қажет етеді. Бұл ең алдымен құқықтык және ақпараттық базаның жетілмегендігіне, әдістемелік жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты.
Осы орайда сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негізін қалыптастырудың ұлттық сақтандыру ісінің даму ерекшіліктері мен тенденцияларын айқындаудың өзектілігі зор. Осындай мәселелердің маңыздылығы, сақтандыру саласының аз зерттелуі сақтандыруды дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде алуыма себеп болды.
Дипломдық жұмыстың бірінші "Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның теориялық негіздері" бөлімінде сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі қызметтері, кайта өндіру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі ролі, сақтандыру қатынастарының жіктелуі карастырылған. Екінші "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісінің қазіргі жағдайы және оның экономикалық көрсеткіштерін талдау" бөлімінде ҚР сақтандыру ісінің даму тенденцияларына, сонымен қатар "БТА-полис" акционерлік сақтандыру компаниясының қаржылык қызметіне талдау жасалынған.
Үшінші "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісін жетілдіру жолдары" бөлімінде сақтандыру ісін дамытудың негізгі бағыттары, Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру ісі аркылы қорғаудың тиімді жолдары ұсынылған.
Қорытындыда сақтандыру ісінің қазіргі жағдайы корытындыланып, зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалған.

1.САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі ролі және
әлеуметтік - экономикалық мәні
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өңдірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдык - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ак ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс эсерінен заңды түлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе тусуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мүндай қажеттілік азааймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсетүседі.[8]
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі - бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс корларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе акша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және корлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі. [9]
Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық корлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтык жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған үқсас операциясы сақтандыру нарығында пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді. [11]
Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи - техногендік сипаттағы карастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік камтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға; ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарына талдау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Сақтандыру нарығының теориясы

Іздеп көріңіз:
дипломдык ҚР екінші деңгейлі банктердегі сақтандыру ісін жетілдіру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, ҚР екінші деңгейлі банктердегі сақтандыру ісін жетілдіру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]