Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының несие жүйесі және оның қалыптасуы мен дамуы
Мазмұны
Кіріспе.
I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің ...........................
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ...........
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ...............
1.2. Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. .......................................................................
1.3. Несиелік жүйені құру принциптері. ..................................
1.4. Несие жүйесінің даму тенденциясы..................................
II. тарау. Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі. .........................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:
міндеттері, қызметтері және операциялары. ....................
2.2 Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі. ..............................
2.3 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары. ............................................................................
III. тарау. Қазақстан Республикасындағы Коммерциялық
банктер. ....................................................................................
3.1 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ......................................................
3.2 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ...................................................................
3.3 Коммерциялық банктердің актив операциялары. .........
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды.
Несие категориясының қазіргі таңда экономикалық мәні жоғары болып отыр. Сондықтан несиелеудің Қазақ стан Республикасындағы жалпы жағдайымен банктердің эконо микасы несиелеудегі пайдалана отырған әдіс-тәсілдерін қарастыру және экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі ретінде несиенің мәні қаншалықты терең екенін түсіну мақсатында аталған тақырыпты таңдадым.
Несиелеу проблемаларын қарастыруда оның құқықтық негіздері болып табылатын Қазақстан Республикасының заң дары пайдаланыл ды. Несиелеу банктер жүйесі арқылы жүр гізілетіндіктерінен реттейтін негізгі құқықтық-норматифтік актілер Қазақстан Респубкасының “Ұлттық банкі туралы” заңы, “банк және банк қызметкері туралы” Қазақстан Республикасының заңы, “ипотекалық несие туралы” заң, “тұтынушылық несие туралы” заң болып табылады.
Курстық жұмысты орындау мақсатында аталған тақырыптың мазмұнын ашу үшін 1-бөлімде несиенің мәні, қажеттілігі, құрылымы, түрлері қарастырылған.
2-бөлімінде несие жүесі және Қазақстан Республикасын дағы не сиенің экономиканы дамыту қызметтері мен рөл дері қарастырылған.
Ал, 3-бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі қарастырылған.
I. тарау. Қазақстан Республикасындағы несиенің
экономиканы дамытудағы ролі.
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Ұдайы өндіріс процессі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процесске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қала ды. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процессінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процессінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.
Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі нақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы –сол қаражаттың бір нақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субфенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтымсыз сипатқа ие.
Несие-бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жәке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несилік қатынастар субьекті сіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несилік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес, мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адам заттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды үғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынатардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процессінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1 - несиелік мәмілеге қатысушылар-кредитор және қарыз алушы - экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде болулары керек несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2 - несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет б.т. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитормен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады. Несиелік қатынастардың субьектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе обьектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығың ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығн білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғары да айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастыралық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар мен несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді.Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады.Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қармағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналстыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз алушы-несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы:
1) Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
2) Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
3) Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысу мен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процессін өркендете түсу керек.
4) Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
5) Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредитор мен экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредитрға қарай кері қозғалатын обьекті болып табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несие – бұл фексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Комерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несинің банктік несиеден айырмашы лығы мынадай:
➢ қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
➢ коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
➢ қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
➢ коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
➢ қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құрамына қосылады.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• коператифтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайымдалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі нормаларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
• Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
• Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Сонғы қабылданған актифтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
• Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Фалютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
➢ Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін жеке жұмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау және көмек көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені таурларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен жалығу жағдайында көрінеді.
➢ Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
➢ Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндетемелер, тұрғындардың жинақ кассасының салымдары болып табылады.
➢ Халықаралық несие - валюталық және пайда төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
➢ Офердрафт несиесі - клиенттік шартынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
➢ Офернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
➢ Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
➢ Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, беретін несие.
➢ Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
➢ Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пай даланатын несие. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
Іздеп көріңіз: