Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қарыз капиталын тарту және жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қарыз капиталын тарту және жетілдіру жолдары

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………
1.
2. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері…………
2.1. Қарыз капиталының экономикалық мәні, жіктелуі және қалыптасу кезеңдері…………………………………………
2.2. Қарыз капиталының жекелеген элементтерінің құнын бағалау. Қаржы тұтқасының тиімділігі…………………………
3.
4. "Dala Group" компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау ……………………………………………………
4.1. Қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқару…………….
4.2. Банктік несиені тартуды басқару және жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру………………………………...
4.3. Тауар (коммерциялық) несиесін тартуды және ішкі кредиторлық борышты басқару…………………………………
5.
6. "Dala Group" компаниясының қарыз – қаражатын қалыптастыру механизмін жетілдіру жолдары………………..
3.1. Облигациялық займ мен қаржылық лизингін басқару…………

Қорытынды ……………………………………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер ........………………………………………...
Қосымшалар ..........................................................................................

Қазақстан экғономикасы дамуының қазіргі кезеңі түпкі өзгерістермен сипатталады. Бұл нарықтық қатнастарға өтумен және бірқалыпты тұрмайтын және қарқынды өзгеріп тұратын экономикалық ортаға байланысты.
Нарықтық экономикаға өту ұлттық экономиканы басқару жүйесін күрделі қайта құруды талап етті, оның өндірістік буындарының алдына олар бұрын-соңды кездестірмеген өзге проблемалар кешенін қойды. Жаңа жағдайларға бейімделу – халық шаруашылығының барлық буындары үшін ауырмалы процесс болып табылады.
Нарықтық экономикаға адекватты тиімді ақша-несиелік қатынастарды құру ғасырлар бойына қалыптасқан несиелеу, есеп айырысу және ақша айналымының жоғалтылған объективті қағидаларын жаңғырту жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін.
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорындар мен компаниялардың өз шаруашылық әрекеттерін қалыптастырып, дамытып және нарықта мықтап орнығуы үшін өз меншікті капиталынан басқа қарыз капиталын пайдаланады. Бұл кәсіпорындардың өндіріс көлемін кеңейтуге, уақытша пайда болған шығындарды жабу және тағы басқа да кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыруда тиімді әдіс болып саналады. Қарыз капиталының көптүрлілігіне байланысты кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетіне сай және тиімді болатын қарыз түрлерін таңдап алуы қажет.
Жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында кәсіпкер рөлін мемлекет атқарған кезде оның барлық функцияларын өзіне алды. Бұдан барлық кәсіпорындардың шығындары, іс-әрекеті көбінесе орталықтандырылған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырды. Бұл жағдай кәсіпорындардың ақша қаражаттарын тиімсіз пайдалануға әкелді.
Қарыз капиталын тарту саясаты – кәсіпорындар мен компаниялар үшін өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, бір жағынан, кәсіпорындар өз қызметтерін қаржыландыруда қарыз капиталы нарығынан бос ақша қаражаттарды алуға мүмкіндіктері туса, ал екінші жағынан, дұрыс ұйымдастырылмаған қарыз капиталын тарту саясаты кәсіпорындардың қаржылық тәуелділігіне немесе банкроттыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.
Барлық әуекомпаниялары, коммуналды шаруашылық компаниялары, жылжымайтын мүліктермен операциялар жасайтын банктер мен компаниялар өздерін қаржыландыру кезіңде едәуір дәрежеде қарыз капиталына сүйенеді. Сондай-ақ, басқа да капиталды көп қажет ететін салалар болат, алюминия, химиялық өнімдер, мұнай және тау-кен өндірістері де осылай жасайды. Басқа жағынан, өз меншікті капиталы есебінен қаржыландыратын дәрі-дәрмек өндіретін компанияны немесе жарнама агенттігін табу қиын. Бірақ-та жылдам кеңеюіне және капиталға деген жоғары қажеттілікке қарамастан, тиімді өсіп келе жатқан компаниялар күрделі займдарды тартуды сирек қолданады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз кәсіпорын үшін қарыз капиталын тарту саятатының маңызын көреміз.
Жұмыстың зерттеу мақсаты – қарыз капиталының мазмұнын ашып көрсету, оның жекелеген элементтерінің құнын бағалау және қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқаруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Жұмыстың зерттеу міндеті – осы мақсаттарға жету үшін ғылыми әдебиеттерге, журналдарға сүйене отырып жұмыстың мазмұнын ашу, сондай-ақ компаниялар үшін қарыз капиталын тартудың маңыздылығын ғылыми негіздей отырып, оны ұйымдастыруға ұсыныстар беру.
Жұмыстың зерттеу объектісі – "Dala Group" компаниясының қарыз капиталын тарту мысалы болып табылады.
Мен, осы дипломдық жұмыста келесідей тарауларды қарастырамын:
1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері;
2. Қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқару;
3. "Dala Group" компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау.
Осы тарауларды ашып көрсетуде көптеген ғылыми әдебиеттер мен журналдар, сондай-ақ "Dala Group" компаниясының мәліметтері қолданылды.
1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері

1.1. Қарыз капиталының экономикалық мәні, жіктелуі және қалыптасу кезеңдері

Кез – келген бизнестің негізі, оның меншікті капиталы болып есептелгенмен, жекелеген экономика салаларындағы кәсіпорындардың пайдаланған қарыз капиталының көлемі меншік көлемінен біршама артық болады. Осыған байланысты қарыз капиталын тартуды және оның тиімді пайдалануын басқару кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің жоғарғы түпкі нәтижесін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорын қаржы саясатының маңызды атқарымының бірі болып есептеледі.
Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды. Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы - ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.
Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:
 Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;
 Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;
 Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;
 Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.
Сонымен қатар қарыз капиталын тартудың кері жақтары да бар:
 Осы капиталды пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қауіпті қаржылық тәуекелділікті генерациялайды – қаржы тұрақтылығының төмендеуінің және төлемқабілеттілігін жоғалту тәукелі;
 Қарыз капиталы есебінен қалыптасқан активтердің табыс мөлшерінің төмендеуін генерациялайды, оның барлық түрлеріндегі қарыз процентіне төленетін сомаға төмендейді (банктік несиеге процент, лизингтік ставкаға, облигациялар бойынша купондық процент, тауарлық несиеге вексельдік процент және т.б.);
 Қарыз капиталы құнының қаржы нарығы конъюнктурасының ауытқуына жоғары тәуелділік. Кейбір жағдайларда нарықта қарыз процентінің орташа ставкасының төмендеуі кәсіпорынның ертеректе алынған несиесін пайдалану (әсіресе, ұзақмерзімді негізде) тиімсіз болып табылады, өйткені несие ресурстарының неғұрлым арзан альтернативтік көздерінің болуына байланысты.
 Қарыз капиталын тарту процедурасының қиындығы (әсіресе, көп көлемде), яғни несие ресурстарын ұсыну басқа шаруашылық субъектілерінің (кредитор) шешіміне тәуелді.
Сол себепті, қарыз капиталын пайдаланатын компания өзінің дамуында жоғары қаржылық потенциалды (қосымша актив көлемін қалыптастыру есебінен) және қаржы тиімділік қызметінің өсу мүмкіншілігін иеленеді, сонымен қатар жоғары қаржылық тәуекелділік пен банкрот қауіпі де төнеді. Компания қауіпті емес жағдайларда өзінің қарыз қабілеттілігін толық жоюға жол бермеуі керек. Компания иелерінің қарыз көзері есебінен қаржыландырудың себебі, ол акционерлердің санын ұлғайтпау.
Қазіргі нарықтық экономиканың шарттары қарыз капиталының мағынасымен тығыз байланысты, яғни меншік иелері өздерінің ақша қаражаттарын қарызға беріп ақша пайызы арқылы пайда алу және бастапқы капиталын міндетті қайтару шарты бойынша алу мақсттары көзделген. Қарыз капиталаның пайда болуы өндірістің, өнеркәсіптің капиталистік әдістің дамуымен анықталған, яғни бұл негізгі атқарушы капиталдың айналымына қызмет көрсететін әдіс болып, ерекше тарихи категорияға кіреді.
Қарыз капиталдардың бірінші және негізгі қайнар көзі болып табылатын қайта өндіру процесінен шығатын қаражаттар, яғни олар өздерінде ақша капиталын жинап отырады.
Ақша капиталдарының өндіріс процесінен еркіндікке шығуға бірқатар субъективтік факторлар әсер етеді:
Біріншіден, бұл кәсіпорынның амортизациялық қоры. Негізгі қорлардың амортизациясы өндірістік қорларды кеңейтуге, жаңартуға және қайта құруға жұмсалған ақша капиталының еркіндікке шығуының нәтижесінде, оның бағасының бір бөлігінің өнімнің өзіндік құнына апарып шығарады.
Екіншіден, өнімді сатып өткізу процесіндегі еркіндікке шыққан тауардың бағасы мен шикізат пен материалдарды сатып алуға жұмсаған жаңа материалды шығындардың арасындағы ақша капиталында көрсетілген еркешелі немесе айырмашылық пайда болады.
Үшіншіден, сол айырмашылық – сатып өткізгеннен түскен табыстың түсу уақытысынан бастап және еңбеканы төлеген уақытысы арасындағы интервал нәтижесінде пайда болады.
Төртіншіден, өндірістік кәсіптің нәтижесінде пайда болған қосымша құнының жинақталуы тек ақша капиталы түрінде ғана емес, сол сияқты өндірісті кеңейтуге, табыстың өсуімен, еңбек күшін жаңартуға, өндірістік қатынастарды нығайтуға белгілі мөлшерге жету үшін жұмсалуы мүмкін.
Жинақталған ақша капиталының бір бөлігі пайдаланылмай тұрса табыс әкелмейтін табыс әкелмейтін байлық түрінде отырып қалады.
Ақша капиталдары арасында пайда болған, яғни байлық пен үзіліссіз қозғалыста жүретін және табыс әкелетін капитал арасында пайда болған қарама-қайшылықтар нәтижесінде несие байланыс сала ретінде көрінеді.
Ол осы капиталдарға жалпы өндіріс айналымында жұмыс істеуге және пайда табуға біреуіне қосымша құн ретінде, екіншісіне ссудалық пайыз түрінде мүмкіндік береді.
Қарыз капиталдың екінші қайнар көзі болып рантье капиталдары (ақша капиталистердің) табылады. Олар капиталистер өзінің байлығын өндіріске салуды және одан пайда алуды жөн көрмейді, сол капиталды басқа капиталистерге немесе мемлекетке қарыз беру арқылы пайда алу дұрыс деп санайды және осыдан бастапқы қарыз капиталын қайтару шарты бойынша ссудалық пайыздар арқылы пайда табуды көздейді.
Ссудалық капиталдың қалыптасуының үшінші қайнар көзіне несиелік ұйымдарға өздерінің түскен табысын және жинаған ақша қорларын салып жүретін қалған несие берушілер бірлестігі жатады. Солардың қатарына зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік бюджеттің уақтша бос ақша қаражаттары, жиналымдар және басқа институттардың, әртүрлі кластардың табысы кіреді.
Сонымен, мынандай түйін шығаруға болады, өндіріс және сауда капитал айналымындағы уақытша бос ақша қаражаттары, жеке сектордың және мемлекеттің ақша жиналымдары қарыз капиталдың қайнар көздерін құрап отырады.
Қарыз капиталының ерекшеліктері келесідей:
 Қарыз берушіге мерзім өткеннен кейін қайтарылатын қарыз капиталы әрқашанда меншік капиталы болып қалады, қарыз беруші өндірістік немесе сауда капиталист сияқты өндіріске капиталын салмайды. Қарыз капиталы тек қарыз пайыздар түрінде пайда алу мақсатында ғана уақытша пайдалануға беріледі. Ол капитал – функциянан айырмашылығы меншік капиталы болып табылады.
 Қарыз капиталын қарызға берушілер оны тауар ретінде өндірістік және сауда капиталистерге қарыздық пайыз алу үшін "сатады". Өз кезегінде соңғылар, яғни өндірістік және қарыз капиталистері сол қарыз капиталға өндіріс қорларын және еңбек күшін сатып алады, пайдаланудың нәтижесінде пайда түрінде олар қосымша құн алады, оның бір бөлігі мен қарыздық пайыз бен қарыздық капитал жабылып отырады.
Сонымен қарыз капиталы айналымы нәтижесінде жалданған еңбекті пайдалану арқылы пайда әкелетін тауар түрінде де көрсетіледі.
 Сауда және өндірістік капиталға қарағанда қарыздық капитал өзінің ақшалы формасын ауыстырмайды. Оның қозғалысы өзінің құрылымын өзгертпейді. Қарызды ақша түрінде ұсынғанда, ол қарыз берушіге тура сол түрде қайтарылады, бірақ басқа қарыздық пайыздың сомасымен қоса есептегендегі өсірілген көлемде болады.
 Қарыздық капиталдың құнының біржақты қозғалымы түрінде жатсынудың арнайы түрі болады. Яғни қарыздық капиталдың қайтарылымы бастапқыдан емес, белгілі бір уақыт өткенне кейін, сату – сатып алу кезіндегі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Компанияның қарыз капиталын тарту және жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Компанияның қарыз капиталын тарту және жетілдіру жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]