Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның ақша айналымын басқару
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................5
1. КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ....................................................................................8
1.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны........................................................................................................................8
1.2 Компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері..................................18
2. «АУРА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-НІҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНТАЛДАУ......................................................................................25
2.1 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымын талдау...............................................................25
2.2 «Аура Қазақстан» ЖШС-нің ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарын талдау......................................................................................32
2.3 Компанияның ақша айналымын қалыптастырудағы «Аура Қазақстан» ЖШС-нің табыстылығын зерттеу............................................................................42
3 КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУМӘСЕЛЕЛЕРІ......................................................................52
3.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың оңтайлы әдістері......................52
3.2 Компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру.............................................................................................59
Қорытынды.................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................78
Тақырып өзектілігі. Компаниялардың қаржыны басқаруда маңызды объектісі ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Нарық жағдайында қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық экономикалық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып танылады. Қазақстанда нарық қатынастарының дамуы компанияның қызметін, соның ішінде қаржы ағымдарының қозғалысы саласын басқарудағы нарықтық қаржы құралдарын қолдану қажеттілігін анықтады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қаржыны басқару туралы еңбектерінде «қаржылық ағымдары» түсінігі кездеспейді. Қолданыстағы анықтамалардың ешқайсы аталған категорияның спецификасын сипаттамайды, тек автордың жуықтауын білдіреді. Компанияның қаржылық ресурстары - қаржылық міндеттерді орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (меншік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация түрінде, ал өзгертілген түрі - компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: меншік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері - тартылған меншік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары болып табылады. Бұл кезеңде қаржы ресурстарын қалыптастырудың екі барынша маңызды мәселелері байқалады, бұл несие мен қарыздарды тартудың жоғары пайыздары мен қарыз және меншік капиталдың ара қатынасы.
Қаржылық ағымдарын басқару мәселелері отандық және шетелдік әдебиеттерде кеңінен таралған. Стратегия мен тактика жалпы қаржыны басқару мәселелері оның ішінде қаржылық ағымдарды басқару бойынша жалпы теория мен методология Бланк И.А., Балабанов И.Т., Тренев Н.Н, Құлпыбаев С.Қ, Өсербайұлы С.Ө., және тағы басқаларының еңбектерінде зерттелген. Бірақ нақты салалар бойынша қаржылық ағымдар мәселелері өте аз зерттелген. Бұл мәселені зерттеудің жетіспеушілігі мен өзектілігі «қаржылық ағымдар», «қаржы саясаты», ақша ағымдарының қозғалысын анықтау көрсеткіштерін талдау осы тақырыпты зерттеудің негізі болып табылады.
Қаржылық ағымдарды басқару санды және сапалы сипаттағы мақсатты бағыттарды қуру мен қабылдау мен оған жетудегі тиімді жолдарын анықтау үдерісін білдіреді. Қандай да болсын басқару оған қажетті ресурстарды, олардың қаншалықты қандай мөлшерде қажеттілігін анықтау мәселелерін шешудегі мәселені бағалауды білдіреді.
Бүгінгі компаниялардың қаржылық ағымдарын басқару қаржы ресурстарын, бірінші кезекте ақшалай ресурстарын басқару мен байланысты.
Компанияның қаржылық ағымдарын басқару қойылған мақсаттарға жету ғана емес, сонымен қатар компанияның басқарушы аппаратының қызметіне баға беруге мүмкіншілік етеді.
Компанияның төлемқабілетсіздігінің алдын алу және дамуының негізгі көздерінің қалыптастыру мақсатында қаржылық ағымдарын басқарудың қажеттілігі экономикалық дамудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Қаржылық ағымдарды басқару тиімділігіне компанияның басшылары, оның акционерлері, партнерлары, қаржы-несие ұйымдары, мемлекеттік бақылау органдары көңіл бөледі.
Сонымен жоғарыда айтылғанның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігінде күмән жоқ екендігін дәлелдейді.
Бүгінгі күні компанияның қаржылық ағымдары концепциясы қаржылық басқарудың жеке дербес объектісі ретінде қаржы менеджметінің негізгі мәселелерінің бірі болып отандық және шетелдік әдебиеттерде көрініс таба бастады. Бұл концепцияның қолданбалы аспектілері қаржы активтерінің қалдықтарын басқару, қаржы ресурстарын қалыптастыруды басқару мен компанияға банкроттық қаупі төнген кездегі дағдарысқа қарсы басқару мәселелерінің құрамында қарастырылатын. Компанияның қаржылық ағымдары барлық түрлері мен нысандарында қаржы менеджментінің маңызды дербес объектісі болып теориялық және тәжірибелік ұсыныстарды тереңдете қарастыруды талап етеді. Ол компанияның дамуы мен қаржылық қызметінің қорытынды нәтижесінің қалыптасу барысындағы ақша ағымдарын басқару кезіндегі ролімен анықталады. Компания үшін қаржылық ағымдарын басқару қажеттілігі жағынан мыналарды танылтады:
- айналым капиталын басқару (қолма-қол қаражаттардағы және босалқы қорлардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерін бағалау);
- күрделі салымдардың уақыт параметрлерін жоспарлау;
- күрділі салымдарды жоспарлау;
- компанияның экономикалық өсуін басқару.
Компанияның тиімді ұйымдастырылған қаржылық ағымдары оның «қаржылық сауықтылығының» маңызды симптомы болып, жалпы қаржы шаруашылық қызметінің жоғары нәтижедегі қорытындыларға жетудің алғы шарты болып табылады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты компанияның қаржылық ағымдары мен олардың компанияның қаржы шаруашылық қызметіндегі ролін зерттеу.
Қойылған мақсатқа сай келесідей мәселелер туындайды:
- компанияның қаржылық ағымдарын басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
- қаржылық ағымдардың экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау;
- қаржылық ағымдарды басқару негіздерін анықтау;
- зерттеу объектісінің мәліметтері бойынша қаржылық ағымдардың қозғалысын талдау;
- зерттеу негізінде қаржылық ағымдарды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының объектісі «Аура Қазақстан» ЖШС-нің қаржылық ағымдары.
Диплом жұмысының пәні болып компанияның қаржылық ағымдары табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып қаржы және экономикалық талдау саласындағы отандық және шетелдік экономисттердің еңбектері қарастырылды.
Дипломдық жұмыста теориялық талдау, жүйелік көзқарас, топтау, жалпылау, салыстыру, функционалдық сыныптау және графикалық суреттеу әдістемелері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы, кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, компанияның ақша айналымдарын басқарудың теориялық негіздері ретінде компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны және компанияның ақша ағымдарын қалыптастыру көздері теориялық тұрғыда қарастырылған.
Екінші тарауда, «Аура Қазақстан»ЖШС-нің ақша айналымдарының қозғалысын талдау барысында, шаруашылық қызметінің сипаттамасы және активтер құрамы мен құрылымына талдау жүргізілген, сонымен қатар ақша айналымын бағалаудағы меншікті және қарыз капиталдарына, ақша айналымын қалыптастырудағы табыстылығына зерттеу жүргізілді.
Үшінші тарауда, компанияның ақша айналымын қалыпастыруда оңтайлы әдістерді пайдалануды жетілдіру жолдары қарастырылған.
1. КОМПАНИЯНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Компанияның ақша айналымын басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
Компанияларда қаржыны басқарудың объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материялдық емес игіліктер.[1, 45б]
Қаржыны басқару уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Жалпы қаржыны басқару ілгеріде баяндалған қағидаттарға негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты, жоспарларды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді бақылауды кіріктіреді. Қаржы басқаруды жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, компаниялардың қызметін мемлекеттік реттеудің заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, компаниялардың қаржыны басқару шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Компаниялардың қаржыны басқару жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, компаниялардың қаржыны басқаруы әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджирлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Компаниялардың қаржыны басқару мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау;
Компаниялардың қаржысын басқаруда маңызды объект ақша ағыны − құн (Д-Т-Д) нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады. Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Компаниялардың қаржысын басқаруда ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік ....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: