Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорындардың қаржы рыногындағы стратегиясын жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс: Қаржы  |  Кәсіпорындардың қаржы рыногындағы стратегиясын жетілдіру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1.1 Қаржы нарығындағы кәсіпорын қызметінің ролі
1.2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының мазмұны мен міндеттері.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ
СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛДАУ
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің факторлары
2.2 Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметінің жағдайы ("Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ мысалында)
2.3 "Петро Қазақстан Ойл Продактс" АҚ бағалы қағаздарының портфелінің қалыптасуын талдау

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Нарықтық экономика жағдайында қаржы рыногының қызмет етуінің мәселелері
3.2 Қаржы рыногындағы кәсіпорындардың стратегиясын дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне он жылдан асты. Бүл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындарған ісіміздің басты түйіні, -деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, -Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек" /1/.
Бүдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.
Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабликалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жүмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары қүрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді түрақтандырудың басты бағыты — шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде нәтиже беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мүндағы басты тұлға кәсіпкердің, алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде түрғындардың сүранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Қазіргі жағдайда кәсіпкер нақты нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін біліп, кәсіпорында қабыддаған қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз ететін саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісіне өтіп, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңеюі қажет.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттіліктің салдарынан туындайды: салмақ, үзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясы анықталмай, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бүл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынаскд ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік ("иесіз") меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапсыздықты іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті әріптестерді таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бүрынғыдай жоғарғыдан жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) өздері таңдайды, өз қалауы бойынша қажетті шикізатты алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дүрыс бағдар тауып,оны үстануына Ісдрай жүмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданатын шешімдердің стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шүғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы түрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресустары жағдайын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы түрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсшорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық түрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шеіпімдерін қабылдау үпіін, басшылыққа нақты үсыныстар беруге болады.
Отандық кәсіпорындардың қаржы нарығындағы стратегиясының мәселесі қазіргі кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қодданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің диплом жұмысын жазуымның мақсаты — кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясын тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлүмат алып,оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен қаржы нарығындағы стратегиясы туралы дүрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, еліміздің үзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
Қойылған мақсат жүмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
• Кәсіпорын қызметінің, қаржы нарығындағы стратегиясының теориялық сүрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау, "кәсіпорын", "кәсіпорын стратегиясы" түсіьсгерінің мазмүнын нақтылау және анықтама беру;
• Ел экономикасындағы кәсіпорын қызметінің қаржы нарығындағы стратегиясының барысына талдау жасап, оның себептері мен саддарын анықтау;
• Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық кәсіпорындар үшін қаржы нарығында стратегия жүргізудегі практикалық үсыныстарды өндеп шығару.
Жүмыстың пәні және объектісі. Жүмысытң пәні ретінде кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясының күраддары және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сүрақтар саналады. Жүмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.
Жүмыстың қүрылымы. Жүмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан түрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.


1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСШОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ

1.1 Каржы нарығындағы кәсіпорын қызметінің ролі

Кез келген шаруашылық субъектісінің экономикалық проблемасы өзінің шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздеу болып табылады.
Жай айналым шегінде макроэкономиканың үш негізгі сүрақтары шешіледі: не өндіру керек, қанша өндіру керек және өндірістік қызмет нәтижелерін қалай бөліп тарату керек. Түрлі экономикалык жүйелерде бүл сүрақтар түрлі жолдармен шешімін табады. Егер рынокта бағалар ресурстарды пайдалануды басқарып отыратын болса, онда экономикалық дамудың рыноктык моделі туралы айтылады. Егер де ресурстарды басқару саяси және әкімшілдік шаралар көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда әңгіме жоспарлы экономика турасында болады.
Кәсіпорындар айналымның қарапайым моделінде жұмыс күшін, капитал мен табиғи ресурстарды өнім өндіру мен қызмет түрлерін көрсетуге пайдаланады. Өздерінің жүмыс күшін сатқан үй шаруащылықтары өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге акщалай төлем жасайды. Сонымен, ресурстар, өнімдер мен табыстардың айналымы жүзеге асады, яши рынокта ақша активтеріне деген сұраныс ақша активтерінің үсынысына төтеп беріп отырады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаржыларын алу әдістері түрлі болғанымен, барлық қатысушылар үшін негізгі принцип сақталып қалады. Рыноктык шаруашылықтың барлық қатысушылары рынокка шығады, атап айтқанда — тауарлар рыногы, ресурстар рыногы, ақша мен капитал рыногы, валюта рыногы және т.б.
Экономикалық жүйеде "қаржы рыногы" термині кең мағына ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандъірылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногыньш күрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бүрын сонды болған емес.
Қаржы рыногы- бүл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағазды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос акдіаларын жүмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардын жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жөне басқа да рыноктармен етене байланысты болады (сурет 1) /2/.

Экономикалық жүйедегі рыноктардың өзара байланысы

Қазіргі кездегі қаржы рыногының негізін көптеген қаржы институттары мен делдалдар құрайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, үлттық шаруашылықта акдіа қозғалысын үтымды үйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде іс-әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында аісщаны қайта бөлуді барлық нысанында реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы, ортақ ұғымы болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы үғымы ақша, валюта, несие, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі.
Қаржы рыногының жалпылама жіктемесін суреттен көре аламыз (сурет 2) /3/.
Экономикалық әдебиеттерде қаржы рыногының ықшамдалған жіктемесі (құрылымы) де кездесіп отырады (сурет 3) /4/.
Қаржы рыногының құрылымы

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын дамытпай рыноктық экономиканы көтеру мүмкін емес. Мәселен, экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстарының жалпы 50 пайызын акциялар мен облигациялар құрайды. Бағалы қағаздар рыногының қажеттілігі мына принциптерден туындайды:
• экономиканы және әлеуметтік жағдайларды қаржыландыру мақсатында қаржы ресурстарды табу қажеттілігі мен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін;
• бағалы қағаздар мемлекеттік ақша, несие саясатының бір күралы ретінде мемлекеттік ақша айналымын реттейді;
• бағалы қағаздар арқылы мемлекеттік меншік жеке меншікке өтеді.
Бағалы қағаздар рыногын дамытудың негізгі мақсаты-Қазақстанның экономикасының тиімді дамуына ықпал ету, рынок экономикасының барлық субъектілерінің қызметтерін белсенділігін арттыру негізінде экономикалық өсуді және қаржылык тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Рыноктағы бағалы қағаздарды реттейтін заң дәл қазіргі кезде даму сатысында. Рыноктың өзі бар, ол қалыптасып, дамуда, ол мемлекеттің қызмет жағдайына және де кәсіпкерліктің дамуына өз әсерін тигізуде.
Ертеректе, рыноктық қатынас алыптаспаған кезде, толық мемлекеттік баскаруда, бағалы қағаз айналымы анағұрлым үлкен болған жоқ және ол тек кана облигация түрінде, яғни, алушының жинақтаушы кітабы, ұтыстық лотерея билеттері, мемлекеттік еңбек жинақтаушы, (сберкассілік) аккредитивтері түрінде болды. Ал заңды тұлғалардың арасында есептік чектер қолданылды.
Рыноктық қатынастың дамуына байланысты бағалы қағаздардың түрлері көбейіп, қор нарығы пайда болды.
Жалпы түрде, бағалы қағаз рыногында бағалы қағаз шығарып, айналдырып, алып—сатуды экономикалық, қарым—катынастарға жатқызуға болады.
Рыноктық экономикаға ауысқалы бағалы кағаз айналымы тез арада өсті, бағалы катаз рыногі қамтыла бастады. Бірақ бұлар тек қана қор ретінде, және инвестициялық бағалы қағазболып есептелді. Оларға—акция, облигацияларды жатқыза аламыз.
Бағалы қағаздар—бүл құжат иесінің басқа тұлғаға қатысты меншік күқығын немесе қарым-қатынасын куәландыратын қаржылык күжаттар.
Бағалы қағаздар қүжаттар немесе есеп-шоттарға жазылу формасында ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Кәсіпорындардың қаржы рыногындағы стратегиясын жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Кәсіпорындардың қаржы рыногындағы стратегиясын жетілдіру жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]