Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсiпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ
І
КӘСІПОРЫН-ЖОСПАРЛАНАТЫН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРІ
1.1. Жоспар нысаны және оның түрлері
1.2. Жоспарлаудың негізгі обьектілері
1.3. Жоспарлаудың түрін таңдауға әсер ететін факторлар және жоспарды ұйымдастыру
ІІ
КӘСІПОРЫН ҚАРАЖАТЫН ЖОСПАРЛАУ
2.1. Кәсіпорын қаражатын жоспарлаудың мақсаты және міндеттері
2.2. Қаражат жоспарының құрылымы
2.3. Кәсіпорынның қаражат жоспарын әзірлеу әдістемесі
2.3.1 Табыс пен қаражаттың түсуін жоспарлау
2.3.2 Шығын және аударым жарнасын жоспарлау
2.3.3 Кәсіпорынның қаражат жоспарын тексеру
2.3.4 Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
ІІІ
КӘСIПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3.1. Кәсiпорындардың қаржылық белсендiлiгiн арттыру жолдары мен олардың iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары
3.2. Кәсiпорынның қаржылық портфелiн қалыптастыру және Ұтымды басқаруда қаржылық стратегиялар құралдарын жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кәсіпорын экономикадағы ең негізгі буын болып табылады. Егер кәсіпорындар тиімді жұмыс істесе, олардың өзара қатынастары орында және тиімді болса, соғұрлым жалпы экономика тиімді болуына мүмкіндік мол болады. Сондықтан кәсіпорынды басқару, жұмысын ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сыртқы ортаның өзгерісінің жылдамдығына байланысты, тек қана ішкі және ағынды мәселеге ғана көңіл аудару арқылы кәсіпорынның қызыметін тиімді ету мүмкін емес. Сыртқы ортадағы, жеткізушілер мен сатып алушылардағы өзгерістер, бәсекеліктің өсуі, ғылым мен техникадағы өзгерістер жағдайына болашақтағы кәсіпорынның жағдайын анықтау барған сайын қиынға айналып барады.
Сондықтан, алда жасалынатын жұмыстардың жоспарын жасау қажеттігі күннен - күнге артып келеді. Ол жоспардың сапасы, құны және жоспар жасауға кететін уақыттың шамасы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында күнделікті есеп - қисаптарды компьютерлер арқылы дәл жылдам жасау мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі заманда мамандардан жағдайды талдап, болашақты көргендік пен болжамай білуді талап етеді. Осы талаптан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселені қамтиды.
Жоспарлау кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды буын болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуін зерттеу. Төменде, әр тарауда кішігірім кіріспеде, жоспарлаудың мәні мен маңызы тағыда нақтылап айтылады.
Бұл жұмыстың барысында мынадай мәселелерді қарастырғым келеді:
- жоспардың түрлері, оның бір-бірінен айырмашылығын;
- әр жоспардың алдында қойған мақсаттары мен атқаратын қызметін;
- жоспарды жасауға қажетті материалдар, ол материалдарды жинау, сақтау және талдау тәсілдері, сонымен қатар олардың құнын;
- әр жоспарды құру күнделігіне, жоспар жасалған мерзімнің ұқасатығының әсерін;
- жоспардың кәсіпорынның қызметі мен өндіретін өніміне байланысты күрделілігін;
- жоспарлау барысында қолданылатын тәсілдер мен әдіснамалардың түрлерін;
- жоспарлау ісінде статистикалық мәліметтердің атқаратын орнын;
- жоспарлау ісіне мәліметтің құрамы мен құрылымының әсерін;
- жоспардың сапасын;
- жоспарға ағымды өзгерісер енгізу мүмкіндігі және оның өнеркәсіп қызметінің нәтижесіне әсерін;
- қаражат жоспарының басқа жоспарлармен байланысы мен өзара әсерлерлесін;
- жоспарлау ісінде мамандардың атқаратын орнын.
Адам баласы қандайда бір істі бастамас бұрын: қай іспен айналысу керек, қашанға, қалай және ол үшін қандай қаражатты пайдаланатынын тиянақты ойластырып алады. Сондықтан, кез-келген қызметте алдымен мақсатты және оған жету жолын белгілеп алу керек.
Алдына мақсат қою үшін көргендік, болжам, жоспар керек. Сонымен жоспар мақсатын анықтауға және оны орындауға қажетті құралдың бірі болып саналады.
Жоспарлау процесі төрт этаптан құралады:
- жалпы мақсатты анықтау;
- жалпы мақсатты кезеңдерге бөліп, әр кезеңнің өз мақсатын нақты, дәлірек анықтау;
- мақсатқа жетудің жолдары мен қажетті қаражаттың мөлшерін анықтау;
- нақты көрсеткіштерді жоспармен салыстыру арқылы мақсатқа жету барысын қадағалау.
Кәсіпорында жоспарлау жүйесін жасау белгілі бір мөлшерде шығынды қажет етеді. Бірақ өндірісті тиімді ұйымдастыру барысында түсетін түсім бұл шығынды анықтайды. Сондықтан ішкі жоспарлаудың өндірістік емес шығын деп қарау дұрыс деп айтуға болмайды. Бұл жағынан қарағанда , өндірістік емес еңбекке жата тұра жоспарлау еңбек өнімділігін арттыруға себепкер болады . Өндірістік емес еңбек деп қарастыратын кәсіпорындар оған қажетті шығынды азайтуға тырысады.
Қазiргi кезде көпшiлiк кәсiпорындар дамудың болашақтағы бағыттары мен түрлерiн ғылыми әдiстемелiк негiздеу, кәсiпорынды дамыту мақсаты мен сыртқы, қаржылық ортаға ыңғайлану арқылы қаржылық iс-әрекеттi саналы басқару қажеттiлiгiн мойындауда. Елдегi макроэкономикалық көрсеткiштерде, нарықты мемлекеттiк реттеу жүйесiнде, қаржылық нарық конъюнктурасында елеулi өзгерiстер орын алғанда және соған байланысты белгiсiздiктер пайда болғанда қаржылық стратегия кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiн келешекте басқарудың маңызды құралы болып табылады. Қаржылық стратегия кәсiпорынның жалпы даму мiндеттерi мен қаржылық идеялогиялары және оған қол жеткiзудiң бiршама ұтымды жолдарын таңдау арқылы анықталатын қаржылық iс-өрекеттiң ұзақ мерзiмдi мақсаттар жүйесiн қамтиды.
Отандық және шетелдiк компаниялар бәсекелестiгi жағдайында iшкi және сыртқы қаржылық орта факторларының мүмкiн өзгерiстерiне ыңғайластырылған қаржылық стратегия құрмай кәсiпорын құру және дамыту қиынға соғады. Мұндай жағдайда кәсiпорынның жеке құрылымдық бөлiмшелерiнiң қаржылық шешiмдерi әртүрлі сипат алып қарама-қайшылықтар туындайды және қаржылық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Жаңа коммерциялық мүмкiндiктерге байланысты кәсiпорынның шаруашылық iс-әрекетiнiң түбегейлi өзгеруi қаржылық стратегияны жасаудың алғышарты болып табылады. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру өндiрiстiк ассортименттердi өзгертудi, жаңа өндiрiстiк технологияларды енгiзудi, өнiмдi өткiзудiң жаңа нарықтарын игерудi және т. б. талап етедi. Мұндай жағдайда кәсiпорынның қаржылық белсендiлiгiнiң едәуiр артуы және оның қаржылық iс-әрекет аясын кеңейту нақты қаржылық стратегияларын жасауды қамтамасыз ететiн болжамды сипатта болады.
Қазiргi отандық экономикалық зерттеулерде макроэкономикалық қаржылық саясатқа қарағанда кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетi, iшкi және сыртқы нарықтарда ұтымды қаржылық стратегияларды жасау мәселелерi өте аз зерттелген. Айтылған мәселенiң теориялық және қолданбалы жақтарының аз зерттелгендiгi осы дипломдық-ғылыми жұмыстың маңыздылығына негiз болды.
Кәсіпорынды қайта құру өте қиын жағдайда, яғни сырттан келетін шикізат, қуат өндіргіштер, айналым қорының жетіспеушілігі және бюджеттік қаражаттың шектеулілігі өндіріс сферасын ынталандыруға толық мүмкіндік бермейді. Тәжірибеден белгілі, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарда жоспарлауды ұйымдастыру мәселесі нашар жолға қойылған. Сондықтан, шаруашылықты тиімді жүргізу шараларын кәсіпорын деңгейінде қарастыру қажет. Мұндай мәселені жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорында стратегиялық жоспарлау жақсы жолға қойылған болуы керек. Нарықты экономикаға сай өндірісті басқару және ұйымдастыру тетігін дұрыс жолға қойылған жоспарлаусыз жасау барлық жағдайда жақсы нәтиже бере бермейді.
1. КӘСІПОРЫН - ЖОСПАРЛАНАТЫН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРІ
1.1. Жоспар нысаны және оның түрлері
Жалпы жағдайда жоспарлануды болашақта не жасау керек екендігі туралы шешім қабылдау деп қарастыруға болады. Жоспарлаудың нәтижесі болып басшы органдардың не, қашан, қайда және қалай жасалу керек екендігі туралы шешімдері табылады. Жоспарлау барысында әртүрлі нұсқаулар қарастырылып, соның ішінен тиімдісі таңдалады. Басшының шешімі төменгі бөлімшелерге тартылып , оларға өз жоспарын құруға негіз болады. Жоспар дегеніміз - алда күтіп тұрған жағдайды ескере отырып жасалған мақсат, оны іске асыру жолдары және кәсіпорын қызметкерлерінің іс әрекеттері туралы шешім дайындау, оның әртүрлі нұсқауларын қарастырып, салыстыру нәтижесінде тиімдісін таңдау.
Жоспарлы шешім қабылдау әр қашан ресурстарды пайдаланумен байланысты. Қысқаша айтқанда жоспар кәсіпорынның ресурсын пайдаланудың бір нұсқасы болып табылады. Сондықтан, кәсіпорынның ресурсы жоспарлауды қажет етеді.
Ресурсты жоспарлаудың мақсаты - оны пайдалануды оңтайландыру болып табылады.
Ресурстарды жоспарлау оның шығынның мөлшерін, бағытын және пайдалану мерзімін, пайдалану тәртібін, өзара ауыстырылымдығын қарастырады.
Ресурсты жіктеу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан жиі кездесетін талаптарды атап өтейік:
Еңбек ресурстары. Еңбек ресурстары деп - еліміздің еңбекке қабілетті, денсаулығы мен білімі бар тұрғындарын айтамыз. Еңбек ресурстары сан және сапа жағынан бағаланады. Сан жағынан бағалау, еңбек ресурстарының санының көрсеткіштерімен сипатталады. Еңбек қабілеті бар тұрғындар екі группаға бөлінеді: экономика жағынан белсенді және белсенсіз.
Экономика жағынан белсенділерге мыналар жатады: халық шаруашылығына еңбек етіп жатқандар, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген жұмыскерлер: балалы әйелдер; әскери қызметкерлер; жәрдем ақы алатын жұмыссыздар.
Экономика жағынан белсенсіздерге мыналар жатады: еңбек ету жасындағы оқушылар; еңбек ету жасындағы мүгедектер; бас бостандығынан айырылған адамдар; уақытша жұмыссыздар.
Экономикалық белсенді және белсенсіздердің ара салмағы кейбір мемлекеттік - экономикалық, саяси және демографиялық факторларға байланысты.
Еңбек ресурсының құрамының сапсы мыналар арқылы сипатталады: денсаулық дәрежесі; білім және біліктілік дәрежесі; жұмыскерлердің жыныстық жас шама құрамы; жұмыскерлердің мұқтаждары.
Кәсіпорын еңбек ресурсы дегеніміз - оның мамандары. Шет ел мамандары кәсіпорынның құрамын мүлік және адам капиталы түрінде қарастырады, оның ішінде бастысы болып адам есептеледі. Еңбек ресурсының кәсіпорында алатын орны мына факторлар арқылы анықталады:
- қазіргі замандағы өндіріс ғылымды және үлкен қаржыны қажет ететіндігіне байланысты, мамандарға қойылатын талаптар да өсті;
- бәсекенің өсуіне байланысты, өнімнің сапасы және оның ғылыми- техникалық дәрежесіне баса назар аударыла бастайды,
оның деңгейі кәсіпорынның мамандарына байланысты;
- жаңа технологиялар енгізудің қажеттілігі еңбекке шығармашылықпен қарауға және жоғары дәрежедегі маман болуды қажет етеді;
- еңбектің ұжымдық түрі ұлғайып келеді, сондықтан бірге қимыл жасау, ынтымақтастық, қарама - қайшылық тәрізді мәселелер пайда болады;
- қызметкерлердің еңбегі, мемлекеттік кәсіпорындардың өзінде де кәсіпкерлік мағына болып отыр.
Жоғарыда айтылған факторлар, еңбек ресурсын жоспарлауда қызметкердің жекелеген қасиетін, әрбіреуінің жеке мүдделігі мен еңбекке деген шығармашылық қатынасын есепке алуды қажет етеді.
Мамандарды өндірістің тиімділігін көрсететін әлеумет ретінде мынандай аспектілер қарастырылады:
- мамандарды таңдау, орналастыру және оны дәрежесін көрсету жөнінде орынды жоспарлаған саясат;
- дайындау, қайта дайындау және мамандық деңгейін көрсету;
- кәсіпорынның мамандар құрамының тұрақтылығын және икемділігін қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді моральді және материалды ынталандыру;
Мамандардың құрамы кәсіпорын өндірісінің құрамымен анықталады. Барлық жұмыскерлер екі категорияға бөлінеді: өндірістк және өндірістік емес деп.
Атқаратын міндетіне байланысты жұмысшы және қызметші болып бөлінеді.
Кәсіпорынның мүлкіне қатысы бойынша меншік иесі және жалданушы жұмыскерлер болып бөлінеді.
Кәсіпорындарда еңбек ресурсын жоспарлауда мынадай көрсеткіштер қарастырылады:
- жұмысшы мамандардың саны мен құрамы;
- еңбек өнімділігі;
- еңбек ақы;
- жұмыс күшінің қажеттілігі және маман дайындау мәселесі;
- қол еңбегінің мөлшерін азайту ;
- мамандар резерві ;
- жұмыс уақытының нормасы, өндірім, өндіріс программасының еңбек сиымдылығы, өндіріс циклының ұзақтығы және т.б. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Іздеп көріңіз: