Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3

І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы............................................5
1.1. Футболшыларды оқыту - жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық қағидалары...................................................................................................................8
1.2. Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара байланысты компоненті..................................................................................................................14
1.3. Футболшылардың дайындық әдістемесі..........................................................17

ІІ-бөлім. Футболшыларды дайындау әдісі мен ойын жүйесі және оған берілетін педагогикалық сипаттама.........................................................................................34
2.1. Футболшыларды дайындағаңда оқыту және жаттығу принциптерін жүзеге асыру...........................................................................................................................39
2.2. Футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері...............................................48
2.3. Оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың алғы шарттары...................................56
2.4. Жарысты ұйымдастыру және жүргізу маңыздылығы....................................62

Қорытынды.................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрылығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Зерттеудің тәжірибеге қажеттігі. Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.

І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы

Біздің елімізде футбол 18-ғасырдың 70 жылдарынан бастап пайда болды. Ресейдегі алғашқы футбол ойындарын ұйымдастырушылары ағылшын жұмысшылары. Сол уақытта ағылшын жұмысшылары мен алғашқы футбол клубтары құрылды: «Нева», «Невка», «Невакий», «Виктория». Одан кейін Харьковтегі ауылшаруашылығы машиналары заводында «Гальферах - Саде», Одессада «Британ атлетикалық клубы» құрылды.
1887 жылы Петербургте алғашқы футбол командасы құрылды «Кружок любителей спорта». 1901 жылы Петербург футбол лигасы құрылды, олардың мүшелері арасында біріншілік өткізіле бастады. Москвада футболдың пайда полуы «Сокольскийдегі футбол үйірмесімен» байланысты. 1909 жылы Москва футбол лигасы құрылыды.
1911 жылы бүкіл Россиялық футбол одағы ұйымдастырылды. Келесі жылы-ақ оның құрамына Петербург, Москва, Киев, Одесса, Харьков, Тверь, Севастополь және Николаев кірді. 1912 жылдың аяғында бұл одақ 52 клубтың одағын біріктірді, ал бір жыл өте - 138 клубты құрады.
1912 жылы Ресей Халықаралық футбол федерациясына мүше болып енеді. Ресейдің футбол тарихында Петербург пен Москва қалаларының кездесуі ерекше орын алады. Осы қалалардың арасындағы алғашқы ойын 1907 жылы 2:0 есебімен Петербург командасының жеңісімен аяқталды. 1917 жылға дейін көптеген кездесулерді Петербург командасы жеңіп келді. 1912-1914 жылдары Ресейде күшті командалар болып: «Уштобе», «Коломяги», «Нарва», «Спорт» (Петербург), «Клуб спорта - Орехово», «Сокольнический клуб спорта», «Новотреева», «Мамантовка» (Моссква), Харьковтың, Одессаның, Тверьдің және Киевтің жекелеген командалары болып саналады.
1912-1914 жылдары Владивостокта, Ириутсиде, Омекус-Казаньда, Саратовта, Самарада және басқа қалаларда футбол командалары пайда бола бастады.
1912 жылы Ресей біріншілігінің бірінші ойыны өткізіліді. Финалда Москва мен Петербург командалары кездесті. Кездесу жеңімпазды анықтай алмады. Есеп (2:2). Ойынды қайта ойнауда 4:1 есебімен Петербургтің құрама командасы жеңіске жетті.
Орыс футболшылары алғаш халықаралық аренаға 1910 жылы шықты. Праганың «Коринтиакс» командасы қонаққа келген болатын. 1911 жылы Москваға Берлиннің командасы, ал Петербургке Англияның олимпиадалық командасы келді. Ол уақытта футболдың техиикасы мен тактикасының қыр-сырын білмейтін орыс футболшылары шетелдіктерге өз дәрменінде қарсылық көрсете алмай, көбінше қонақтар ұтысқа жетті.
1912 жылы Ресей футболшылары Олимпиадалық ойындарға қатысты. Бірақ Ресей футболшыларының Олимпиадаға дайындықтары нашар болатын. Команданың құрылысы Москва және Петербург командаларынан іріктеп алынған 18 ойыншыдан тұрды. Ресейден шығар кезде бірде бір оқу жаттығу житынын өткізбеді, ол аз десе көптеген ойыншылар бірін бірі танымайтын еді. Нәтижесінде бірінші олимпиадалық ойында Ресей футболшылары футболшыларына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жылдың күзінде Ресей құрамасы Венгрияға 0:12 есебімен ұтылды.
Шетел футболшыларына осылай жеңілуіне қарамастан, бұл кездесулер орыс футболшыларының тәжірбиесінің өсуіне септігін тигізді. Олар сол кездегі ойынның техникасы мен тактикасының мейлінше жетілгендігімен танысты, осының нәтижесі келесі халықаралық ойындарда байқала бастады. 1913 жылы Ресейге келген Норвегия командасы Москва командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалып, Ресей құрама командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. «Спорт» Ресей командасы Будапешттің құрама командасын 3:2 есебімен жеңді. 1913 жылы Ресей құрама командасы Швеция және Норвегия құрама командаларымен 2:2, 1:1 есебімен тең ойын көрсетті.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін футболдың бұқаралығын арттыруға көп жағдайлар жасалынды. Кіші қалалар мен ауылдарда жаңа командалар пайда бола бастады.
Футбол жарыстары дәстүрлі футбол қалаларында ғана өтпелі ауылдарда да өте бастады. Тверь, Орел, Воронеж, Смоленск, Саратов қалалары арасында қала аралық жарыстар өткізіліп отырды. Сол кездегі командалардың ешқайсысында жаттықтырушы болған емес, оның қызметін футбол секциясының төрағасы немесе команда капитаны атқарып отырды. Жаттығудың барлығы қақпаға доп тебумен шектелетін, дене-күш дайындығы қолданылмайтын, ал тактикалық жаттығу жоқ болатын.
1922 жылы Поволжья, Урал, Украина және Москва құрама командаларының қатысуымен арнайы ел біріншілігі өткізілді. Финалдық ойында Москва командасы Украина командасын 8:0 есебімен тізе бүктірді. Сол жылы бірінші рет халықаралық кездесу өтті. «Замоскворецкого клуб спорта» командасы Финдердің жұмысшы спорт одағының (ТУЛ) комадасын қабылдап 7:1 есебімен ойсырай жеңді.
1923 жылы дене тәрбиесі Кеңесі құрылғаннан кейін қалалардың футбол біріншілігі ұйымшылдықпен өткізіле бастады. Футбол командаларының саны да өсе бастады. Петроградта 46 ұйымның өз командалары болса, Москвада 30-ға жетті. 1923 жылы 1-ші Бүкіл Россиялық дене тәрбиесі мерекесінде үлкен қалалармен қатар Башкирия және Закавказье, Иркутск, Иваново, Гомель, Ярославль командалары да қатысты. Сол жылы Кеңес футболшылары Москва және Ленинград командалырының ойыншыларынан құралған команда күшті кәсіпқой Норвегия және Швеция командаларына емтихан тапсырды. Ресей Федерациясының бірінші шет елге шығуы ойдағыдай болды. Олар Норвегия командасын 3:2 есебімен жеңіп және сол кездегі күшті клубтардың бірі «Ослоны» 4:1, Швецияда Стокгольм құрамасымен 5:5 тең ойнап Швеция құрама командасын 2:1 есебімен жеңді.
1924 жылы алғаш рет РСФСР біріншілігі өткізілді. Ақтық ойында Ленинград командасы Москваиы жеңді. Осы маусымда II Бүкілодақтық дене тәрбиесі мерекесінде футбол ойыны үлкен қызыққа бөледі. Бұл жарыста Украина құрама командасы ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Жартылай финалда олар Закавказье құрама командасын 4:0, ақтық ойында РСФСР -ді 2:1 есебімен жеңді.
И.Беца, шабуылшылар Б.Татушин, А.Исаев, Н.Симонян, С.Салонников, А.Ильин, Э.Стрельцов, В.Иванов және Р.Рыжнин сияқты футболшылар болды.
1957 жылы КСРО құрама командасы. Кубок Жюля Рим кубогі жолындағы жарысқа түсті (Элем чемпионаты).
Алдын-ала өткізілген ойындарға 48 команда қатысты. КСРО құрама командасы Польша және Финляндия құрама командаларымен бір топта ойнады. Бұл командаларды жеңіп, біздің футболшылар 1958 жылы 16 команда қатысатын финалдық турнирге жолдама алды.
Финалдық ойын ережесі бойынша бірінші ойындар төрт командадан тұратын топтарда айналым жүйесі бойынша бір айналымнан тұратын. Әр топтан жеңіп шыққан екі команда ширек финалға жолдама алатын. Ширек финалдан бастап ойын шығып қалу жүйесі бойынша ойналатын.
КСРО құрама командасы Австрия, Англия, Бразилия құрама командаларымен бір топта өнер көрсетті.
Алғашқы Англия командасымен ойында біздің футболшылар 2:0 есебімен жеңіп тұрып ойын аяғында қарсыластарына ойынды теңестіруге мүмкіндік беріп қойды. Есеп 2:2. Австрия құрама командасын 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін КСРО құрама командасы ең күшті қарсыласы Бразилия құрама командасымен кездесті. Ойын 2:0 есебімен Бразилия футболшыларының пайдасына шешілді. Қорытындысында IV топта Англия және біздің футболшылар 3 ұпайдан жинады, доп айырмасы да 4:4 бірдей болып қосымша ойын өткізілді. Ширек финалға жолдама алу үшін ойын Гетеборгте жалғасын тапты. Тоғыз күннің ішінде өте күшті командалармен төрт ойын өткізгеніне қарамастан КСРО футболшылары Англия командасын 1:0 есебімен жеңіп ширек финалға шықты. Ширек финалда КСРО командасы Швеция командасына 0:2 есебімен ұтылды.
Әлем чемпионы болып бірінші рет, бүкіл дүние жүзін өздерінің жоғары техникасымен және өздеріне ғана тән ойындарымен тамсандырған Бразилия командасы жеңіп алды. Әлем бірінші рет Пеле, Диди сияқты былғары доптың үлкен шеберлерін өз көздерімен көрді. Бразилиялықтар бұл чемпионатта барлық командаларға таңсық 1+4+2+4 жүйесін қолданылды. Бұл жүйе футбол тактикасына төңкеріс жасап, әлем командаларының барлығы осы жүйеге көше бастады.
Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз - құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуін атаймыз.

1.1. Футболшыларды оқыту - жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық қағидалары
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге болады. Оқыту деп - шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық элементтерш, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды меңгеру - оқытудың негізігі мазмұны - техникалық әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл - басқару әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
э) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне, күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары - бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының біртұтас қозғалыс іс-әрекеттері.
Арнайы дайындық - жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.
Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы болып екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футболшыларды дайындаудың әдіс тәсілдері және оған берілетін педагогикалық сипаттама
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футболды оқыту жаттығудағы әдістемесінің теориялық негіздері

Іздеп көріңіз:
дипломдык Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]