Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Мазмұны

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР-----------------------------------------------------4
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР---------------------5
КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------------6

1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ........................8
1.1 Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет, шығу тарихы................8
1.2 Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері----------------------------13

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері............................................................................................20
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру...............................................................................20

3 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ- ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН............................................22
3.1 Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары .............................22
3.2 Жарыстар, жарыс жүйелері.......................................................................27
3.3 Жарысқа қатысушының міндеті................................................................32
3.4 Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі кездегі даму деңгейі..........................49
3.5 Тоғызқұмалақ –логикалық ойын, дамыту негіздері------------------------54

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................58
ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................................................59


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.
Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:
- Тоғызқұмалақтың этностық-педагогикалық мазмұны ашылды;
- Тоғызқұмалақ негізіндеқазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:
- тоғызқұмалақ негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;
- тоғызқұмалақты ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізу.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді.
Тәжірибелік маңыздылығы – алынған нәтижелер тоғызқұмалақтың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ

1.1 Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет, ойынның шығу тарихы

Қазіргі кездері дүние жүзінде зияткерлік ойындарды мектеп бағдарламасына енгізудің бай тәжірибесі қалыптасып келе жатыр. Мәселен, тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлерінің мектеп бағдарламасында орын алған. Жыл сайын тоғызқұмалақпен шұғылданушы жастардың ішінде мектепті алтын белгімен бітірушілердің саны да артып келеді.
Жалпы алғанда зияткерлік ойындар жас ұрпақтың есте сақтау қабілетін арттырып, логикалық және түйсіктік ойлау жүйесін дамытып, оның сабырлығы мен алдына мақсат қою қасиеттерін арттырады. Қиын және анық емес жағдайларда шешім қабылдап, оаған жауап беруге үйретеді. Зияткерлік ойындарда сана-сезімнен басқа, тұлғаның шығармашылық қасиеттері де қатар дамиды. Ол үшін арнайы есептер мен этюдтер пайдаланылады.
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолдан Тоғызқұмалақ ойыны бүгінгі күні елімізде өрлеу, өркендеу дәуірін басынан кешіріп отырғанымен, ұлттық ойынның қыр-сыры толықтай ашылған жоқ. Ұлттық мұраның жас ұрпақтың рухани деңгейі мен ойлау жүйесін дамытудағы орны әлі зерделенбей отыр. Ежелгі көшпенділердің тоғызқұмалақты қандай мақсаттар үшін ойлап тапқаны, оның алғашқы қызметтік мәні де айқындалған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта ұлттық ойынның беймәлім қырларын, әсіресе, ұсақ заттарды ұстағанда, оның ми қозғалысына әсерін тоғызқұмалақ ойыны арқылы зерттеу жүргізу - уақыт еншісінде.
Француз тілінен аударылғанда "этюд" - зерттеу деген мағынаны білдіреді. Яғни зияткерлік ойындарда этюдті шешу дегеніміз - ізденудің жолы, шығармашылық қабілеттерді дамытудың таптырмас көзі.
Тоғызқұмалақ ойыны да зияткерлік ойындардың күрделі түрі ретінде мұндай композициялық ерекшеліктерден кенде болмаса да, әлі күнге дейін тек этюд жанры ғана дамып отыр.
Тоғызқұмалақ ойындары - жоғарыдағы зияткерлік ойындардың ішінде ең көп тарағаны және түркі халықтарының кқпшілігінде кездеседі. Тоғызқұмалақ секілді ойындар кездерден әр түрлі пішінде Орта Азия және Қазақстаннан бастап, Индия, Кариб аралдары, Египет, Шри Ланка, Солтүстік Африкаға дейінгі аралықтағы жерлерде таралған. Мұндай ойындар - "Калах", "Мангала", "Овари", "Бао", "Жонглак", "Габата", "Енкешуй","Вари" және тағы басқа атаулармен көптеген елдерге белгілі болған. Еуропа ғалымдары бұл ойындарға әлемдік зерттеулерде "мангала" деген ат берген. "Мангала" араб тілінен аударғанда "жылжыту", "қозғау" деген мағынаны білдіреді.
Тоғызқұмалақ ойынының ережелері де алғашқы кезде бір ізді болған жоқ. Ұлттық ойынды зерттеген ғалымдардың еңбектерінде бұл ерекшеліктер нақты көрініс тапқан. Тоғызқұмалақ туралы зерттеулер ХІХ ғасырда шетелдік этнограф тарапынан жүргізілді. Бірақ олар тек қана ойынның атауы мен ережелеріне ғана тоқталып, олардың кездесетін өңірлерін айтумен ғана шектелді.
Қазақ халқының ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген.
Тоғызқұмалақ - 4 мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К.Каукетаев, Р.Абдулдин және осы өнерді серік еткен М.Әуезов пен Қ.Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.
Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі –тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып жетіліп келеді (1 сурет).
Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы » деп аталған [1, 2]. Шындығында бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан » мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған.Тоғыз құмалақ ойыны қай кезде шығып,қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз.Ал, негізінде ,қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне

1 сурет – 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны

ойып салған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне заманда ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұңқыр деген тастөбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған.Бұл тақтаны қай кеэде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені, малшылар Ақшұңқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған.Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға ойып салынғаны белгілі болып отыр [3, 4, 5].
Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан,оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға балады.Ойын ойлауды ұштайды, есте сақтау қабілетін, математикалық ойлауды дамытады. Ойынның көптеген тәсілдері бар. Ол ойыншыдан аса төзімділікті, қорғану тактикасын шабуыл жасау әрекеттерімен шебер ұштастырып отыруды талап етеді [6, 7, 8, 9, 10].
Тоғызқұмалақ ойыны әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен дами бастады. Әлемдік өркениеттің дамуына елеусіз үлес қосып, ғажайып құндылықтармен бірге қаншама туындыларды дүниеге әкелген түркі халықтары адамзаттық дамудың көшінен кеш қалып көрген емес. Елбасы атап көрсеткендей: «Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ – киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні ойлап тапты». Сондай-ақ адамзаттың ақыл-ойының жемісі болып табылатын зияткерлік ойындарды ойлап тауып, болашақ ұрпағын ержүректілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттермен бірге зиялылыққа, шебер ойлау мен шыдамдылыққа тәрбиелеп баулып отырды. Түркілердің дене тәрбиесі мен ақыл-ой ойындарына қатты мән беріп, дамытып отырғаны жөнінде М.Қашқаридың «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегінде де кездеседі. Еңбекте қарастырылатын «қарағұны», «ілекеш», «шөген», «көшүрме» сияқты ойындардың қатарына зияткерлік тоғызқұмалақ ойынын да жатқызуға болады (2 сурет) [11, 12].


2 сурет - Тоғызқұмалақ – жияткерлік ойыны

Тоғызқұмалақ ойынында қандай бағыт таңдау да, болашақ жеңіс үшін нақты жоспар құру да отауларда орналасқан құмалақтар арқылы шешіледі. Ал құмалақтарды отауларда өз қалауыңызша орналастыру үшін қай отаудан бастап жүру немесе қарсы отаудан жауап беру, қай отауда құмалақтарды көп ұстамау және ойында маңызды боп есептелетін тұздыққа ие болу үшін қай отауды таңдау мұның барлығы отаулар жөніндегі толық түсінігіңізге тікелей байланысты [13, 14].

1.2 Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері

Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі –ол аса күрделі жабдықты қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған.Барлық құмалақты салатын шұңқырды-қазан,тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды-отау деп атаған [15, 16, 17].
Тоғызқұмалақ ойынында қарама-қарсы 2 қатар орналасқан барлығы 18 отау бар. Отаулар екі жаққа тоғыз-тоғыздан бөлінген. Алғашқы кезде әрбір отау «а» әрпінен бастап тоғыз отаудан солдан оңға қарай а, б, в, г, д, е, ж, з, и әріптерімен белгіленген. Бұл отауларға әріптік белгілер қойған Ш. Ыбыраев болатын. Алайда ойынды бұлай белгілеп жазу кезінде қиындық туғызғандықтан, 1974 жылдан бастап әріптік белгіден сандық белгіге көшірілген. Оның авторы – С. Тілеубаев. Ойыншының бірінің тоғыз отауына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақстан жастарын футбол бағытындағы спорттық қабілетін дамыту жолдары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күрес
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні

Іздеп көріңіз:
дипломдык ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]