Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Таңдап алынған мамандыққа байланысты сабақ өткізуден кәсіптік педагогикалық шеберлікті жетілдіру
Мазмұны
І-тарау. Таэквандо тарихы.....................................................................................3
1.1.Таэквандоның басты әдістері............................................................................10
1.2. Тұрыстар..............................................................................................................14
1.3. Соққы техникасы................................................................................................18
1.4. Қозғалыстар.........................................................................................................22
ІІ-тарау. Дене қыздыру..............................................................................................31
2.1. Физикалық дайындық........................................................................................39
2.2. Психореттегіш жаттығулар...............................................................................47
2.3. Қазіргі заман Таэквандосының тәсілдері........................................................49
2.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Таэквандо спортының даму тарихы.................................................................................................................54
2.5. Жылдың басты жоспарына дайындықтың үлгі-моделі..................................57
Қорытынды ................................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................61
І-тарау. ТАЭКВАНДОНЫҢ ТАРИХЫ
Таэквандо тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.
Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін "ар хат қолдарының 18 қимылы" атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат - Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.
Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен өйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс.
Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелген тәсілінің түрлері "Шаолинь кэмпосы" атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.
Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады.
Шаруалар соғысы және азаматтық булік кезінде Бодхидхарма орт үстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше "Бес Баба" Фукиен провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Қытайдағы Оңтүстік Шаолиные кетеді.
Осылайша "Шаолинь кэмпосы" ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады.
607 жылы Суй династиясы заманында Қытай Рюкю архипелагымен жақсы сауда қатынасын жасады. Архипелаг бірнеше ұсақ аралдар тобынан тұрады. Сакисима, Окинава, Токара және Амали аралдары.
Аралдар сызбасы. Окинава - аралдардың ішінде қатты созылып жатқан, көлемі шамамен 1254 шаршы шақырым ең ірі арал. Орта есеппен аралдың ені 10-13 шақырым, ал ұзындығы шамамен 108 - 110 шақырым болады.
Көптеген ірі елді мекендер аралдың оңтүстік бөлігінде топталған. Бұл Наха, Сюри және Томари қалалары. Ең ірі порт-Наха қаласы. Ол аралдың елордасы болып табылады.
Қытайдың жағалауына дейінгі арақашықтық тікелей 600 шақырымнан асады.
Архипелагтың этникалық халқы жапондықтармен туыстас, диалектілерде Рюку деп айтылады.
1372 жылы Окинава әміршісі Сацудо Мин династиясының императорлық ауласынан вассалъды қатыстьшықты мойывдады. Екі ел арасында лауазымды түлғалармен алмасу болды және 1392 жылы Окинавада түрып жатқан Қытай отбасылары Кэмпо аралына өкелінді. 1429 жылы Окинаваның ұлығы Се Ха Си өзінің қол астында аралдарды біріктірді және қарудың барлық түрлерін ұстауға тиым салды, өйткені тұрғындарда қарудың болуы ерте ме, кеш пе қарулы көтеріліске әкелуі мүмкін.
Бұл жоғары атақтылар және өкілеттік шенеуніктерге бола жасалды.
Халық шенеуніктер мен өскерлердің озбырлығынан, сондай-ақ аралдың орманды тауларывда жасырынған қарақшы тобынан қорғансыз болды. Бұл шаралар көптеген шаруалардың қарусыз күйде қоян-қолтық ұрыстан рухтың қатандығын, күш-еркін, жаттығу бұлшықеттердің болаттығын қаруға қарсы қою мақсатында көмек іздеуіне алып келді.
1606 жылы бірнеше мың жауынгерлер самурайлар қолбасшы Симадзудьщ басшылығымен Окинаваға түсірілді. Аралдың қару-жарақсыз тұрғындары қарсы тұра алмады және арал қоршауға алынды, басып алынды. Окинава Жапон империясының протекторатына айналды. Халық алым-салықпен салықтанды, қатыгез дискриманациямен тартылды. Жауап ретінде шаруалар салық жинаушыларды өлтірді, ұсақ самурай қарауылшыларын талқандады.
Сонда 1609 жылы жапон наместнигі қару ұстауға тиым салу туралы екінші қатаң екім шығарды. Суық қаруды жасырған шаруалар, қалалықтар сондай-ақ монахтар өлім жазасына кесілді. Он жыл ішінде әрбір ауылда тек бір ғана үлкен пышақты селоның орталық алаңында байланған аңдар мен балықты кесу үшін қалдыруға келіп жетті. Әл келмейтін салық саясаты мен басып алушылардың озбырлығы ұйымдасқан қарсы шығу ошағының пайда болуына әкелді. Жағалай көтеріліске жете қоймаса да, шектен шыққан самурайлармен соқтығыстар жиі болып тұрды. Окинава халқы құпия қоғамдарға біріге бастады және деревнялар мен селоларда өзін-өзі қорғау одақтарын құрды.
Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі "Тэ" деп аталды, оны жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқьща ешқандай да аты болмады. Тек уақыт өте келе оған "кобудо" деген ат берілді, оны шаруалар мен балықшылар тәжірибеледі.
Сол Окинава-тэ стилі қалаларға бөлінді: Наха-тэ, Сюри-тэ және Томари-тэ. XVII жүзжылдық ағымда мектептер терең астыртын әрекет жасады. Барлық шәкірттер өз қанымен құпияны сақтауға ант берді. Егерде кімде-кім туыстарын жапондық өкілдерге зорлықпен сатып қойса, онда ол сатқынды әшкере өлім жазасы күтіп тұрды. Оны қайықпен теңіздің терең жеріне алып кетіп, жеңіл тілгілеп байланған күйінде суға лақтырған. Қанның иісіне ақулалар жиналады және мысық-тышқан ойынынан кейін қылмыскердің антын жеп қояды.
Окинавалықтардық самурайлармен соқтығысынан кейін өз кәсібінің барлық бірлігінен тіс қаққан тәжірибелі жауынгерлермен араласуға тура келді. Жеңіске деген мүмкіндік үлкен емес, соңца да бұл мүмкіндікті кез-келген құнмен болса да алу керек болды. Осыдан барып Иккэн хисацу принципі жарыққа шықты ("бір соққымен сеспей қатыру").
XVII-XVII ғасырлар арасында "Тэ" және "кобудо" стильдері архипелагтың әйгілі аралдарында қытайлық жекпе-жек жүйесінің фрагменттерімен (то-тэ) бірікті, содан барып "Окинава-тэ" ("қытай қолы") деп аталатын әйгілі жаңа өнер дүниеге келді.
"Спорттық" жекпе-жектерде қарсыластар арасында әдетте у-шу нәтижесіне келтіретін.
Қажырлы жаттығулар кезінде қол мен аяқты қирату күш қаруына, айлалы әрі айтқысыз бағдарлама бойынша әрекет ететін қаруға айналдырды.
Ерекше қажырлылық қол мен аяқты шынықтыру үшін жасалды, тек болат қол ғана панцирьді ұра алады немесе самурай шлемін уатады.
Жұдырықты алғашында жай ғана макивареде шынықтырады (сабанмен оралған вертикалды тақтайша), самурай қылыштарына қарсы қорғану құралы ретінде шаруалардың еңбек құралын пайдалану тәжірибесі де осымен қатар іске асырылды. Бірнеше онжылдықта кэмпо шеберлерін дайындау құпия қоғамының аясында және өзін-өзі қорғау одағы қатаң құпия түрде жүріп жатты. Сол кездегі бірде-бір ұстаздардың, бірде-бір мектептердің аттары қалмаған.
XVII ғасыр ортасында бірнеше жыл Қытайда тұрған және сонда цуань-шу, бо-дзюцумен айналысқан, Акатадан шыққан қандай да бір Сақутава отанына оралып, Сюри қаласында Таэквандо-но-Сакугава жеке мектебінің негізін қалағаны белгілі. Бұл "кара" ("қытайша") иероглифінің мектеп атауы ретінде қолданылуының бірінші жағдайы еді.
XX ғасырға дейін Окинавада Таэквандо сөзі екі иероглифпен жазылатын: кара сөзінің баламасы "Тян династиясын" басқаруы кезіндегі "Қытай" мағынасын білдіреді, бірақ кейде "Ұлы Қытай" және тэ-"қол" түсінігін беруде кең мағынада да қолданады.
XIX ғасырдың 30 жылдарының басында Сакугаваның шәкірті Сокон Мацумура Серидзи-Рю Гокону Таэквандо мектебін құрды ("Шаолинь стиліндегі Таэквандо Отавды қорғау үшін"). Бұл мектеп кейіннен пайда болған Окинавалық стильдер мен мектептердің негізгі өзегі болды.
1871 жыддан бастап Жапония Окинаваға өздерінің заңын және білім жүйесін енгізе бастады, ал корольдіктің өзі автономиялы мемлекеттерден 47-ші империя префектурасына айналдырды.
Бұдан басқа, 1872 жылғы буржуазиялық реформалардың арқасында самурайлар өздерінің күшінен айрылды және басқа сословиялардың құқыларымен теңесті. Осы шаралардың нәтижесінде окинавалықтар мен самурайлар арасындағы соқтығыстар токтатыдды. Бірақ құпия қоғамдар сақталды әрі олардың мүшелері Таэквандомен және кобудомен қажырлы айналысуды жалғастырды Окинавалықтар бұлардан енді ұлттық рухқа күш беретін қайнар көзін көрді.
Осылайша Окинавада жекпе-жек өнерінің астыртын дамуының ұзақ мерзімі бітті.
XVII ғасырдың соңына қарай шақыру пункттеріндегі және бұйрық беру өкілдері тэ жүйесінде айналысып жүрген Окинавалық денесі жақсы шыныққан шақырылдарғандарға көңіл бөлді. Бұл тексерудің қорытындыланған берілгендері Окинаваның кейбір оқу орындарына эксперимент тәртібінде Таэквандоны оқу пәні ретінде енгізу негізделді.
Мемлекеттік мекемелерде Таэквандоні ашық түрде оқытатын ұстаз, ескі Окинава стилі Сюрк-тэ Ясуцуне Итосу болды. Ғажайып техник, жекпе-жекші және тамаша ұстаз Окинаватэның Окинавадағы бастауыш мектебінің оқу бағдарламасына 1900/1 оқу жылынан бастап енгізілді. Ежелгі Окинавалық қоян-қолтық ұрыс мектебін негізгі екі топқа: "Серин-рю" (Сюри-тэ және Томари-тэ стилін өзіне енгізуші) және "Серэй-рю" (Наха-тэ стилі) бөлу жалпыға бірдей қабылданған.
Жалпы айтқаңда, "Серин" және "Серэй" терминдері әртүрлі мағынада қолданыла алады. Қытай стилі "шаолинь-цюань" (монастырь атауы бойынша "жас орман жұдырығы") Окинавада белгілі болған кезде Серин термині де қытайлық сөзінің "Шао-линь" Окинавалық айтылуымен пайда болды, ал Серин-рю атауы "жас орман мектебін" білдіреді. Бірақ бұдан басқа "се" деп оқылатын иероглиф бар, бірақ ол "жас" емес "емен" деген мағынаны білдіреді, мұны өзінің мектебінің аты ретінде Итосу Ясуцунэ қолданған. Оның "Серин-рюі" "еменді орман мектебі" мағынасын білдіреді.
Ал "Серэй" термині "Шаолинь" иероглифінің оқылуының жергілікті вариантын ұсынады және Наха аймағы диалектінде "жас орман" мағынасын білдіретін.
"Кэмпо" термині "цуаньфа" қытай иероглифінің Окинавалық оқылуын білдіреді ("жұдырық әдісі" немесе "жұдырық заңы") өте ертеде XV ғасырда Окинавада белгілі болған алғашқы Қытай у-шуының мектебін осы "Кэмпо" сөзімен атаған.
Жапоңдықтарға Таэквандоні таныстырудың алғашқы әрекетін 1886 жылы Жапонияға сапар шеккен Окинавалық шебер Азато Анко жасады. Ол өзінің 59 жаста екеніне қарамай дәстүрлі ұрыс өнерінің көптеген шеберлерін, атап айтсақ Сакудзиро Екояманы, мықты дзюдошы Сайго Сиродан кейінгі Кодокананды жеңген. Бірақ Азатоның бұл тамаша жеңісі айналасындағылардың ешқандай қызығушылығын туғызбады. Екінші әрекетті 1915 жылы Окинавалық дәрігер Читосэ Цуеси жасады, бірақ оның да әрекеті байқалмай өтті. Үшінші өрекет Гитин Фунакоси атымен байланысты. Білім министрлігінің шақыруымен 1917 жылы Гитин Фунакоси Киотоға келеді, онда ол Бутокукайда таныстырылады (ұрыс өнерінің Жапондық одағы).
Жапонияда Таэквандоның таратылуы Осакаға Окинавалық шебер Мотобу Чоки келген 1921 жылы бастадды. "Еуропалық Таэквандоның әкесі" Анри Пле (Франция) айтқандай Мотобу Чокисіз Таэквандо Жапонияда ешқашан танылмас еді, онда жекпе-жек өнерінің ұстаздары Окинавалық "то-тэге" терең қарайтын еді.
Мотобу ұрыс өнерінің өзінің шеберлерімен бірге әйгілі отбасыдан шыққан, отбасылық стиль "Го-тэн-тэ" немесе "Мотобу-тэ" деп аталған және Мотобу Чохеден бастау алған. Мотобу Чоки "Го-тэн-тэден" басқа Серин-рю бағытының бірнеше стилін үйренді. Алып дене күші бар Мотобу өте тез арада Окинаваның ең әйгілі жекпе-жекшілеріне айналды. Ал өзінің айтқысыз қимылдары үшін Чокуға "маймыл" деген ат қойылды. "Кумите" тәжірибесінде Мотобу Чоки стилі қатаң байланысты болды және өзінің мақсаты-нокаутты алға қойды. Осыдан Чокидың тағы бір аты шығады-"тейдзикун" (Окинавадан аударғанда "сеспей қатыратын жұдырық" мағынасы). Мотобу Чоки көрсеткішті шығулары және өз қалауымен ұрысқа шыққысы келгендермен болған жекпе-жегі арқылы өз өнерін насихаттады, Жапонияда Таэквандоны бекітуді бастады және Гитин Фунакосиге баға жетпес көмек көрсетті.
1921 жылы 6-наурызда кронпринц, болашақ император Хирохито Еуропадағы сапарынан келе сала, Окинавалық Таэквандоның жетістігін көзбен көруді қалады. Ол үшін Сюри ғимаратында ката, тамэшивари және кумите ұйымдастырылды. Принц жіңішке денелі болғанымен ұрыс әрекетіне таң қалды. Бұл Таэквандоның тағдырына оң ықпал етті. 1922 жылы көктемде Білім Министрлігі Токиода спорттан алғашқы ұлттық көрмені өткізді. Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың шақыруымен Гитин Фунакоси Таэквандоның оқулығының үш томын алып кедді.
Кітаптың гранкалары мен қолжазбалары Токиодағы жер сілкінісі кезінде опат болды, кейіннен жаңа кітап ("Дене мен рухты шынықтыру, сондай-ақ Таэквандо арқылы өзін-өзі қорғау" кітабы) жазылды ("Рэнтан госин Таэквандо-дзюцу"). Таққа отырған жаңа император-Хирохито Г.Фунакосидың шығармасымен танысып, оның жетістігін жоғары бағалады. Кано Дзигароның (қазіргі дзюдоның әкесі) және кэндоның шебері Накаяма Хакудоның шартымен Фунакоси бірнеше шәкірттерімен Токиода қалады.
19 жасынан Фунакоси бастауыш мектепте ұстаз болады Окинава және Жапон тілдерінен басқа Қытай тілін де еркін меңгерген. Ол поэзиямен (оның лақап аты "сето"-"Емен мен толқын"), философиямен, каллиграфиямен айналысқан тәрбиелі, инабатты адам болған. Шебер Фунакоси 15 жасында Сюри-тэ стилін үйренуді бастаған. Алғашқыда оның ұстазы Азато Анко баласы, содан кейін патриархтың өзі болды. 1890 жылы ол Итосу Ясуцинге оқуға түседі. 1924 жылы Г.Фунакоси Мэйсэй-Дзюкудағы жатақханадан бірінші клубты ашады және насихаттаумен айналысады, астаналық университеттерде Таэквандоны енгізеді.
Кейінгі жылдары Г.Фунакоси өзінің "Таэквандо кехан" кітабын шығарады және сонымен бірге Сетокан-рю стилінің шыққаны туралы хабарлайды.
Сетокан эмблемасына қызыл күн мен аппақ жарты ай белгіленеді, тотемдік рәмізі-оң аяғын көтеріп тұрған жолбарыс және оның үстінде "ке" иероглифі "үйрену" бар....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу
Іздеп көріңіз: