Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

Дипломдық жұмыс:  Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ
1 ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ БОКС ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ӘСЕРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
1.1 Таулы аймақтың адам жұмыс қабілетіне әсер етуі
1.2 Таулы климат жағдайындағы жаттығу жұмыстары
1.3 Тау климатына бейімделу
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері
2.2 Зерттеу ұйымдастырылуы
3 ОРТА ТАУЛЫ АЙМАҚТЫҢ БОКС ӘДІСТЕРІ
3.1 Бокс әдiсiнiң жiктелуi
3.1.1 Ұрысқа қажеттi тұрыс
3.1.2 Адымдап орын ауыстыру
3.2 Қорғаныс әдiстерi
3.3 Бокс тәсiлiне оқытудың негiзi әдiстемелiк әдiстемесi
3.3.1 Боксшыны жаттықтыру әдiстемелерi
3.3.4 Боксшыны оқыту және жаттықтыру құралдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Әр түрлі елдерде соңғы бірнеше онжылдықта көптеген спорт түрлерінде орта тау биіктігінде (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) жаттығуларды өткізу кеңінен қолданылатын тәжірибе. Бұл жағдай спорттық жетістіктердің өсүіне ықпал етеді, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік, физикалық және әдістік қасиеттерін жетілдіреді.
Орта таулы аймақтарда спортшылардың тиімділігін арттыру үшін бапкердің нақты мақсаты болуы керек:
1)орта таулы аймақта болатын жарысқа дайындық
2) таулы аймақтарда спорттық жетістіктерді арттыру үшін жаттығулар
3) әр түрлі биіктерде өтетін жарыстарға дайындалу үшін
Сондықтан дайындалу мақсаттарын нақты ажырату керек.
Қазіргі уақытта, теориялық және эксперименттік зерттеулерде осы мәселеге қатысты биомедециналық жұмыстар басымдық алады.
Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.
Біршама төмен тау ауасы темпаратурасы жағдайында жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды, назар аудару мүмкіндігі, қозғалыс дәлдігі мен координациясы, реакция жылдамдығы, жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауысу қабілеті жақсара түседі.
Осыған дейін белгілі болғандай, таулы ауаның гигиеналық сипаттамасы оның физикалық қасиеттеріне байланысты — температура, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, күнрадиациясы; радиобелсенділік, электр жағдайы, химиялық құрамы, механикалық қоспалардың болуы (шаң, ыс, түтін), микрофлора (бактериалдық ластану деңгейі). Жоғарыда санамалап өткен факторлардың әрқайсысы белгілі бір физиологиялық мәнге ие. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғарылаған сайын, ауа таза және адам ағзасына жақсы әсер етеді: тыныс алу, адамның көңіл-күйі, жалпы өзін-өзі сезінуі, тәбеті және ұйқысы жақсара түседі.
Таулы жерлерде адам ағзасына атмосфера қысымы мен оттегінің парциалды қысымының төмендігі де әсерін тигізеді. Егер қалыпты қысым жағдайында әрбір тыныс алған сайын өкпеге 400-600 см3 ауа кіретін болса, бұл (минутына 16-20 рет тыныс алған жағдайда) 6-8 л көлемді береді, ал қысым төмен болған жағдайда 1500-2000 м биіктікте ішке кіретін ауаның мөлшері сәйкесінше 600-800 см3 және 9-11 л/мин дейін арта түседі. 1500 м жоғары биіктікке бірінші рет шығып тұрған адамның бойында физикалық жұмыс істеу кезінде (аз мөлшерде болса да) гипоксия белгілері көрініс табады – тыныс алу мен жүрек соғуы жылдамдығының артуына негізделетін тау ауруы, бұл жағдайда адамның көңіл-күйі біршама көтеріледі, жылдам қимылдар жасалады, алайда бұл қозғалыстар біршама үйлестірілген, ым-ишара көбейеді, адам тез сөйлей бастайды. Біршама уақыт өткеннен кейін адамның ағзасы жаңа жағдайға бейімделеді (климатизацияланады): гемоглобин мөлшері артады, зат алмасу жоғарылайды және адамның жұмысқа қабілеті толығымен қалпына келеді.
Зерттеу нысанасы: Қазақтың спорт және туризм академиясының кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті бокс кафедрасының 5 студенттінің екеуі – спорт шебері, екеуі – спорт шеберлігіне үміткер, біреуі – күрестен бірінші дәрежелі спортшы.
Зерттеу мақсаты: орта таулы аймақтарда жаттығу өткізіп, соның арқасында студенттердің ерік және физикалық қасиеттерін жетілдіру.
Зерттеу міндеттері: орта таулы аймақта жаттықан студенттердің ерік және физикалық қасиеттерін жетілдіру.
Зерттеу әдістері: Аталған студенттерді орта таулы (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) аймаққа шығарып, екі апта ішінде физикалық және әдістік жаттығуларды өткізу. Жаттығулардың бас кезененінде студенттердің физикалық және ерік көрсеткіштерін жазып алу керек. Жаттығу кезені біткен соң көрсеткіштерді салыстыру керек.
Практикалық маңызы: орта таулы аймақтарда бокстан жаттығу өткізуді кең қолданса болады, себебі Алматы қаласы аймағында мұндай аймақтар өте жие кездеседі.
Ғылыми жаңалығы: Таулы жерлердегі жаттығу жұмыстарын үш кезеңге бөліуі және әр кезеңнің сипаттамасын беру.

1.2 Таулы климат жағдайындағы жаттығу жұмыстары

Практикалық тәжірибе және жүргізілген ғылыми зерттеулер таулы жерлерде жүргізілген жаттығу жұмыстарының тиімділігін дәлелдеп отыр. Сол себепті дүние жүзінің боксшылары ірі ауқымды жарыстарға дайындалу кезінде өз жаттығуларының біраз бөлігін тауда өткізеді. Бұл, әдетте, жаттығулардың ауыспалы кезеңдерінде не болмаса дайындық кезеңінің алғашқыжартысында жүзеге асырылады, ал жарыстар теңіз деңгейімен салыстырғанда 500-1000 м және одан да жоғары болатын жерлерде өтеді деп жоспарланған жағдайда, жаттыуға жұмыстары үнемі (турнирге дейін) таулы жерлерде өткізіледі[2].

1.3 Тау климатына бейімделу

Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.
Біршама төмен тау ауасы темпаратурасы жағдайында жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды, назар аудару мүмкіндігі, қозғалыс дәлдігі мен координациясы, реакция жылдамдығы, жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауысу қабілеті жақсара түседі.
Осыған дейін белгілі болғандай, таулы ауаның гигиеналық сипаттамасы оның физикалық қасиеттеріне байланысты — температура, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, күнрадиациясы; радиобелсенділік, электр жағдайы, химиялық құрамы, механикалық қоспалардың болуы (шаң, ыс, түтін), микрофлора (бактериалдық ластану деңгейі). Жоғарыда санамалап өткен факторлардың әрқайсысы белгілі бір физиологиялық мәнге ие. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғарылаған сайын, ауа таза және адам ағзасына жақсы әсер етеді: тыныс алу, адамның көңіл-күйі, жалпы өзін-өзі сезінуі, тәбеті және ұйқысы жақсара түседі.
Таулы жерлерде адам ағзасына атмосфера қысымы мен оттегінің парциалды қысымының төмендігі де әсерін тигізеді. Егер қалыпты қысым жағдайында әрбір тыныс алған сайын өкпеге 400-600 см3 ауа кіретін болса, бұл (минутына 16-20 рет тыныс алған жағдайда) 6-8 л көлемді береді, ал қысым төмен болған жағдайда 1500-2000 м биіктікте ішке кіретін ауаның мөлшері сәйкесінше 600-800 см3 және 9-11 л/мин дейін арта түседі. 1500 м жоғары биіктікке бірінші рет шығып тұрған адамның бойында физикалық жұмыс істеу кезінде (аз мөлшерде болса да) гипоксия белгілері көрініс табады – тыныс алу мен жүрек соғуы жылдамдығының артуына негізделетін тау ауруы, бұл жағдайда адамның көңіл-күйі біршама көтеріледі, жылдам қимылдар жасалады, алайда бұл қозғалыстар біршама үйлестірілген, ым-ишара көбейеді, адам тез сөйлей бастайды. Біршама уақыт өткеннен кейін адамның ағзасы жаңа жағдайға бейімделеді (климатизацияланады): гемоглобин мөлшері артады, зат алмасу жоғарылайды және адамның жұмысқа қабілеті толығымен қалпына келеді[3].
Тау ауасындағы теріс иондар санының көп болуы да адам ағзасына оң әсерін тигізеді. Ауа суды шашқан кезде иондалады (сарқырамалардың жанында, сарқырап ағып жатқан тау өзендерінде). Иондануға уальтракүлгін сәулелер де ықпал етеді. Ауаның иондану деңгейі оның тазалығының криетрийі болып есептеледі. Күн сәулесінің мөлшері көп болған сайын, ауа арқылы таралатын инфекциялық аурулардың да аз болатындығы анықталған. Терінің ультракүлгін сәулелердің ықпалына ұшырауы, ал бұл сәулелер тауда өте көп мөлшерде, оның физиологиялық қасиеттерін жақсартады. Ағзаның биологиялық беріктігін қамтамасыз ету үшін бұл фактордың маңызы өте зор. Климатқа бейімделу кезінде ең алдымен «таулық тәжірибенің» көп ықпалы тиеді: боксшы тау жағдайында неғұрлым көбірек болса және жаттықса, оның жаңа жағдайға бейімделуі де тез жүзеге асырылады.
Екінші фактор ретінде спортшының тұрғылықты мекені мен жаттығу жұмыстары өтеті деп жоспарланып отырған орын арасындағы биіктік айырмашылығы қарастырылады.
Климаттық жағдайға бейімделу мүмкіндіктеріне әсер ететін үшінші фактор, бұл – жалпы физиологиялық дайындық деңгейі мен арнайы жаттығу көрсеткіштері болып табылады. Боксшы неғұрлым көп жаттыққан болса, тіпті төменгі жер бедері жағдайының өзінде, ол жедел климаттық бейімделу жағдайын да жеңіл әрі тез өткеретін болады[4]. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күрес
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру

Іздеп көріңіз:
дипломдык Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]