Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

Мазмұны

КІРІСПЕ............................................................................................................. 5

І.
СУ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР
1.1 Бассейндердің сипаты мен жіберу мүмкіндігі…........................................... 7
1.2 Бассейн түрлері…………………………......................................................... 10
1.3 Бассейн ваннасымен оның жабдықтары........................................................ 17
1.4 Спорттық ғимараттарындағы қосымша мекемелер……………….........…. 29

ІІ. СУ СПОРТЫМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРҒА САБАҚ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі............................. 35
2.2 Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау............................................................ 45
2.3 Шұғылданудың сабақтан тыс түрі.................................................................. 50

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. 57
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР....................................................... 60

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен спорттық құрылыстардың қажеттіліктерін сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Спорттық құрылыстарының мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, спорттық құрылыстардың жіктелуін оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Зерттеу нысаны. Спорттық құрылыстар және су спортына арналған құрылыстар.
Зерттеудің мақсаты – Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан – 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу базасы: Стадиондар, манеждер, ашық және жабық спорттық құрылыстар.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының озектілігі мен қоғамдық сұранысы, онын бүгінгі күнге дейінгі зерттелу жағдайы, зерттеу мәселесінің қарама- қайшылықтары мен проблемасы, сондай-ақ, зерттеу мәселесінің ғылыми аппараты баяндалады.
" Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері " деп аталатын екінші тарауда су спортында пайдаланатын құрылыстар көрсетілген.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалып диплом жұмысының нәтижелерін практикада пайдалануға нақтылы ұсыныстасы беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми және әдістемелік еңбектер тізімі көрсетілген.

I – ТАРАУ. СУ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР

1.1 Бассейндердің сипаты мен жіберу мүмкіндігі

Жүзу бассейні «Суға секіруге немесе су добына арналған» лайықты жабдықтары мен шомылуға, оқу сабақтарына және жарыс өткізуге арналған құрылғылары бар табиғи немесе жасанды су қоймасы болып табылады.
Белгіленген норма бойынша спорт бассейндері ұзындығы 50 және 25 м., ені 21, 16, 11 м. ванналарымен салынуы қажет «Ұзындығы 25 м. бассейндер дене тәрбиесімен Спорт комитетінің келісімі бойынша салынады». Бұндай бассейіндерде «шеткі жолдарды 0,5 м–ге кеңейту есебімен жол ені 2,5 м. болғанда» 8, 6, 5, 4 жол салуға (4–тен аз жол салуға рұхсат етілмейді) болады.
Суға секіруге арналған бассейндердің көлемі қабылданған секіру құрылғыларының құрамымен спорт құрлыстарынын жобалау нормаларына байланысты болады. Құрылғылардың бір топтамасын орнатқанда бассейн ваннасының көлемі 20х20 м. болуы тиіс. Егер ванна ұзындығы 33,33 метрге дейін ұлғайтса, онда бассейнде су добы ойынымен жүзуге пайдалануға болады. Бассейндердің жіберу мүмкіндігін жүзумен айналасушылардың контингентіне байланысты қарастыру қажет (1–кесте).
Түрлі сабақтарға кезектесіп пайдаланатын ванналардың жіберу мүмкіндіктерін орта есеппен қабылдаған дұрыс. Жүзуге арналған ваннаның ең төмен тереңдігі 1,2 м., ал ең терең бөлігінде жасалған ылдиға байланысты 1,8–ден кем емес; Ал республикалық жарыстарға арналған бассейндердің ваннасының ең саяз тереңдігі 1,8м. Бұндағы бассейндердің ұзындығы 50 м. өйткені рекордты көрсеткіштер осы қашықтықпен есептеледі (ұзындығы 3 мм–ге ауысуы мүмкін) электрохронометражды құрылғысының пластинасын салуға байланысты, бассейн ваннасының ұзындығы пластина қалындығының есебімен ұлғаюы мүмкін.
1– кесте

Ашық және жабық бассейндердің бірмезгілде жіберу мүмкіндіктері
Сабақ түрі Жаңадан бастаушы
лар 3-2 дәрежелі жас спортшы
лар 2-1 дәрежелі жас спортшылар 1 дәрежелу және СШҮ спортшылар Спорт шеберлері
Жаттығушылар саны Сабақтың мөлшері Жаттығушылар саны Сабақтың мөлшері Жаттығушылар саны Сабақтың мөлшері Жаттығушылар саны Сабақтың мөлшері Жаттығушылар саны Сабақтың мөлшері
Жүзу
(Бір жолға)
а) 25 м ваннаға 8-10 45 м 7-8 45 5-7 1,30 4-5 2 сағ. 2-3 2,15 м
б) 50 м ваннаға 12-13 45 м 8-12 45 6-8 1,30 5-6 2 сағ. 3-4 2,15 м
Суға секіру (бір ұрылғыға) 7-8 45 м 7-8 45 6-7 1 сағат 5-6 1,30 м 3-4 2,15 м
Су добы (Бір ваннаға)
а) 25 м ваннаға 18-20 45 м 18-20 45 18-20 1 сағат 15-18 1,30 м 12-15 2,15 м
б) 50 м ваннаға 25-30 45 м 25-30 45 25-30 1 сағат 25-30 1,30 м 15-20 2,15 м

Секіруге арналған ваннаның көлемімен тереңдігі, сондай-ақ секіру құрылғыларының орналасуы сызбада келтірілген секіру құрылғыларының топтамасы бойынша анықталады (1–сурет). Ваннаның ұзындық жиегі 2–суретте берілген спорт құрылысы тәжірибесінде туы көтерілетін немесе түсірілетін бассейндер жиі таралып жатыр. Бұндай бассейндер сан алуан сабақтар жүргізуде оның ішінде жатқан бастаушылар мен балаларға жүзу үйрету үшін пайдаланады.
Республикалық, бүкілодақтық, халықаралық жарыстар өткізуге арналған бассейн ванналарын максималды параметр бойынша салу қажет. Белгіленген мөлшер бойынша 25–метрлік жобамен бассейндерге 10–метрлік мұнара салынбайды. Барлық платформалар мен сатылар жақтаулармен қоршалады (алдағы жиектен түскенде 0,8 м.) трамплен биіктігінің ауытқу мүмкіндігі +10 см, ал мұнаранікі +10 см болады.
Ашық бассейнердегі секіру құрылғыларын солтүстікке, солтүстік–шығысқа, шығысқа бағыттау керек. Әрбір жабық бассейндер 7–14 жастағы балаларды жүзуге үйрету үшін ванналар жабдықталуы керек.
7–ден 11 жасқа және 11–ден 14 жасқа дейнгі балаларға арналған ванналарды олардың ылдиына қойылатын талаптар есебінен бір ғана ортақ ваннаға біріктіруге болады. Бұл ванналарды басқалардан бөлек орналастыру қажет.

2–сурет. Бассейндегі ваннаның жанынан кескіні.
а,б– секіру қондырғысы жоқ ванна; в-секіру қондырғысы бар ванна.


1.2 Бассейн түрлері.

Өз саласы бойынша бассейндер былай бөлінеді.
1. Шомылатын;
2. Оқу–спорттық (жарыс өткізу мүмкіндігімен);
3. Аралас (түрлі мақсаттарға арналған).
Бұдан басқа бассейндер жабық және ашық болып екіге бөлінеді.
Қала құрылысының нормалары түрлі ауқымдағы бассейндер желісін құруды қарастырады (мектептік, халықаралық, т.б).
Бассейн құрылысына арнап жер таңдағанда тұрғын алшақтығын инженерлік коммуникация, қызметі және ауа құрамын ескерген дұрыс. Егер бассейнді табиғи су қоймасына салатын болса, онда судың сапасын, ағыс жылдамдығын, түбімен жағасының жағдайын ескеру қажет.
Бассейндер өзінше дербес нысан болып және сол сияқты спорт залдарымен, мәмлелерінен, алаңдарымен біріктіре салынып, ашық және жабық ваннасы болуы мүмкін. Бұндай үйлесімділік спорт кешенінің қолайлылығын, үнемділігін арттырыды.
Ашық бассейн ванналарымен дайындық жүргізетін алаңдары көгалданған жерлерге орнатқан дұрыс (аумақтың ең кемі 35%, көгал болуы керек). Барлық құрылыстар жер бөлігінің түкпіріне орналасуы тиіс (оның шекарасынан 15 м., ванналарды тұрғын үйден кем дегенде 50 м. алшақ салу қажет). Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.
Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.
Болашақ серілер 7–14 жасында феодалдың әйеліне пажа болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруші атағына сайлады. 21 жасында серілікке өткізілді.
Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттің ролі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.
Ашық бассейндер
Ашық бассейндер қарапайым, табиғи су қоймасына салынған және жасанды арнайы салынған, ваннасы болып бөлінеді. Табиғи су қоймасындағы бассейндердің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Табиғи қоймасына салынған қарапыйым бассейндерге балалар бақшасында, пионер лагерьлері мен ауыл мектептеріндегі көлшіктер жатады
Жүзу спорттық бассейніде қарапайым болуы мүмкін: кіші (ұзындығы 25 м.) және үлкен (ұзындығы 50 м., 6 – 8 жолы бар). Бассейн жағасында киім ауыстыратын, киім қоятын арнайы бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, сондай –ақ жазғы жуынатын бөлмелер мен әжетханалар болуы тиіс. Киім ауыстыратын бөлмелерді жеңіл материалдармен салған дұрыс (3–сурет). ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спортшыларға алғышқы медициналық көмек көрсету түрлер
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту

Іздеп көріңіз:
дипломдык Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]