Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Мазмұны
Кiрiспе.................................................................................................................... 7
1. Спорттық күрестегі ойындық әрекеттердiң маңызды көрсеткiшi ретiндегi техникалық тәсiлдердi орындау тиiмдiлiгiнiң iлiмдiк және әдiстемелiк негiздерi................................................................................................................11
1.1 Спорттық күрестегі тәсiлдердi орындау тиiмдiлiгiн бағалау................... 11
1.2 Күресшілердің спорттық шеберлiгiнiң негiзгi ретiндегi дене қасиеттерi мен функционалдық мүмкiндiктерi............................................................. 13
1.3 Күресшілердің қимыл қозғалыс әрекетiнiң дәл орындалуын зерттеу..... 16
1.4 Қимыл әрекеттердiң орындалу жылдамдығын өлшеу әдiстерi................ 18
1.5 Спортта қозғаушы әрекеттердi орындаудағы қозғаушы мүмкiндiктiң (шаралардың) қолданылуын бағалау............................................................20
1.6 Күрес тәсiлдердiң орындалу тиiмдiлiгiн бiлдiретiн көрсеткiштердiң өзара байланысы……………………………………………………………………21
1.7 Оқу-жаттығу үрдiсiнде тәсiлдердiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тренажерларды қолдану.................................................................................23
1.8 Әртүрлi жастағы күресші студенттердiң қорғаныстық қимылдары мен тәсiлдерi тиiмдiлiгiн салыстыру....................................................................26
Бiрiншi тарау бойынша тұжырымдар............................................................41
2. Күресші студенттердің студенттердiң дене жұмыс қабiлеттерiнiң деңгейiн зерттеу...................................................................................................................43
2.1 18-20 жастағы күресші студенттердiң арнайы дайындығының деңгейiн бағалау……………………………………………………………………….43
2.2 Күресші студенттердiң функционалдық (қызметтiк) мүмкiндiктерi........47
2.3 Студенттердiң дене жұмыс қабiлетiнiң қызметтiк мүмкiндiктерi............52
2.4 18-19 жастағы күресші студенттердiң анаэробтық өндiрiсi деңгейiн арттыруға арнайы жаттығулардың әсерi......................................................54
Қорытынды:.............................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................67
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент күресшілердің дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондай-ақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен волейбол жатады.
Күресші студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi қабылдап алу мен беру, тиiмдi орындау болып саналады.
Қазiргi заманғы қазақстандық және шетелдiк спорттық ғылым күресшілердің сол немесе басқа тәсiлдердi тиiмдi орындаудың жекелеген жақтарына қатысты мәлiметтердiң жеткiлiктi санын жинақтады (волейбол, футбол, хоккей, баскетбол т.б.) /6, 44, 4, 10, 13/. Соған қарамастан, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердегi тиiмдiлiк пен әдiстердi жетiлдiру түсiнiгiне кiретiн зерттеулердiң құрылымдық компоненттерi жеткiлiктi орындалмаған. Студент спортшының әрекет етуi тиiмдiлiгiнiң түсiнiгi өзара байланыстың күрделi құрылымы мен әртүрлi жоспарлы көрсеткiштердiң жиынтығын өзiне қосатын жалпылама сипаттаманы бiлдiредi.
Студенттiк командалардың табысты ойнауы үшiн қажеттi басты мiндеттердiң бiрi жоғары маманданған спортшылар дайындау болып табылады, олар техникалық тәсiлдiк арсеналдың кең көлемiмен қарқынды және жалғасатын салмақты көтере алатын қабiлеттi игеруi тиiс. Осыған байланысты жұмысқа қабiлеттiк деңгейi мен оның құрылымын көрсетудiң қажеттiлiгiн шешу үшiн күресші спортшының жұмыс қабiлетiнiң деңгейiн көтеру проблемасы өзектi болып табылады. Ал студент спортшылардың жұмыс қабiлетiне бiршама көп мөлшерде әсер ететiн басты факторларды анықтау проблемасы аса маңызды болып саналады. Дене және функционалдық мүмкiндiктер күресші спортшының бұл мүмкiндiктерге алдын-ала дайындалудың бастапқы кезеңiнде ерекше мән берiледi. Күресшілердің жұмыс қабiлетiн жалпы деңгейiн көтеру мақсатында ғана қолданылатын әдiстемелердiң бiрнеше түрлерi бар.
Алайда функционалдық және дене мүмкiндiктерiнiң жоғары деңгейi ойын тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгi күресшілердің қозғалмалы тiрек қимыл аппаратына тiкелей әсер ететiн құралдарды қолдана отырып одан әрi жақсартатын негiздi бiлдiредi.
Студент спортшының әрекетi тиiмдiлiгiн шарттастыратын көрсеткiштерге ойын тәсiлдерiн дәл әрi жылдам орындауы, сондай-ақ, жылжытқыш потенциалды қолдану қабiлетi жатады, яғни, жылжытқыш сапаны дамытатын деңгейдi жеткiлiктi де толық тарата бiлу қажет.
Қазiргi заманғы күресші тәсiлдерiн орындаудағы шеберлiктiң жоғары деңгейiн талап ететiні белгiлi.
Сонымен бiр мезгiлде мамандар әртүрлi деңгейдегi командалардың осы тәсiлдердi тиiмдi орындауда едәуiр артта қалушылықты атап өтедi (Бондарь А.И., Балвачев Н.В., Помельский В., Аводяшникова И.А., Волков Н.И., Корегин В.И., Орехов Л.И., Каражанов Б.К., Платонов В.А.).
Лақтыру әдісі мен қорғанысқа қарсы әрекет ету тәсiлдерi күрделi қозғалыс болып саналады, оларды талдай отырып бiр-бiрiне тәуелдi емес көрсеткiштердiң бүтiн бiр қатарын бөлiп көрсетуге болады (Матвеев Л.П., Филин В.П., Виксигин В.А. және т.б.).
ЖОО жағдайында күрес бойынша оқу жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру үшiн ең әуелi қандай факторлардың маңызды екенiн бiлген жөн.
Спортшының дене сапасын дамыту деңгейiн анықтайтын “бастапқы” факторлардың көрiнуi туралы күресте туындайтын сұрақты қайсы бiр мөлшерде шешiлген деп санауға болады, ал маңызды ойын тәсiлдерiнiң қатарын көрсететiн тиiмдiлiк мәселесi әлi де болса аз зерттелген.
Зерттеу жұмысының мақсаты күресшінің дене жұмысқа қабiлетi жөнiндегi мәлiметтер мен ойын тәсiлдерiнiң, қозғалыстарының бiрқатар ерекше орындалуы негiзiнде күрестегі ойын әрекетi тиiмдiлiгiн көтеру болып табылады. Зерттеудiң ғылыми болжамы ЭЕМ көмегiмен қайта өңделiп жасалған эксперименттiк мәлiметтердiң нәтижесiнде көрiнген жаттығу бағдарламаларын қолдану студенттiк күрес әрекеттерi тиiмдiлiгiн арттыруға кеткен уақытты едәуiр қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Зерттеу нысаны күреспен айналысушы спортшының жаттығу және жарыс қызметi (шығармашылығы).
Зерттеу пәнi күресші спортшының аэробтық және анаэробтық өндiрiстiң жұмыс қабiлетiн ескере отырып, ойын тәсiлдерiн орындауда қозғалыстарды басқара алуының қабiлетiн ескере отырып, оларды дамыту мен жақсарту үрдiстерi.
Бiздi қызықтырып отырған мәселе бойынша әдеби бастапқы көздердi зерттеу мен топтастыру бойынша жүргiзiлген нәтижелерге сүйене отырып зерттеудiң негiзгi мiндеттерi ретiнде төмендегiлердi ұсынамыз:
1. Күресші студенттердiң ойын әрекеттерiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiн қазiргi заманғы күресті дамытуға ұсынылып отырған талаптар негiзiнде тесттiк жүйенi жасау;
2. Күресші спортшының дене жұмысына қабiлеттiлiк деңгейiн, спорттық шеберлiк деңгейiне, жасына және қаншалықты жаттыққандық дәрежесiне байланысты анықтау.
3. Күресші спортшының дене жұмысы қабiлетiнiң деңгейiн жетiлдiруге бағытталған дайындық әдiстемесiн эксперименттiк тұрғыда негiздеу.
Зерттеудiң әдiснамалық негiзi жеке тұлғаның маңызы, оның дамуындағы қызметтiк рөлi туралы, iлiм мен практиканың, объективтi және субъективтi факторлардың өзара байланысы туралы, қоғамдық қатынастардағы объект және субъект ретiндегi адам туралы және қоғамдағы дене тәрбиесi үрдiсiнде стихиялы және басқару қатынастары туралы материалистiк диалектиканың маңызды ахуалын құрайды.
Бiздiң зерттеуiмiздiң iлiмдiк негiзiн төмендегi ғалымдардың еңбектерi қарастырады: педагогикалық жалпы сұрақтары бойынша: Ю.К.Бабанский, Н.И.Болдырев, В.В.Белоусова, З.И.Васильева, Т.М.Мальковская, Н.Д.Хмель; спорт теориясы бойынша: В.Н.Зацироский, Л.П.Матвеев, В.А.Платонов, К.И.Адамбеков, Б.К.Қаржанов, Г.Р.Амренова, С.И.Қасымбекова, И.А.Горбачев және т.б. ғалымдар.
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн зерттеудiң төмендегi әдiстерi қолданылды: әдебиеттiк қайнар көздердi, сондай-ақ, эксперименттiк зерттеулер барысында алынған мәлiметтердi алдыңғы қатарлы жаттықтырушылық тәжiрибенi iлiмдiк талдау және топтастыру, ан-кеталық сауалнама, педагогикалық эксперимент, педагогикалық байқаулар (жаттықтырумен айналысу барысындағы түсетiн салмақ көлемiнiң есебi мен қарқындылығы, педагогикалық бақылау тексеру-тестi), ОМП бойынша дененiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн анықтау әдiсi, қозғалыстар тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесi, ЖСЖ анықтау әдiстерi, сондай-ақ қозғалтқыш белсендiлiктi, дененiң жұмыс қабiлетiнiң сынамасы, PWC тестi және математикалық санақ (статистика) әдiстерi қолданылды.
Зерттеу бiрнеше кезеңде жүргiзiлдi. 2009ж. философиялық, психология педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттерге шолу жүргiзiлдi.
Бiрiншi кезеңде оқушылардың дене тәрбиесiнiң дұрыс қойылымын ашып көрсету мақсатында елiмiздегi және шет елдердегi проблемаларды iлiмдiк тұрғыда зерттеу мiндетi қойылды. Зерттеудiң iлiмдiк, әдiснамалық негiздерi, эксперименттiк базасы мен құрал-жабдықтары анықталды.
Екiншi кезеңде (02.02.2010.) студенттердiң дене дамуы, дене және функционалдық дайындығы, жұмысқа қабiлетi мен жүйке жүйелерiнiң қасиеттерi бойынша бұқаралық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Үшiншi кезеңде (04.04.2010.) зерттеу материалдарының статистикалық өңдеуi жүргiзiлдi, жаттығу үрдiстерiн жетiлдiру бойынша кеңестер жасалынды. Волейбол бойынша алдыңғы қатарлы спорт клубының жұмыс тәжiрибесi зерттеледi, жасалынған концептуалды үлгiнi тексеру бойынша волейболшы студенттердiң ойын тәсiлдерiн орындаудағы тиiмдiлiктi бағалауға байланысты, оларды рационалды қолданудағы педагогикалық жағдайлардың көрiнуi экспериментi қойылды.
Ғылыми зерттеудiң сенiмдiлiгi мен негiздiлiгi автордың бастапқы ұстанымы мен iлiмдiк негiздерi әдiснамалық негiздеумен, зерттеудiң ұзақ сипатымен, зерттеу пәнiнiң адекватты мақсатының, мiндеттерiнiң, ерекшелiгiнiң, әдiстерiнiң жиынтығын қолданумен, ҚР жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң жұмыс тәжiрибесiне зерттеудiң негiзгi ережелердiң мақұлдануы мен енгiзу нәтижесiнде алынған статистикалық мәлiметтермен қамтамасыз етiледi.
Практикалық мәнi ойын әрекетiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерiн бағалау жүйесiн сырттай орындалатын жұмыс (эргонометриялық критерий) көрсеткiштерiмен және алдыңғы қатарлы физиологиялық қызметтердi өлшеу көмегiмен жасалды. Бұл бақылау жүйесi ересектермен жұмыс жүргiзу және жасөспiрiм күресшілермен жұмыс жүргiзуде қолданылуы мүмкiн.
Күресші студенттердiң дене дайындығы көрсеткiштерiн тестiлеудiң нәтижелерiн, салмақты баспалдақтық жоғарылауын функционалды байқап көрудi, сондайақ тренажерлық қондырғылардың жиынтығын қолдану, ЭЕМ-мен талдау негiзiнде, күрестегі ойын әрекетi тиiмдiлiгiн анықтайтын маңызды факторларды айқын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Бұл орайда жасалған жаттығу бағдарламалары үшiн құралдарды iрiктеу жұмыстары айқындалған факторларға сәйкес жүзеге асырылды. Күресші студенттердi дайындау үрдiсiнде бұл бағдарламаларды қолданудың тиiмдiлiгi педагогикалық эксперимент серияларының нәтижелерiмен мақұлданды және бекiтiлдi.
Арнайы жасалған тренажерларды қолдану жылдам ақпараттар әдiстемесi көмегiмен маңызды ойын тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға кететiн уақытты бiршама қысқартады.
1. Күресші әрекеттердiң маңызды көрсеткiшi ретiндегi техникалық тәсiлдердi орындау тиiмдiлiгiнiң iлiмдiк және әдiстемелiк негiздерi
1.1 Спорттағы тәсiлдердi орындау тиiмдiлiгiн бағалау
Спорттық ойындардағы ойын қызметiне тән қозғалыстармен тәсiлдердiң көп түрлiлiгiмен күрделiлiгi обьективтi әдiстерiнiң болу қажеттiлiгiн алдын-ала анықтайды, олардың көмегiмен ойын тәсiлдерiнiң орындалуына сандық баға беруге болады.
Қазiргi уақытта мұндай өлшеу белгiлi қиындықтармен байланысты. Өйткенi, спорттық қызметте қолданылып жүрген қимылдардың тиiмдiлiгiн бағалаудың қолда бар әдiстерi. Спорттық ойындарда барлық уақытта қолданыла бермейдi. Мұндай жағдайдың себебi, бiрiншiден өзара түйiсетiн техникалық тәсiлдердi әртүрлi сипатта орындаудағы қозғаушы кординациялар құрылымының күрделiлiгi. Екiншiден спорттық ойындардағы (баскетбол, футбол, волейбол және т.б.) тұрақты өзгерiп тұратын қызмет жағдайлары.
Белгiлi болғандай, күрес басқа да спорт ойындары сияқты, спорттық ацикликалық түрiне жатады. Ацикликалық қимылдардың тиiмдiлiгiн бағалаудың көпетеген әдiстерi бар. Алайда олардың барлығы бiрдей күресшілердің қимылдық (қозғаушы) қызметiне тиiмдi ауыстырыла бермейдi.
Қимылдар мен тәсiлдер тиiмдiлiгiн бағалаудың жалпы әдiстерi төмендегi көрсеткiштердi ескередi: қозғалыс уақытында таратудағы кинематикалық звеноның тұрақтылығы мен жылдамдығын, қателiктердiң саны мен сапасын, қозғалыстағы ептiлiктi құру жылдамдығын, қозғалыс әрекеттерi дәлдiгi мен келiсiмдiлiгiн, дене сапаны қозғалыста қолдану дәрежесiн, қозғалыстың соңғы симметриясының деңгейi және басқада параметрлер. К.И.Адамбеков /3/ қозғалыстардың тиiмдiлiгiн зерттеуде моторлық тестер әдiстерiн қолдануды тиiмдi деп санайды. М.С.Хлыстов бұлшық ет қызметiнiң тиiмдiлiк деңгейiн әртүрлi жылдамдықтағы қол мен аяқтың қарапайым қимыл жасау сапасы бойынша бағалайды. Мектеп жасындағы балалардың қозғалыс тиiмдiлiгiн бағалауда С.И.Қасымбекова /54/ қозғалыс күрделiлiгiнiң дәрежесiн үйренуге кеткен уақытқа байланысты екендiгiн өз еңбегiнде атап көрсетедi.
Қозғалыс тиiмдiлiгiн бағалауда аталған барлық авторлар, әдетте, уақыт көрсеткiштерi мен (барлық қимыл дағдыларын дәл орындау жағдайында) тәсiлдердi орындау кезiнде жiберген қателiктердiң сандарын қолданады.
Күрес техникасында тиiмдiлiк деңгейiн бағалаудың әдiсi, бiздiң ойымызша, Г.Р.Амренова /7/ ұсынған әдiс болып табылады, онда қозғалыс тиiмдiлiгiнiң басты көрсеткiшi деп дәлдiк пен уақытты санайды.
Г.Р.Амренова /7/ қозғалыс тиiмдiлiгiнiң үш деңгейiн ажырату мүмкiн деп есептейдi. Бiрiншi деңгейде жылдамдық көрсеткiшiн емес, кеңiстiктiк дәлдiктi басқаруға моторлық қабiлеттi қарастырады. Бұл сипаттаманы моторлық тестердiң тапсырмалармен, бақылау жаттығуларының көмегiмен жеткiлiктi түрде дәл өлшеуге болады.
Белгiлi бiр уақыт аралығында қозғалыстарды орындау дәлдiгiн қозғалыс тиiмдiлiгiнiң екiншi деңгейi сипаттайды. Спортшы жаттығуды ең аз уақытта қатесiз орындағанда немесе белгiлi бiр уақыт аралығында кеңiстiктiк қателiктер санын аз көлемде жасаған сәт тиiмдiлiктiң ең үздiк көрсеткiшi.
Қозғалыс тиiмдiлiгiнiң үшiншi деңгейi қозғалыстық мiндеттердi шапшаң әрi дәл орындаумен, моторлы әрекеттердi мақсатты түрде қайта құру мiндеттерiне сәйкес, жылдам өзгеретiн әдеттегiден тыс жағдайларға спортшының бейiмделу ептiлiгiмен аяқталады. Бәрiнен бұрын бұл деңгей волейболдағы ойын қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қолданылуы мүмкiн.
Қимылдар мен тәсiлдердiң тиiмдiлiк деңгейiн анықтау арнайы тiркелетiн әдiстемелердi талап етедi, олар жинақталған жалпылама түрде өзгерiп отыратын жағдайлар уақытындағы дәлдiктi, шығатын күштiң көлемi мен ұзақтығын, бiр қозғалыстан екiншiсiне өту қабiлетiн, сондай-ақ оларды талдауды көрсетедi.
Қазiргi кезде қозғалыс әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн бағалау мүмкiн болмай отыр. Бұл айғақты Б.К.Қаражанов /51/ өз зерттеулерiнде атап көрсетедi, ал бiз 60-тан астам еңбектi талдап, адам қимыл-қозғалысы тиiмдiлiгiнiң 50 анықтамасын кездестiрдiк. Қозғалыс қабiлетiнiң әр түрлi деңгейде пайда болумен ерекшеленетiн мұндай көптүрлiлiгi осыған сәйкес келетiн өлшемдiк әдiстердiң көптеген санын талап етедi.
Алайда спорттық жаттығулардың құралдары мен әдiстерi шеңберiнiң тұрақты кеңеюi мынадай айғақты сезiнуге әкелiп соғады: көптеген әртүрлi жаттығулардың спортшы ағзасына әсерi мен олардың жоғары спорттағы жетiстiкке спорттың сол немесе басқа түрiнде жету дәрежесi тең бола бермейдi.
Бұл бағыттағы зерттеулердiң бүтiн қатары дене сапасын тәрбиелеу әдiстерiн жетiлдiру бойынша спорт жетiстiктерiнiң негiзгi ретiндегi жинақтарды топтауды жүргiзуге (осы уақытқа дейiнгi жалғасып келе жатқан) түрткi болды. Бұл еңбектердiң әдiстемелiк негiзгi дене сапасын тәрбиелеудiң көптеген құралдары мен әдiстерiнiң әртүрлi үйлесiмдiлiкте қолдануда болып отыр. Қарастырылатын әдiстердiң тиiмдiлiгi дене қасиеттерiнiң дамуындағы сенiмдiлiгi мен жарыстық жаттығулардағы спорттық нәтижелердi жақсарту дәрежесi бойынша бағаланды.
Спорттық қимыл-қозғалыс тиiмдiлiгiн өлшеудiң өмiр сүрiп отырған әдiстерiмен алдын-ала танысу қорытындысын шығара отырып, тәсiлдердiң тиiмдiлiк деңгейiн бағалау, қозғаушы шараларды қолданудың жылдамдығы, дәлдiгi мен дәрежесiнiң көрсеткiштерi бойынша жүргiзiлетiнiн мойындау керек.
Берiлген зерттеулердiң сипаты тиiмдiлiк көрсеткiштерiн терең талдауды жүргiзу қажеттiлiгi студент волейболшыларды ұқсас әдiс-темелiк тәсiлдерiн зерттеуге тарту мақсатымен шарттастырады. Бұл топтамалар материалдары берiлген тараудың келесi бөлiмдерiнде жан-жақты қарастырылған.
1.2 Күресшілердің спорттық шеберлiгiнiң негiзгi ретiндегi дене қасиеттерi мен функционалдық мүмкiндiктерi
Барлық техникалық арсеналды қиналатын матчтарда тиiмдi қолдану үшiн жоғары дәрежедегi дене дайындығы қажет, оның деңгейi тiптi бiздiң басты волейболшыларымыздың өзiнде жеткiлiктi деңгейде емес, сондықтан олар шетелдiк күресшілерден тиiмсiз ерекшеленедi. Осыны дұрыс түсiне отырып, авторлардың көпшiлiгi, ересектердегi сияқты, студент күресшілердің жаттығудағы дене дайындығы ерекше мәнге ие болады және тағы басқа деп санайды.
Әртүрлi жастағы жас күресшілердің дене сапасының даму деңгейiн қарастыра отырып, авторлар негiзiнен, олардың бiр-бiрiне тәуелдi еместiгiн талдайды. Сонымен В.П.Филин, спорттық мамандануды бастапқы кезеңiнде секiрулiк дамудың деңгейi мен секiруге шыдамдылықты зерттей отырып, ойын жағдайындағы шыдамдылықтың қарқынды өсуi балалық және жеткiншектiк жаста деп көрсетедi. Секiрмелiк әсiресе 13 тен 18 жасқа дейiн көтерiледi, ал бастапқы кезеңдегi жылдамдық күштiлік қабiлеттерiн соққылық, интервалдық және жарыстық әдiстер көмегiмен дамытқан жақсы.
Арнайы шыдамдылық деңгейiн арттыру үшiн машықтану үрдісiнде айналмалы жаттығуды кеңiнен қолдануға кеңес берiледi. Л.П.Матвеев дене дайындықты, техникалық әдiстiк әрекеттердiң нәтижелiлiгiн, жылдамдықты арттыруды, жылдамдыққа төзiмдiлiк пен қорғаныстағы ойындардың тиiмдiлiгiн жақсарту үшiн олардың артықшылығын көрсетедi.
Күресші студенттердiң әдіс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың құралдары мен әдiстерiн талдай отырып, В.З.Бабушкин ерте жастағыларды (18-20 жас) секiрiп кету үшiн күрес тәсiлдерiне баулуда негiзгi назарды секiрмелiкке, допты ұру тәсiлдерiн меңгеруге, лақтыру параметрлерi туралы ақпарат құралдарына аударуға кеңес бередi.
Жас күресшілердің жылдамдық күштілiк сапаларын өзгертуге арналған И.В.Горбачевтiң еңбегiнде бұл сапалардың едәуiр өсуi 13-18 жаста байқалатыны, содан кейiн 17-19 жаста өсу жылдамдығы төмендейтiнi көрсетiлген. Жылдамдық күштілiк сапаларды дамыту үшiн авторлар өте ауырлатуды пайдалана отырып, әртүрлi жаттығуларды қолдануға кеңес бередi.
Г.Р.Амренова спорттық маманданудың бастапқы кезеңiнде жас өспiрiм күресшілердің дене дайындығын дамыту бағытының мәселелерiне тоқтала отырып, мынадай тұжырымға келдi: егер де ойыншыларды 11-14 жаста дайындау кезiнде жылдамдық күштілiк сапасы мен шапшаңдық жылдамдыққа емес, шыдамдылық тәрбиесiне бiршама артықша көңiл бөлiнсе спорттық шеберлiктiң көптеген алғы шарттары жақсарады.
Ю.И.Косолапов бақылау тесттерiнiң нәтижесiн талдай келе, 14-15 жастағыларға қарағанда 16-18 жастағы күресшілердің шыдамдылық деңгейi жоғары болатындығын анықтады және ол, негiзiнен, спортшының биологиялық және паспорттық жасына байланысты екендiгiн атап көрсеттi. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау
Іздеп көріңіз: