Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................................6

І. ЖАС СПОРТШЫНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1.1. Спорттағы дамушы тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері....................................8
1.2. Адамгершілік тәрбиелеудің әдістері мен құралдарының мазмұны......................................................................................................................13
1.3. Ерік жігерін тәрбиелеу......................................................................................15
1.4. Спорттық дайындық жүйесіндегі оқыту..........................................................18
1.5. Жас спортшыларды оқытудағы жан – жақты амал.........................................25
1.6. Дене дайындығы мен оның жас ерекшеліктері бағыты. Жаттықтыру ықпалдарының негізгі құрамдас бөліктері........................................ ........27
1.7. Дене қабілеттерін тәрбиелеу құралдары мен әдістері....................................32

IІ. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу
2.1. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу................39
2.2. Алғашқы спорттық дайындық (төменгі сынып жасы)....................................41
2.3. Алдын ала негізгі спорттық дайындық (жасөспірімдік кезең)......................43
2.4. Мамандандырылған базалық спорттық дайындық (Жоғарғы сынып жасы)...........................................................................................................................43

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................


Тақырыптың өзектілігі. Спорттық дайындық кез – келген педагогикалық ықпалдардың құралдары, әдістері мен түрлерін және осы ықпалдар бағытталатын нысандарды терең білуге бағытталады. Педагогикалық ықпалдар мазмұны спортшылардың жасына олардың дайындық сатыларына қарай өзгеріп отырады.бірақ негіздері, яғни жалпы заңдылықтары, ережелері, оқыту мен тәрбиелеу принциптері өзгермейді.
Спорттық дайындық педагогикалық ықпалдардың тәрбиелік, білім беру және сауықтыру бағыттарын ұсынады, олар өзара байланыста ортақ міндет – спортшыларының жеке қабілеттерін барынша дамыту мен оларды жарыс әрекеті жағдайында жүзеге асыруды атқарады. Қойылған мақсатты атқару үшін педагогикалық ықпалдар нысаны мен мәнін жақсы білу қажет. Педагогикалық ғылым мен іс – тәжірибеде жинақталған кеңестерді басшылыққа алу қажет, яғни әдістеме өзінің ықпал ететін нысанын, яғни өсіп келе жатқан, дамушы жас спортшыны білуімен табиғи байланыста болуы тиіс.
Жас спортшы тәрбиесінде жаттықтырушының, мұғалімнің – жеке үлгісі, оның тәрбие барысындағы ұйымдастырушылық ролі маңызды болып табылады (Белорусова, 1977, Деркач, Исаев, 1981,; Сухомлинский 1971). Дамушы және тәрбиелеуші білім берудің жан – жақты заңдылықтарына сүйеніп, мұғалім жеке тұлғаның жоспарлы және жүйелі қалыптасуына арналған педагогикалық процестің жан – жақты мүмкіндіктерін пайдаланады.
Заманауй тұлғаның адами құрылымына оның өмірге, еңбекке, басқа адамдарға және өзіне деген көзқарастарын анықтайтын кең көлемді адамгершілік қасиеттері кіреді. Бұл қасиеттер жоғары деңгейге жетпес бұрын дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтуі тиіс. Таным деңгейі, тұлғаның құрылымына ену тереңдігі, бір қасиеттің пайда болу қабілетінің қамту көлемі адамның тұлға ретінде қалыптасуының түрлі сатыларында бірдей болмайды.
Қалыптасушы тұлға биологиялық және әлеуметтік дамудың бірқатар сатыларынан өтеді. Бұл сатылардың әр қайсысының өзіне тән, жасына қарай педагогикалық ықпалдар мен талаптар жүйесі болуы тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Балалар салыстырғанда мазмұны жағынан жақын нысандарды сапалы қабылдайды. Егер адамның қайырымдылығы әңгіме жүргізілгенде жауыздық пен оның пайда болуын да еске түсіру керек. Спорт секцияларында оқуға келген балалардың еске сақтауы өте жақсы болады және олар барлық жаңалықты нақты және айқын мегереді. Барлық психикалық процестер тәрізді есте ұстау да (оның ішінде қимылдық және моторлық) тұлғаның барлық дамуымен тығыз байланысты. Балалар өздерінің ұғымдары мен танымдарын толықтыруға тырысады. Адами қарым – қатынастарды нәзік сезінеді. Табиғатты терең қабылдайды.
В.Сухомлинский (1971) бастауыш сынып оқушыларын оқытудың алғашқы жалдарында сабақтардың көп бөліктерін орманда, бауларда, көгалдарда өткізді. Табиғатпен қатынас қажетті тұлғалық сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Спорттық іс – тәжірибеде жаттықтырушы сабақты ашық аспан астында орманда, саябақта ұйымдастырғанда баланың тек дене жүктемесін ғана емес, сондай – ақ көңіл – күй жүктемесін де алып, өзінің есте сақтау қабілеті мен елестетуін жаттықтыруды ұмытпайтыны туралы мысалдар көптеп кездеседі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие міндеттерін шешу жас спортшыда адамгершілік санына адамгершілік сезімін, ерік – жігері мен мінез – құлқын бірлікте қалыптастыру арқылы атқарылады. Педагогикалық ықпалдар күшінің санағы, сезім мен мінез құлыққа әсер етуі жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерге сәйкес келіп осыған байланысты өзгеріп отыруы тиіс.
Тәрбие міндеттерін қояр алдында тәрбие деңгейін, яғни жас спортшылардың белгілі бір ықпалдарға танымдық эмоционалдық және мінез – құлық жауаптарына дайындығын анықтау қажет. Жаттықтырушы осы деңгейді басшылыққа алып, педагогикалық ықпалдардың түрлерін, құралдары мен әдістерін таңдайды, оларды тәрбие процестерінің заңдылықтарына сәйкес пайдаланады. (оқыту мен тәрбиенің бірлігі, белсенді әрекет арқылы тәрбиелеу, тәрбие мен өзіндік тәрбиенің бірлігі).
Зерттеудің объектісі. Бастауыш сынып жасында кезеңдеріндегі әлеуметтік байланыстар мен қоршаған ақиқат әлемді бағалауда балаң оқушыда белгілі бір өзгерістер болады. Тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы алғашқы даярлық көбінесе жасөспірімдік кезеңге сәйкес келеді, ол кезеңде ағзада биологиялық есею мен жыныстық жетілу жолында терең өзгерістер жүреді. Әрине, бұл өзгеріс психикалық дамуына көп ықпал етеді. Жігіттік жаста спортшылар жоғары нәтижелерге көптеп қол жеткізеді. Ол бозбаланың немесе қыздардың түрлі жарыстарға қатысып, алғашқы табысқа жету кезеңі болып табылады. Жастық шақ ілімінің көптеген түрлері бар – биологиялық психологиялық, әлеуметтік, т.б. Отандық ғылым жастық шақ мәселесін дамудың ішкі заңдылықтары есебінен әлеуметтік – психологиялық амалмен үйлестіріп, кешенді зерттеу қажет деп есептейді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.



І. ЖАС СПОРТШЫНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

1.1. Спорттағы дамушы тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері

Тәрбиелеу процесі түрлі құралдармен атқарылады, олар адамгершілік ағарту адамгершілік тәрбие жинақтауды ұйымдастыру және адамгершілік ынталандыру болып табылады.
Жас спортшы үшін мұғалімнің, жаттықтырушының беделі бірінші орында тұрады. Бастауыш сынып оқушысы үшін жаттықтырушының сөзі әке – шешесі де тіпті әжесі де өзгерте алмайтын заң. Бұл кезеңде оқушыларда үлкен қоғамдық белсенділік пайда болады, олар өзі немесе отбасы үшін емес, ұжым үшін көп нәрсе жасай алады. Қатарларымен қарым – қатынаста кең пейілділік, талқылау барысында тік мінезділік, көмекке әзірлік байқалады, көңіл – күйі әдетте қуанышты болады, оқыту психиканы дамытудың негізгі факторы болып табылады
Жекелеген психикалық процестерді дамыту жас спортшыны оқытудың бүкіл бастапқы сатысы бойында жүргізіледі. Педагогикалық ықпал үшін оқыту және тәрбиенің бірінші жылында жеткіліксіз үйлесім біршама албырттық және бағыттың айқын болмауы тән.
Жаңадан бастаушы спортшылар өздері үшін маңызы бар, олардың көңіл – күй мазасыздануларына байланысты нысандарды және көзге тез шалынатын түсінікті және ыңғайлы белгілерді тез қабылдайды. Осыған байланысты ұғымдарды нақты анықтап, талаптарды қолайлы қалыптастырып, қойылған міндетті жаттықтырушы үшін де маңызды болатындай ету қажет.
Осы кезеңде жас спортшылардың есінде сақталатындай үлкен жаттығулар кешені ендіріледі.
Бұл жаста механикалық есте ұстау қабілеті дамиды деп есептеледі. Балалар әңгімелегенге қарағанда көрсетілген жаттығуларды тез есте ұстайды. Көптеген жаттықтырушылар бұл сатыда көрнекі құралдар мен бейнелеп көрсетуге ден қояды. Алайда жаттығуды үйренуге тапсырма берместен бұрын оны көрсетумен қатар оның қандай принципке құрылғанын аталған бірізділік неліктен таңдалып алынғанын, т.б. есте ұстау қажет. Бұл жастағылардың адамгершілік ережелері мен дене жаттығуларын мағынасыз есте ұстауы тиімді емес. Материалды ойға түйгенде ол жақсы сақталып, тез жаңғырады.
Балалардың зейіні таңдау сипатында болады және олар үшін өте маңыздысына қарай бағытталады. Олардың зейінін бір нысанда ұстап тұру өте қиын. Тәжірибелі жаттықтырушы тәрбиеленушілерінің зейіні қашан төмендейтінін біледі, сол кезде ол оқушылардың зейінін басқа нысанға аударады. Осы мақсатта оң көңіл – күй тудыру және оны күшейтуге бағытталған жаттығулардың кең шеңбері пайдаланылады.
Бұл жастағы балалардың зейін көлемі үлкен емес. Бұл табиғи нәрсе, жас спортшы екі мектептің яғни білім беру мен спорттық бағдарламалар бойынша оқиды. Көптеген жаңа және қиын ақпараттарды қабылдап соған зейін аударуға тура келеді. Оқушы біртіндеп зейінін қажетті және сырты тартымды заттарға аударып, соны тұрақты сақтауға үйренеді. Зейінді тудырып, оны қалыптастыру және оны бағыттай білу – алғашқы оқу жылы мен жас спортшы тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі.
Оқытудың алғашқы сатысында ойлауды дамыту процесі нақты бақыланады. Ойлау негізінен нақты болып қалғанмен танымдық нысандар саны мен олардың арасындағы қарым – қатынас біршама ұлғаяды. Сондай – ақ салыстыру процесі дамытылады. Балалардың заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы талқылау негізінде негізінен көрнекілік бейнелеу мен сипаттау жатыр.
Мұнда ойлауды дамытудың екі сатысы байқалады. Біріншісі – алғашқы оқыту сатысында барлық материалдарды талдау көрнекілік - әрекетті жоспарда жүргізілген жағдайда, яғни жас спортшылар бұл жағдайда ақиқат заттарға немесе олардың тікелей баламасына сүйенеді. Екінші сатысы – абстрактілеу мен жалпылау қабілеттерін игеруде байқалады, дене жаттығуларымен екі – үш жыл жүйелі айналысқан соң басталады. Бұл процесс, әрине, жеке ерекшеліктерге ие, яғни біреуінде мидың аталған қызметі тез дамыса, келесісінде – баяу дамиды.
Жалпы білім беретін және спорттық мектептерде жас спортшының елестету тәрізді маңызды психикалық қабілетін дамытуға көмектеседі. Жас спортшыны алдын ала даярлау сатысында елестету өз дамуының екі кезеңінен өтеді. Спорттық қозғалыстың алғашқы үлгілері ақиқат нысанды жақын сипаттайды, оларда бөлшектері аз, тұрақтылық көп, өзгерісі аз, өзара байланыс әрекет пен өзгерісті көрсетпейді. Бұл нысандардың жуық шамадағы жағдайын олардың сипаттарын толық көрсетпейтін, бірақ сол заңдылықтар бойынша жұмыс атқара бейнелеп, анықтай білуді қалыптастыру бағытында дамитын бейнелеуге (өнімді елестету) тән. Туындаған елестетулер ақиқат бейнелерді жасайды.
Бұл жаста спорттық дайындық сатылары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге дейін маңызы зор шығармашылық елестетуді дамыту үшін алғышарттар болады. Шығармашылық қабілеттің жоғары деңгейде дамуы спорттық жетілдіруде тәрбиеленуші үшін де, тәрбиеші – жаттықтырушы үшін де құнды қызмет көрсетеді.
Шығармашылық елестету жас спортшылардың жеке, ойлап тапқандарымен байланысты тапсырмаларды орындауда қалыптасады (барлық жаттығулар, ойындар, айла – шарғылар, т.б.). Бұндай шығармашылық ойындарда дамушы тұлғаның сезімі, яғни оның ақиқат нәрселерге деген көңіл күй көзқарасы айқын көрінеді.
Оқу – жаттықтыру сабақтары да басқа психикалық процестер тәрізді балалар көңіл күйінің жалпы ойпатын өзгертеді. Жас спортшы біртіндеп мектептегі, спорт секцияларындағы үйлеріндегі бірқатар мінез – құлық ережелерін меңгереді. Осы ережелерді орындау барысында бала өз ісіне қанағаттану сезімін басынан өткереді, ал оны жаттықтырушысы мақтаса, қуанғанын білдіреді. Ережені бұзу кейде жаттықтырушы тарапынан көңілінен шықпауы мүмкін деп қорқақтауды туындатады. Жас спортшыларда жауапкершілікті дамыту осылай қалыптасады.
Эстетикалық, этикалық және адамгершілік сезімдерді қалыптастырудың маңызы зор. Төменгі сынып оқушыларында көңіл күй тұрақсыз тез өзгеріп отырады. Жақын адамыңның немесе ересек адамның қате әрекетіне деген түсінбеушілігі, ұнатуы немесе немқұрайлы қарауы, яғни көңіл күй реакцияларының көрінуі үшін мазасыздануға жол ашады.
Бұл жаста болашақ азаматтың адамгершілік сапаларының мықтылығы мен сенімділігінің іргетасы қаланады. Балалардың ерік – жігері әлсіз және тұрақсыз, сондықтан барлық педагогикалық құралдарды соны жетілдіруге бағыттап, оларды зейін салып, мұқият болуға қабылдаған шешімін дер кезінде орындауға, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету қажет.
Мұнда жаттықтырушының орны оның дайындығы мен осы жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын білуінің маңызы зор.
Дене жаттығулары сабақтарында жас спортшының, ерік-жігері бекиді, яғни жаңа білімді іскерлік пен дағдыны меңгеру үшін ерік – жігер күші талап етіледі, ол спорт дайындығының алғашқы сатыларында түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі, жасына сәйкес спорттық жаттықтыру құралдарымен және әдістерімен қалыптастырылады.
Жасөспірімдік кезең – бұл өзіндік қалыптасу кезеңі. Жасөспірім өзінің бойында кейбір қарапайым міндеттерді дербес шешу үшін күш барын байқап, оның бойында өзін ересектер санатына қосу қажеттігі туралы талап туындайды. Алайда ересек және дербес талқылау орта есеппен 12-13 жастан басталатын үлкен жасөспірімдік жасқа ғана тән екенін ескеру қажет.
Жасөспірімнің өзінің жеке тұлғасы туралы өз пікіріне сай орын алу талабы (көбінесе асыра бағалау) оның мінез – құлқына, оқуына, жаттықтыруына деген көзқарасында әсер етеді.
Сонымен қатар оқудағы, спорттағы табыстары өзіндік қалыптасу құралы ретінде қолданылады. Бұл жағдайда алдыңғы дайындық сатысындағы жас спортшылармен жұмыс барысындағыға қарағанда басқаша педагогикалық құралдар талап етіледі.
Жасөспірімнің, әсіресе, жыныстық жетілудің алғашқы кезеңіндегі жасы (оны екінші жыныстық белгілерінің даму деңгейі бойынша дәл анықтауға болады) педагогикалық ықпалдар үшін өте қиын болады. Жасөспірімнің басынан өткеретін барлық толқыныстары мен қиындықтарына отбасының, мектеп пен жаттықтырушы тарапынан өте сезімталдық пен байсалды көзқарас қажет етеді.
Жасөспірім өзін тұлға ретінде танып, мойындатуға құмар келеді. Бұл кезеңде жас спортшыға өз бетінше ширату жаттығуларын жасауға рұқсат етіп, оны алдын ала даярлық топтарына басшылық жасау мен жарыстарды ұйымдастырып және өткізуге қатысуға тарту қажет.
Жасөспірімдердегі танымдық қызығушылықтары сан түрлі болып келеді. Мысалы, заманауй әуеннен классикалық әуендерге дейін спортпен шұғылданудан өлең жазуға дейін, т.б. Бұл әрине, жоғары дәрежелі спортшыны қалыптастыру үшін де, жеке тұлғаны жан – жақты дамыту үшін де қолайлы жағдайлар тудырады. Жасөспірім қоршаған өмірді түсіну үшін көп біліп, өз білімін дербес толықтыру қажет екенін біледі. Оқыту барысында ол ойға тоқудың пайдасы көп екенін түсінеді, бірақ оқу әрекетінде әлі де механикалық есте сақтау жиі қолданылады.
Бұл жаста есті ұсақ – түйек дәйектермен артық жүктемелеудің қажеті жоқ, себебі олар жасөспірімнің зейіні үшін негізгі ақпараттарды сіңіруге кедергі келтіреді, ал ес жыныстық жетілудің алғашқы кезеңінде біршама төмендейді. Жасөспірім бір әрекет түрінен екінші түрге тез өтеді, бұл көптүрлілік оған өте ұнайды, бірақ алғашқы даярлық сатысындағы жас спортшылардағыдай жиі болғанын қаламайды. Бұдан кейін жасөспірім жұмыстың бір түріне терең ден қойып айналысып қалғанының барлығын ұмыт қалдырады. Спортшы жасөспірімнің зейіні оқу-жаттықтыру сабақтары уақытында дене жаттығуларын оқытқанда бір шама жақсарады.
Оқыту барысында ойлау белсенді дамиды. Жасөспірім ғылыми ұғымдарды меңгеріп, оларды қорытып, көптеген жалпы талқылауларды айтады. Оның ойы абстрактылы сипатта болады. Бұл кезде спорт жөнінен теориялық білімнің күрделі курсына оның шамасы жетеді, ол жалпы білім беретін мектептерде меңгеріп, спорттық жаттықтыру барысында алған білімін қорыта алады.
Жоғары дәрежеде елестету жас спортшыға ойша олимпиада чемпионына, ұшқышқа, т.б. айналуына мүмкіндік береді. Бұндай арманшылдық мәні жағынан болашақ жұмысына дайындық болады, ал жаттықтырушының спорт қаһармандары туралы айтқан әңгімелері жасөспірімді өз арманын шындыққа айналдыруға болатынына көз жеткізеді.
Жасөспірімдердегі қуаныш сезімі қойған мақсатына жеткен кезде жиі көрінеді, ол қатты қуанғанымен, төменгі сынып оқушыларында көрінетін қызу көріністен ерекшеленеді.
Жасөспірімдер өз сезімін, әсіресе ашуланғанда қызу көрсетеді. Қоршаған ортаға жасалған әрекеттер мен айтылған сөздерге өте сезімтал келеді, ол тұлғаның оң қасиеттерінің қалыптасуы мен адамгершілік тәрбиені күшейтуге жақсы жағдай тудырады.
Дене жүктемелерін орындауда, қиын және күрделі жаттығуларды орындағанда жасөспірім ерік жігерін барынша көрсетеді. Алайда, бұл жастағы жігерді тәрбиелеу мен оны қалыптастыру оқушылар немен айналысуы, қандай мақсатта айналысуы қажет болған жағдайда өте тиімді болады. Мақсат жоғары болған сайын, жасөспірімге оның қоғамдық мәні анық болып, оның спорттық әрекетін ұйымдастыру жеңіл болады.
Бұл жастағы әлеуметтік белсенділік ересектер әлеміндегі қарым-қатынаста кездесетін нормаларды құндылықтар мен қасиеттерді меңгеруде тез қабылдаудан көрінеді.
Спорттық жетістіктер жасөспірімнің өзіне жаттықтырушысы оқу-жаттықтыру сабақтары барысында қойған күрделі міндеттерді шешіп, жоғары нәтижелер көрсете алатынын білдіреді. Алайда, тұлға әлі толық қалыптаспаған. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жасөспірім дзюдошыларының дене дайындығын тәрбиелеу және оны эксперимент барысында тексеру

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Жас спортшыны оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]