Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  |  Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

Мазмұны


КІРІСПЕ................................................................................................................... 7

1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ...................... 9
1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы ...................................................... 10
1.2 Спортшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері.............................................................................................................16
1.3 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі………………………….. 18

2 ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 41
2.1 Зерттеудің міндеттері ....................................................................................... 41
2.2 Жас волейболшылардың жарыстағы қозғалыс белсенділігінің ерекшеліктері және дене қасиеттерінің даярлығының құрылымы............ 48
2.3 Жас волейболшылардың дене қасиеттерін сипаттау.....................................53

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................. 65

Спорттық жаттығу өзіне даярлықтың негізгі бөлімдерін немесе салыстырмалы түрде дербес қырларын: техникалық, дене қасиеттері, тактикалық, психологиялық, теориялық және интегралдық қырларын қосады [9,13,28].
Осындай құрылым спорттық шеберліктің құрамдас бөліктері туралы түсінікті ретке келтіреді, оларды жетілдіру тәсілдері мен әдістерін, спорттық жетілдірілу процесін басқару мен бақылау жүйесін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте даярлықтың қырларының әрқайсысының оның басқа қырларының жетілгендік дәрежесіне байланысты болатындығын, олармен анықталатындығы және, өз кезегінде, олардың деңгейін анықтайтындығын ескерген жөн болады [11,23,45,].
Зертеудің өзектілігі.Волейболдағы жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің, қасиеттерінің көрініс табуы айтарлықтай алуан түрлі, сондықтан олардың әрқайсысын дамыту мен тиімді жетілдіру тиісті ғылыми негіздеуді талап етеді. Басқа да спорттық ойындардағы секілді, волейбол ойнау барысында қарсыластардың күтпеген әрекетеріне жылдам жауап қайтару, ойынның жекелеген техникалық тәсілдерін орындаған кезде жоғары жылдамдық қасиеттерін көрсету, бағыт-бағдар алу жылдамдығы, уақыттың қатаң тапшылығы жағдайларында орын ауыстырулардың, шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттердің қажеттілігі, командадағы серіктерімен күрделі өзара әрекеттесу мәселелері үнемі туындап отырады. Онымен қоймай, волейболдағы жарыс ережелерінің соңғы өзгерістері ойынның анағұрлым қарқынды болуын қарастырады [42,40]. Бұл, ақыр соңында, арнайы дене қабілеттерін даярлау процесін күрделендіре түседі және даярлаудың спортшыға профильдік дене қасиеттерін дамытудың айтарлықтай жоғары көрсеткіштеріне ие болуға және олардың жүзеге асырылуын ойын техникасымен әрі өзара байланыста қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдістемесін жасап шығару қажеттігін тудырады [50,17].
Волейболшылардың арнайы дене қабілеттерінің даярлығының қырларын зерттеуге айтарлықтай көп жұмыстар арналған [5,17,18,41,37 және т.б.], алайда осы саладағы ғылыми зерттеулер негізінен алғанда волейболдағы спорттық жетістіктерге әртүрлі шамада әсер ететін даярлықтың немесе қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жекелеген қырларын зерттеуге бағытталған. Мысалы, бірқатар авторлар [10,37,47,45] жылдамдық көрсеткіштерін зерттеген,жұмыстарда волейболшылардың күш қабілеттері туралы мәліметтер келтірілген, сонымен қатар секіргіштіктің, төзімділіктің әр түрлерінің, координациялық қабілеттердің көрсеткіштері де зерттелді [50,19]. Іріктеп алу, жаттығу әдістемесі мәселелеріне және басқа да аспекттерге белгілі бір көңіл аударылды [5,3,23,27,].
Алайда қолда бар мәліметтерді бір жүйеге келтіру және пайдалану, олардың фрагменттігіне орай, мүмкін болмай отыр. Онымен қоймай, орындалған зерттеулердің көпшілігі өткен жүзжылдықтың 70-80-ші жылдарына жатады және біліктілігі жоғары ересек спортшылардың контингентін тарта отырып жүргізілген.
Әдістемелік материалдар мен практикалық тәжірибені талдау көрсетіп отырғанындай, жас волейбошылардың дене қабілеттерін даярлау негізінен алғанда, кей кездері жарыс әрекетінің спецификасын ескермей және дене қабілеттерін дамытудағы жаттығудың әдістері мен тәсілдерін ұтымды пайдаланбай, сауықтыру және жалпы білім беру міндеттерін шешуге тірек артады.
Баяндалған жайттарға орай, жас волейбошылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымын зерттеу және осы негізде дене қабілеті қасиеттерін дамыту процесін оптималдандыру жолдарын қалыптастыру өте өзекті мәселе болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне себепші болды.
Жұмыстың мақсаты – жас волейбошылардың дене қабілеттерінің даярлығын арттыруға бағытталған жаттығу процесін жетілдіру.
Зерттеу нысаны – жас волейбошылардың жарыс әрекеті және жаттығу процесі.
Зерттеу тақырыбы – дене қабілеті даярлығының құрылымы және жас волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін анықтайтын дене қабілеттерін дамыту әдістемесі.
Гипотеза: жаттығу процесін дене қабілеті даярлығының құрылымын сипаттайтын дене қабілеттерімен өзара байланыс негізінде бағдарламалау дене қабілеті даярлығын оптималдандыруға және жас волейбошылардың жарыс әрекеттерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп болжанды.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы педагогикалық тәсілдер мен әдістерді жас волейбошылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін арттыру үшін мақсатты бағыттай отырып қолдануға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасап шығарудан тұрады.






1 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТТЕРІ

Спортшыны жетілдірудің нақтылы кезеңіндегі жаттықтыру процесінің мақсаты мен міндеттерін қою тиісті спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін нақтылы спортшыға қандай қабілеттер мен қасиеттер, сонымен қатар олардың дамуының қандай деңгейі қажет екендігін анық, ең жақсысы сандық көрсетуге негізінде мүмкін болады [9,26,30].
Арнайы әдебиетті талдау спорттағы жетістіктер деңгейі техникалық, дене қабілеттері, психологиялық және тактикалық даярлыққа байланысты болып келеді деп пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген нәтижені көрсету үшін даярлықтың аталған қырларының дамуының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың спорттық мамандану мақсаты болып табылатын, бұлшық ет әрекетінің нақтылы түріндегі интегралдық көрініс табуын қамтамасыз ету де маңызды болып келеді. Даярлықты осылайша түсіну спорттық жетістіктердің құрамдас бөліктері туралы салыстырмалы түрде анық түсініктерді құруға көмектеседі, спорттық жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға, спортшы организміне әсер ету әдістері мен тәсілдерін бір жүйеге келтіруге ықпал етеді.
Сонымен бірге спорттың дамуының қазіргі кезеңінде спортшылардың даярлығының құрылымын анықтау үшін жалғыз логикалық қорытындылар мен салыстырмалы түсініктер жеткіліксіз бола бастады. Спорттық жетістіктердің деңгейін анықтайтын негізгі қасиеттер мен қабілеттерді анық та дәл анықтау, олардың спортшының мамандануына, сонымен қатар оның жасы мен біліктілігіне байланысты ролін анықтау қажет, бұған әрбір нақтылы спортшыдағы осы қасиеттер мен қабілеттердің даму дәрежесін сандық бағалау әдістемесі жәрдемін бере алады.
Алайда бұл міндеттер спорттың алуан түрлеріндегі даярлықтың құрылымы техникалық, тактикалық, дене қасиеттері даярлығы секілді түсініктердің негізінде ғана талданатын болған кезге дейін толыққанды шешіле алмайды. Бұл даярлықтың бір де бір қырының таза күйінде көрініс таппайтындығымен және өлшене, ескеріле алмайтындығымен түсіндіріледі.
Эксперименттік зерттеулерде қандай да бір спорт түрінің ұтымды техникасын меңгерудің қимыл-қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың, икемділіктің, ептілік пен төзімділіктің тиісінше дамуынсыз мүмкін болмайтындығы сан мәрте расталып шыққан. Аталған қасиеттердің даму деңгейі қимыл-қозғалыстардың ұтымды түрін, алуан түрлі фазалардағы күш салудың оған адекватты дәрежесін, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруді, қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу жылдамдығын, оның тұрақтылығын және өзгеріп отырған жағдайларға бейімделгіштігін анықтап отырады. Екінші жағынан алатын болсақ, күш, жылдамдықтың даму деңгейі, егер олар берік техникалық негізге: қимыл-қозғалыс әрекеттерінің пішіні бойынша ұтымды және үйлестіруші құрылымына, үнемді техникасына негізделмесе, функционалдық жүйелердің мүмкіндіктері өздігінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, төзімділіктің де көрініс табуын қамтамасыз ете алмайды [41,47,51].
Осылайша, спорттық жаттығу барысында келесідей негізгі міндеттер шешімін табуға тиіс: таңдап алынған спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеру; қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру және организмнің жарыс жаттығуларының табысты орындалуын дәне жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктерін арттыру; қажетті моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу; арнайы психикалық даярлықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; табысты жаттығу және жарыс әрекеті үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық тәжірибені иемдену.

1.1 Спортшының дене қабілетінің даярлығы

Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған. Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты бөліп көрсетуді ұсынады [50, 48, 46, 52].
Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және бір мезгілде пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады.
Жалпы дене қабілеті даярлығының нәтижесінде спортшы иемденген функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты жетілу үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, мақсатты бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды.
Қосалқы дене қабілеті даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының негізінде құрылады және спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті арнайы негіз жасап береді. Осындай даярлық әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде жүйке-бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді бастан өткеруге және олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері жетілдіріле түседі [7].
Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға тиіс[6,15,34, 51,].
Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп алу қажет.
Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады.
Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне – жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.
Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механихмдері туралы танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере отырып қарауға мүмкіндік берді [18, 17, 15 және т.б.]. мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті (координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған. Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]