Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................ 7
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................
11
1.1 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде маман дайындығын жетілдірудің әдіснамалық негіздері................................
11
1.2 Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби дайындаудың ғылыми зерттелу деңгейі......................................
35
2 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР.........................
60
2.1 Кәсіби маман даярлаудағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының мазмұндық сипаты...........................................................
60
2.2 Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын қозғалыстағы энергетикалық өлшемдерді ескере отырып жетілдірудің педагогикалық шарттары...............................................................................
81
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 92
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................ 94
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.
«Тәні саудың – жаны сау» демекші, дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.
Мұндай міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне және жалпы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына тікелей байланысты. Өйткені, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Дене тәрбиесі және спорт саласында кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеудің қазіргі кезде зерттеу жұмысында өзекті болып отырғанын айта кету керек. Себебі, әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі өзара ғылыми байланыстар жекелеген ғылыми пәндердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан да, арнайы әдебиеттермен қатар этнография, тарих, пәлсафа ғылымдарының да деректері, Махмұд Қашќари, Низами аль-Мулький, Наршахи, Жүсіп Баласағұн, Рашид-аддин, Плано Карпини, Марко Поло сияқты ортағасырлық ойшылдардың да еңбектері пайдаланылды.
Қарастырып отырған, дене тәрбиесі мен дене шынықтырудың әлеуметтік құбылыс ретіндегі тарихи түп-тамырын әдіснамалық және теориялық тұрғыдан ашып көрсететін тиісті деректерсіз зерттеу мүмкін емес. Зерттеу тақырыбының күрделілігі әдебиеттер мен дене шынықтыру жүйесінің ауқымдылығында ғана емес, тақырыпқа тікелей қатысы бар, мәселені шешуге ықпал ететін кәсіби даярлаудың өзектілігінде.
Келешек ұрпақ денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі болашақ маманның жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы теориялық және тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды дайындау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек деп таптық.
Денсаулық жағдайы мен дене бітімінің жұмыс істеу қабілетінің өмір сүру тәсілімен, күнделікті қозғалу белсенділігінің мөлшері және сипатымен тығыз байланысы көптеген зерттеулерде (Г.Л.Апанасенко, В.К.Бальсевич, В.А.Запорожанов, Л.П.Матвеев, және тағы басқалары) дәлелденген.
Қазіргі заман педагогтары Ю.К.Бабанский, Н.В.Кузьмина, В.В.Сериков, В.А.Сластенин, А.В.Усова, Т.А.Ақпаев, С.И.Қасымбекова, А.С.Имангалиев, Н.Д.Хмель және т.б. болашақ маманды кәсіби даярлау процесіне сол даярланатын, мамандықтың түріне, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Бұл еңбектерде мамандықтарды сипаттай отырып, маман іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдарлар көрсетіледі.
Дене шынықтыру-сауықтыру процесінің неғұрлым тиімді жолдарын, оңтайландыру құралдарын іздеу мен айқындау педагогиканың өзекті проблемалары болып табылып. Қазіргі кезде оларды шешуде адам дамуының сыртқы және ішкі факторларының ғылыми негізде және барабар қатынастары негізінде әр түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін жобалауға барынша көңіл бөлінуде.
Зерттеу бағыты спорттық-сауықтыру және дене тәрбиесі ортасы болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты жекелеген жалпы теориялық ережелерді нақтылауға мүмкіндік беретін дене тәрбиесі және дене шынықтыру теориясы мен әдісі жөніндегі зерттеу жұмыстары талданды. Сол мақсатта Ж.К.Оңалбектің, Л.П.Матвеевтің, Б.Тойлыбаевтың, В.В.Белорусованың, Н.А.Васильеваның еңбектерін айрықша атап өткен жөн.
Ресей ғaлымдарының еңбектеріне шолу жасасақ, адам денсаулығының эвалюциялық қызметін алғаш Сергей Петрович Боткин (1898ж.) сипаттаса, И.И.Брехман «Валеология - наука о здоровье» деген еңбегін жазды. 1886 жылы алғаш рет әлемде валеология ғылымына бірінші қадам жасаған адамның комплексті (тұтас) проблемасымен айналысқан профессор П.Ф. Лесгафттың еңбегін атап өтуге болады.
Қазақстандық ғалымдардың Х.Қ. Сәтбаева, А.С. Адылханов, Л.З. Тель, А.Г.Турганбаева, Е.Д.Даленов, А.А. Ақанов, К.Ә. Жаңабердиева, З.Г. Брусенко, С.Р. Рахметова дене-шынықтыру сауықтыру еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Жалпы осы проблема бойынша арнайы зерттеулерді талдау бір жағынан дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін құрудың жалпыға бірдей қабылданған әдістемесінің жоқтығын, сауықтыру бағытындағы оңтайлы күш түсулерді айқындаудағы ерекшеліктерді, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуінің жеке-дара ерекшеліктерінің көптігі арасындағы қайшылықтарды және шектеулі мүмкіндіктер мен дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін құрудағы, ерекшеліктерді ескеруді айқындай түсті.
Зерттеліп отырған проблеманың өзектілігі денсаулықты нығайту мен сақтауды және қазіргі бар қайшылықтарды жоюды қамтамасыз ететін дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін одан әрі теориялық және экспериментальды зерделеу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Зерттеуімізде спортшылардың өзара қатынасы мәселелеріне, оның әлеуметтік тєжірибе жинақтауға қалай әсер ететіндігін, сол тәжірибені қалыпты спорттық ортада пайдаланғанда қандай нәтиже беретіндігін білу мақсатымен спорт психологиясы жөіндегі ғылыми әдебиеттер де кеңінен пайдаланылды.
Сонымен, ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби тұрғыдан даярлығын жетілдіру мәселесі арнайы зерттелмегені анықталды.
Зерттеу мақсаты – Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны – Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби дайындау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, еліміздегі бүгінгі таңдағы өзгерістерге байланысты дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды дайындаудың әдіснамалық және теориялық негіздері айқындалса, дене шынықтыру-сауықтыру жүйесіндегі энергетикалық қамтамасыз ету мазмұны теориялық тұрғыдан сипатталып, ғылыми-әдістемелік жүйе жасалса, онда зерттелетін кәсіби даярлық деңгейін жетілдіру мүмкіндігі туады, өйткені ЖОО-да болашақ мамандарды даярлау сапасына талап бүгінгі күні артып отыр.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде энергетикалық қамтамасыз ету арқылы дене қозғалыстары, режимдер, бағыт-бағдарламаларын құрудың мазмұндарын сипаттау.
4. Болашақ маманның кәсіби дайындығын жетілдіру бағытындағы дене шынықтыру-сауықтыру жүйесін энергетикалық қамтамасыз етуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
5. Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде жетілдіру жүйесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру.
6. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері, тұлғаның дамып, жетілуі мен толысуының жалпы диалектикалық принциптері, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекет пен тұлғалық ізденушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; таным теориясы; жеке тұлға, іс-әрекет, мәдениет теориялары, адам – қоғам – табиғат жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, оқу процесін басқару мен ұйымдастыру теориясы, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысында философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалып; мемлекеттік арнайы құжаттар сараланып; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жоғары оқу орындары құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмысы, статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді мақсатты зерттеу мен талдаулар арқылы материалдар жиналып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; оқу-тәрбие процесінің жоғары оқу орнындағы қазіргі жағдайы зерттелді. Эксперимент бағдарламасы айқындалып, анықтаушы педагогикалық эксперимент жүргізілді.
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың дайындығында дене мүмкіндіктерін дамыту мен сауықтыру негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше мәнге ие. Бұл даярлық ұсынылған бағыттар бойынша болашақ мамандарды мақсатты тұрғыда теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік жағынан ғылыми негізделген жағдайда өнімді жүзеге аса алады;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды даярлау энергетикалық өлшемдер арқылы дене қозғалыстар режимдер бағыт-бағдарламаларын құрудың негізгі сипаттамасымен айқындалады;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіруге тиімділігі педагогикалық үдерісте мамандардың кәсіби дайындығы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тікелей байланысты;
- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінің мәні жоғары оқу орындарында дене мәдениеті пәндері жүйесіндегі білім мазмұны мен оның зерттеліп отырған проблемаға бағыттылығы мен өзара сабақтастығы арқылы анықталады;
- жоғары оқу орындары студенттерінің болашақ қызметіндегі дене шынықтыру-сауықтыру жүйесін ұтымды ұйымдастыра білу білімдері мен іскерліктері оның кәсіби жеке тұлғасының маңызды сипаттамасы ретінде қарастыруға болады;
- болашақ мамандар мен олардың келешектегі жұмыс орындарындағы іс-әрекеті арасындағы өзара байланысы дене шынықтыру-сауықтыру жүйесін тиімді ұйымдастыру жолдары, әдіс-тәсілдері арқылы айқындалады;
- болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлау алдын-ала белгіленген педагогикалық-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде маман дайындығын жетілдірудің әдіснамалық негіздері
Дене тәрбиесінің теориясы мен дене тәрбиесі қозғалысы дене мәдениетінің қазіргі заманғы теориясының пайда болуына септігін тигізді.
Н.И. Пономарев сонау 1969 жылы-ақ құрамды бөліктерге бөле отырып, «дене мәдениеті» және «дене тәрбиесі» ұғымдарына анықтама берген болатын. Біраз кейінірек ол дене мәдениеті теориясын ғылым ретінде бөле келе, оны дене тәрбиесі теориясының, спорттық теорияның, дене тәрбиесі мен спорт социологиясының негізгі бөлігі ретінде атайды және дене тәрбиесі институттарының оқу жоспарына осы пәнді кіргізу қажет деп санайды.
1975 жылы Л.П.Матвеев дене тәрбиесі жалпы теориясының нұсқасын қарастыра келіп, онда ол дене тәрбиесі институттары үшін жаңа да дербес ғылыми бағыт және оқу құралы ретінде дене тәрбиесінің жалпы, теориясының негізін қалау мүмкіндігіне болжам жасап, оған назар аударады.
Дене тәрбиесінің жалпы теориясын жасау жөніндегі ұсынысты Н.И.Торопов қолдайды да, болашақ ұрпаққа дене тәрбиесін берудің жалпы дене мәдениеті мен спорт жүйесінің бір бөлігі екендігін атап көрсетеді.
Л.П.Матвеев «дене мәдениеті мен спорттың жалпы теориясын жасау перспективасына» деген мақаласында дене мәдениеті теориясында мынадай ірі компоненттерді бөліп айтады: базалық дене мәдениеті, кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы, сауықтырғыш-қалпына келтіргіш дене мәдениеті мен спорт. Жоғарғы оқу орындары мен мектептердегі дене тәрбиесін ол базалық дене мәдениетіне жатқызады.
Дене мәдениетінің теориясын одан әрі дамыту мен жетілдіруге В.М.Выдриннің дене тәрбиесі институттарында «Дене мәдениетінің теориясы» деген атпен жаңа оқу құралының оқу жоспарына енгізілуі зор ықпал етті. Онда оған дене мәдениеті қоғамдық мәдениет пен жеке адамның органикалық бір бөлігі, адам қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады, онда жалпы мәдениеттік міндеттер тәрбиелік, білім беру, тіл табысқыштық, ерекше міндеттер ағзаның және тұлғалық қасиеттердің үйлесімді дамуы, еңбекке дайындық және т.б. сондай-ақ, мәні Н.И.Пономаревтің «Дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік қызметі» атты кітабында кең де нақты ашылған әлеуметтік қызмет жүктеледі. В.М.Выдрин Г.А.Решетевамен, Ву Дас Хуигпен, В.В.Евстафьевпен шығармашылық бірлестікте бола отырып, мәдениет теориясы негізінде оның концепциясын жасап шығарған, онда дене мәдениеті теориясының негізгі ұғымдарына: «дене мәдениеті», «дене тәрбиесі білім», «спорт», «тұлғалық рекреация», «қозғалысты қалпына келтіру» деген түсініктемелер береді. Дене мәдениеті теориясының қосымша компоненттері ретінде «дене тәрбиесі дайындығы», «тұлғаны дамыту», «дене тәрбиесі жаттығулары» деген ұғымдарды алады.
Дене мәдениетінің теориясы дене мәдениетінің мәні туралы ғылыми жүйе ретінде түсіндіріледі, оның міндеті «адамның үйлесімді дамуының заңдылықтарын тауып және ашу, оның тұлғалық жағынан белгілі бір бағытта және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тәсілдерін түсіндіріп және дәлелдеу, оларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолдарын, лайықты түрлері мен принциптерін пайдаланудың ыңғайлы әдістерін табу».
Л.П.Матвеев дене тәрбиесі қозғалысының ғылыми-теориялық негіздерінің қалыптасу кезеңдеріне, дене тәрбиесі мен дене мәдениеті теорияларына сипаттама бере келіп және оның дәрежесін нақтылай отырып, дене тәрбиесіне ерекшелік мазмұны адамдарды қозғалысқа үйрету мен тұлғалық сапасын жетілдіру болып табылатын тәрбие түрі деген анықтама береді.
Ол сонымен бірге, дене мәдениетінің құрамдас бөліктеріне «базалық мектеп дене мәдениетін», «өндірістік дене мәдениетін», «емдік дене мәдениетін» және оның басқа компоненттерін жатқызады да, ал дене мәдениеті теориясының өзін ол қоғамдық, жаратылыс және мамандандырылған ғылымдармен, жалпы педагогикамен, физиологиямен, психологиямен, дене мәдениеті тарихымен, социологиямен, дене мәдениеті қозғалысын басқарумен, дене тәрбиесінің теориясы және тәсілдерімен, тағы басқаларымен өзара байланысты, дене мәдениетінің мәні туралы ғылыми білім беру жүйесі екендігін айқындай келіп, жалпы ғылым деп атайды.
Дене мәдениетінің теорияларына атақты ғалымдар В.М.Выдрин, Л.П.Матвеев, Н.И.Пономарев және басқалары тарапынан баса назар аударылуы «Дене мәдениеті теориясына кіріспе», «Дене мәдениетінің теориясы», «Дене мәдениеті теориясының негізгі ұғымдарын талдау» және басқа көптеген ғылыми жарияланымдардың, диссертациялық зерттеулердің және ғылыми еңбектердің пайда болуына ықпал жасады.
Дене мәдениетінің теориясына арналған «Дене мәдениетінің теориясы жөніндегі очерктер» халықаралық еңбектерде жарық көрді. Онда дене мәдениеті теориясының негіздері ғылыми біліктіліктің жаңа кешенді саласы ретінде қарасытырылады. Сол сияқты дене мәдениетіне байланысты арнайы оқу орындарына арналған В.М.Выдриннің, А.А.Гужаловскийдің дайындауымен «Дене мәдениетінің негізгі теориясы мен әдістемесі» атты оқулық та пайда болды. «Дене мәдениетінің теориясы мен практикасы» журналының беттерінде философтар В.Н.Столяров, Н.А.Пономаревтардың қатысуымен белгілі ғалымдардың шығармашылық пікір таластары да өткізілді. Әсіресе, В.И.Столяров журналдың екі санында жариялаған «Дене мәдениетінің теориясы туралы мәселеге» атты мақаласында қозғалыс әрекеті түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, дене мәдениеті теориясына әдістемелік талдау жасайды. Адамның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты біріншісіне, ол қоршаған ортада жүріп-тұруды, екіншісіне-еңбек түрлерінің сан салалығына орай еңбек қызметін, сонан соң адамдық танымдық қызметі барысындағы адам қозғалысын, одан кейін – спорт түрлерінің ерекшеліктері себепші болатын арнаулы қозғалыс қызметін, және соңында – дене тәрбиесі жаттығулары арқылы арнаулы қозғалыс әрекетінің тобын жатқызады. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық әдіснамалық негіздері
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (6 сынып)
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (5 сынып)
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (Бастауыш 3 сынып)
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық әдіснамалық негіздері
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (6 сынып)
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (5 сынып)
» Күнтізбелік - тақырыптық жоспар: Дене шынықтыру (Бастауыш 3 сынып)
Іздеп көріңіз: