Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................6

І – тарау. Дене тәрбиесі саласындағы ұлттық тәрбие ......................................9
1.1 Ұлттық ойындар - сабақ жүйесінің негізгі құралы.........................................9
1.2 Музыкамен орындалатын ұлттық ойындар......................................................26

ІІ – тарау. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі................................36
2.1. Ұлттық ойын-сауық ойындары.........................................................................36
2.2 Ашық жазықтағы ойындар.................................................................................43
2.3 Қысқы мезгілдегі ойындар.................................................................................44
2.4. Ат спорттық ойындар.........................................................................................47
2.5. Намаз және дене шынықтыру...........................................................................54
2.6. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі..................................................61

Қорытынды ............................................................................................................71
Пайдаланылған әдебеттер....................................................................................73

Зертеудің өзектілігі. Жас жеткіншектердің дене тәрбиесі Қазақстан Республикасы мемлекеті мен үкіметінің қашанда маңызды міндеттерінің бірі болып келеді. Республика Президенті мен үкіметтің жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге арналған қамқорлығы (оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаларды нығайту, педагогикалық мамандардың кәсіпкерлігін арттыру) бірқатар шешімдер мен қаулыларда өзінің жарқын көрінісін тапты.
Қазақстан Республикасы барлық тарихи кезеңде ұлттық саясатты өрбітуге және де оны жетілдіру мен қалыптастыруға әрдайым көңіл бөліп отырды.
Қазақстан Республикасында олимпиадалық ойындар бағдарламасын құрайтын және де жалпы халықтық байлықтың мүддесіне айналған дене күші жаттығулары көп.
"Президенттік сынама" Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің, жалпы халықтың маңызына ие болып отыр.
Жалпы халықтық және ұлттық мәдениет сәйкестігі мен олардың өзара байлық бірлестігі осылардың кеңінен дамуына жол ашуды құрайды.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз ұлтқа тән мемлекеттік рәмiздерiн (Әнұранын, Елтаңбасын, Туын, Конституциясын) жариялап, "Білім беру туралы" (1992), "Жоғары білім беру туралы" (1993), заңдарын қабылдап, "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы" (1992), "Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы" (1995) өмірге келді. Бұл құжаттарда былай деп атап көрсетілді: "Жалпы білім беретін мектептердің мақсаты - жас ұрпақты игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау" (1992), "...Білім беру ісінің көп арналылығы мен алуан нұсқалылығы кең аймақтарды қамтуы, ұлттық мүдденің ескерілуі білім берудің баршаға ортақ болуы сияқты принциптерді қамтамасыз етеді" (1995).
Дүние құбылыстары мен амалдары бір-бірімен тығыз байланысты. Осы негізде психолог, педагог ғалымдардың еңбектерін саралай келіп, бүгінгі мектептегi дене тәрбиесі сабағының білімділiк, тәрбиелік сапасын жақсартып, оны ұлттық мәдениеттің озық дәстүрлері арқылы өзгеше құру қажеттілігін байқаймыз.
Мұндай жаңаша жүйе дене тәрбиесі сабақтарын өткізудегі, әсіресе баланың тұлғалық қарымы мен ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік туғызады. Сондай мүмкiндiктердiң бiрi - ұлттық ойындардың жалпы орта білім беретін мектептiң дене тәрбиесінде, күнделікті тұрмыста пайдалану болып табылады.
Қазақ халқының бай мұрасы ұлттық қозғалмалы ойындары педагогикалық жүйе мен дене шынықтыру педагогикасында кеңінен қолданылып келедi. Бірақ бұл ғылыми негізделу қазіргі кезде тәжірибеде жеткілікті деңгейде өз орнын таба алған емес.
"Президенттік сынама" тапсыруға бағытталған қазақтың ұлттық спорт түрлері, қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарына байланысты ғылыми зерттеулер жеткіліксіз.
Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесінде қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын, ұлттық салт-дәстүрін, жағрапиялық, климаттық және демографиялық ерекшеліктерін толықтыра отырып, дене шынықтыру бағдарламасын нәтижелі пайдалану Қазақстан Республикасында "Президенттік сынама" деңгейін орындауға нәтижелі ықпал етеді.
Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын кеңінен қолдану негізінде "Президенттік сынама" деңгейін мектепт оқушыларының орындауы біздің қолға алып отырған, тәжірибелік ғылыми зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі деп есептейміз.
Қазіргі педагогика ғылымында дене тәрбиесі және спорт мәселелерімен біршама ғалымдар айналасуда. Солардың ішінде оқушылардың дене шынықтыруға дайындығын бақылаудың педагогикалық негіздерін 6,7,8,9,10,11,12,13,14оқудан тыс мезгілдерде оқушыларға дене тәрбиесін беруді жоспарлау мен ұйымдастыруын 15,16,17,18,19,20, спорттың кейбір түрлерімен мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тәрбиелеу мәселелерін 21,22,23,24,25; жасөспірімдерге дене тәрбиесін берудегі ұлттық спорт ойындарының тәрбиелік мәні, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін 26,27,28,29,30,31,32,33,34т.б. қарастырған.
Бірақ жоғарыда аты аталған зерттеуші-ғалымдар дене тәрбиесі және спорт мәселелерін жалпы зерттегенмен, жалпы орта білім беретін мектептердің дене-тәрбиесі жүйесінде «Президенттік сынаманы» орындауда қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын пайдалану жұмыстарымен арнайы шұғылданбаған. Оған себеп, сол тұста олардың зерттеу жұмыстарының алдында, осындай мақсат, міндеттер қажеттiлiгi тумады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі зерттеу проблемасының жаңа қоғамдағы қажеттігімен, бұл проблеманың қазіргі жағдайдағы мектеп тәжірибесінде шешімін табу арасында қарама-қайшылықтар бар екенін анық байқатады.
Біздің зерттеу жұмысымызға біршама ұқсастығы бар, бұл зерттеу еңбектерінде қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын «Президенттік сынаманы» орындауда, пайдалану мәселесі негізгі нысанға алынбаған. Оқушылардың дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы зор болғанымен, «Президенттік сынаманы» орындауда оны қолданудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы зерттеу еңбегіміздің көкейкестілігін айқындайды.
Сонымен оқушыларға дене тәрбиесін беруде ұлттық педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негізін, оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруда, оның ішінде оқушыларға дене тәрбиесін берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауда, қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын «Президенттік сынаманы» орындауда қолданудың біртұтас ғылыми негізін жасау қажеттілігі ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "Мектеп оқушыларын «Президенттік сынаманы» орындауда қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы дайындау" –деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу обьектісі. Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбие жүйесі.
Зерттеу пәні. V-VIІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын пайдалану арқылы «Президенттік сынаманы» орындауды жетілдіру.
Зерттеу мақсаты. Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын пайдаланып "Президенттік сынама" сынақтарын V-VIІ сынып оқушыларында дене күші дайындық деңгейін көтеру және дене шынықтыру сабағында жоғары деңгейде орындауды ғылыми тұрғыда негіздеу және экспериментік жұмыстар жүргізу.

І. Дене тәрбиесі саласындағы ұлттық тәрбие

1.1. Ұлттық ойындар - сабақ жүйесінің негізгі құралы

Ұлттық рухани бейне - күрделі құбылыс. Оның құралып қалыптасуына әр түрлі сипатты халықтық құбылыстар қатысады. Бірқатар құбылыстар кешені ұлттық рухани бейнесімен байланысты. Олардың қатарына ұлттық мүдде, сана-сезім, сезім, мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорт ұлттың рухани бейнесімен тығыз байланысты. Өйткені, олар ұлттық тұрмыстың элементтерінің бірі болып табылады.
Осы заманғы ұлттық проблемалар бойынша, Отандық және ТМД елдерінің ғалымдары бірқатар еңбектер жариялады. (1).
Осыған қарамастан, ұлттық табиғатты әлеуметтік-философиялық және педагогикалық зерттеудің шеңберін кеңейту қажеттілігі сезіледі. Бұл аталған құбылысты түсінушілікте алақұлылықтың болуынан туып отыр.
Дене тәрбиесімен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені, осы жолдарды жазып отырған, автордың әр кезде жарияланған кейбір еңбектерін қоспағанда тіпті аз зерттелді десе болады.
Күрделі қоғамдық феномендер ретінде дене тәрбиесі мен спорт өз ішінде қоғамда жасалған жүріс-тұрыс нормаларын, ал бұлар «адамдардың өмір тіршілігінде белгіленіп, олардың дағдыларына, олардың тұрмыс – салтының, ұлттық өмірдің құрамдас бөлігіне айналады. Ұлттық өмірі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені анықтай береді». (2,79 бет).
Демек, ұлттық тәрбиені және ол қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен қатынасын әрдайым даму жағдайында, нақты жағдайлармен, күллі қоғамның, жеке ұлттың, кемелдену деңгейімен, олардың өмірлері мен өзара қарым-қатынастарының басқа жақтарымен тығыз байланыста болуы керек. (3,71-бет).
Ұлттық тәрбиенің табиғаты әрі күрделі, әрі қарама-қайшылыққа толы. Адамдардың «туыстық сезімге» барынша жақын екендігі қашаннан белгілі. Мұның өзі ұлттыққа байыппен келуді, оны әрбір халықтың, әрбір ұлттың нақты жағдайларына сәйкес қарастыруды талап етеді.
Неміс ғалымы В.Зигер былай деп жазды: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді (денені) жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі бір жеке адамның тарихи тұрғыдан әлеуметтік қалыптасуының жиынтығын айтамыз. (4,75 бет). Жалпы адамзаттық және әлеуметтік дамудың тарихи формасы болған ұлт сонымен бірге халықтың ұлттық ерекше спецификалық белгілерін алып жүруші де болған, ол жеке адамның тарихи құралуының (қалыптасуының) негізі болып та қызмет етеді. Жеке адамның тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған дене тәрбиесі мен спорт өз ішіне көптеген құбылыстарды алып, ұлт өмірінің құрамдас бөлігі болып кіреді.
Ұлтттық өмірі дене тәрбиесі мен спорттың айырмашылық белгілерін, олардың имандылық негіздерін, педагогикалық процестің ерекшеліктерін белгілеп береді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттық тәрбие өзара байланысты процестердің тұтас бір жүйесін ұсынады, оның басты компоненттері (сыңарлары) жалпы адамдық, әлеуметтік, ұлттық өзгелік болып табылады. Күллі адам атаулының дүниені бейнелеу заңдары ұқсас, әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық қана емес, ұлттық өзгеше (спецификалық) тәрбиені де іске асырушы ретінде, көрініс береді.
Ұлттық тәрбиеде «жалпы адамдық белгілердің» болуы ұлттық тәрбие ұғымын мазмұны жағынан кең әрі терең ете түседі.
Ұлттық тәрбиенің құрамындағы жалпы адамзаттық қоғам қызметінің нақты саласындағы өзара әрекеттесудің, өзара кірігудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықты қоғамдық қатынастардың күллі жиынтығынан оқшау алып қарастыруға болмайды.
Ұлттық өзгешелікті құрайтын элементтер алуан түрлі. Кейбір ғалымдар атап көрсеткендей, өзгеше белгілері болмайтын үлкенді-кішілі ұлттар болмайды. (5, 12-бет). Сондай-ақ, бір-бірінен ерекшеленбейтін жүйесі жоқ дене тәрбиесі де болмайды.
Мұнымен қатар шығу тегіне қарамастан барлық адамдардың шындықты бейнелеу заңдары да, ұқсас екендіктері де белгілі. А.Г.Агаевтың айтқан пікірі дұрыс, ол «халықтар аз аралас-құралас болғанына қарамастан, өздерінің ғылыми танымында бірдей дерлік нәтижелерге қол жеткізеді» деп жазған еді. (6,77-бет). Бұл айтылғанға дене тәрбиесінің кейбір құралдары айқын айғақ бола алады. Дене шынықтыру жаттығулары мен арнаулы заттар (құралдар) немесе ойындар үшін бейімделген құралдар жасаған (жаратқан) дүние жүзінің көптеген халықтары көптеген жағдайларда бірдей дерлік қорытындыға, оларды жас ұрпақтың дене тәрбиесі мақсаты үшін пайдалану заңдылықтарында қайран қаларлықтай ұқсас нәтижелерге жеткен. Белгілі ғалым М.С.Жүнісовтың (7,12-бет) атап көрсеткендей әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие тек жалпы адамдық қана емес, ұлттық-өзгеше тәрбие түрінде де көрініс береді. Ұлттық тәрбиенің сипаты ерекшелігі сол, ол ұлттық-өзгеше тәрбиеге қарағанда мазмұны жөнінен әрқашанда байқалады. (8,73-бет). Сондықтан ұлттық тәрбие алуан түрлі, көп элементті құбылыстардан тұрады және ол әр түрлі көрініс береді. Сондай-ақ оның шығу тектері де, даму бағыттары да әр қилы.
Қарастырып отырған мәселеге келетін болсақ, алуан түрлі аса ірі халықаралық ғылыми конгрестер мен симпозиумдерде антик дәуірінен бері дене тәрбиесінде жалпы адамзаттық белгілер бар деген қағида әлденеше рет атап өтілді. (9,35-бет).
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың өз даму заңдылықтары бар, ол ұлттық өмірдің көптеген жақтарын орынды қозғайды. Бұл жайында кей-кейде аяу және алыс шет ел ғалымдары да жазып жүр. Солардың бірі, мәселен, ұлттық тәрбиеге мынадай түсінік береді: Дене мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері ұлттық нақты өмір жағдайларында тарихи қалыптасқан дене шынықтыру жаттығуларының, ойындарының, спорттық өзіндік бір формаларын, өзіндік бір ережелері мен дене қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, оған деген дәстүрлі қатынастарын (бұл қатынастарды ұлттық тұрмыс салты мен психикалық құрылым ерекшеліктері көрініс береді) білдіреді. Мұндағы интернационалдық белгілер ұлттық мәдениеттердің өзара әрекетінің, өзара кірігуінің нәтижесі болып табылады. (10,200-бет).
Бұл айтылған пікірден шығатын қорытынды, дене тәрбиесімен спорттағы ұлттық тәрбиені мүлде оқшау құбылыс ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ол өз ішіне мынадай құбылыстар тобын «олар белгілі бір ұлттың барлық адамдарына тән» құбылыстарды алады. (11, 52-53- беттер).
Осы заманғы дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие интернационалдық тәрбиесіз толық мағынасында өмір сүруі мүмкін емес. өзара бір-бірін байыту, өзара ықпал ету олардың даму бағыты мен сипатын анықтайды.
Алайда нақты өмірде ұлттық форма мен мазмұнның көрінуі субъективтік факторлармен араласып кетеді. Мұның өзі бұл процестің дамуына мақсатты түрде ықпал ету мүмкіндіктерін туғызады. Бұл айтылғанның жарқын мысалы ретінде дене тәрбиесінде сабақ жүргізудің кейбір осы заманғы тенденцияларын айтуға болады. Мұндай сабақ оқыту кезінде ұлттық элементтері толық пайдаланылады. (12,200-201-беттері).
Сонымен дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие ұлттық тіршілік ерекшеліктерінен туады, онда ежелгі дүниенің қазыналары да болады. Тарихи көзқарас тұрғысынан алғанда, онда «таза» ұлттық нәрселер қанша, басқа халықтардан ауысқаны қанша, бұл жайтты түсіндіру көп қиындық келтіреді. өйткені, басқалардан алынған дүниелердің өзі тұрмысымызға өзіміздікіндей болып сіңісіп кеткен. Мәселен, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, күміс алу, тоғыз құмалақ, жарға жарыс сияқты ұлттық ойындарға қазақтың немесе Орта Азия халықтарының, бізге іргелес шығыс елдерінің қосқаны қанша, әлбетте, анықтау қиын. Қиын болатын себебі, ежелден бұл халықтар ауылы аралас, қойы қоралас өмір сүріп келеді, олардың арасында ежелгі замандардан бері келе жатқан этномәдени байланыстар бар. Алайда, қазіргі ұрпаққа тарихи тамырлардан гөрі, оларда осы заманғы дене тәрбиесінің мазмұнын байытатын қаншалықты озық құндылықтар бар. Міне, оларды осы мәселе қызықтырады.
Дене тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге бағытталған. Бұл міндетті шешуге ұлттық, халықаралық, интернационалдық тәрбиенінің күллі әдістерімен құралдары бағытталғн. Нақ осында, дене тәрбиесі мен спорт саласында жүзеге асырылған терең процестің мән-мағынасы жатыр.
Кейбір ғалымдардың «осы заманғы халықтардың мәдениетініі ұлттық формаларының әр алуандығы, мәдени өзара байытудың дене шынықтыру саласында байытудың елеулі алғы шарттарының бірі болып қызмет етеді. Өйткені, жекелеген халықтардың спорт пен дене тәрбиесі дүние жүзінің басқа ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары

Іздеп көріңіз:
дипломдык Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]