Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау

Мазмұны

Кіріспе
Техникалық бөлім
Эскалатор тарихы және сипаттамасы
Эскалатор параметрлері
Конструкторлық бөлім
Микроконтроллердің дамуы
Atmel компаниясының ATMega48, ATMega88, ATMega168 микроконтроллерінің сипаттамасы
Кең импульсті модуляция MOSFET және IGBT драйверлерінің қолдану ерекшеліктері және сипаттамалары
Автоматты электр қозғалтқыштар
Эскалатордың электр қозғалтқышын басқару
Бағдарламалық қамтамасыздандыру
Жүйенің Proteus симуляторында орындалуы
Бағдарламаның блок сұлбасы
Экономика негізі
Бизнес жоспар
Амортизациялық шығындарды есептеу
Қолдану аясындағы жылдық шығынды есептеу
Эскалаторлық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен
табысты есептеу
Пайда мен шығындарды есептеу
Экономикалық тиімділікті есептеу
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жайлы негізгі түсінік
Метро эскалаторының қауіпсіздік ережелері
Шу және оның адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалануы
Оператор бөліміндегі шуды есептеу
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
А қосымшасы

Кіріспе
Эскалаторлар 21-ғасырда жолаушыларды бір деңгейден екінші деңгейге
тасымалдаудағы транстпорттық құралдардың тиімді түрі болып табылады.
Эскалатор жолаушыларды өткізу ерекшелігіне байланысты көптеген
қоғамдық жерлерде пайдалынылады. Соның ішінде метро бекеттері. Метро
бекеттері терең орналасқандықтан және бір мезгілде жолаушылардың көбеюі
эскалаторды мүмкіндігінше қолдануды талап етеді. Және де эскалаторлардың
бір артықшылығы басқару жүйесінде сезгіш құралдар арқылы жолаушылар
жоқ кезде өшіп туруы, соның арқасында біз жұмсалатын электр энергиясын
бірнеше есе азайтамыз. Бұл дипломдық жобада қолданылатын жаңа
технологиялар эскалаторды басқаруға көптеген жеңілдіктер жасайды
1 Техникалық бөлім
1.1 Эскалатор тарихы және сипаттамасы
Эскалатор (ағыл. Escalator,шығу тегі scala деген сөзден – баспалдақ) –
қозғалмалы басқыштары бар бір деңгейден екінші деңгейге адамдарды
тасымалдайтын көтерме - транспорттық машина, көкжиекке 30 -35° бұрышпен
орналасқан. Баспалдақтың басқыштары тұйықталған шынжырға бекітілген, ол
редуктор арқылы электр қозғалтқыштан қозғалысқа келтіріледі. Эскалаторлар
жер асты өткелдерінде, үлкен сауда объектілерінде, вокзалдарда,
метрополитенде көп қолданысқа ие.
Американдық өнертапқыш Джесс Рено 1892 жылы 15 наурызда ең
бірінші эскалаторға патент алды. Дүние жүзінде ең бірінші эскалатор 1894
жылы Кони - Айленд деген ойын алаңында туристтерге арналған аттракцион
ретінде пайда болды. Эскалаторлар алғашында басқышсыз қо зғалмалы тегіс
лента түрінде болған. Кейінірек оларға тұтқа жасады, ал эскалаторлардың
қазіргі түрі 1921 жылы жасалды. Метрополитен бекетінде ең алғашқы
эскалатор 1911 жылы Лондон қаласында Earl's Court бекетіне орнатылды.
Эскалатордың 0,75 м/с жылдамдықтағы бір жолының теориялық өткізгіштік
қабілеті 10000 адам/сағ құрайды, бірақ іс жүзінде өткізу қабілеті 5000 -6000
адам/сағ және түсу жағдайында 7500 адам/сағ құрайды.
1.1.1 Эскалаторлардың түрлері
Эскалаторлар негізгі екі классқа бөлінеді – тоннельді және қабаттық.
Тоннельді эскалаторлар ұзын еңіс тоннельдерде қолданылады – терең
метро бекеттерінің шығыстарында. Мұндай эскалаторлардың ұзындығы
конструкциясының беріктілігі және тежегіштерінің сенімділігіне ерекше
талаптар қояды. Бұл эскалаторларға техникалық қызмет көрсету үшін
жолақтарының арасына кең балюстрадалар қажет етіледі. Тоннельді эскалатор
1.1 суретте көсетілген.
Қабаттық эскалаторлар метро станцияларында және терең емес жерасты
өткелдерінде, ғимараттарда пайдалынады. Өйткені оларға еркін кіруге болады
және кең балюстрадалар қажет емес.
Тоннельді және қабаттық эскалаторлар көлбелік бұрышына байланысты
ажыратылады. Көтерілу биіктігі 6 метрге дейін болса көлбеулік бұрышы 30° -
35°, ал 6 метрден асатын болса тек қана 30°.
1.1.2 КСРО-дағы эскалаторлар
КСРО-да ең бірінші эскалатор Мәскеуде пайда болды. Мәскеу
метрополитенінің құрылысы кезінде 4 терең орналасқан бекетіне эскалатор
қойылды. 1935 жылдан бастап маңызды бекеттерде KONE атты фин
омпаниясының эскалаторлары орнатылды. Басқа шетел өндірушілердің
эскалаторлары 1991 жылдан кейін ғана пайда болды.
Ақырғы он жылдықта эскалаторлар ірі дүкендерде, кеңсе және сауда
орталықтарында кең қолданысқа ие.
Эскалаторлардың артықшылығы:
Эскалаторлардың өткізгіштік қабілеті жоғары;
Эскалаторлар үздіксіз жұмыс істейтін транспорттық машиналарға
жатады, сондықтан жолаушыларға күтудің қажеті жоқ;
Жұмысқа жарамсыз кезінде эскалаторды кәдімгі баспалдақ ретінде
қолдануға болады, лифттің істен шығуы кезінде оның жөнделуін күту керек.
Эскалаторлардың кемшіліктері:
Эскалаторлар лифттерден қымбат болады;
Лифтпен салыстырғанда эскалаторды орнатуға көп орын қажет;
Бірнеше қабатқа көтерілу үшін жолаушыға бірнеше рет ауысып отыру керек;......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық тахометрді интегралдық микросұлбада жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық бейне бақылауыш жүйесін әзірлеу және микроконттроллер көмегімен қадағалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | ТЭЦ булы қазандығының автоматикалық жүйесін өндірістік контроллерде әзірлеу
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Wi-Fi каналдарымен қамтамасыздырылған телеөлшеу жүйесін жасау

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар аспап жасау жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]