Дипломдық жұмыс: 3510кВ трансформаторлық қосалқы станциясының кеңейтілуі
Мазмұны
Kipicne
1. Ауданның және электрмен жабдықтау жүйесінің қысқаша сипаттамасы
2. Таратушы 10кВ және қоректендіруші 35 кВ электр тораптарын есептеу
2.1 10 кВ таратушы тораптарында электрлік жүктемелерді
2.2 35/10 кВ қс есептік жүктемені анықтау
2.3 Кернеуі 35/10 кВ күштік трансформаторлардың қуатын таңдау
2.4 35 кВ коректендірущі торапты есептеу
2.5 Қоректендіруші трансформатордағы кернеу шығындарын анықтау
2.6 10 кВ торапты есептеу жолдары
2.7 Тораптағы кернеудің ауытқу кестесін құру
2.8 Асинхронды қысқа тұйықталған электр қозғалтқышын
іске қосқанда 38 кВ торабын кернеу тербелісіне тексеру
2.9 35/10 кВ қосалқы станциясының электрмен жабдықтау сұлбасын таңдау
2.10 Электрмен жабдьқтаудьң сенімділігін қамтамасыз ету
3. Қысқа тұйықтау тоқтарын есептеу
3.1 Тораптың орын ауыстыру сұлбасы
3.2 Қыска тұйыктау тоқтарын есептеу (максималдық режим)
3.3 Қыска тұйыктау тоқтарын есептеу (минималдық режим)
3.4 Бір фазалық қысқа тұйықтау тоқтарын есептеу
3.5 Оқшауланған бейтарапты 35және 10 кВ тораптарында бірфазалық жерге
тұйықтау тоқтарын есептеу
4. ҚС жабдығын таңдау және оны қысқа тұйьқтау тоқтарыньң заңды әсеріне
тексеру
4.1 АТҚ-35кВ жабдығын таңдау
4.2 ТҚ-10Кв жабдығын таңдау
5. Релелік корғаныс
5.1 Жоғарғы жағынан 10/0,4 кВ трансформаторлық подстанциясын қорғау
5.2 АЖ-10 кВ қорғау
5.3 10 кВ кірменің максималдық тоқ қорғанысы
5.4 Кернеуі 35/10кВ күштік трансформаторын қорғау
5.5 Күштік трансформаторды асқын жүктемеден қорғау
5.6 Трансформатордың дифференциалдық қорғанысы
5.7 Трансформатордың газ қорғанысы
6. Ауа желісі қабілетін көтеру мәселелері
7. Еңбекті қорғау
7.1 Енбекті қорғаудың жалпы мәселелері
7.2 Жерлендіруші қондырғыны есептеу
7.3 ҚС-ны найзағайдың тікелей суығынан қорғау
8. Азаматтық қорғаныс
9. Бизнестік жоспар
10. Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
11. Қорытынды
12.Пайдаланылған эдебиеттің тізімі
Кіріспе
Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр
жүктемесі өсіуне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті.
Осыған байланысты, кәзіргі уақытта трансформаторлық қосалқы
станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Жоғарыда айтылғанға байланысты бұл дипломдық жобада Алматы
облысы Еңбекші қаақ ауданының қыстағының 35/10 кВ
трансформаторлық қосалқы станциясын (ҚС) кеңейту мәселелерін
қарастырып электрмен жабдықтау сенімділігін көтеру мәселесі қойылған.
Ұсынылып отырған жобаның тақырыбы «Энергиямен қамтамасыз
ету және автоматтандыру» кафедрасында қарастырылып жобалауға
ұсынылған.
Диплом жұмысын орындау үшін диплом практикасында жинаған
материалдар, сұлбалар, кұрылғылардың сипаттамалары мен параметрлері және басқада керек ақпараттар пайдаланылған.
Дипломның құрылымын жасаған кезде ауылшаруашылығын электрмен
жабдықтау бойынша дипломдық жобаны орындауға арналған бірнеше жоғарғы оқу орындарының әдістемелік ұсыныстары қолданылған.
Жобаның тақырыбы қазіргі талаптарға сай,мүмкіндігінше ауыл шаруашылығының көкейтесті проблемаларын шешуге бағытталған.
Дипломдық жобада 35/10 кВ трансформаторлық қосалқы станциясының кеңейтілуіне байланысты дипломның негізгі бөліктері электр жүктемесінің есебіне,кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқатұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және релелік сұлбаларды құрастыруға арналған.
Дипломдық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын - арнаулы мәселе және экономикалық есептер жасалған, еңбекті, азаматтық қорғау және
электр жабдығьш эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген.
Дипломның соңында пайдаланған әдебиеттің тізімі келтірілген.
1. Ауданның және электрмен жабдықтау жүйесінің қысқаша сипаттамасы
35/10 кВ Евгеньевка қосалқы станция Есік қаласынан 30 км жерде орнатылған. Бұл ауданда ауа- райының температурасы орташа : жазда +35° С, қыста - 6 ° С. Рельефі таулы. Жылына найзағайлы күндер шамасы 18-ге
тең. Қысқы және күзгі уақыттарда дауылды желдермен көк мұз пайда
болады. Көк мұздың орташа қалыңдығы в =4,5 мм, ал желдің күзгі орташа
жылдамдығы υ =19м/сек.Евгеньевка елді мекенін электрмен
жабдықтауының жұмыс істеп тұрған сұлбасы 35/10 кВ қосалқы станциясынан қоректенеді. Қосалқы станцияда 2500 кВА номиналдық куаты бар бір трансформатор орнатылған.
Қосалқы станциядан кернеуі 10 кВ ф-1,ф-2,ф-3,ф-4 ауа желілері шығады. Евгеньевка елді мекені зфидерден қоректенеді, 10 кВ ауа желісінің үзақтығы l=6,3км. Желіден қосынды орнатылған қуаты 1064 кВА қуаты бар 10ТП-10/0,4 кВ қоректенеді. Евгеньевка елді мекенінің электрмен жабдықтау сұлбасы төменде көрсетілген.
2. Таратушы 10кВ және қоректендіруші 35 кВ электр тораптарын
Жобаланатын қосалқы станцияны қоректендіретін 35 кВ желі біртізбекті сақиналы. Желінің ұзақтығы 54.3км. Желі АС-95 сымымен темірбетон тіректерінде жасалған.
Жұмыс атқарып тұрған электрмен жабдықтау сұлбасының кемшіліктері болып табылады:
• жұмыс істеп тұрған қосалқы станция сенімділікті көтеру құралдары жоқтығына және қосалқы станцияда бір трансформатордың болуына байланысты тұтынушылардың электрмен жабдықтаудың тиісті сенімділігін қамтамасыз ете алмайды;
• өткен ғасырдың екінші жартысында салынған кернеуі 10 кВ таратушы
тораптар мен 35 кВ қоректендіруші тораптың өткізетін қабілеті жеткіліксіз
және кірмеде кернеудің нормативтік ауытқуын қамтамасыз етпейді.
Осы аталған кемшіліктерге байланысты бұл жобада сенімділікті
көтеру және тұтынушылардың кірмесінде кернеудің сапалы деңгейін
қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады:
-10 кВ ауа желісінің кейбір айландарында жэне 10/0,4 кВ ТП-да
сымдарды аумастыру;
• Жобаланатын қосалқы станцияданда кернеуі 35/10 кВ екінші
қосымша күштік трансформаторды орнату;
• кернеуі 10 және 0,4 кВ таратушы тораптарындаш сенімділікті және электр энергиясының сапасын көтеру құралдарын орнату.
2.Таратушы 10 кВ және қоректендіруші 35 кВ электр тораптарын есептеу
2.1. 10 кВ таратушы тораптарында электрлік жүктемелерді есептеу Есептік мерзімнің соңында 10/0,38 кВ жұмыс істеп тұрған қосалқы
станциялардың есептік жүктемелері келесі өрнекпен анықталады [1]:
Sр=Sизм •кр
мұнда Sизм - тораптағы жүктеме, кВА;
кр - жүктеменің өсу коэффициент!.
Жүктеменің өсу коэффициентін (кр) жұмыс істеп түрған ТП үшін есептік мерзімнің соңында жүктеменің түрлеріне байланысты [1,2 ] сәйкес қабылдайды:
• коммуналдық-тұрмыстық - 1,3;
• өндірістік - 1,4;
• аралас -1,4
Электрлік жүктемелерді есептеу үшін бастапқы мәліметтер ретінде тұтынушылардың кірмелеріндегі есептік жүктемелер және электр қабылдағыштардың соңдарына сәйкес арнаулы кестелерден қабылданатын біруақыттық коэффициенттер мәндері қабылданады. Әдетте жуктемелерді күндізгі және кешкі максимумдер режимдері үшін бөлек анықтайды.
АЖ -10 кВ электрлік жүктемелерін есептеу.
Есептік сұлба 2.1.сур. бейнеленген, мұнда есептік күндізгі(алымында) және кешкі (бөлгішінде) жүктемелер, оданда басқа 10/0,4 кВ қосалқы станциялары трансформаторларының номиналдық куаттары көрсетілген. Бұл желіден өндірістіктермен қатар коммуналдық - тұрмыстық тұтынушылар қоректенеді.
АЖ -10 кВ айландарында есептік максималдық жүктемені кіші қуат мәні бойынша таңдап, біруақыттық коэффициентті ескере отыра, алынатын ТП 10/0,4 кВ куаттарының үстемелерін үлкен жүктемеге қосып табады [ 1...5].
Есепті кешкі және күндізгі максимумдарға бөлек жүргіземіз......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | «Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық бейне бақылауыш жүйесін әзірлеу және микроконттроллер көмегімен қадағалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Өлшеуіш жүйені Labview-де әзірлеу
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | «Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық бейне бақылауыш жүйесін әзірлеу және микроконттроллер көмегімен қадағалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Өлшеуіш жүйені Labview-де әзірлеу
Іздеп көріңіз: