Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі....................5
1.1 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі........................5
1.2 Delphi программалау тілінде құрылғыларды басқару....................................25
2. Delphi программалау тілін оқытудың электрондық құралын жасау және пайдалану................................................................................35
2.1 Delphi программалау тілінің зертханалық жұмыстары..................................35
2.2 Электрондық құралын жасау және пайдалану әдістемесі..............................64
Қорытынды..............................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72
Кіріспе
Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы. Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл.
Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі.
Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор.
Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады. Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып, жетілдіру қажет.
1. Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі
1.1 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі
Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарланған болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездері обьектілі-бағдарланған программалау тілдері көп сұранысқа ие болып отыр, себебі бұл тілдер қазіргі заманғы программалық жабдықтамаларды құрудың перспективалық технологиясы болып табылады. Обьектілі-бағдарланған программалау тілдері құрылымды программалаудың жақсы жақтарын жаңа қуатты тұжырымдамалармен біріктіре отырып, белгілі бір мәселені құрама бөліктерге бөле отырып, солардың әрқайсысын жеке-жеке өңдеу арқылы программаларды тиімді түрде құруға мүмкіндік береді.
Құрылымдық программаның дамуына тоқтала кетсек, 1980 жылдың бас кезінде программалар кодының 90%-ке жуығы негізгі программаға емес, қажеттілігіне қарай, негізгі программаға жалғанатын процедуралар мен функцияларға аударылды. Кодтың қайталанып пайдаланылуы- дайын объектілерді жинастыра отырып, программаның негізгі бөлігін құруға жол ашты. Бұл осындай объектілерді барынша стандартты етіп құруға әкелді. Бұдан барлық процедураларды әмбебап және стандартты жасау мүмкін болмағандықтан, оны түзетілетіндей етіп құру идеясы ұсынылды. Сонымен, процедуралар мен функцияларды емес, олардың түзету ұстанымын стандарттау мәселесі қойылды. Мұндай әмбебап түзетілетін процедуралар мәліметтің жаңа типі болып есептелді және программалық объектілер деп аталды. Осылайша, объектілі бағдарланған программалау (ОБП) тілдері дүниеге келді. Объектілі бағдарланған программалаудың негізгі мәні программист құрылатын программаның тек алгоритмін ғана құрады. Ал, барлық қажетті объектілерді компоненттер палитрасынан шақырады.
Соңғы кездерде Wіndows ортасында жарыққа шыққан және объектілі- бағдарланған программалау негізінде құрылған бағдарламалау тілдері –Mіcrosoft Vіsual Basіc, Borland Delphі, Borland C++ for Wіndows, т.б.
Объектілі бағдарланған программалау (ОБП) жүйелерін оқытуды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады. Оқыту жүйесіне арналған программалық құралдар ретінде жасалатын оқыту әдістемелерін даярлау бүгінгі күннің негізгі мәселесі.
Әдістеме ( грек. мethodike – жол) - әдістер жиынтығы, оқыту немесе ғылымды зерттеу туралы ілімі, педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Әдіссіз оқыту үрдісінің жүзеге асуы мүмкін емес. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны тәрізді, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Әдіс (‘metodos’ деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқытуда пайдаланған оқытудың негізгі әдісін анықтай отырып, оның тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі тәсілдер пайдаланылады. Оқытудың әдісін таңдау ең алдымен алдағы білімнің мақсаты мен мазмұнына байланысты.
Оқыту әдістері бірнеше топтарға жіктеледі:
- Сөздік әдістер тобына қарай: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.
- Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.
- Практикалық әдістер тобына зертханалық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар жатады.
Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. И.Я.Ларнердің дәлелдеуі бойынша мұғалім сабақ үстінде оқушыларға көп түсіндіреді, олардын жаттығулырды орындауды, көрсетілген іс-әрекет тәсілдерін еске түсіруді талап етеді, ал жаңа проблеманы шешу процесінде білімді шығармашылықпен пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Осы ерекшеліктерді ескеріп М.Н.Скаткин мен И.Я.Ларнер оқытудың мынадай тәсілдерін ұсынады:
1. Түсіндірме-иллюстративті әдіс
2. Репродуктивтік әдіс
3. Проблемалық әдіс
4. Жекеше-іздену (эвристикалық) әдіс
5. Зерттеушілік әдісі
Обьектілі-бағдарланған программалау тілін оқыту барысында келесі әдістерді қолданған тиімді болып табылады: лекциялар, жобалар әдісі, түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс, проблемалық әдіс, жекеше-іздену (эвристикалық) әдісі, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыстар.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылғысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады, әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейінгі жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын ,маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды, ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады. Лекция сабақтың 25-30 минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз бетінше түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды. Соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.
Жобалар әдісі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше ақпараттарды тауып, оны меңгере алатын түлектерді дайындау мақсатында оқыту үрдісінде мүмкіндігінше тиімді жаңа әдістерді пайдалану қажеттілігі туындайды. Сондай әдістердің бірі –жобалар әдісі. Бұл әдіс оқытушыға әрбір оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді. Соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Практикалық нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында оқушылар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте - зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер тәрізді болып құрастырыла береді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс. Бұл әдіс мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетін бейнелейді. Мұғалім оқушыларға негізгі фактілерді дайын күйінде береді, яғни ауызекі сөздердің (әңгіме, лекция, түсіндіру), баспа сөзінің (оқулық, қосымша әдебиеттер), көрнекі құралдардың (суреттер,кестелер, кино-диафильмдер, натуралды обьектілер ), практикалық жұмыстардың (тәжірибе көрсету, есеп шығару, шығарма жазу, аннотация жазу т.б) көмегімен сабақта оқушыларға білім беруді іске асырады, ал оқушылар оны қабылдайды. Сабақ үстінде оқушылар тыңдайды, көреді, оқиды, бақылайды және тапсырмаларды орындайды. Бұл әдіс оқушыларды жаңа теориялық материалдармен таныстыруда, олардың компьютермен, программалық құралдармен бастапқы жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруда қолданылады. Мұғалім нақты программалық құралдың жұмыс істеу принциптерін көрсеткен кезде оқушыларға көрсеткен жаттығуларын компьютерде орындауды ұсынады. Сонымен қатар, сабақта оқу кинофильмдерін көрсетіп, оның мазмұнын оқушылармен бірге талқылауына болады.
Проблемалық әдіс. Сабақта тақырып бойынша мұғалім оқушының алдына проблемалы сұрақтар қояды және оның шешу жолдарын көрсетеді. Оқушылар проблеманы шешу үшін әрекет жасайды. Проблемалық әдісте мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларға проблемалық ситуация туғызатын проблемалы сұрақтар қою, танымдық есептер, тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі.
Жекеше-іздену (эвристикалық) әдісі. Бұл әдіс оқушыларды болжам жасауға, танымдық есепті шешу үшін бақылау, тәжірибе жасауға, жоспар құруға немесе алгоритм құруға қызықтыру болып табылады. Бұл әдістің мәні мұғалім тапсырманы құрады, іздену көздерін жоспарлайды, проблемалық міндетті жеке проблемаларға бөлшектейді, ал оқушылар бұл кезеңдерді орындайды. Оқушы материалды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәні ашылады.
Зертханалық жұмыстар. Барлық оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында мұғалімнің берген тапсырмаларымен, программалық құралдармен жұмыс жасайды. Мұндай құралдардың дидактикалық қызметі әр түрлі болуы мүмкін: жаңа материалды игеру (оқыту программалары), не мұғалім түсіндірген жаңа материалды бекіту (жаттығулар), не алынған білімді түсінуін немесе жүйелеу дағдысын тексеру (бақылау). Фронтальді зертханалық жұмыста мұғалімнің рөлі оқушылардың жұмысын бақылау, сонымен қатар оларға жедел көмек көрсету болып табылады.
Практикалық жұмыстар. Оқушылар мұғаліммен өздік жұмысы үшін жекеше тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар оқушының курстың толық тарауын игеру білімі мен біліктілігін тексеру үшін беріледі. Практикум барысында мұғалім оқушылардың жетістіктерін бақылайды және оларға керек жағдайда көмек көрсетеді. Жіберілген қателерге назар аударып, қажет болған жағдайда барлық оқушыларды жалпы сұрақтарды талқылауға шақырады. Оқытудың практикалық әдістерін қолдануда практикалық тапсырмалардың бірте-бірте қиындай түсетін жүйесін жасау қажет. Бұл жүйе оқушылардың іскерлігіне қойылатын талаптардың бірте-бірте күшейе түсуімен сипатталады.
Объетілі бағдарланған программалауды оқыту программасы оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тереңдету және кеңейту үшін төмендегідей негізгі бағыттарды көздеп отыр:
• алгоритмдік – оқушылардың алгоритмдік, логикалық және жүйелік ойлау қабілеттерін дамыту;
• технологиялық - әртүрлі практикалық тапсырмаларды шешу мақсатында қолданбалы программалармен қамтамасыз ету жұмыстарына дағдыландыру және іскерлігін қалыптастыру.
Жалпы «Информатика» пәнінің программалау тілін оқытудың негізгі мақсаттары мынадай:
білімділік:
• ақпарат теорисының, ақпаратты жүйелер мен технологиялардың базалық ұғымдарымен, сонымен бірге ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарымен таныстыру;
• программалау негіздерін үйрету;
• компьютерді қолдана отырып, қолданбалы тапсырмаларды шешу іскерлігін қалыптастыру;
тәрбиелік:
• оқушылардың алгоритмдік, логикалық және жүйелік ойлау қабілеттерін дамыту;
• ақпараттық мәдениеттіліктің элементтерін қалыптастыру;
• жеке тұлғаның өнегелілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыур.
Оқыту құралдары
Дұрыс құрылған оқу үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі оқыту құралдары болып табылады.
Оқыту құралдары – бұл білім беру үрдісіне ақпарат көздері мен қызмет аспаптары ретінде енетін материалды және идеалды обьектілер болып ұсынылатын мұғалім мен оқушылардың арасындағы қызмет құралдары. Оқытудың дәстүрлі үрдісінде ондай құралдарға көрнекі құралдар, яғни плакаттар, сызбалар, макеттер, баспа шығарылымдары (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, негізгі және қосымша әдебиеттер), оқу ақпараты жазылған дискеттер, тақтаға жазылған жазбалар, кинофильмдер, видеофильмдер, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, яғни компьютер, әр түрлі аудио және видео құрылғылар, т.б. сонымен қатар, мұғалімнің сөзі жатады. Қазіргі уақытта оқыту құралдарының қатарына электронды оқулықтар, Интернет, мультимедиа, педагогикалық-программалық құралдар және т.б. қосылды.
Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқытқанда оқыту құралдарынан, ең алдымен, әр оқушыға қажетті программалау ортасымен жабдықталған компьютер қажет. Өтіліп жатқан тақырыптарға байланысты жазбалар жазылған плакаттар, макеттер, сызбалар іліп қойған дұрыс және интерактивті тақта болса, оны пайдаланып, обьектілі бағдарланған программалау тілінде әр түрлі программалардың шығарылуын, осы тілде жазылған қосымшаларды көрсетіп, сабақты слайдтар түрінде демонстрациялап, түсіндіруге болады. Сонымен қатар, оқыту барысында әр түрлі негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік нұсқауларды, практикумдарды, тақырыпқа байланысты оқытуға арналған аудио және видеоматериалдарды қолдануға болады. Осы оқыту құралдары оқушылардың тақырыпқа, программалауға деген қызығушылықтарын тудырады және сабақты жақсы түсініп, қабылдауларына көмек болады......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
Іздеп көріңіз: