Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | MS Access жүйесі бойынша электрондық лабораториялық практикум жасау
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................3
І ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ..............................................................................................5
1.1. MC ACCESS Мәліметтер қорының басқару жүйесі..........................8
1.2. Реляциялық мәліметтер қоры............................................................10
1.3. Microsoft Access – Мәліметтер қорының басқару жүйесінің объектілері...............................................................................12
1.4. Мәліметтер қорын құрудың тиімді жолдары.Мәліметтер қорын құрудың алгоритмі.....................................................................21
ІІ ТАРАУ. MICROSOFT ACCESS ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУҒА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ
2.1. Лабораториялық практикумға қысқаша түсінік............................38
2.2. Microsoft Access -97 жүйесін оқыту стандарты туралы................41
2.3. Сабақ үлгілері
а) Microsoft Access мәліметтер қоры және оны басқару жүйесі ........45
ә) Access объектілерімен жұмыс жасау (кестелер, сұраныс және форма)............................................................49
б) MS ACCESS программасында есептермен жұмыс жасау..............58
в) MS ACCESS программасында мәліметтерге сұраныс жасау .......................................................................62
г) Microsoft Access жүйесімен Сұраныстар құру..................................65
д) Microsoft Access програмасында мәліметтерге сұраныс жасау.......67
Қорытынды.......................................................................................................70
Пайдалынған әдебиеттер.................................................................................72
Кіріспе
Информатика - жас ғылым, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын информацияны іздеу, жинау, өндеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Қазіргі информатика ғылымын адамзат ЭЕМ-нің көмегімен арқылы ғана қабылдайды және қолдана алады, ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады.
Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ-ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен қатар адам қызметінің жаңа сапасы - программалау дами бастады. ЭЕМ-де программалау инфоматиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі заманғы есептегіш техника – оның материалдық базасы.
Орта білім беру жүйесінде « Информатика » пәнінің ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады.
Орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарында, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік меңгеруді іске асыру құралы ретінде қолданылуы сондай-ақ, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық өңдеу, беру және қолдану да үлкен маңызы бар «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйелері» деп аталатын информатиканы қарастыру да қажетті болып табылады.
Информатиканы оқыту әдістемелерінің толық еместігін басты назарына (яғни мәліметтер қоры, мәліметтер қорының басқару жүйелерінің информатика оқыту бағдарламасындағы сағат санының аздығы), «Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін» оқыту барысы әдістемесіндегі негізгі тақырыптардың бірі болып табылады.
Microsoft Access - 1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бірі болды.
Access – сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) – деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты.
Қазіргі заманда информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын. Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін т.б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді.
Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Microsoft Access программасын осы дипломдық жұмыста толығымен қарастырылып, практикалық жүзінде мәліметтер қоры құрылып эксперимент түрінде мәліметтер енгізіліп өңдеу жұмыстары жүргізілді.
І ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Мәліметтер қоры - бұл информацияны сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін , оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған.
Қора информацияларын визуаализациялау – деп, мәліметтердің көрінісі берілген критерийлермен сәйкестігін түсінеміз. Олардың реттелуі, сипатталуы және келесі құрылғыларды шығару немесе байланыс арқылы жіберу.
Дүние жүзінде көптеген МҚБЖ бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі обьектілермен жұмыс істеп және қолданушыларға әр түрлі функциялар мен амалдарды ұсынатындығына қарамастан, МҚБЖ көп бөлігі негізгі түсініктегі бір ғана орнату комплексіне сүйенеді. Ол бізге МҚБЖ барлық класының түсінігін, әдістері мен тәсілдерін бір системада қарауға мүмкіндік береді.
Microsoft Access обьектілерімен жұмыс істеу үшін арналған, бұған мәліметтер қоры таблицасы жатады, сұраныс және мәліметтер қоры жұмысына қосымша обьектілер: форма, есеп беру, беттер, макростар мен модульдер.
Типті процестері өңдеу үшін мәліметтер қарау, жаңарту, берілген критерийден іздеу, есеп беруді қабылдау. Microsoft Access-те фома құру, сұраныстар, есеп берулер беттер құралдары бар. Қосымша обьектілері графикалық элементтерден тұрады, ол басқару элементі деп аталады.
Негізгі басқару элементі жазу таблицасымен обьектілер байланысы үшін қызмет етеді, мәліметтердің шығу жері боп табылады. Әрбір обьект пен басқару элементінің өз қасиеттері болады. Олардың әрқайсысымен оқиға жиыны байланысады.
Мәліметтер қоры терезедегі көрсетілген обьектілер Microsoft Access болып табылады. Барлық мәліметтер қорының обьектілерімен жұмыс істеу осы терезеден басталады.
Кез-келген МҚБЖ – ны тағайындау, ол құру, кіріспе және мәліметтер қорын қайта өңдеу. Тексті редакторде әр түрлі документтер дайындауға қандай мүмкіндіктер болса, дәл сондай мәліметтер қорын құру мүмкіндігі Microsoft Access МҚБЖ да бар.
МҚБЖ белгілі мүмкіндіктерді ұсынады, олар, сақталынған мәліметтер және оларды өңдеу мен бірігіп қолданулар. Кез-келген өрістің, өрі форматы, мәліметтерді сорттау, қорытынды мәнді есептеп шығаруды таңдауға болады.
Қызықтырған мәліметтерді алуға, оны өзгертуге, өшіруге, көшірмесін басқа кестеде алуға болады. Microsoft Access МҚБЖ компенентерімен және басқа Windows қосымшаларымен мәліметтер ауыстыру жасауға болады. Олар суреттер, диаграммалар және т.б. болуы мүмкін. Текстік файлдардан және электрондық кестеден экспорт және импорт мәліметтері қолданылады. Microsoft Access МҚБЖ ұйымдық қолдану кезеңі инфомацияны сақтағанда әрбір қолданушы оны көруге немесе информацияны згертуге құқы бар екендігі ескертіледі.
Microsoft Access МҚБЖ іске қосқанда мәліметтер қоры компоненттерімен жұмыс істеу мәзірі шығады.
Көптеген мәселелерді шешуде ақпаратты өңдеу негізгі мәселе болып табылады. Оны жеңіл өңдеу үшін ақпараттық жүйелер қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе деп есептеуіш машиналар қолданылатын жүйені айтамыз. Көп жүйелер осы түрде болады. Ақпараттық жүйелерге барлығы да кіреді.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар.
Microsoft Access – бұл реляциялық мәліметтер базасының басқару жүйесі. Бұл программа арнайы Windows – қа арналған. Access командасының көмегімен келесі тапсырманы орындауға болады:
1) Оңай басқарылатын байланыс элементтерінің ұйымдастыру мәліметттерін;
2) Енгізу модификациялау және мәліметтерді табу,
3) Мәліметтерді алу;
4) Жеке формалар мен отчеттарды құру;
5) Үнемі қолданылатын тапсырмаларды басқару жүйесінің мәліметін автоматизациялау;
6) Графика мен диаграмманы құру;
7) Бейнелерді отчетпен формаларға қосу;
Microsoft Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның бірнеше қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның ішінде негізгі ерекшеліктерін атап көрсетейік:
- Windows интерфейс – тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әр түрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейс элементтерін пайдалану;
- Түс және графика – экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі қаріптерді, түстерді, белгішелерді (пиктограмаларды) және одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, эранға көптеген мәліметтерді көрсету;
- Программа шеберлері (Wizards) - тұтынушымен қарапайым, әрі логикалық айқын түрде диолог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез келген элементтерін тез құру;
- Оқиғаларды программалау- программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез келген бір батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;
- SQL – мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану;
Мәліметтер қоры (МҚ) - белгілі бір пәндік аймаққа жататын обьектілердің (процестердің, құбалыстардың, оқиғаларды), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ ) – мәліметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өнделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен ( комплекс).
1.1. Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесі
Microsoft Access 97/2000 СУБД-сы Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32- разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows –технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар.
Microsoft Access - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым екі өлшемді кесте – реляциялық ( relation-ағылшын тілінде қатынас ұғымы) мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру , мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құрудың жүзеге асырады. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының обьектілерімен жұмыс істейді.
Access – бұл, ең алдымен МҚБЖ. Осы категориядағы басқа жүйелер сияқты , ол деректерді сақтау және іздеу, ақпаратты ыңғайлы түрде және жиі қайталанатын операцияларлы автоматтандыру ( есеп, тіркеу, жоспарлау және т.б. да кіріспелер).
Access арқылы жай ыңғайлы форма деректерін енгізуді өңдеуге және күрделі есептер беруге болады. Access Windows-тің қуатты қолданушысы МҚБЖ- ның өнімділігі.
Microsoft Windows-тің қолданушыларында бар жарлықты қолдану ыңғайлығымен шектелген.
Бұл екі өнім - Microsoft компаниясынан болғандықтан олар өзара жақсы қарым - қатынаста, сондықтан онымен жұмыс істегенде қолданушыға Windows - тің барлық артықшылықтары қолайлы.
Access-ке Windows-тің анықтауыштарынан деректерді кесіп алу, көшірмесін алу және орнына қою жұмыстарын жүргізуге болады немесе керісінше Access – те жоспарлау формасын құрып және оны Конструктор формасына қоюға болады.
Access реляционды МҚБЖ ретінде деректердің барлық типіне кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және бір мезгілде көптеген кестелерді мәліметтер қорында қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда деректер құрылғысын жеңілдетуге болады, сонымен бірге қойылған тапсырмалардың орындалуын оңайлатуға мүмкіндік бар.
Access кестесін ЭЕМ- де және серверде қарағанда, яғни Paradox және dBASE ортасында құрылған кестелерді қолдануға болады. Access жүйесі – бұл қолданушы үшін мәліметтер қорын басқарудағы соңғы аспаптар жиынтығы болып табылады. Оның құрамына кестелер конструкторы, формалар, сұраныс және есеп берулер кіреді. Бұл жүйені қосымша өңдеу орталығы ретінде қарауға болады. Тапсырманың шешімін автоматизациялау үшін макрос және модульдерді қолдана отырып қолданушының тікелей праграммалау тілінде жазылған қуатты қосымшалар құру мүмкіндігі бар.
МҚБЖ – бұл универсалды қалданбалы программалау комплексі, ол мәліметтер қорын құру және қызмет көрсету үшін және де мәліметтерге көп аспектілі кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және олардың өңделуіне арналады.
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі өзінде жергілікті мәліметтер қорын құратын барлық қажетті аспаптық құралды қамтитын реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі болып табылады. Жалпы мәліметтер қорын файлдық сервер жергілікті деректерде немесе SQL- серверде жұмыс жасайтын қолданушыға пайдалану үшін құру.
1.2. Реляциялық мәліметтер қоры.
Microsoft Access - реляциялық мәліметтер қоры, яғни ол түрлі типтегі ақпаратты бірігіп өңдеуге мүмкіндік береді. Реляциялық мәліметтер қорының артықшылығын түсіну үшін, алдымен жай реляциялық емес мәліметтер қорын , оның құрылымын ( ондай мәліметтер қоры « тегіс файл » деп аталады ) көрейік.
Сіз тегіс файлмен жұмыс істесеңіз, онда сол не басқа қолдану уақытында тек бір мәліметтер кестесін қолдана аласыз. Мысалы : егер сіз реляциялық емес мәліметтер қорына заказ туралы мәліметтер енгізгіңіз келсе, онда сіз әрбір керекті мәліметтер үшін бөлім өрісі бар бір кесте құрасыз.
Сізге заказ, клиенттер, өнімдер және налогтар туралы толық мәліметтерді бір кестеге енгізуіңіз керек. Бұндай кестенің өріс құрылымын жай тізім ретінде де елестетуге болады. Мұндай мәліметтерді бір кестеде ( немесе бір файлда) сақтау келесі бір қолайсыздықты тудырады. Бір жағынан , сізге әрбір тауар үшін және әрбір заказ үшін әрдайым максимальды сан енгізіп отыру керек.
Реляциондық мәліметтер қорында керісінше, индификацияланған компонетті бір кестеде сақтауға, ал басқа заказ бойынша мәліметтерді әр заказда өзгертіп отырған тауарларды есепке алып басқа кестеде сақтауға болады. Ал өрістерді басқа кестеде сақтауға болады.
Кез - келген мәліметтер қоры деректердің реляциялық моделіне негізделген. Алғаш 1970 жылы мәліметтердің реляциялық модулінің концепциясын Е.Ф. Кодд ұсынған. Ол кезде бұл модуль қолданбалы программалардағы деректердің сипаттамасымен, оның бейнеленуінің программадан тәуелсіз болуын қамтамасыз етумен байланысты болған.
Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі – МОДУЛЬ. Ол нақты обьектінің қандай бір оңайлатылған ұқсастығы.
Мәліметтердің реляциялық модулінің негізінде қатынастар( relation – ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр.
Реляциондық мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас ( кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Кодд әдісінің бір ерекшелігі – ол қатынастарға ( кестелерге) амалдар жүйесін қолдануды ұсынады. Бұл амалдар бір қатынастан екінші қатынастарды алуға мүмкіндік береді.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдар:
• жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық
көбейту, бөлу, біріктіру;
• арнайы релякциондық амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау
жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлығымен өлшенеді.
Реляциялық мәліметтер қорында қатынастар мазмұнына қарай екі сыныпқа бөлінеді: обьектілік қатынастар және жүйелі ( байланыстар) қатынастар.
Обьектілік қатынас - обьектілер жайлы мәліметтерді сақтайды. Мұнда бірдей кілтті бар жолдар болмауы керек, яғни обектілердің қайталануына болмайды. Бұл мәліметердің бүтіндігін қамтамассыз ететін реляционды қорының негізгі шектеуі болып табылуда.
Жүйелі қатынас – екі немесе оданда көп обьектілік қатынастың кілттерін сақтайды, яғни кілтті бойынша қатынас обьектілерінің арасында байланыс орнатылады......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Информатика | Өңдірісте
» Курстық жұмыс: Медицина | Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу
» Қазақша презентация (слайд): Жер құрылысы
» Сабақ жоспары (ұмж): Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу» (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)
» Реферат: Информатика | Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі
» Реферат: Информатика | Өңдірісте
» Курстық жұмыс: Медицина | Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу
» Қазақша презентация (слайд): Жер құрылысы
» Сабақ жоспары (ұмж): Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу» (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)
» Реферат: Информатика | Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі
Іздеп көріңіз: