Дипломдық жұмыс: Философия | Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………............... 4
1. Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
1.1. Құндылық ұғымы: діни-философиялық талдау………............. 8
1.2. Философиядағы құндылықтардың рухани дамуы..................... 15
2. Ислам дініндегі рухани құндылықтар және оның қоғам өміріндегі көрінісі
2.1. Исламның сипаты және оның қазіргі қоғам өміріндегі маңызы..21
2.2. Ислам құндылықтары және оның тәрбиелік мәні……...............38
Қорытынды…………………………….................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер......................……………........................57
Кіріспе
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан, интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр. Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда “өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі мәдениеттің иесі болу.
Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел.
Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым, сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ. Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.
Адамзат тарихында құндылықтардың қалыптасу мәселесі ерте заманнан -ақ ойшылдардың, ғұламалардың назарында болып келді. Әсіресе, рухани құндылықтардың жүйесін қалыптастыру түпнегіздері мен себептерін, қозғаушы күштер мен құрылымын анықтау өркениеттілік кезеңдегі оның әртүрлі көріністерін айшықтау өзектілігі зор мәселе болып отыр.
XXI ғасыр азаматы үшін, мемлекетіміздегі кез - келген ұлттың өкілі үшін және қазіргі жастар үшін қандай құндылық басымдылық танытады? Қоғамдағы көптеген қайшылықтардың қайнар көздерін олар немен қандай үрдістермен байланыстырады?
Адамның күрделі табиғаты тек қана материалды игіліктерді, сұраныстарды, мұқтаждықтар мен қажетіліктерді қанағаттандырумен шектелмейді. Әрбір адамның өмірі міндетті түрде белгілі бір құндылықтарға сүйене құралады.
Біздің санамыз екі аспектіде қызмет етеді, біріншісі танымдық, екіншісі құндылықты баға беру. Ал құндылық дегеніміз не? Алдымен «құндылық» -адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын құбылыстар мен заттарды атау үшін қолданылады (материалды, рухани). Кей кездерде «құндылықты» заттың объективті сапасы ретінде түсінуге болады. Құндылықтар адамдардың өзгермелі сұраныстары мен практикалық іс-әрекеттермен тығыз байланысты.
Адам болмысының философиялық ой жүйе тәжірибесі, әсіресе XX ғасырда әр өркениет, мәдениет, халықтар олардың әлеуметтік құрылымы әздігінен ерекше, әрі өзара байланыста болатынын дәлелдеген болатын. Адамзат қоғамдық өмірдің әр салаларында (саясат, құқық, ақпараттық технология мен техниканың дамуы) үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ олардың көп үлесі материалдық дүниенің (жеке комфорт) дамуына жатады, ал тарихи қалыптасқан рухани құндылықтардың орны мүлде қалмаған сияқты. Сондықтан адамдық бастаманың негізін құрайтын түп тамырды жоғалтпау мақсатында құндылықтар гуманитарлық ілімдердің орталық мәселесіне айналатындығы алдындағы перспектива екені күмәнсіз.
Қазіргі Қазақстан мемлекеті өркениетті даму барысында ашық қоғамның принциптеріне бет бұруда. Бұл бағыт экономикалық, саяси және халықаралық престиж үшін өте орнықты қадам, дегенменен осы жағдайларда қазақ халқының ертеден қалыптасқан кұндылылыктық бағдары дағдарысқа ұшырау мүмкіндігі қандай? - деген маңызды сұрақтар туындайды. Осындай маңызды мәселелердің басын аталмыш жұмыста ашуға тырысамыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зертттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен бітіру жұмысының мақсаттары мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде ислам кұндылықтық аспектілерін және оның қоғам өмірінің рухани болмысындағы орны мен маңызын айқындауды ұсынуға болады. Бұл мақсатты орындау жолында ізденушінің алдында төмендегідей міндеттер туды:
- Құндылық категориясының мәні мен мазмұнын, философиялық-тарихи негіздерін саралау;
- Рухани құндылықтар әлемінің адам өміріндегі өзектілігін көрсету;
- Ислам құндылықтық сипаты мен бағдарларының философиялық - танымдық негіздерін зерттеу;
- Ислам іргетасын құрайтын өмірмәндік, әмбебап құндылықтарды айкындау;
- Ислам құндылықтарының маңызды қағидаларының қазіргі адамзат қоғамындағы маңызын, өміршеңдігін көрсету;
- Ислам құндылықтарының тәрбиелік мәнін мен маңызын айшықтау.
Бітіру жұмысының зерттеу тәсілі. Қазақстандық философ, мәдениетанушы, дінтанушы белгілі ғалымдардың зерттеу методологиялары басты негізге алынды. Сонымен бірге тарихи мен логиклықтың бірлігі, жүйелі-кешенді, герменевтикалық, объективті- аналитикалық тәсілдер мүмкіндігінше пайдаланылды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы бітірушінің көтерген тақырыбының, алға қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру тәсілдерінен және өзіндік ізденіс нәтижелерінен көрінеді. Исламды құндылықтық тұрғыдан зерттеу тоталитарлық, дінсіз жүйеден шыққан, өткеніне үңіліп, рухани тамырларын тану үстіндегі қазіргі қоғамымызда туындап отырған рухани мәселелермен үндес қарастырудың өзі жаңаша талпыныс.
Ізденуші өз деңгейінде отандық философияда әлі де болса аз қарастырылған осы тақырып арқылы исламның құндылықтық сипатын қазақ халқының рухани ой дүниесін негізге ала отырып талдайды. Жұмыста ислам дінінің іргелі құндылықтары анықталынып, олардың мән-мағынасы, адам өміріндегі орны мен рөлі сараланады. Ислам құндылықтарының қоғамның іргетесы мен негізін құрайтындығы, ислам дінінің негізгі адами қағидаларының қоғамның рухани болмысының өзегіне айналғандығы айқын көрсетіледі.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Жұмыстың зерттелу деңгейі түрлі ғалым, оқымыстылардың еңбектерін қамтиды. Ислам құндылықтары әлеуметтік философияда жаңадан зерттеле бастаған тақырып. Бұл тақырыпта отандық авторлардың жазған еңбектері біршама. Сонымен қатар, шетелдік авторларда Ислам құндылықтары жайлы жазған еңбектері де баршылық. Бұл тақырыпты Қазақстандық ғалымдардан мыналар қарастырған: Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ә. Дәуренбеков, Қ. Жолдыбайұлы, Г. Жебесін, Ғ. Есім, Ж. А. Алтаев, Т.Х. Ғабитов, Н.Ж. Байтенова, Г.Қ. Абдығалиева, Б.И. Абирова, Б. Бейсенов, М. Бұлұтай және т. б. да ғалымдар. Шетелдік ғалымдардан: Ислам философтары қауымдастығының президенті Хайрани Алтынташ, Махмұд Хамди Зақзұқ, Махмуд Фаһми Хиджази және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыстың соңында берілген.
1. Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
1.1. Құндылық ұғымы: діни-философиялық талдау
Теориялық сананың дамуының соңғы кезеңдерінде авансценада эпистемологиялық структурализм құндылықтар проблемасы шыға бастады. Бұл процестердің түпкі тамыры Батыс пен Шығыстың дүниетанымдарының өзара қатынастырының тереңдей түсуіне байланысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде ғалымдар жиі–жиі ғылыми конференциялар өткізіп, құндылықтық қатынастар мәселесінің әр түрлі көріністері жайлы пікірлерін ортаға салып, зерттеуді тереңдете түсуде. Біздің елімізде де соңғы кезде бетбұрыс байқалады.
Өркениеттілік тек техника мен құқық жүйесі және тағы басқа көрсеткіштермен өлшенбейді. Біз үшін өркениеттіліктің басты көрсеткіші ол құндылықтар жүйесі болып табылады. Құндылықтық бағалардың адам өміріндегі алатын орны жоғары. Олар түпнегіз ретінде адамның іс-әрекеттерінің қозғаушы күші, мативациясы болады. Сондықтан кез-келген әлеуметтік ортада орнығуы басты философиялық мәселе.
Әрбір құбылыстың өзіндік құрылымы басқа болмыстың элементтерімен байланысы, қатынасы болады. Осы тұрғыдан алғанда құндылықтар жүйесіне де әр қилы сипаттамалар беріліп, оның құрылымдық негіздерін анықтауға талпыныстар жасалынуда. Олардың ішінде қайсысы Ақиқатқа сәйкес келетінін әлемдік практика көрсете жатар. Сондықтан осы мәселе жөніндегі көзқарстар мен ой-тұжырымдарына экскурс жасап көрелік.
Кант алғашқылардың бірі болып философияның нағыз айналысатын мәселесі құндылықтар екенін айтқан болатын. Ол өзінің аксиологиялық жүйесін баршылықпен болуға тиістілік арасындағы, нақтылық пен идеалдылық арасындағы жікті ажыратудан бастау қажеттілігіне әкеліп тірейді. Осы орайда Қ. Әбішев философияның жалпы ғылымдардан айырмашылығы – оның болуға тиістіліктермен айналасуында деген ойды тұжырымдайды [1] .
Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды – ерік пен жігерге бағынған талаптар; Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп түсінеді. Ал, енді Гегель болса құндылықтарды екі үлкен топқа жіктейді экономикалық (утилитарлық) және рухани құндылықтар деп. Бірінші құндылықтарға негізінен тауарларды жатқызады. Олардың маңыздылығы (тауарлардың) құндылығында, ерекше қасиеттерінде емес, ол адамдардың сұраныстарына, қажеттіктеріне байланысты анықталады, яғни үнемі қасиетке ие құбылыстар деп бағалайды. Екінші топқа жатқызған құндылықтарды рухтың еркіндігімен байланыстырады. Ол “барлық құндылық пен маңыздылыққа ие болған нәрселер өз табиғаты бойынша рухани”, - болып есептеледі деген ойды білдіреді [2] .
Адам субьектілігі белсенділігінің көрінісі ретінде құндылықтар әлемі субьект аралық байланыстың нәтижесінде ғана маңыздылыққа, мәнділікке ие болады. Барлық құндылықтарды жинақтап, қордалайтын болсақ олар Адам әлемінің өзіндік рәміздік бірлігін білдіреді. Бұл бірігудің іштегі жіктелуден тұратынын да ескеру қажет (сапалық және мөлшерлік тұрғыдан). Материалды өмірдің құндылықтары өзіндік електен өткізіліп (әр заманның материалдық жағынан иерархияланған құндылықтар жүйесі бар), жіктелсе, саясат, экономика, мораль, өнер, ғылым, дін, әлеуметтік тәртіп сияқты салалар автономиялық түрдегі құндылықтық ауқымдарды құрайды. Ал, рухани құндылықтар осы салалардың әр қайсысымен байланыста болып, оның ішкі өзегіне айналады. Ал, бұл қызметтің орындалмауы әрбір саладағы құндылықтардың жандануына әкеліп соқтырады. Сондықтан құндылықтар жүйесіндегі ішкі диалектикалық байланыс осындай сипатта көрініс беріп отырады.
Құндылықтарды зерттеудің әр түрлі тұрғыларына байланысты оларды жіктеудің жолдары әр қилы. Құндылықтық сананың абсолюттілігі мен салыстырмалылығы диалектикасын зерттеу қазіргі кезеңде зор мағынаға ие болып отыр. Өйткені, олар адамзатқа ауадай қажетті стратегиялық құндылықтар (мақсат құндылықтар) мен өтпелі кезеңнің мәселелерін шешуге ықпал ететін салыстырмалы құндылықтардың (құрал-құндылықтар) өзара байланысын, оның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлін анықтауға, универсалды бағдарларды айқындауға түрткі болады. Адамзатқа қажетті универсалды құндылықтық бағдарлар осы әлеуметтік-тарихи тәжірибенің, іс-әрекеттің нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, бұл тарихи процесте ауытқулар мен жаңылысулар көбейіп, Ақиқат жолын қателіктер қаупі де үнемі болып тұрады. Сондықтан әлеуметтік болмыста рухани құндылықтардың үстемдігі мен басымдық танытуы ғана құндылықтар құрылымының шынайы кейпін сақтап қалуына, адамның жетіле түсуіне арқау бола алады.
Құндылықтық сана әлеуметтік ұйымдастықтың ауқымында қалыптарды, яғни ойлау мен іс-қимылдың шекараларын анықтап отырады. Құндылықтар мәні тереңде, олар тарихта өткен кезеңді қазіргі шақ арқылы болашақпен байланыстыруға ұмтылады. Ал, қалып болса белгілі бір тарихи кезеңнің сынағына ұшыраумен болады, сол кезеңді үйлесімдендіруге қызмет етеді. Құндылықтар универсалды өлшем ретінде адам болмысының діңгегі болып есептеледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі қалыптардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістар динамикасы мұраттардың жаңа түрлерін туындатады, әлеуметтік ауқымда кең етек алуына себепкер болады.
Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды – ерік пен жігерге бағынған талаптар; Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп түсінеді. Құндылықтарды анықтау үшін оның субьектісінің елестету, ойлау, бағалау деңгейіне де көңіл аударуға тиістіміз. Өйткені, көп жағдайда құндылыққа үлгі (эталон) болатын түсініктер. Құндылықтық қатынастар философияның негізгі мәселесі “Адам Әлем” қатынасыың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол танымдық, болмыстық ұғымдық негіздермен қатар тұратын философиялық теорияның бір саласы, әлеуметтік философияның зерттеу объектісі. Қоғамда қалыптасқан және өмір сүретін құндылықтық қатынастарға, олардың жүйесіне қарап, сол әлеуметтік болмыстың өзіндік келбетін, оның әлеуметтік портретін жасауға болады. Әсіресе, қоғамдық жүйелер бір күйден екіншісіне ауысып жатқан кезінде, бұрынғы үлгілер сараптан өтіп, жаңалары қабылдану уақытысында әлеуметтік кеңістіктегі құндылықтар бағдары үлкен өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұл проблемаларды теориялық сараптаулардан өткізу өзектілігі зор мәселе болып қала бермек.
Әлеуметтік философияның өзегін құндылықтар әлемі құрастырады, оның себептері де жеткілікті: адамдағы түбегейлі мәдени қайшылық бар нәрсемен ғана шектелмей, тиістілікке ғана ұмтылумен байланысты. Адамда, әрине қанағат бар. Бірақ ол тыңбай әрекет етеді, өзін жетілдірейін дейді, шексіз армандайды, игі мақсаттар қояды, яғни жарық дүниеге құндылық көзқараспен қарайды. Осы сипатта аксиология(грек axia – құндылық және logos – ілім, сөз) ілімдердің ең маңыздыларына айналады және де бұл ілімнің философиялық сипаты басым келді [3] .
Екіншіден, әлеуметтік мәдениет реттеуші қызмет атқарады және ол еркін таңдауға негізделген. Кісілік қасиеттерді бойына жинағысы келген тұлға ізгілік пен зұлымдықты, ақиқат пен жалғанды, әсемдік пен сұрықсыздықты, ар-ұят пен арсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, махаббат пен жеккөрінішті және тағы басқа айыра білуі қажет. Жоғарыда аталға құндылықтар мәдениет қалыптары ретінде де әрекет етеді.
Аксиология – құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында философияның жалпы “құндылықтар проблемасына ” қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философияда бұл мәселелерге ( өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен қоғамның қатынасы және т.б.) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді басшылыққа алады. Құндылықтар проблемасы сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ерекше ғылыми зерттеуден тыс дүниеге көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қарастырады [4].
Аксиология жеке ілім ретінде дараланғанымен, “құндылықтар деген не?” проблемасы тарихтың терең қойнауларынан қойылып келеді. Ахура – Мазда мен Ахриман өз құндылықтары үшін бітіспес күресте болды. Заратуштраның даналығы жақсылық пен жамандықты ажыратып беруі. Антикалық заманда адам қарай бетбұрыс бастап (Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов) , “Игілік дегеніміз не?” деген мәселе қойылды (Сократ); Платон оны транцендентальді абсолютті ізгіліктен іздеді, Протогор барлық нәрсе адаммен өлшенеді, бағаланады деген; Аристотель алғашқы аксиологиялық типология беруге ұмтылды. Ортағасырлық діни философияда рационалистік ұстаным-парадигма үстемдік еткен жағдайда құндылық білімділіктің тасасында қалды [5].....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дінтану | Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
» Дипломдық жұмыс: Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.
» Дипломдық жұмыс: Политология | Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру
» Дипломдық жұмыс: Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті
» Дипломдық жұмыс: Дінтану | Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
» Дипломдық жұмыс: Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.
» Дипломдық жұмыс: Политология | Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру
» Дипломдық жұмыс: Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті
Іздеп көріңіз: