Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  |  Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

Мазмұны


КІРІСПЕ....................................................................................................... 3

1 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................

6

1. Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері ..................
6

1.2 Бокс қозғалысындағы техникалық, тактикалық дайындығының арақашықтық түрлері және сақтау тәсілдері.............................................
14


1.3 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерінің тәсілдік әдістерін жетілдіру сатылары..........
22

2 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

35

2.1 Боксшының техникалық, тактикалық дайындық кезеңдерін жетілдіру.......................................................................................................
35

2.2 Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының ағзаға әсері мен қимыл дамуының үлесі........................................................................
40

2.3 Боксшыны психологиялық дайындықта шыңдау жолдарының нәтижесі.........................................................................................................
50

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................... 66

Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда.
Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады.
Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы» заңы қабылданса, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі мен спорт саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен жеке спорт түрі бойынша жан-жақты қабілетті болуы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет. [1,2,3,4].
Әдістемелік зерттеулердің нәтижесі, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен және жекелей спорт түрімен айналысу жұмыстарын белгілі ғаламдар педагогика әдістемесі және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиогогиясы, мектеп гигиенасы мамандарының жалпы әдістемелік негізіне сүйене отырып жүргізілгенін көрсетті.
Қазіргі таңдағы педагогика, ғылымы дене тәрбиесі және спорт бағыттарын белгілей отырып Қ.І.Адамбеков [5], А.О.Аяшов [6], З.И.Кузнецов [7], М.Б.Сапарбаев [8], Б.А.Гейнца [9], А.С.Жұманова [10], Б.У.Алимханов [11], В.Н.Платонов [12], Қ.А.Құланов [13] сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінің педагогикалық негізі ретінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылауға арнаған. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне қарай таңдауға Н.И.Набатникова [14], Ж.Б.Қоянбаева [15], М.С.Бриль [16] сынды ғалымдар жұмыс жасаса, ал сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К.А.Атаев [17], Б.Ж.Биданов [18], В.В.Ворюшин [19]; Мектеп жасындағы оқушылардың жеке спорт түрлерінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов [20], В.П.Филин [21], В.А.Ашмарин [22], И.Г.Понамарев [23], Л.П.Матвеев [24], Т.А.Ботағариев [25], А.Н.Хан [26] және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған.
Сонымен жоғарыда дене тәрбиесі мен спорт түрлеріне машықтанудың әдістемелік жолдарын өз еңбектерінде ғалымдарымыз өз ой пікірлерін тұжырымдай алды. Жүргізілген зерттеу негізінен оқушылардың дене тәрбиесінің тәжірибесі мен әдістемесінің жекелеген мәселелерін ашуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиеленуіне, жеке спорт түрі оның ішінде бокс спорт түрі бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған.
Бірақ, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқытуда жүргізіліп жүрген педагогикалық зерттеулерде бокс спорт түрімен айналысушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық, физиологиялық әсерін анықтау негізгі мәселеге айналып отыр. Себебі Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелей денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының нақты тенденцияларының төмендеуі аталған мәселенің қазіргі уақыт талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің әдістемелік негізделген ғылыми тұрғыда шешім шығаруды қажет етеді.
Сонымен, оқушылардың дене тәрбиесінің қазіргі уақыттағы талап етіп отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық оқушылардың дене дайындығын жетілдіруге педагогикалқ мүмкіндіктер туғызатын спорттық үйірмелер оның ішінде бокс спорт түрін кең көлемде қолдану мәселесі ұсынылады.
Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру» деп аталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіруді әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;
2.Спорттық үйірмелердегі оқушылардың жас ерекшелігіне сай дене
тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
3. Спорт мектептерінде жаттығатын балалар мен жасөспірімдердің дене сапаларын бокс спорт түрі бойынша жан-жақты дамыту;
4. Бокс спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
5. Жаттығушылардың бокс спорт түріне байланысты жас ерекшеліктерін
анықтау, жаттығу сабақтарын жүйелеу әдістерін енгізу;
6. Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі-жеке бастың спортты меңгеру маңыздылығы туралы, оның дамуындағы өзара байланыс теориясы мен тәжірибесі туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдық қарым-қатынастың объектісі мен субъектісі екендігі туралы, қоғамдағы дене тәрбиесі процесінде болатын қауіпті және басқарылатын ара қатынастар туралы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Жалпы білім беретін мектептер мен спорттық үйірмелерде оқушылдардың жас ерекшеліктеріне сай қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, денсаулықтарын жақсарту мақсатында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру мен әдістерінің жаңа, тиімді жолдарын тауып, концептуалды үлгісін жасап, практикаға енгізілуінде.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы-жұмыстың негізгі жағдайлары мен нәтижелері жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларға, интернаттарға, спорт мектептеріне таратылып, практикаға ендірілді.
Жұмыстың ұсыныстары жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының жаттықтыру сабақтарын басқаруда баланың жас ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық жағдайын ескеруді негіздейді.
Зерттеу пән – Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру жүйесі.
Зерттеу объектісі – Жалпы білім беретін және спорт метептеріндегі бокс спорт түріне оқыту-тәрбиелеу процесі.

1 БОКСШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жаттықтыру сабақтарында боксшының техникалық, тактикалық дайындығының негізгі ережелері мен қорғаныс әрекеттері

Біздің республикамызда спорт барынша дамып келеді. Ол рас, өйткені ол жастарды дене тәрбиесіне баулудың ең ықтималды құралы болып табылады.
Бокс – бұл спорттың қызықты әрі күрделі түрі, ол өзіне табынушылар санын күннен –күнге көбейтуде.
Жарыстар боксшыдан жағдайды бір сәтте бағалауды, мезетте шешім қабылдауды және т.б. талап етеді.
Соңғы жылдары қазақстандық бокс дүние жүзінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл біздегі боксқа, оның дамуына жеткілікті көңіл бөлудің нәтижесі деген сөз.
Оқытушылар мен жаттықтырушылар бокс теориясы мен оны оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты, өз жұмыстарында тактика тәсілдері, боксты оқыту әдістемесі және сабақты ұйымдастыру мәселелері түбегейлі мазмұндалған.
Тактика - боксшының қимыл тактикасын, сондай-ақ, нақты бәсекелеске қарсы жекпе- жек қолданыс тәсілдерін үйрететін білім бөлімі.
Осыған байланысты автор тактика мен әртүрлі әдістердің элементтеріне толығымен түсінік беріп жатпайды, өйткені бұның бәрі де бокс туралы көптеген оқулықтарда қамтылған.
Осы жұмыста бокстың тактика негіздері мазмұндалады, боксшының қимыл тактикасының дайындық, негізгі қорғаныс түрлеріне; жекпе-жектің алыс, орта, жақын қашықтықтары түрлеріне, ұлттық бокс мектебіне өзіндік өрнек салған жекпе-жек түрлеріне және жекпе-жекті жеке бас ерекшелігіне сай жүргізу өнеріне сипаттама жасалады.
Қазақстан Республикасындағы бокстың даму тарихы.
Қазақстан боксының тарихы бай. Бокс-қазақтың табиғатына тән, халқымыздың санында бар спорт түрі. Себебі, кейін Қытайға қараған Шығыс Түркістаннан бастап Түмен мен Орынборға дейін Ұлан-байтақ даланы біздің бабаларымыз уысында ұстады. Мұндай Ұлы дала тек рухы қу жүрек жұтқан құлдары бар халықтың еншісіне бұйырса керек.
Ғалымдар бокстың 5000 жылдық тарихы бар деген тоқтамға келіп отыр. Бұған дәлел: бағдатқа жақын жерден табылған тасқа қашалған айшықты боксшылар бейнесі.
Біздің дәуірімізге дейін 688 жылы жұдырықтасу олимпиада ойындарына енді. Жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын терімен немесе жұмсақ дәкемен орап айқасқан.
Қазіргі бокс тікелей XYI- XYII ғасырларда Англияда бастау алған деген ғылыми тұжырым бар. Бокстың осы елдегі ұстазы Джейм Фиг алғаш рет бокс ережесін жазып шықты. Кейін 1805 жылы Маркиз Куинсберриздің ережесі дүниеге келді. Осы ереже бойынша шаршы алаңның көлемі, раундтың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, қандай жағдайда нокауд есепке алынады, тағы басқа жекпе-жекке қатысты мәселелер жүйеге келтірілді.
1904 жылы бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. 1920 жылы Бүкілдүние жүзілік әуесқой бокс ассоциациясы (АИБА) өмірге келді.
Әлем чемпионаты алғаш рет 1974 жылы өткізілді.
Қазақ жігіттерінің ресми бәсекелерге алғаш қатысуы Кеңес одағына қараған кезеңнің үлесіне жатады.
1936 жылы Шоқыр Бөлтекұлы Қазақстанға бокс қолғабын арқалап келгеннен бергі уақытта шаршы алаңға небір мықтылар шықты.
1947 жылғы КСРО чемпионатына Қазақстан құрамасын Шоқыр Бөлтекұлы бастап барған. Сол жолы Махмұт Омаров (51 кг) қола медальға қол жеткізіпті. Оның қадамына інісі Мақсұт Омаров жалғастырды, ол 1957 жылғы КСРО чемпионатында қола жүлде алса, 1959 жылғы КСРО халықтарының чемпионатында күміс медальға ие болды.
1959 жылғы КСРО спартакиадасында Әбдісалан Нұрмахановтың жұлдызы жанып, қола медалімен оралды. Әбдісалан бастап барған Атланта олимпиадасында қазақ құрамасы командалық үшінші орынға ие болды. Қазақ боксшыларының үлесінде әлем чемпионатының бес медалі бар.
Нұрхан Сүлейменов дүниежүзілік чемпионаттардың күміс жүлдегерлері атанды. Армахан Ибрагимов 1997 ж. Будапешт рингінде күміс жүлдеге қанағат тұтты. Осы жылы Болат Жұмаділов қола медалімен шектелді.
Олимпиада шепстресіне көз салсақ Серік Қонақбаев (1980 ж.) пен Болат Жұмаділовтың (1996 ж.) қанжығасына байланған қос «Күміс» көңілге үміт ұялатады.
Серік Нұрқазов 1983 жылы Еуропа чемпионы атанды.
1984 жылы Ташкентте болған КСРО чемпионатында Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқасов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов чемпиондық тұрғыда тұрды.
Қазақстан боксын ауызға алғанда біздің республикадан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Валерий Рычковті (1978 ж,), 1989 жылы дүниежүзінің чемпионы атанған Игорь Ружниковті, Бокс бойынша Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы (1996), Баркер кубогының иесі Василий Жировті айтпай кетуге болмайды.
Еліміздің тарихында хандар мен билердің батырлық қасиеті туралы аңызға бергісіз әңгімелер аз емес. Бүгінгі заманда да жасында жекпе-жекке түскен лауазымды адамдар көп.
Мысалы, сазгер Нұрғиса Тлендиев боз бала кезінде Шоқыр атамыздың шәкірті болса, Олжас Сүлейменов бала кезінде рингке шығыпты. Премьер-Министр Нүрлан Балғынбаев студент кезінде бокстан Шешенстан чемпионы атанып, спорт шебері дәрежісіне жетті.
1998 жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті-Бекет Мақмұтов бүкіл дүниежүзілік әуесқой бокс федерациясының бірінші вице президенті болып сайланды.
Бангкоктағы XIII Азия ойындарында Ермахан Ибрагимов, Вячеслав Бурьба, Мұқтархан Ділдәбеков алтын жүлде алса, Нұржан Сманов күміс жүлдені қанағат тұтты. Тұрсынғали Едібов бастаған құрама команда үшінші орынға табан тіреді.
2002 жылы Австралияда Сидней олимпиадасында Қазақстан Республикасынан Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов жеңімпаз болса, Болат Жүмаділов пен Мұқтархан Ділдабеков күміс медальді иеленді.
2002 жыла Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен Х әлем кубогында Қазақстан құрама командасы Кубадан кейін екінші орынға көтерілді. [35].
Боксшының негізгі тұрыс қалпы
Бокстың даму барысында шайқастық жағдайдың талаптарына жауап беретін көптеген бастапқы ережелер пайда болып көрінеді.
Бастапқы ережелер төмендегілерді атқаруы тиіс.
А) Боксшыға қарсыласының соққыларынан максималды қорғанысты қамтамасыз ету;
Б) Боксшыға қарсыласына шабуыл жасауы үшін мүмкін беру. «Шайқастық тұрыс» түсінігін бастапқы ереже деп түсіну қабылданған, бұдан боксшы барлық уақытта дайын болуға мүмкіндік беретін тиімді шайқастық позициялардың (ұстанымдардың) жіберілу мүддесін ескерте алады.
Осылайша, боксшының шайқастық тұрысы іс жүзінде шабуыл үшін және қорғаныс қолданылатын әмбебап бастапқы шайқас ережесі болып саналады.
Әрбір боксшыға белгілі бір «шайқастық тұрыс» тән екендігі. Оны спортшының психикасы, физикалық дамуы, анықтайды. Ол жекеше, себебі жеке тұлғаның психикалық және физикалық қасиеттерін едәуір толық қолдануға ықпал етеді. Сондықтан да болар-«Қаншама боксшы болса, шайқастық тұрыс да соншалықты» деп айтылады.
Алайда оқытуды барлығына бірдей типтегі (тұрпаттағы) тұрыстан бастайды.
Шайқастық тұрыс жағдайында спортшы қарсыласына жартылай бұрылып тұрады. Сол қолын шынтағына бүге тұрып, алға созу арқылы бесбармақ буындарын бүге отырып, оның басын қарсыласына бағыттайды.
Жұдырық сырт жағы мен оңға қарай, иектен жоғары, шамамен 30-40см бағытта ұсталады.
Сол қолдың шынтағы денеден әдетте 10-15 см қашықтықта ұсталады. Ол қарсыласының жұдырығынан жүрек тұсын қорғайды. Оң қолдың жұдырығы жартылай жұмылады және иек астынан оңға таман болады; шынтақ денеге, жамбас сүйекке тоғысады. Ол бауыр орналасқан аумақты жауып ұрады. Бас алға қарай, иек сол жақ бұғанаға түйіседі. Боксшы қарсыласына маңдай астынан қарайды. Денені бос алады, сол жаққа қарағанда сәл жоғары көтеріледі, ішті тартып ұстайды. Дене салмағы сәл бүгілген аяқтарға тең бөлінеді, ал оң аяқ арт жақта жартылай қадамда оңға қарай орналасады. Өкше еденнен 3-5 см көтеріліп, алдыңғы бөлікке салмақ салады. Екі жақ та бір-біріне параллель орналасып, жарты айналымда оңға бұрылады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ауыр атлетшілердің дене дайындығын жетілдірудің әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру

Іздеп көріңіз:
дипломдык Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Боксшының техникалық тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]