Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері
Мазмұны
Кiрiспе
7
1. Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлеттерiнiң деңгейiн зерттеу 9
1.1 18-20 жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дайындығының деңгейiн бағалау 9
1.2 Баскетболшы студенттердiң функционалдық (қызметтiк) мүмкiндiктерi 14
1.3 Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлетiнiң қызметтiк мүмкiндiктерi 18
1.4 18-19 жастағы баскетболшы студенттердiң анаэробтық өндiрiсi
деңгейiн арттыруға арнайы жаттығулардың әсерi 20
2. Баскетболдағы қорғаныс әрекеттердiң, қозғалыстар мен тәсiлдер тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiне арнайы жаттығулардың әсерi 32
2.1 Алғышарттар 32
2.2 Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң қорғаныстық қимылдары мен тәсiлдерi тиiмдiлiгiн салыстыру 32
2.3 Баскетболшы студенттердiң жаттығулық жүйесiндегi анкеталық
сауалдар мен педагогикалық бақылаулар нәтижелерiн талдау 36
2.4 Баскетболшы студенттердiң қорғаныс әрекетi тиiмдiлiгiнiң көптеген маңызды көрсеткiштерiн айқындау мақсатында жүргiзiлген педаго-
гикалық бақылаулар мен анкеталық сауалдардың нәтижелерiн талдау 40
2.5 Баскетболшы студенттердiң допты игерудегi қимылдарының өзгеруi мен тәсiлдерiн орындауды зерттеу бойынша орташа деңгейлерiнiң
стандарттық ауытқуларын талдау 43
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер 69
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады.
Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады.
ЖОО жағдайында баскетбол бойынша оқу жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру үшiн ең әуелi қандай факторлардың маңызды екенiн бiлген жөн.
Спортшының дене сапасын дамыту деңгейiн анықтайтын “бастапқы” факторлардың көрiнуi туралы баскетболда туындайтын сұрақты қайсы бiр мөлшерде шешiлген деп санауға болады, ал маңызды ойын тәсiлдерiнiң қатарын көрсететiн тиiмдiлiк мәселесi әлi де болса аз зерттелген.
Зерттеу жұмысының мақсаты баскетболшы студенттердiң дене жұмысқа қабiлетi жөнiндегi мәлiметтер мен ойын тәсiлдерiнiң, қоз-ғалыстарының бiрқатар ерекше орындалуы негiзiнде баскетболдағы ойын әрекетi тиiмдiлiгiн көтеру болып табылады.
Зерттеу нысаны баскетболмен айналысушы студенттердiң дене жұмыс қабілеттерінің деңгейін зерттеу.
Бiздi қызықтырып отырған мәселе бойынша әдеби бастапқы көздердi зерттеу мен топтастыру бойынша жүргiзiлген нәтижелерге сүйене отырып зерттеудiң негiзгi мiндеттерi ретiнде төмендегiлердi ұсынамыз:
1. Баскетболшы студенттердiң дене жұмысына қабiлеттiлiк деңгейiн, спорттық шеберлiк деңгейiне, жасына және қаншалықты жаттыққандық дәрежесiне байланысты анықтау.
2. Баскетболшы студенттердiң дене жұмысы қабiлетiнiң деңгейiн жетiлдiруге бағытталған дайындық әдiстемесiн эксперименттiк тұрғыда негiздеу.
Зерттеудiң әдiснамалық негiзi жеке тұлғаның маңызы, оның дамуындағы қызметтiк рөлi туралы, iлiм мен практиканың, объективтi және субъективтi факторлардың өзара байланысы туралы, қоғамдық қатынастардағы объект және субъект ретiндегi адам туралы және қоғамдағы дене тәрбиесi үрдiсiнде стихиялы және басқару қатынастары туралы материалистiк диалектиканың маңызды ахуалын құрайды.
Жұмыстың iлiмдiк маңыздылығы. Баскетболшы студенттердiң ойын әрекетi тиiмдiлiгiнiң негiзi болып табылатын дене жұмыс қабiлетiн жасқа байланысты қозғалысы анықталды және талданды. Баскетболшы студенттердiң қорғаныстық ойын тәсiлдерi мен қозғалыстардың тиiмдiлiгi жасына байланысты динамикасын зерттеу мүмкiн болды, сондай-ақ секiрiп допты лақтыру мен кәрзеңкеден ыршыған допты игеру тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң баскетболшы студенттердiң классификациясына қарай өзгеруiн зерттеуге қол жеттi.
Баскетболда әртүрлi дайындық кезеңдерiндегi (дене және техникалық) ойын барысындағы әрекеттердiң тиiмдiлiгiн арттыратын үрдiстердi нысандайтын басты белгiлерi көрiнедi.
Практикалық мәнi. Баскетболшы студенттердiң дене дайындығы көрсеткiштерiн тестiлеудiң нәтижелерiн, салмақты баспалдақтық жоғарылауын функционалды байқап көрудi, сондайақ тренажерлық қондырғылардың жиынтығын қолдану, ЭЕМ-мен талдау негiзiнде, баскетболдағы ойын әрекетi тиiмдiлiгiн анықтайтын маңызды факторларды айқын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Бұл орайда жасалған жаттығу бағдарламалары үшiн құралдарды iрiктеу жұмыстары айқындалған факторларға сәйкес жүзеге асырылды. Баскетболшы студенттердi дайындау үрдiсiнде бұл бағдарламаларды қолданудың тиiмдiлiгi педагогикалық эксперимент серияларының нәтижелерiмен мақұлданды және бекiтiлдi.
1. 18-20 жастағы баскетболшы студенттердiң дене қабiлетi, ең алдымен, күш-жiгерiнiң құрылу үрдiсiнiң дамуы аэробтық қайнар көздер құралдарымен, яғни, жұмыс уақытында ағзаға оттегiнiң келiп түсу деңгейiмен анықталады. Жасына байланысты (20 жасқа қарай) баскетболшы студенттердiң ойындық қызметiн аэробтық үрдiстерiн анаэробтық үрдiстерге күш-жiгермен қамтамасыз етуде белгiлi бiр сапалық қозғалыс немесе алға басушылық болады.
2. Баскетболшы студенттердi дайындаудың қазiргi таңдағы жүйесi баскетболшы студенттердiң қорғаушылық қозғалыстары мен тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгiнiң жоғарғы деңгейiн қамтамасыз етпейдi, бұл олардың спорттық шеберлiктерiнiң өсуiне керi әсер етедi.
3. Баскетболшы студенттердiң қорғаушылық қозғалыстары мен тәсiлдерi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi алдын-ала өлшенген мәлiметтер мен жүргiзiлген факторлық талдау нәтижелерi негiзiнде жасалған, арнайы жаттығулық құралдарды қолдану көмегiмен едәуiр жақсаруы мүмкiн.
1. Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлеттерiнiң деңгейiн зерттеу
1.1 18-20 жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дайындығының деңгейiн бағалау
Баскетбол командаларының табысты ойыны үшiн қажеттi басты мiндеттердiң бiрi техникалық-тактикалық арсеналдың кең ауқымын игерушi жоғары дәрежедегi спортшыларды дайындау болып табылады, олар, белгiлi болғандай, ағзаның қызметтiк мүмкiндiктерiн мобилизацияллауды шақырады. Осыған байланысты, баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлетi мен оның құрылымының деңгейiн арттыру мәселесi көкейтестi болып табылатыны күмәнсiз. Кезек күттiрмейтiн маңызды болып спортшы студенттердiң жұмыс қабiлетiне көп жағдайда әсер ететiн басты факторларды анықтау мәселесi де саналады.
Берiлген тарауда жасөспiрiм баскетболшылардың дене дайындығының көрсеткiштерiн зерттеу нәтижелерi 17-20 жастағы баскетболшылардың берiлiмдерiн эргометрикалық өлшеу негiзiнде мазмұндалады, сондай-ақ, осы жастағы топтардың өндiрiсiнiң қызметтiк дайындығы (аэробты және анаэробты деңгейi) мазмұндалып берiледi. Салыстыру үшiн бiрiншi разрядты жоғары дәрежелi баскетболшылар мен спорт шеберлерiнiң максималды қызметтiк өндiргiштiгiнiң бiз өлшеген көрсеткiштерi келтiрiледi.
Осы жерде баскетболшы студенттердiң дене дайындығы қабiлетiнiң деңгейiн көтеру үшiн құралдар мен әдiстердi жасау мен негiздеу мәлiметтерi де келтiрiледi. Баскетбол бойынша студенттiк құрама командаларға арнайы дайындық тестiлерiнiң нәтижелерi 1-кестеде келтiрiлген.
1-кесте. Баскетбол ойыны бойынша студенттердiң құрама командадағы арнайы дайындық көрсеткiштерi
Көрсеткiштер 18 жасқа дейiнгi баскет-болшы студенттер 22 жасқа дейiнгi бас-кетболшы студенттер
мамыр
2001 Маусым
2001 қазан
2001 ақпан
2001
Ара қашықтықтан лақтыру нәтижелi- лiгi, % 51,5+10,78
(6,78) 60,17+8,45
(5,32) 59,07+9,41
(2,45) 60,01+8,31
(2,30)
20 м/с аралыққа жүгiрiп өту 3,55+0,13
(0,18) 3,06+0,27
(0,17) 3,25+0,10
(0,03) 3,14+0,23
(0,12)
Тiк секiру биiктiгi, см 48,8+6,75
(4,25) 49,0+7,05
(4,44) 65,25+7,35
(2,80) 66,30+6,31
(3,58)
Жылдамдық төзiмдiлiгi 2 х 40 с. және 30 х 40 с 563+26,4
(16,6) 572+27,0
(17,0) 398,9+18
(4,1) 409,3+19
(5,6)
Айып добын лақ-
тыру таралымы % 67,08+13,32
(8,4) 78,67+9,24
(3,42) 80,35+7,67
(3,35) 65,68+8,30
(4,37)
18 жастағы ойыншыларды тестiлеу екi рет жүргiзiлдi техникалық-тактикалық бағыттағы оқу-жаттығу жиынының басында және соңында, осы жерден көрсеткiштердегi бiршама айырмашылықтар байқалады. Сенiмдi болған айырмашылықтар 20 м аралыққа жүгiрiп өту уақытында ғана.
Секiрмелiк, жылдамдыққа төзiмдiлiк пен лақтыру нәтижелерiндегi көрсеткiштерде маңыздылық байқалған жоқ. Республикалық бiрiншiлiкте шыққан командалар қорытындысын талдай отырып көрiнгенi, өткiзiлген ойындарда ара қашықтықтан (50) лақтырған доптың түскенiнiң пайыздық көрсеткiшi сияқты, айып добын лақтыруды (50%) тарату да маңызды түрде оқу-жаттығу жиынында белгiленгендерге жол бередi (60,17% сәйкес ара қашықтықтан және 80,3%-айып добы).
Өзiне назар аудартатыны 156 турнирдегi допты жоғалтудың маңызды жалпы саны (матчтағы Астана командасымен-37, Алматы командасымен-38), сондай-ақ, қарсыластар қалқанынан шыққан доптар үшiн күресудегi белсендiлiктiң кемшiлiгi барлығы 77 iрiктеу, ал шешушi матчтарда Қарағанды және Ақтау командаларымен 4 және 9-ға сәйкес, бұл қарсыластар қалқандағы допты iрiктеудiң жалпы санының 15% және 37%-н құрады.
Жаттығулық ойындарда мұндай көрсеткiштер едәуiр жоғары. Бұл 18 жасар студенттердiң дене дайындығының деңгейi жеткiлiксiз жоғары дәреже де екендiгiн және жауапты турнирдiң шешушi матч барысында командалардың ойын нәтижелерiнде керi әсер беруi мүмкiн екендiгiн бiлдiредi. Қызықты болып көрiнетiнi, 18 жасар ойыншы студенттердi республикалық турнирге дайындау кезеңiндегi тестiлеу нәтижелерi, республикалық турнирге қатысу алдағы 2001 жылдың жазында ЖОО-ы арасында Республикалық бiрiншiлiк дайындық жоспарына ендi.
Алынған мәлiметтердiң куәландыратыны; 20 жастағы баскетболшылар 18 жастағылардан 20 м аралыққа жүгiрiп өту уақыты мен тiк секiрудiң максималды биiктiгiне жылдамдық-күштiк дайындығы көрсеткiштерiмен басым түседi, бұл орайда ойыннан лақтырған доптың түсу пайызының көлемi (44,24 және 49%) мен айып добын лақтыру таралымы (56% және 69%). Бұл мәлiметтер 2002 жылғы ҚР студенттiк чемпионат ойындары мен бақылау ойындарының техникалық аттамасын талдау кезiнде алынды.
Мынадай қызықты дерек өзiне назар аудартады: жаттығу сабағы барысында жүргiзiлген жас баскетболшылардың ара қашықтықтан және айып добын лақтырғандағы дәл түсуiнiң пайыздық көлемiнiң көрсеткiштерi. Ол бақылау талаптарды тапсыруда тiркелген көрсеткiштерге едәуiр жол бередi. Бұл жаттығу үрдiсi кезiнде спортшы ағзасы арнайы дайындықтың дамуының дәрежесiне жеткiлiксiз әсер ететiн салмақтарға берiлетiнiн тағы да бекiте түседi; оның бiр компонентi болып ойыннан лақтыру және айып добын лақтыруды тарату пайызы саналады. Мұның салдары матч барысындағы жеткiлiксiз нәтижелiлiк болып табылады.
Жоғарыда аталғандарды төмендегiлер бекiтедi. Жылдам бұзып өтудi қолдану, республикалық турнирде Университеттiң студенттерi құрама командасының ойындарында қорғаныстың белсендi түрлерiн жүйелi қолдану, қорғаныстағы шабуыл мен қарсы әрекеттердiң жалпы санының 10%-н ғана құрайды. Күрес жүргiзудiң берiлген тәсiлiнiң тиiмдiлiгiн барлық жарыстарда бiздiң ойыншылар ұйымдастыруға қол жеткiзген 25 жылдам шабуылдың жартысынан көбi табысты аяқтағанын көрсетедi.
Бой-салмақтық көрсеткiштерiнiң көлемi тұрақты ұлғаюға беталыс жасауды көрсетiп отыр. 18-19 жастағы баскетболшы студенттердiң денелерiнiң салмағы мен бой ұзындығы едәуiр аз мәнге не, ал бұлар ересек жастағы ойыншыларда максималды болып келедi. Осы аталған екi көрсеткiштердiң де мәндi көлемдерi өзiне назар аудартады, ол баскетболмен айналысу үшiн iрiктеудiң ерекшелiгi болып табылады. Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дене дайындығының өлшенген көрсеткiштерiнiң орта топтық маңызы 2-кестеде ұсынылған.
2-кесте. Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дене дайындығының өлшенген көрсеткiштерiнiң орта топтық маңызы
Жас шамалық топтар Баскетболшы студенттер
Көрсеткiштер 18-19 жас 20 жас 21 жас
Максималды алактат-тық қуаттылық (МАҚ), кгм/с. 73,92+15,30
(3,34) 97,48+21,82
(5,45) 212,09+21
20 м аралыққа жүгiрiп өту уақыты, с. 4,22+0,18(0,04) 3,79+0,36
(0,09) 3,76+0,22
Секiргiштiк, см 38,38+6,68
(1,46) 55,56+10,45
(2,61) 58,47+6,55
Жылдамдыққа шыдамдылық 326,43+49,36
(10,77) 375,7+25,66
(6,39) 380,06+12
Қорғаныс жылдам-дығының орналасуы 10,53+0,60
(0,13) 10,51+0,51
(0,13) 10,56+0,51
Ара қашықтықтан лақтыру нәтижелiлiгi,% 36,76+7,77
(1,70) 56,87+11,72
(2,93) 52,76+12,2
Техникалық дайындық бойынша комплекстi нормативтi орындау уақыты, с 34,01+1,71
(0,37)
40,50+2,44
(0,61) 40,57+2,95
Кестеде келтiрiлген сандар мынаны бiлдiредi: ортастандартты ауытқу (ортаның қатесi).
а) Максималды алактаттық қуаттылықты өлшеу (МАҚ).
МАҚ көрсеткiшiнiң көлемi спортшы жасының өсуiне қарай арта түседi. Барлық топтар арасында маңыздылықтың жоғары деңгейiндегi нақты айырмашылықтар анықталды, олар баскетболмен айналысу барысында осыған ұқсас сипаттағы күш салудың пайда болу қабiлеттiң едәуiр көтерiлетiнiн мәлiмдедi. МАҚ көрсеткiштерi мен маңыздылығының өзгеруi бiркелкi өтедi, олардың арасындағы айырмашылық 18-19 және 20 жастағы ойыншыларда 25% құрайды, 20-21 жастағыларда ол 20% тең, және ересек жастағы топ баскетболшыларында берiлген көрсеткiштiң көлемдi өсуi 29%-ға тең.
б) Жылдамдық күштiң мүмкiндiктерiн анықтау.
20 метрге жүгiрудегi зерттеу нәтижелерiн талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: төменгiден жоғарғы жастық топқа өтуде максималды жылдамдық 20 жастағы спортшылардың көлемiне (6,02 м/ак) қол жеткiзе отырып ұлғаяды. Айырмашылықтар (18-20 жастағылар арасындағы айырмашылықты қоспағанда) барлық топтардың көрсеткiштерi арасында анық, оны бiршама жас айырмасы мен дайындық деңгейiне байланысты түсiндiруге болады (жiктеу кезiнде олар бiр жастағы топты құрайды).
Берiлген параметрдiң төменгiден ортаңғы жасқа (18 жас) және жоғарғы топқа (20 жас) өтудегi өсу жылдамдығы 10% құрайды. Жоғарғы айтылғандардан көрiнетiнi, яғни, баскетболдағы жүйелi дайындық әсерi 20 м қашықтыққа жүгiрiп өту уақытының көрсеткiштерiнде жеткiлiктi түрде айтылады.
в) Секiргiштiктiң өзгеруi тiк секiрудiң максималды биiктiк көрсеткiштерiнiң көлемi едәуiр жоғарғы жастағы топқа өтуде бiрте-бiрте артады. Барлық көрсеткiштер арасындағы айырмашылықтар, орта жас тобы iшiндегi айырмашылықты қоспағанда, маңыздылықтың жоғарғы деңгейiнде анық (аналогиялық картина 20 м. аралықтағы максималдық жылдамдық көрсеткiшiн салыстыру кезiнде байқалды).
Секiргiштiктiң бiр топтан екiншiсiне өтудегi өсу көлемi құрайды: 35% (18 ден 19,20 жас), 5% (20-22 жастағы топ iшiнде) және 20% (18-ден жоғарғы жастағы топ спортшылары). 18-ден 20 жастағы көрсеткiштердiң жалпы өсуi 47% тең.
Баскетболмен айналысу секiрмелiк көрсеткiшiне дұрыс әсер етерi даусыз. Бұл сапа-ойыншы дайындығының негiзгi жиынтығының бiрi.
г) Жылдамдыққа төзiмдiлiктiң динамикалық деңгейi.
Алынған мәлiметтер төмендегiдей қортындылар жасауға мүмкiндiк бередi: баскетболмен айналысу студенттердiң дене қабiлетiнiң (жылдамдық, төзiмдiлiк, ептiлiк, күштiлiк т.б.) дамуына күмәнсiз, дұрыс әсер етедi.
Нақты айырмашылықтар барлық жастағы топтардың көрсеткiштерi арасынан (18-19 жастағы спортшы студенттер тобының нәтижелерi арасындағы айырмашылықтан басқа) байқалады. Көрсеткiштердiң жоғарғы көлемi 18 жастағы баскетболшыларда-39 м байқалды.
Талдау жүргiзiлген топтарда өсу пайызының динамикасы жас ұлғаюына байланысты мынадай болады: 32%, 2%,5%. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары
Іздеп көріңіз: