Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Дипломдық жұмыс:  Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Мазмұны


КIРIСПЕ
1. ЕРКІН КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН 11-12 ЖАСТАҒЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Еркін күрестің қысқаша даму тарихы.
1.2. Еркін күресітің дамуы және әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Еркін күресте болатын жарақаттар.
1.4. Спортшылардың дене дамуының ерекшеліктері.
2. ЕРКІН КҮРЕСПЕН АЙНАЛЫСАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСТІГІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Еркін күресінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Еркін күресінің негізгі жаттығуы – аяқтан шалу.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
3. СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ.
3.1. Жалпы жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының міндеттері мен мақсаттары.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі бөлімге бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім - сомалы (грекше - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті (қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.
Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Еркін күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Еркін күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.
Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Еркін күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Еркін күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогі үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
Жүйке жүйесінің тәндік бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты козғалыстарды басқарады.

1. ЕРКІН КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН 11-12 ЖАСТАҒЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. Еркін күрестің қысқаша даму тарихы.

Екін күрес тарихы. Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады.Ағылшын еркін күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі захватжасай отырып, аяқпен әдіс жасайды,жауырынын жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді.Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды,XVIII ғасырда американдықтар әлемдік денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.
Америкалық кәсіби еркін күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін қолданған. Қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар күресуге шығар алдында канша уақыт күресетіндеріне келісіп алған.
1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық ойындар бағдарламасына бірінші рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы палуандар күресіп, барлық салмақ бойынша АҚШ палуандары жеңіске жеткен.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.
Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде грек–рим күресі пайда болды. Жекпе-жек Франция жерінен бастау алған. Сол кездегі жергілікті қала және ауыл тұрғындарының ынтасы күреске ауып, олар біртіндеп осы өнермен айналыса бастады. Еркін күресі бірден халықтың қызығушылығын арттыра бастады. Күшті саңлақтар көше циркында өнер көрсетті. Қалың жұрт жиналатын жерлерде белдесулер ұйымдастырылды. Кейін Франция қалаларының біріншілігі, біраздан соң әлем чемпионаттары өткізіле бастады. Белдесуден әлем чемпионатын жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізу, кәсіпқой күрестің болашағына үлкен жол ашып, оның өсіп-өркендеуін жылдамдатты.
1955 жылы елімізде еркін күресті дамыту мақсатында Қазақстан спорт комитеттінің басшылары П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы деңгейлі палуандарды дайындауға А. Купцов пен Х. Гиоев те үлкен үлес қосты. Еркін күрестің елге тез таралуының басты себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық күресі қазақ күресіне өте ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын техника элементтері қолданылады. К. Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А. Айханов, А. Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды, ал М Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.
Бұл оқу-әдістемелік кешен күрес пәнінің (еркін, грек-рим, қазақ күресі) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, бөлімнің тақырыптық жоспарын, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шынықтыру дипломдық жұмыстар, 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]